Н. Нұрмақов Юстиция Халық Комиссары және республика прокуроры Тарихи тұлғалар



Дата20.06.2018
өлшемі34,5 Kb.
#43986
Н.Нұрмақов - Юстиция Халық Комиссары және республика прокуроры

  • Тарихи тұлғалар

Н.Нұрмақов өз заманының құқық саласындағы жаңашыл, ізденімпаз реформаторы. Республикамызда заң шығару ісінің ірге тасын қалаушы, еліміздің ғасырларға созылған ұлы тарихының бір белесінде өмір сүріп, өзінің игі қызметімен ел бостандығын егемеңдігін жақындатушы. Тарихтан белгілі, Халық Комиссарлары Кеңесінің 1919 жылдың 10 шілдесіндегі декретін жүзеге асыру үшін Бүкіл Россиялық Орталық Атқару Комитеті мен халық Комиссарлар кеңесі 1920 жылдың 26 тамызында «Автономиялық Қырғыз (қазақ) Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декрет қабылдап, оған М.Калинин мен В.Ленин қол қояды, осы заңдық құжатта Республикадағы істерді басқару үшін құрылған 12 Халық Комиссариатының қатарында Юстиция Комиссариаты екінші аталады.

Қазақ трибуналы 1923 жылдың 19 ақпанынан РСФСР Жоғарғы Сотының қазақ бөлімі болып қайта құрылған тұста төраға болып тағы да Н.Нұрмақов бекітілді. Ол 1922 жылдың күзінен Юстиция Комиссариатының алқа мүшесі ретінде оның мәжілістеріне тұрақты қатысып, әуелі прокуратура, кейін сот құрылысының қайнаған ортасында жүрген басшысының бірі. Юстиция Халық Комиссариатының ендігі басты мақсаты Қазақстан территориясындағы сот және прокуратура органдарына жалпы басшылық жасау, нұсқау беріп отыру және республикада заңның орындалуын қадағалау, нотариалдық және атқарушыларының институтын бақылау, Қазатком және халком кеңесінің дайындаған заңдарын алдын-ала саралау, шіркеуді мемлекеттен бөлу тәртібін қадағалау болды. (Ә.Физуллаев, Б.Қабдашев. Юстиция Халық Комиссары. Алматы-99. 100-101 беттер). Осыған байланысты деректі материалдардан үзінді келтірейік:

2-ші шақырылған қырғыз (қазақ) Орталық Атқару Комитеті III сессиясының қаулысы

1922 жылғы 13 шілде Прокурорлық бақылау туралы ереже:

1. Юстиция Халық Комиссариаты құрамында мемлекетік прокуратура құрылсын.

2. Прокуратураға:

а) мемлекет атынан барлық өкімет органдарының шаруашылық мекемелерінің жеке ұйымдардың, жеке тұлғалардың іс-әрекеттерінің заңдылығына кінәлілердің үстіне қылмыстық іс қозғау, заңға қайшы қаулыларды бұзу арқылы шабуыл жасау;

б) жауап алу және тергеу органдарының қылмыстарды ашу саласындағы іс-әрекеттерін, сондай-ақ ҚАКСР Мемлекеттік Саясат Басқармасы органдарының қызметтерін тікелей бақылау;

в) сотта кінәлауды қолдау;

г) тұтқыңдардың қамауда дұрыс ұсталуына бақылау жүктелсін. (Бұлда сонда. Деректі материалдар. 117 бетте).

Н.Нұрмақов реформа барысындағы әлі де шешімін таппаған көптеген мәселелерге жете көңіл бөліп, олардың тезірек жолға қойылуына барынша күш салды. Ол басшылық қызметке келген тұста комиссариат пен 8 губерниясындағы прокуратура мен сот органдарының құрамы 40 пайызға ғана қамтамасыз етілген әлсіз құрылым болатын.

1923 жылдың 15 мамырында Орынборда тұңғыш өлкелік заң курсының ашылуы Нұмақовтың қызметке келуімен дәл келді. Курска барлық губерниялардан сот прокуратура органдарында тәжірибесі бар қызметкерлер бірінші кезекте қабылданды. Олар оқуды аяқтаған соң заң органдарында кем дегенде екі жыл жұмыс істейміз деген кепіл хат келді.

1923 жылдың желтоқсан айында курсты сәтті аяқтаған 39 адамға (оның ішінде 14 қазақ) Нұрмақов ез қолымен жолдама тапсырып, заң саласындағы еңбектерінің жемісті болуына сәт сапар тіледі. Губернияларға аттанған курс түлектері орысша-қазақша заң әдебиеттерімен қамтамасыз етіліп, алыс түкпірлерге құқык, саласында жаңалықтарды жеткізді.

Н.Нұрмақов комиссариаттың басты назарын халыққа құқықтық үздіксіз қызмет керсететін сот органдарының икемді, әрі тиімді жұмысын жетілдіруге жұмылдырды.

Н.Нұрмақов 1924 жылдан бастап прокуратура жұмысын бақылауды мықтап қолға алды. Сол жылдың соңында прокуратура өзінің белсенді қызметімен мемлекет өмірінің бар салаларына етене араласқан шын мәніңдегі қадағалау органына айналды. Оның қатарыңда губерния прокурорлары Мұстанбаев, Жетпісов, Ерчихин сияқты тәжірибелі мамандар өсіп шықты. 1924 жылы сот қызметкерлерінің біліктілігіне орай қайта тағайындау жүргізіліп, губерниялық соттардың басшылығына 61 адам жаңадан сайланды. Тұңғыш рет халық Кеңесшілерінің құрамына қазақ әйелдерінің қатыстырылуы да айрықша жаңалық болды.

Нұрмақов басшылығымен сот-тергеу органдарында қазақ тілінде іс жүргізу қысқа мерзім ішінде жүзеге асырылды. Әділет комиссариатының қазақ тіліне көшуді бірінші болып қолға алуының себебі мынада:

Қазақ тілін мекемелерде жаппай қолдануға кешуді заңдастырған Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің қаулысы 1923 жылдың 22 қарашасыңда ғана жарияланған еді. Бұл - құқық қорғау органдарының қазақ тілінде іс жүргізуді енгізу жұмысының қызған шағы. Н.Нұрмақов өзі басқаратын комиссариаттың басқаларға үлгі болып, қаулының губерниялык мекемелерде орындалу барысын бақылап, тексеруді жүзеге асырудағы сот органдарының ролін ескеріп, алдын-ала қамданды. 1923 жылдың 29 тамызында құрылған қазақ тілінде іс жүргізуге көшірудің мемлекеттік комиссиясына мүше болып еңді. Бұл - оның берік сеніммен белсенді жұмыс жүргізуінің айғағы. Қазақ тілін құқык, органдарына енгізу барысында орын алған кемшіліктерді жою бір күннің ісі емес екендігін Нығмет жақсы түсінді. Сондықтан қазақ мамандарының қатарын кебейтуде өзі қызу ат салысып, ұйымдастырған құқық саласындағы қызметкерлерді даярлап, арнайы білім беретін өлкелік заң курсынан да көп үміт күткен болатын.

1924 жылдың соңында ҚАКСР сот аймақтарының саны 127-ге жетсе, оның 41-і қазақ, 21-і аралас екен. Ал 96 тергеу аймағының 36-сы қазақ, 14-і аралас аймақты құрады. Бұл уақытта қазақтың сот қызметкерлері ана тілінде қылмыстық іс жүргізу, еңбек және жер туралы кодекстермен қамтамасыз етілді. Бұл көрсеткіштер шын мәнінде Н.Нұрмақов басқарған комиссариаттың қажырлылықпен атқарған жұмысының нақты жемісі еді.

КАКСР Юстиция Халық Комиссариаттың 1923 жылдың шілдесіңдегі №44 жарлығы.

Сот құрылысы бөлімі бойынша

Барлық қырғыз (қазақ) учаскелерінің Халық соттары мен Халық тергеушілеріне

Сот тергеу органында қырғыз (қазақ) тілінің енгізілуіне байланысты қырғыз, қазақ тұрғыңдарына қызмет көрсететін сот тергеу органдарыңдағы барлық іс-тәжерибесі жоқ болғаңдықтан, сондай-ақ ұлты қырғыз( қазақ) сот қызметкерлерінің дайындықтарының жеткіліксіздігінен Юстиция Халық Комиссариаты осы нөмерден бастап, ұдайы хабарландыру үкімдерін шешімдердің, хаттамалардың, қаулылардың үлгілерін жариялап тұруды қажет деп санайды. Қырғыз (қазақ) учаскелерінің судьялары мен тергеушілері бұларды өз жұмыстарына басшылыққа алғаны жөн. (А.Сармузин. Нарком - Нығмет Нұрмақов. Парасат журналы. 1994 ж. №8).

Юстиция Халық Комиссары: Н.Нұрмақов.

Сот құрылысын бақылау бөлімінің меңгерушісі: Қыдырбаев.

1924 жылдың 9 қыркүйегінде Н.Нұрмақов Юстиция Комиссары міндетін жаңа тағайындалған Ералинге тапсырады. 1923 жылдың ақпанынан 1924 жылдың қыркүйегіне дейін Нығмет Республика прокуроры болды. Мемлекеттік жұмыстың қай саласында жүрсе де ол барлық күш жігерін ұйыдастырушылык, дарын мен білімін еліне аянбай жұмсады.


Р.Қаппасова,

С.Қасымова,

қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете

оқытатын Н.Нұрмақов атындағы

№2 облыстық мектеп-интернаттың

тарих пәнінің мүғалімдері.


Орталық Қазақстан, 2005-5 сәуір.-6 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет