Қосымша білім беру педагогі
Лауазымдық міндеттері: Қосымша білім беру саласындағы білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) әртүрлі шығармашылық қызметін ұйымдастырады, қамтамасыз етеді. Қосымша білім беру бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, оның сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Үйірме, секция, студия, клубтық және басқа бірлестіктерге балаларды жинақтайды, оқу мерзімінің соңына дейін сол құрамды сақтауға жағдай туғызады. Психофизиологиялық мақсаттан туындайтын педагогикаға негізделген жұмыс формаларымен, құралдарымен және әдістерімен қамтамасыз етеді. Балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтайды, оны дамытуға, кәсіби қызығушылығының тұрақты қалыптасуына, тәрбиеленушілердің тұлғалық рухани-адамгершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.
Дарынды және талантты білім алушылармен (тәрбиеленушілермен) қатар, мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуына қолдау көрсетеді. Оқушылардың мәдени-көпшілік шараларына қатысуын ұйымдастырады. Еңбекті қорғау, өрттен сақтану мен қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді. Оқу үрдісінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Өзінің кәсіби біліктілігін жетілдіреді. Ата-аналарға, оларды алмастырушыларға, сол сияқты педагог қызметкелерге қажетті кеңес береді. Әдістемелік бірлестік және басқа да әдістемелік жұмыстарға қатысады.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, білім беруге байланысты басқа да құқықтық нормативтік актілерді; педагогика, психология теориясын, жас физиологиясын, мектеп гигиенасын, пәнді оқыту әдістемесін; тәрбие жұмысының әдістерін, бағдарламалар мен оқулықтарды; пән кабинетінің жабдықталуына қойылатын талаптарды; оқыту құралдары мен олардың дидактикалық мүмкіндіктерін; педагогика ғылымының даму бағыттарын; тәрбиеленушілердің сұранысы мен қызығушылығының даму ерекшелігін, олардың шығармашылық әрекетінің негіздерін; талантарды іздеу және қолдау әдістерін; ойын-сауық және демалысты, спорттық-сауықтыру және бос уақытты ұйымдастырудың ғылыми-техникалық, эстетикалық әрекетінің мазмұны мен әдістерін меңгеру, үйірме, клуб, секция, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламаларын; балалар ұжымы, ұйымдары және қауымдастығы әрекетінің негіздерін, еңбек туралы заңнаманың негіздерін білу.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейлі санатсыз маман: жоғары педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары кәсіптік білім.
біліктілігі орта деңгейлі санатсыз маман: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіби білім (арнайы орта, кәсіптік орта).
Тиісті санатты алу үшін міндеттілікті анықтай отырып біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары екінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ қосымша білім беретін педагогке қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс, одан басқа тәжірибелік, ғылыми-зерттеушілік жұмыстарды білу дағдысының болуы, оқытудың жаңа әдістерін апробациядан өткізу бойынша жұмыстар жүргізе алуы, өңірлік көрмелер, олимпиадалар, жарыстардың жеңімпаздар ұжымына жетекшілік жасай білуі керек.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары педагогикалық білім және қосымша білім беретін мұғалім қызметінде еңбек өтілі 3 жылдан кем емес немесе бейін бойынша жоғары кәсіби білім қосымша білім беретін мұғалім қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.
біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты қосымша білім беретін педагогке қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс, тәжірибелік, ғылыми-зерттеушілік жұмыстарды білу дағдысының болуы, республикалық көрме, олимпиада, конкурс, жарыстардың жеңімпаздар ұжымына жетекшілік жасай білуі, педагогикалық басылымдарда жарияланымдарының болуы керек.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары педагогикалық білім және қосымша білім беретін педагог қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем емес немесе бейін бойынша жоғары кәсіби білім қосымша білім беретін мұғалім қызметінде еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты қосымша білім беретін педагогке қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар халықаралық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың жарыстардың жеңімпаз-ұжымдарына жетекшілік ете білуі, авторлық әдістемелік әзірлемелерінің болуы тиіс.
біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейлі санатсыз қосымша білім беретін педагогке қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстарды білу дағдысының болуы, оқытудың жаңа әдістерін апробациядан өткізу бойынша жұмыстар жүргізе алуы, өңірлік көрме, олимпиада, жарыстардың жеңімпаздар ұжымына жетекшілік жасай білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіби білім (арнайы орта, кәсіптік орта) және қосымша білім беру педагогының лауазымында еңбек өтілінің 3 жылдан кем емес.
біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты қосымша білім беретін педагогке қойылатын талаптарға жауап беруі сонымен қатар, ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстарды білу дағдысының болуы, республикалық көрме, олимпиада, конкурс, жарыстардың жеңімпаздар ұжымына жетекшілік жасай білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті мамандығы бойынша (бейін бойынша) техникалық және кәсіби білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және қосымша білім беру педагогының лауазымындағы еңбек өтілінің 4 жылдан кем емес.
біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:
біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты қосымша білім беретін педагогке қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс, одан басқа республикалық, халықаралық көрме, олимпиада, конкурс, жарыстардың жеңімпаздар ұжымына жетекшілік жасай білуі қажет.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және қосымша білім беру педагогының лауазымындағы еңбек өтілінің 5 жылдан кем емес.
Достарыңызбен бөлісу: |