Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығы



бет12/128
Дата08.02.2022
өлшемі193,45 Kb.
#98158
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   128
Байланысты:
Pedagog-kyzmetkerler-men-olarga-tenestirilgen-tulgalardyn-lauazymdarynyn-ulgilik-biliktilik-sipattamalaryn-bekitu-turaly (1)

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, «профессор» ғылыми атағы және ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.
Доцент
Лауазымдық міндеттері: Жетекшілік ететін пәндері бойынша оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарын жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылау жасайды. Жоғары білім мәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыстарға қатысады.
Барлық сабақ түрлерін жүргізеді, курстық, дипломдық жұмыстардың жобаларына, магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасайды. Кафедраның ғылыми жұмыс бағыттары бойынша ғылыми және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады және жетекшілік жасайды.
Жетекшілік жасайтын пәндердің сабақтарын кафедра оқытушыларының сапалы өткізілуіне бақылау жасайды.
Жетекшілік жасайтын пәндері бойынша жұмыс бағдарламаларын дайындайды. Әдістемелік комиссия құрамында мамандық бойынша кафедраның (факультеттің) ғылыми-әдістемелік кеңесінің жұмыстарына қатысады.
Кафедрадағы зерттеу тақырыбы аясында ұйымдастырылатын семинарларға, мәжілістерге, конференцияларға, оның ішінде, кафедрадан жіберілген жағдайда халықаралық конференцияларға қатысады.
Кафедрадағы ғылыми-әдістемелік жұмыстарға қатысады және басшылық жасайды, студенттердің ғылыми қоғамдарында жүзеге асырылатын студенттердің, магистранттардың ғылыми жұмыстарын ұйымдастырады және жетекшілік жасайды.
Кафедра оқытушыларының біліктілігін арттыруға қатысады, жаңа жұмысқа қабылданған оқытушыларға педагогикалық шеберлік пен кәсіби дағдыларды игеру үшін әдістемелік көмек береді.
Студенттердің, магистранттардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырады және жоспарлайды.
Мектеп оқушыларына кафедрадағы мамандықтар бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырады және өзі қатысады. Ғылыми-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық, құқықтық білімдерді насихаттауға қатысады.
Кафедраның материалдық-техникалық базасын дамытуға қатысады.
Студенттерді тәрбиелеу жұмыстарына қатысады.
Кафедрадағы ғылыми-педагог мамандарды даярлауға қатысады. Жеке жоспар орындау туралы есепті дайындайды және ұсынады.
Студенттер мен кафедра оқытушыларының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтауына бақылау жасайды. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі нормаларын орындайды.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын және басқа да білім беру саласының нормативтік құқықтық актілерін; білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін; оқу жоспарларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі нысандары мен әдістерін; экономика негіздерін, еңбек заңнамаларын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет