Біліктілікке қойылатын талаптар: оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми, халықаралық, инновациялық, стратегиялық жұмысты жетекшілік ететін орынбасар үшін: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесі және кемінде 5 жыл білім беру ұйымдарында басшылық қызметтегі еңбек өтілі болуы тиіс;
Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасар үшін: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәреже немесе магистр академиялық дәрежесі, тәрбие жұмысы бойынша кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы тиіс;
әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасар үшін: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жетекшілік ететін мәселелері бойынша кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы тиіс.
Білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарының өткендігі туралы сертификатының (куәлігінің) болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |