Еттің қансыздану дәрежесін түрлі әдістермен анықтайды.Олар:сірі қабықтың астындағы ірі және ұсақ қан тамырларындағы қанды көзбен қарау;бұлшық ет кесінділерін микросппен қарау;Шонберг,И.С.Загаевский,Родер бойынша гемоглобинпероксидаза сынамасын қою.
Қансыздану дәрежесі малдың денсаулығына ғана емес сою тәсілдеріне (жатқызып,асып),қан тамырларын толық кесуге де байланысты болады.Асып союдың жатқызып союға қарағанда қансыздану дәрежесі жоғары болады.Жатқызып сойғанда қан толық ақпай малдың жатқызған жағында қалып қояды.