Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығы



бет8/128
Дата08.02.2022
өлшемі193,45 Kb.
#98158
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   128
Байланысты:
Pedagog-kyzmetkerler-men-olarga-tenestirilgen-tulgalardyn-lauazymdarynyn-ulgilik-biliktilik-sipattamalaryn-bekitu-turaly (1)

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесі және кемінде 5 жыл білім беру ұйымдарында басшы қызметтегі немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі, білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарының өткендігі туралы сертификатының (куәлігінің) болуы тиіс.
Деканның орынбасары
Лауазымдық міндеттері: Факультеттегі оқу-әдістемелік және басқа да құжаттарды әзірлеу, жетілдіру жұмыстарын ұйымдастырады. Ағымдағы оқу-тәрбие, ғылыми жұмыстарға, студенттердің өндірістік жұмыстары мен практикаларына жетекшілік жасайды. Оқу сабақтары мен сынақ, емтихан кестелерін жасауға бақылау жасайды. Студенттердің сабаққа қатысуы мен сабақ үлгерімдеріне бақылау жасайды. Инновациялық оқыту технологияларын, техникалық оқыту құралдарын қолдануды ұйымдастырып, бақылау жасайды. Факультеттің оқытушы-профессор құрамының оқу және оқу-әдістемелік жүктемелерін орындауларын, дәрістік, зертханалық және практикалық сабақтар, семинарлар мен басқа да оқу сабақтары түрлерінің, өндірістік және оқу практикаларының өткізілуін бақылап отырады.
Барлық сабақ түрлерін жүргізеді, курстық, дипломдық жұмыстардың жобаларына, магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына және магистранттар мен PhD докторанттардың диссертацияларына жетекшілік жасайды.
Алдағы уақыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлауды ұйымдастырады, факультетте жүргізілетін негізгі ғылыми бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуіне басшылық жасайды. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік мәжілістер, семинарлар мен конференциялар өткізуді ұйымдастырады. Кафедраларда, ғылыми үйірмелер мен ғылыми қоғамдарда өткізілетін студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық жасайды. Факультет қызметкерлерінің оқу-әдістемелік және ғылыми мақалаларын жариялауға ұсынады. Топтардың тәлімгерлерінің жұмыстарын ұйымдастырады және бақылау жасайды. Еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі бойынша заңдар мен нормативті-құқықтық актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді және қауіпсіз еңбек жағдайын жасайды.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңдарын және басқа да жоғары оқу орны жүйесінің қызметі мен дамуын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді; білім беру жүйесінің негізгі бағыттары мен даму болашағын; оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға байланысты отандық және шет елдік жетістіктерді; оқу жұмыстарын жетілдірудің әдістемесін; педагогика мен психология негіздерін, оқу-тәрбие жұмыстарының теориясы мен әдістемесін; тиісті мамандықтар бойынша негізгі ғылыми мәселелерді; мамандарды қайта дайындауға және біліктіліктерін арттыруға байланысты қолданыстағы нормативтік құжаттарды; еңбек туралы заңдардың негіздерін, мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттарын, экономика негіздерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет