Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығы



бет65/128
Дата08.02.2022
өлшемі193,45 Kb.
#98158
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   128
Байланысты:
Pedagog-kyzmetkerler-men-olarga-tenestirilgen-tulgalardyn-lauazymdarynyn-ulgilik-biliktilik-sipattamalaryn-bekitu-turaly (1)

Бөлімше (зертхана) басшысы
Лауазымдық міндеттері. Зертхананың және даму деңгейі әртүрлі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша мамандардың ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады. Бөлімшедегі мамандардың лауазымдық міндеттерін бөледі. Жоспардағы тапсырмалардың жасалуы мен орындалуын үйлестіреді, мамандардың жұмыстарының нәтижелілігін талдайды, мамандардың уақытында есеп жасауын, құжаттамалардың қолданыстағы нормаға сай жүргізілуін қамтамасыз етеді. Жұмыстың белгіленген режимін орындауға бақылау жасайды. Кабинеттерді жабдықтау мен безендіруді ұйымдастырады, жабдықтардың сақталуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысын, білім беру ұйымының бейіні бойынша жұмысты ұйымдастырады. Олимпиада, конкурс, көрме, жарыстардың өткізілуін қамтамасыз етеді. Зертхананың қызметі бойынша әдістемелік жинақтар әзірлеуді, нұсқаулар және басқа да жарияланымдарды дайындауды ұйымдастырады.
Белгіленген есеп беру құжаттамаларын уақытында жасауды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңдарын және басқа да білім беру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді, педагогиканы, психологияны, дидактика принциптерін, инновациялық технологиялар мен оқытудың интерактивтік әдістерін, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім немесе ұйымның бейіндік қызметі бойынша жоғары білім және педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет