Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығы


Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің көмекшісі



бет70/128
Дата08.02.2022
өлшемі193,45 Kb.
#98158
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   128
Байланысты:
Pedagog-kyzmetkerler-men-olarga-tenestirilgen-tulgalardyn-lauazymdarynyn-ulgilik-biliktilik-sipattamalaryn-bekitu-turaly (1)

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің көмекшісі
Лауазымдық міндеттері: Оқушылардың (тәрбиеленушілер) тіршілік іс-әрекеттерін ұйымдастыруға қатысады, білім беру мекемелеріне келген уақыттан бастап оларға күтім жасайды (киінуге, шешінуге, жууынуға, тамақтануға, төсекке жатқызуда көмек көрсетеді, емдік-профилактикалық іс-шараларға бірге барады, тәрбиешінің жетекшілігімен балаларды қыдыртады). Мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлеріндегі балалардың денсаулығына және өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді.
Тәрбиелік білім беру және түзету-білім беру, оңалту процестеріне қатысады (мүгедек балаларға сабақ оқуда көмектесу, егер оның өз еркімен қимылдауы денсаулығына байланысты шектелген жағдайда). Балаларға санитарлық-гигиеналық күтім көрсету бойынша, сонымен қатар мүгедек балаларға орнынан қозғалту және өз-өзіне қызмет ету кезінде шұғыл іс-шаралар кешенін жүзеге асырады; олардың күн тәртібінің сақталуын бақылайды.
Балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға, олардың психофизикалық дамуын ынталандыруға бағытталған тәрбиешінің ұсыныстарын орындайды. Санитарлық-гигиеналық ережемен белгіленген бекітілген ғимараттың санитарлық жағдайының сәйкестігін қамтамасыз етеді. Топтағы құрал-жабдықтардың және жиһаздардың сақталуын қамтамасыз етеді. Балалардың ұйықтау мезгілінде тәрбиешінің қатысуымен жүргізілетін іс-шаралар кезінде, балалармен болады.
Педагогикалық және медициналық қызметкерлермен, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен тәрбиелік білім беру және сауықтыру жұмыстармен қамтамасыз ету бойынша өзара қызмет атқарады. Педагогикалық кеңестердің жұмыстарына, ата-аналар жиналысына қатысады және олардың шешімін орындайды. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; санитарияның және гигиенаның негіздерін, жас ерекшелігі психологиясы мен педагогикасын, ғимаратты, құрал-жабдықтарды, жиһаздарды ұстау бойынша санитарлық-гигиеналық нормаларын; алғашқы медициналық көмек көрсетудің ережелерін; мектепке дейінгі білім беру мәселелері бойынша әдістемелік құжаттарды, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін; санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіби орта) білім немесе жалпы орта білім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет