Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығы



бет64/128
Дата08.02.2022
өлшемі193,45 Kb.
#98158
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   128
Байланысты:
Pedagog-kyzmetkerler-men-olarga-tenestirilgen-tulgalardyn-lauazymdarynyn-ulgilik-biliktilik-sipattamalaryn-bekitu-turaly (1)

Оқу кабинетінің меңгерушісі
Лауазымдық міндеттері: Біліктілікті арттыру (БА) курстарын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және білім беру ұйымдары кадрларын курстық қайта даярлау мониторингісін жүзеге асырады. Курстар мен семинарларда білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен басқа да қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша оқу жоспарлары мен басқа да қажетті оқу-әдістемелік құжаттамаларды уақытылы әзірлеуді қамтамасыз етеді. Әдістемелік жұмыстың жай-күйіне талдау жасайды, оның тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді. Білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларының тәжірибелерін, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының нәтижелерін зерделеуді, талдауды және таратуды ұйымдастырады.
Қажетті құжаттарды дайындайды және педагогикалық оқу, конкурс, байқау, слет, олимпиада, көрме өткізуге қатысады. Авторларға оқулықтарды және оқу-әдістемелік кешендерді сынақтан өткізуге көмек көрсетеді. Мұғалімдер мен оқытушылардың курсаралық даярлығын қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымдарының оқу-тәрбиелік, әдістемелік және басқару қызметін ұйымдастыруға консультативтік, әдістемелік, практикалық көмек көрсетеді.
Біліктілікті арттыру жүйесінде білім беру қызметін көрсету бойынша маркетингтік зерттеу жүргізеді. Оқу процесіне инновациялық технологияларды енгізеді. Қажетті есеп беруді дайындап, ұсынуды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттырудың республикалық (облыстық) институты кабинетінің меңгерушісі үшін:
жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі 7 жылдан кем болмауы, оның ішінде біліктілікті арттыру жүйесіндегі жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
аудандық (қалалық) әдістемелік кабинет меңгерушісі үшін:
жоғары педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы, оның ішінде біліктілікті арттыру жүйесіндегі жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем болмауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет