Әлеуметтік педагог
Лауазымдық міндеттері: Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке психолого-медико-педагогикалық ерекшеліктерін және олардың микроорталығын, өмір сүру жағдайын зерделейді және мүдделілігі мен қажеттілігін, даудамайлық жағдайларды, тәртібіндегі ауытқуларды анықтайды, уақытында әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді.
Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістерін, түрлерін, міндеттерін анықтайды, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу тәсілдерін, балалардың, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке құқықтары мен еркіндіктерін іске асыруда әлеуметтік көмек және әлеуметтік қорғау бойынша шаралар қабылдайды. Білім алушылар, тәрбиешілер, балалар мен әкімшілік органдар, ведомстволар, әртүрлі әлеуметтік қызметтің мамандары, қоғам, жанұя, білім беру ұйымдары арасында байланыс орнатады. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, әдістерін, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу жолдарын, анықтайды. Тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдары мен тұрғылықты мекен-жайы бойынша білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) білім алуы, тәрбиеленуі, дамуы және әлеуметтік қорғалуы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырады. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, бала кезінен мүгедек балаларды мүліктік және мүліктік емес құқықтары бойынша патронат бойынша тұрғын үймен, жәрдемақымен, зейнетақымен қаматамасыз ету жұмыстарын үйлестіреді. Балалар мен мемлекет, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасында байланыс орнатады. Мұғалімдермен, ата-аналармен басқа заңды өкілдермен өзара қарым-қатынас жасайды. Білім беру ұйымындағы оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Неке және отбасы туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың және балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарды және басқа білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді; әлеуметтік саясат негіздерін, жалпы және әлеуметтік педагогиканы; педагогикалық, әлеуметтік, жас ерекшелік және баланың психологиясын; валеология және әлеуметтік гигиена негіздерін; әлеуметтік-педагогикалық және диагностикалық әдістерді; тәрбие жұмысы әдістерін, педагогикалық ғылымның негізгі бағыттарын; әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жоспарлау және талдау; еңбек туралы заңнамалар негізін; еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі техникасын; санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілік талаптары:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санатсыз маман:
жоғары педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары білім.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
Жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман әлеуметтік педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруге, сонымен қатар: озық іс-тәжірибелерді зерттеп оны практикада қолдана білуі, оқу-тәрбие жұмысына талдау жасау дағдыларын, білім беру ұйымдарындағы әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары педагогикалық білім, әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес немесе бейіні бойынша жоғары білім және әлеуметтік педагог лауазымында еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
екінші санатты әлеуметтік педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәрбие жұмысына талдау жасау әдістемесін, шығармашылық семинарларды басқара білуі; озық тәжірбиелерді енгізуі тиіс.
біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары педагогикалық білім және әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі 4 жылдан кем емес немесе бейіні бойынша жоғары білім және әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғары санатты маман:
бірінші санатты әлеуметтік педагогқа қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ғылыми-әдістемелік, эксперименттік жұмыстарды білуі; әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалардың, педагогикалық технологиялардың құрастыра білуі және олардың жұмысы бойынша апробация жүргізуі, әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерімен айналысатын шығармашылық топтың жұмысын басқаруы тиіс.
біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары педагогикалық білім және әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес бейіні бойынша жоғары білім және әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі 6 жылдан кем емес.
Достарыңызбен бөлісу: |