Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесі және кемінде 5 жыл білім беру ұйымдарында және/немесе білімді басқару органдарында басшылық қызметтегі еңбек өтілі, білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарының өткендігі туралы сертификатының (куәлігінің) болуы тиіс.
Жоғары оқу орны басшысының орынбасары (проректор)
Лауазымдық міндеттері: Қолданыстағы заңдар, нормативті құқықтық актілер, жарғы және ұжымдық келісім-шарттар негізінде жоғары кәсіби білім беру (қосымша кәсіби білім беру) қызметінің жекелеген бағыттары бойынша тікелей басшылықты жүзеге асырады. Ағымдағы және алдағы уақыттағы оқытушылар мен әдістемелік қызмет жұмысын жоспарлауды ұйымдастырады. Оқу бағдарламаларының жобалануы мен орындалуын, барлық оқу бағыттарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, оны жетілдіруге байланысты ұсыныстар береді. Оқытушылардың, кабинет меңгерушілерінің, кітапханалардың жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді. Оқытушылардың оқу жүктемелерін бақылайды және реттейді. Қабылдаған шешімдеріне, материалдық құндылықтардың сақталуына және тиімді жұмсалуына толық жауапты бола отырып, жоғары оқу орнының әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметтерінің жекелеген бағыттарына басшылық етеді. Өзіне тапсырылған барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара тиімді әрекетін ұйымдастырады. Жоғары білікті мамандар дайындау мақсатындағы оқу орны қызметінің, жоғары білім беру саласындағы соңғы жетістіктерді ескере отырып, жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасы деңгейінің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етеді.
Өзіне тапсырылған қызметтер шеңберінде жоғары оқу орнының бюджет, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың, жеткізушілердің, тапсырыс берушілердің, несие берушілердің алдындағы барлық міндеттемелерді орындауын; жаңа техникалар мен технологияларды қолдану саласындағы жаңа жетістіктер, білім беру саласындағы отандық және шет елдік жетістіктер, еңбекті ұйымдастыру және басқарудың белсенді түрлерін қолдану, шығындарды жұмсаудың негізгі нормалары, жоғары оқу орнының материалдық, техникалық ресурстарын тиімді пайдалану негізінде жоғары оқу орнын басқаруды ұйымдастырады.
Сеніп тапсырылған құрылымды білікті мамандармен қамтамасыз ету, қызметкерлердің біліктілігін ұдайы арттыру жөнінде шаралар қабылдайды. Кәсіби білімді қолдану және дамыту, тәжірибе алмасу, жағымды және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің дұрыс үйлестірілуін, жоғары оқу орны қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін арттырудағы материалдық және моральдық ынталандыру қағидаттарын қолдануды, әрбір жұмыскерге оған тапсырылған іс пен оның нәтижесіне деген материалдық қызығушылығы мен жауаптылығы қағидатын қолдануды, жалпы еңбек нәтижесін қамтамасыз етеді.
Мекеме ұжымымен (жұмыскерлердің өкілдерімен) бірге әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты дайындайды, оған қол қояды және орындайды, еңбек және өндіріс тәртібін сақтайды, еңбекке ынталандыруды, бастаманы және жоғары оқу орны қызметкерлерінің белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
Сенімхаты болған жағдайда оған берілген құқықтар шегінде жоғары оқу орнының қаржылық, экономикалық, өндірістік-шаруашылық мәселелерін шешеді, жоғары оқу орны қызметінің жекелеген бағыттарын жүргізуді басқа лауазымдық тұлғаларға - құрылымдық бөлімшелердің басшыларына, сонымен бірге қызметтік және әкімшілік құрылымдық бөлімшелеріне тапсырады. Құрылымды және штат кестесін өзгертуге байланысты ұсыныстар береді. Өзіне тапсырылған құрылымдық бөлімшелердің қызметінің заңдылығын бақылауды, оның шаруашылық-экономикалық байланыстарын жүзеге асыруды, қаржыны басқаруда құқықтық құралдарды пайдалануды, шарт және қаржы тәртібін, әлеуметтік еңбек қатынастарын нығайтуды қамтамасыз етеді.
Жоғары оқу орнының білім беру қызметін қолдау және аясын кеңейту мақсатында білім беру саласындағы инновациялық технологияларды енгізуді және қолдануды қамтамасыз етеді. Сенімхаты немесе желілік нормативтік актісі болған жағдайда жоғары оқу орнының мүліктік мүдделерін сотта, сот алқаларында қорғайды. Мемлекеттік құпияның қорғалуына және сақталуына байланысты жұмыстарды ұйымдастыруға, жағдай жасауға, жалпы жоғары оқу орнының қызметіне тікелей жауапты. Жыл сайын тиісті құрылымдық бөлімшелер қызметінің нәтижелері туралы есеп дайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |