Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығы



бет83/128
Дата08.02.2022
өлшемі193,45 Kb.
#98158
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   128
Байланысты:
Pedagog-kyzmetkerler-men-olarga-tenestirilgen-tulgalardyn-lauazymdarynyn-ulgilik-biliktilik-sipattamalaryn-bekitu-turaly (1)

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі, БА жүйесіндегі жұмыс өтілінің 10 жылдан кем болмауы және жарияланған әдістемелік материалдарының болуы тиіс.
Әдістемелік кабинеттің (ӘК) әдіскері
Лауазымдық міндеттері: Ауданның (қаланың) педагогтерімен әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, курсаралық кезеңдегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін зерделейді. Жетекшілік ететін мәселесі бойынша білім беру ұйымдарын әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Мамандығы бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды болжайды және жоспарлайды. Педагогикалық қызметкерлердің оқу-әдістемелік құжаттамаларын (дидактикалық материалдарын, құралдардың типтік тізбелерін), семинарларды, озық тәжірибелі мектептердің жиналыстарын, конкурстарын, олимпиадаларын әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады. Білім беру ұйымдары мен педагогтердің инновациялық және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының нәтижелерін талдайды және қорытындылайды.
Білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогикалық қызметкерлеріне оқу-әдістемелік және тәрбие беру жұмысын ұйымдастыруда консультациялық және практикалық көмек береді. Педагогтерге библиографиялық анықтамалар, әзірлемелер, тестік және басқа да материалдар жасауға көмек береді, оны аудан (қала) педагогтерінің, білім беру ұйымдары әдістемелік кабинеттерінің назарына жеткізеді.
Оқыту мен тәрбие жұмысының озық технологиялары бойынша ақпаратты қорытындылайды және таратады. Білім беру ұйымдары педагогтерінің, басшыларының анағұрлым нәтижелі тәжірибесін зерделейді, жүйелейді, қорытындылайды, мониторинг жүргізеді және таратады. Педагог қызметкерлердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмыстарын ұйымдастырады және үйлестіреді. Оқушылардың конкурстарын, көрмелерін, олимпиадаларын, слеттерін, жарыстарын өткізуге қажетті құжаттарды әзірлейді.
Білім беру ұйымдарының оқытудың аудиовизуалдық, интерактивтік құралдарына қажеттілігін және педагогикалық деректер банкінің жай-күйін талдайды. Қажетті есеп беруді дайындайды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын және басқа да білім беру ұйымдарының қызметі мәселелері жөніндегі нормативтік қүқықтық актілерді; мемлекеттік білім беру стандарттарын; педагогика және жасерекшелік психологиясының негіздерін; дидактиканың принциптерін; оқытудың жеке және жалпы әдістерін; білім беру ұйымдарындағы білім беру процесін ұйымдастырудың жүйесін; білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктері, педагогтері жұмыстарының тиімді нысандары мен әдістерін анықтаудың, жариялаудың және таратудың әдістемесін. Оқу-бағдарламалық құжаттамаларды әзірлеудің принциптері мен тәртібін, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін. Әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелендірудің принциптерін. Еңбек туралы заңнаманың негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман:
жоғары педагогикалық білімі және педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ ӘК әдіскеріне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар алдыңғы қатарлы білім беру технологиялары бойынша жұмыс тәжірибелерін пысықтауы және таратуы, жарияланған әдістемелік материалдарының болуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және педагогикалық жұмыс өтілі 8 жылдан кем болмауы тиіс немесе ӘК әдіскері қызметіндегі жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты ӘК әдіскеріне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар эксперименттік жұмыстардың дағдыларын меңгеруі, білім беру процесінің өзекті проблемаларын шешу жөніндегі шығармашылық топтардың жұмысына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және 10 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілінің немесе 5 жылдан кем емес ӘК әдіскері қызметіндегі жұмыс өтілінің болуы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты ӘК әдіскеріне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар эксперименттік жұмыстардың әдістерін меңгеруі, білім беру процесінің өзекті проблемаларын шешу жөніндегі шығармашылық топтардың жұмысына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және 15 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілінің немесе 7 жылдан кем емес ӘК әдіскері қызметіндегі жұмыс өтілінің болуы тиіс;
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман:
техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және 5 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілінің болуы тиіс;
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ ӘК әдіскеріне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар озық білім беру технологиялары бойынша жұмыс тәжірибелерін пысықтай және тарата білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және 8 жылдан кем емес, оның ішінде 5 жыл мұғалім (тәрбиеші) қызметінде немесе 3 жылдан кем емес әдіскер қызметінде жұмыс өтілінің болуы тиіс;
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты ӘК әдіскеріне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар эксперименттік жұмыстардың дағдыларын меңгеруі, білім беру процесінің өзекті проблемаларын шешу жөніндегі шығармашылық топтардың жұмысына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және 10 жылдан кем емес, оның ішінде 7 жыл мұғалім (тәрбиеші) қызметінде немесе 5 жылдан кем емес әдіскер қызметінде жұмыс өтілінің болуы тиіс;
біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты ӘК әдіскеріне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар семинарлар, озық тәжірибелі мектептер отырыстарын, конкурстар, олимпиадалар өткізуі, мамандықтар бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды болжауы және жоспарлауы, оқу-әдістемелік құжаттарды (дидактикалық материалдарды, құрал-жабдықтардың типтік тізбесін және т.б) әзірлеуі тиіс, педагогикалық басылымдарда білім беру проблемалары жөнінде жарияланымдарының болуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және 15 жылдан кем емес, оның ішінде 10 жылдан кем емес мұғалім (тәрбиеші) қызметінде немесе 7 жылдан кем емес әдіскер қызметінде жұмыс өтілінің болуы, жарияланған әдістемелік материалдарының болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет