ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖИНАЛЫСТАРЫН ЖҮРГІЗГЕ АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТАР ЖИНАҒЫ
Жеке анықтама:
Аты-жөні: _________________________
Лауазым: _________________________
Цех / Департамент: _____________________
Жұм.тел.: _________________________
Өзге анықтама: _______________________
_____________________________________
_____________________________________
_____________________________________
_____________________________________
Мамыр 2016ж. Редакция 0
СӘЛЕМДЕСУ
Құрметті әріптестер,
Әрбір қызметкер үшін еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету біздің ең басты міндеттеріміздің бірі болып табылады. Өндірістегі қауіпсіздік – ол ешбір жағдайда бұзылмауы тиіс болған басты принципіміз. Жұмыстардың кез-келген түрін жүргізу кезінде біз қызметкерлерімізден еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары мен талаптарын мүлтіксіз орындауын күтеміз.
Қауіпсіздік мәдениетін арттыру және жазатайым оқиғаларға жол бермеу, ол басшылықтың жауапкершілігі болып табылады. Сондықтан, біз еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жүйесін жетілдіру бағытында үздіксіз жұмыс істеудеміз, және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы басты тәуекелдерді анықтау үшін жеткілікті уақыт пен ресурстар бөлеміз.
Бұл жинақ сіздің күнделікті жұмысыңызда пайдалану үшін әзірленген. Ол қол жетімді және қарапайым тәсілмен бірқатар қауіпті өндірістік және әкімшілік жұмыстарын жүргізу кезінде қажетті ақпаратты алу үшін арналған.
Сонымен бірге, ешқандай жинақ жұмыста туындайтын барлық қауіпті оқиғаларды қамти алмайды және туындауы мүмкін барлық сұрақтарға жауап бере алмайды. Ешқандай қағидалар өзіңіздің және айналаңыздағылардың денсаулығына қатысты жауапкершілік сезімін және ақыл-ойды алмастыра алмайды. Жұмыстарды қауіпсіз жүргізу - бұл біздің міндетіміз, сондай-ақ біздің әріптестеріміз, отбасыларымыз және жақындарымыз алдындағы міндет болып табылады.
Уақыттарыңызды бөліп, осы жинақпен танысуларыңызды және оны өздеріңіздің күнделікті жұмыстарыңызда пайдалануыңызды сұраймыз.
Қауіпсіздік мәдениеті – бұл құжат немесе қағида емес, ол – оған деген сіздің өмір салтыңыз екенін ұмытпаңыз.
Құрметпен,
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
Басқармасының төрағасы
С.М. Мыңбаев
СӘЛЕМДЕСУ
Қай жерде жұмыс істейтіндігіңіз немесе қандай лауазым атқаратындығыңыз маңзды емес, ең маңыздысы – ол сіздің жеке қауіпсіздігіңіз және сіздің жұмыскерлеріңіздің қауіпсіздігі. Сіздің жұмыскерлеріңіздің денсаулығын және өмірін сақтау - бәрінен маңызды. ҚМГ сіздің әрқайсысыңыздың үйлеріңізге аман-есен әрі зақым алмай оралуыңызға барынша көмек көрсетуге ұмтылады.
Осыған байланысты, ҚМГ ЕҚОҚД біздің ЕТҰ-ларда қауіпсіздік және еңбек қорғау деңгейін арттыру үшін арналған және ең үздік әлемдік тәжірибеге негізделген жинақ әзірледі. Жинақ қауіпсіздік және еңбек қорғау мәселелеріне ұмтылушылықты көрсету мақсатында басшыларға да арналған, сондай-ақ қызметкерлер арасында жауапкершілікті арттыру үшін қажетті бүкіл ақпаратты ұсыну ретінде және қызметкерлерді «жіберілген қателіктермен жұмыс істеуге» тарту мақсатында ұсынылып отыр.
Бұл жинақ қысқа ғана, дегенмен жұмыс басталар алдында және жұмыс барысында қызметкерлерге ақпарат беру үшін ақпарат көлемі жеткілікті болып табылады. Қызметкерлерді қауіпсіздік және еңбек қорғау мәселелеріне талқылауға тарту жұмыс кезінде бұл тақырыпты алдыңғы шепке шығаруға мүмкіндік береді.
Жинақ жеке жауапкершіліктен бастап тұтас алғанда кәсіпорындағы еңбек қорғау қоса берілетін тақырыптық тізбе кіреді. Әрбір қызметкердің осы жинақ арқылы өзіне қажетті ақпаратты таба алатындығына сенемін.
Құрметпен,
Винсент Спинелли
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау
жөніндегі басқарушы директор
ҚАУІПСІЗДІК
Басшыларға арналған басымдылық
• Жарақаттану мен кәсіби аурулардың алдын алуға болады;
• Қауіпсіздік – біздің жұмысымыздың негізі;
• Қызметкерлерді тарту, кері байланыс және мақұлдау қауіпсіздік негізі болып табылады;
• Жұмыс қауіпсіз жүргізілуі тиіс;
• Басшы өндірістік қауіпсіздіктің маңызды екендігінің үнемі ескертіліп отыруы үшін жауапкершілік көтереді;
• Басшы жұмыскерлердің, мердігер ұйымдардың жұмыскерлерінің және жұртшылықтың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік көтереді;
• Компания қызметкерлері және мердігер ұйымдардың қызметкерлері өз әрекеттері үшін жауапкершілік көтереді;
• Компания қызметкерлері және мердігер ұйымдардың қызметкерлері қорықпай, өндірістік қауіп-қатер және тәуекелдер туралы басшылыққа хабарлауға міндетті және осы өтінішке дер кезінде жауап алуға толық құқығы бар.
ҚАУІПСІЗДІК
Басшылықтан күтілетін жауап
Өндірістік мақсаттарға қажетті жұмыстарды қауіпсіз жүргізу арқылы қол жеткізілуі тиіс. Басшы міндетті:
• Қауіпсіздік және еңбек қорғау мәселелеріне өзнің де мүдделі екендігін көрсетуі тиіс және өз қызметкерлері үшін үлгі болып табылуы керек;
• Өз жұмысын білуі тиіс және жұмыстың әрбір жеке түрімен байланысты орын алуы мүмкін өндірістік тәуекелдер туралы білімге ие болуы тиіс;
• Әрбір қызметкерге жұмысты қалай қауіпсіз жүргізу туралы ақпаратты жеткізуі тиіс;
• Қауіпсіздік және еңбек қорғау мәселелері бойынша периодты түрде кеңестер өткізуі тиіс;
• Жазатайым оқиғалар және жарақаттану оқиғалары бойынша тексру жұмыстарын мұқият жүргізуі керек және бұл оқиғаларды есептілікке енгізу керек, сондай-ақ әрбір оқиға бойынша түзетуші іс-шаралар жоспарының орындалғанына көз жеткізуі тиіс;
• Күн сайын өндірістегі жағдайдың қауіпсіздігіне көз жеткізу үшін сұрау жүргізуі керек;
• Жұмыскерлердің барлық болған оқыс оқиғалар, сондай-ақ өндірістегі қауіпсіз емес барлық оқиғалар туралы ақпараттың берілу қажеттілігін білетіндігіне көз жеткізуі тиіс;
• Компанияның стандарты және саясаты туралы ақпаратты білуі, орындау және қызметкерлерге жеткізуі тиіс;
• Барлық жұмыскерлердің жұмыс жүргізер алдында жұмыстарды қауіпсіз орындау бойынша нұсқаунамадан өткендігіне көз жеткізуі тиіс;
• Жұмыстарды қауіпсіз орындау бойынша жұмыскерлердің оқудан өткендігіне көз жеткізуі тиіс.
ҚАУІПСІЗДІК
Жұмыскерлерден күтілетін қадам
Еңбек қорғау және денсаулық сақтау бойынша әрбір бастаманың және бағдарламаның табысты болуы әрбір қызметкердің жазатайым оқиғалардың және жарақаттану оқиғаларының алдын алуға мүдделілігіне байланысты. Әрбір қызметкер міндетті:
• Жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне, өзінің және өзінің әріптестерінің жеке қауіпсіздігіне жауапты болуы тиіс, оған мыналар кіреді: жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалана білу, қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша қағидалардың, нұсқаулықтардың, нормалардың талаптарын сақтауы тиіс;
• Жарақаттанудың әрбір оқиғасы, болуы мүмкін, ықтимал қауіпті оқиғалар, өрттер туралы ақпаратты хабарлауы тиіс, жабдық зақымданған жағдайда, өзінің тікелей басшысына баяндауы тиіс;
• Жұмыстардың қауіпті түрде немесе қауіпсіз емес түрде жүргізілуін тоқтату немесе түзетуші әрекеттер жүргізу үшін қажетті шаралар қолдануы тиіс, сондай-ақ қажет болған жағдайда, олар жайында өзінің тікелей басшысына баяндауы тиіс;
• Қауіпсіздік және еңбек қорғау мәселелері бойынша кеңестерге белсенді түрде қатысуы тиіс;
• Оқиғаларды тексеру кезінде барынша көмек көрсетуі тиіс;
• Осы жинақтың мазмұнымен, Компанияның қауіпсіздік және еңбек қорғау мәселелері жөніндегі қағидаларының, нұсқаулықтарының, нормаларының талаптарымен және саясатымен таныс болуы тиіс.
|
МАЗМҰНЫ
|
|
ҚМГ Алтын ережелері
|
|
Бірнеше әдеттегі сылтаулар
|
|
Оқиғаларды сезіну
|
|
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін сақтамау әдеті
|
|
Жұмысшылардың міндеттері
|
|
Қауіпсіздіктің негізгі он аспектілері
|
|
Тәуекелдерді бағалау
|
|
Қауіптілікті көре білу
|
|
Жазатайым жағдай және оқиға кезіндегі іс-әрекеттер
|
|
Қауіпті іс-әрекет және қауіпті жағдай
|
|
Қауіпсіздікке шақыру
|
|
Бұл маған не үшін керек?
|
|
Сіздің жеке жауапкершілігіңіз
|
|
Қауіпсіздік нені білдіреді
|
|
Өз өзіне аса сенімділік мен зейінсіздік
|
|
Құрылыстағы жұмысқа байланысты негізгі қауіп көздері
|
|
Командалық жұмыстар апаттардың алдын алады
|
|
Кәсіби сырқаттардың алдын алу және болдырмау
|
|
Асығыстық
|
|
Жаңа жұмысшылар
|
|
Мердігердің қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ету керек
|
|
Сіз қауіпсіздік туралы білесіз бе?
|
|
Аппаттың залалы
|
|
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
|
|
Жазатайым оқиға бола жаздаған жағдайларда не істеу керек?
|
|
Асығу жарақатқа ұшыратуы мүмкін
|
|
Қауіпті факторларды анықтау
|
|
Жұмыстағы негізгі қауіпсіздік қағидалары
|
|
Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты әдеттегі қателер
|
|
Жұмыс орнында тәртіпті сақтау
|
|
Парасатты мағына және оқыс оқиғаның алдын алу
|
|
Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және дамыту
|
|
Аккумулятор батареясын зарядтаған кездегі қауіпсіздік
|
|
Қауіпті заттар
|
|
Абайлаңыз —бензин
|
|
Дизельдік отынмен жұмыс істеу бойынша пайдалы кеңестер
|
|
Электрқауіпсіздігі
|
|
Өрт қауіпсіздігі
|
|
Жер жұмыстары
|
|
Он кішкентай көмекші
|
|
Жеке қорғану құралдары
|
|
Жеке қорғау
|
|
Қол дірілі
|
|
Қолды қорғау
|
|
Бас пен бетті қорғау
|
|
Қорғаушы аяқ киім
|
|
Респиратордың қорғау әрекеті
|
|
Есту органдарын қорғау
|
|
Техникалық қызмет көрсету
|
|
Көлік құралдарының қауіпсіздігі
|
|
Қауіпсіздік белдіктері
|
|
Ұялы телефондарды қаупісіз пайдалану
|
|
Автомобиль аккумуляторына қауіпсіз қызмет көрсету қағидалары
|
|
Үлкен жүкті техника
|
|
Жүктердің құлау қауіпі
|
|
Жүктерді қауіпсіз тасымалдау
|
|
Дөңгелектр астына қойылған тіректер – қауіпсіздік кепілі
|
|
Айырлы жүк тиегіш
|
|
Жүк көтергіш ілмектерін тексеру
|
|
Арнайы техника
|
|
Мобильді электрогенератор
|
|
Қысып қалу орындары
|
|
Электр желілері
|
|
Газ баллондарымен жұмыс істеу
|
|
Химикаттармен жұмыс істеу
|
|
Монтаж (құрастыру, жинастыру)
|
|
Металлды пісіру мен дәнекерлеу
|
|
Бетон және арматура
|
|
Бөлшектеу кезіндегі қауіпсіздік
|
|
Жер қазу жұмыстары
|
| Биіктікте жұмыс істеу |
| Құрылыс мінбелері |
| Сатыларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік |
| Жаяу жүргіншілер мен жұмыс жолдары |
|
Сырғанау, сүріну және құлау
|
|
Ескерту: белгілерді оқыңыз
|
|
Шұғыл жағдайларда эвакуациялау
|
|
Қауіпсіздік шаралары – су қысымы
|
|
Су сорғылары
|
|
Оттегі мен ацетиленді қауіпсіз қолдану
|
|
Тұншықтырғыш газбен улану
|
|
Жабдықтарға жақын жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі қағидалары
|
|
Тұйық кеңістікте жұмыстарды жүргізу
|
|
Қол және механикаландырылған құрал-саймандар
|
|
Механикаландырылған құрал-саймандармен жұмыс жасаған кездегі қауіпсіздік
|
|
Жүктерді қолымен көтеру
|
|
Баспалдақпен жұмыс жасаған кездегі қауіпсіздік
|
|
Энергия көздерін оқшаулау. Бұғаттау – сүргі салу
|
|
Жабдықтардың айналмалы бөліктердің қоршаулары
|
|
Көз жуу станциялары мен апаттық душ
|
|
Ішімдіктің және темекінің сіздің денсаулығыңызға және қауіпсіздігіңізге әсері
|
|
Қатты шаршаудың алдын алу
|
| Жұмыс орнын пайдалану дайындау |
| Жұмыс орнын жинау |
| Суық тиюден емдейтін емдік препараттар |
|
Ауа райының қолайсыз кездеріндегі, күшті жел кезіндегі жұмыс
|
|
Күннің ыстық жағдайларында жұмыс жасау
|
|
Эргономика
|
|
Тұрмыстағы электр қауіпсіздігі шаралар
|
|
Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік негіздері
|
ҚМГ АЛТЫН ЕРЕЖЕЛЕРІ
«Алтын ережелер» – бұл өндірістік тәуекелдерді алдын алуға арналған қарапайым, баршаға түсінікті және сенімді тәсіл. Бұл ережелерді ҚМГ барлық қызметкерлері және мердігерлері сақтауға міндетті. Табысты болуды көздеген компания, өз қызметкерлеріне сенім артуы және осы қарапайым ережелерді сақтауы тиіс. «Алтын ережелерді» сақтау – ең маңызды болып табылатын адам өмірін сақтау.
Жұмысқа дайын болу
|
|
ҚМГ-дың негізгі қағидаларының бірі жұмыс орындарында салауатты өмір салтын қолдау, сонымен бірге қызметкерлердің денсаулығына өндірістік жұмыстардан қандай да бір кері зардаптардың болдырмауын қамтамасыз ету.
|
Көлікті жүргізу кезіндегі қауіпсіздік
|
|
Көлік құралдарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік туралы ескертпені ешқашанда ұмытпаңыз.
|
Қауіптілігі жоғары жұмыстарға наряд-рұқсат
|
|
Қауіптілігі жоғары жұмыстар тек қолданыстағы наряд-рұқсаттармен ғана жүргізілуі тиіс. Наряд-рұқсат – сіздің қауіпсіздігіңіз үшін қажетті әрекеттерді сипаттайды.
|
Энергия көздерін оқшаулау
|
|
Жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізер алдында, барлық энергия көздерінің оқшауландырылғандығына көз жеткізу қажет және міндетті түрде жеке қорғаныс құралдары мен қорғаушы жабдықтарды пайдалану қажет.
|
ҚМГ АЛТЫН ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тұйық кеңістікте жұмыс жасау
|
|
Тұйық кеңістікте жарылысқа қауіпті,улы газ немесе басқа да қауіпті заттар, сүріну және құлау қауіптерін күшейтетін заттар кездеседі,оттегінің мүлде аз деңгейде болуы. Тұйық кеңістікте өндірістік жұмыстарды бастардың алдында наряд-рұқсатты рәсімдеу қажет.
|
Биіктікте жұмыс жасау
|
|
Биіктікте жұмыс жасау кезінде құлап кетуден қорғау үшін тиісті шараларды қабылдау қажет. Қауіпсіздік мақсаттары ретінде 1,3 метрден артық биіктіктен құлау қауіптері бар, қорғалған аумақтардан тыс жерде жұмыс жүргізу кезінде құлаудан қорғайтын қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз.
|
Қозғалатын және қысым үстіндегі жабдықтар
|
|
Қызметкерлер, қозғалатын және қысым үстіндегі жабдықтардан қауіпсіз ара қашықтықта тұрулары қажет. «Қауіпті аумақта» жұмыс жүргізу, қысым үстіндегі жабдықтардың немесе қозғалатын жабдықтардың қасында болу қауіпті болып табылады.
|
Жүк көтеру жұмыстары
|
|
Крандарды, жүкшығарларды, механикалық көтергіш қондырғылар, жүкті қармаушы тетіктерді қолданатын жүк көтергіш жұмыстар жарақат алуға қауіпті әлеуетті көздер болып табылады.
|
БІРНЕШЕ ӘДЕТТЕГІ СЫЛТАУЛАР
Біз көзге көрінерлік ешқандай себепсіз болған жазатайым оқиғалар жөнінде жиі естиміз. Біз осы оқиғалардың соңында нақты себептер бар екенін білеміз, бірақ кейбірде оларды көрсету оңай болмайды.
СІЗ ҮНЕМІ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАП ЖҮРУІҢІЗ КЕРЕК. Қауіпсіздік ережелерін елемеу салдарынан сіз жарақат алуыңыз мүмкін. Ол ережелер Сіздің денсаулығыңызды сақтау үшін әзірленген.
Әрқашан «МЕН КӨРГЕН ЖОҚПЫН», «МЕН ОЙЛАҒАН ЖОҚПЫН» және «МЕН БІЛГЕН ЖОҚПЫН» деген сияқты ескі сылтауларды қолдану оңай. Өзіңіз немесе әріптесіңіз жарақат алғаннан кейін айтылған осындай сылтаулар барынша аянышты естіледі. Сіз «оқталмаған» мылтықпен біреудің жараланғаны туралы жиі естіген боларсыз? Бұл оқиғалар мылтықты ұстап тұрған адам оның оқталғаны туралы «ОЙЛАМАУЫ» себебінен болды. Жұмыстағы апаттар да осындай себептерден болады. Егер азғана уақыт алып ойланғанда, ондай жағдайлар болмас еді.
Егер де Сізге көзге қауіпі бар жұмыс орны, таңбалау және қауіпсіздік белгілернің жеткіліксіздігінен апатқа әкеліп соқтыруы мүмкін жұмыс жағдайлары белгілі болса, онда қауіптің алдын алып, жою мақсатында ол жөнінде өзіңіздің басшыңызға хабарлаңыз.
Біреу бір кезде «КӨРМЕЙ», «ОЙЛАМАЙ» немесе «БІЛМЕЙ» жасап қойған барлық оқыс оқиғалардың алдын алуға тырысыңыз.
ЕГЕР СІЗ ЖҰМЫСТЫҢ ҚАУІПСІЗ ОРЫНДАУ ӘДІСІН БІЛМЕСЕҢІЗ, СҰРАП АЛЫҢЫЗ!
Жұмыс орнына барыңыз! Бригадамен жиналыс өткізіңіз! Тапсырманы талқылаңыз! Тәуекелдерді анықтаңыз! Тәуекелдерді жойыңыз!
ОҚИҒАЛАРДЫ СЕЗІНУ
Апаттардың алдын алудағы негізгі шаралардың бірі – бұл «СЕЗІНУ» болып табылады. Бірдеңенің болатынын алдын ала сезгендіктен, біз оқиғаның алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдана аламыз.
Біз қолдануымыз тиіс шаралардың бірі, – бұл болған барлық әлеуетті қауіпті оқиғаларды зерттеу. Біз әрқашанда қауіпсіз емес қызметтер жөнінде хабардар болып, жарақаттар алуға әкеліп соққан жаңсақтықтар жөнінде білуіміз керек. Зерттеулер орташа алғанда жарақат алуға әкеліп соққан әрбір жазатайым оқиғаға қатысты, жарақат алуға соқтырмаған басқа да ұқсас ықтимал қауіпті оқиғалардың бар екенін көрсетті.
Сонымен, біз оқыс оқиғалардың бәрі жарақат алумен аяқталмайтынын көріп отырмыз. Бірақ, олар бізге бір нәрсенің ойдағыдай емес екенін меңзейді. Уақытында түзетілмеген оқыс оқиғалар жуық арада ірі апаттарға соқтыруы мүмкін.
Біз жарақатқа соқтырмаған әлеуетті қауіпті оқиғаларды, олар елеусіз болса да жиі болып тұратынын білеміз. Олардың да жарақатқа алып келген оқиғалар сияқты себептері болуы мүмкін және сондай тәсілдермен олардың алдын алуға болады. Олар өте қымбат және өндірістің шығындарына қосылады. Бұндай оқыс оқиғалардың алдын алу өте маңызды.
Егер де жазатайым жарақат орын алған болса, ол қауіпсіздік талаптарының сақтамауынан болуы мүмкін. Мүмкін алдын ала кемшіліктер жіберілуі мүмкін. Біз осылардың барлығын түсіну үшін неше рет әлеуетті қауіпті оқиғаларға жол беруіміз керек? Егер де біз шынымен де қауіпсіздікке сеніп, жарақатқа жол бергіміз келсе, бір жіберілген әлеуетті қауіпті оқиғада жеткілікті.
Жарақатқа соқтырмаған әлеуетті қауіпті оқиғалар мен жарақатқа алып келген оқиғаларды зерттеуіміз қажет.
Барлық оқиғалар туралы хабарлап отырыңыз. Әйтпесе ақыр аяғында Үлкен сандар заңы жай жаңсақтықтан ауыр жарақатқа алып келуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Әрқайсымыз оқиғаның алдын алу үшін шамалы болса да үлес қосайық!
ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАМАУ ӘДЕТІ
Қауіпсіздік сөзі Сіздің қауіптен, жарақаттардан және зияннан ара болуыңызға және Сіздің жеке басыңыздың қорғалуына қатысты. Бұлай болғанын әркім қалайды, бірақ әрқашан қол жеткізе алмайды. Қауіпсіздікті қолдау және сақтау үшін көп күш-жігер қажет.
Әдеттегідей қауіпсіздік сөзі жиі қолданылғандықтан, Сіздердің көпшілігіңіз бұл сөзді үгіт немесе Сіздің өміріңізді өзгертуге не болмаса жаман қылықтарды тастауға итермелейтін сөз ретінде қабылдайсыз.
Оның орнына Сіз ол сөзді өз өміріңізде жасайтын барлық нәрселерге қолдануға болатын сөз деп қабылдаңыз. Түсіну қажет, егер Сіз қауіпсіздік ережелерін орындамасаңыз немесе көңіл қоймасаңыз, онда Сіз өз жұмысыңызды тиісті түрде орындамағаныңыз!
Мысалы: егер Сіз машинаны ұқыпты жүргізсеңіз, Сіз бар болғаны, өзіңіздің автомобиліңізді белгіленген тәртіппен басқарғаныңыз және ережелерді сақтағаныңыз. Егер Сіздің жұмысыңыз онымен жұмыс істеген кезде көзілдірік кию керек аспаппен байланысты болса, оған немқұрайлы қарамаңыз. Қорғайтын көзілдірік сол аспапты дұрыс пайдалану үшін қажетті керек-жарақ. Егер Сіз үйде отыруға арналған орындықта тұру орнына баспалдақты пайдалану мүмкіндігін табыңыз.
Бүгін Сіздің жаман әдеттеріңіз туралы ойланып, оларды түзететін уақыт келді.
Сіздің жаман әдеттеріңізді түзету зейін қоюды және күш-жігер жұмсауды талап етеді, бірақ нәтижесінде ол Сізге неғұрлым жауапты және керек қызметкер және айнлалаңыздағылар үшін үлгі болуға септігін тигізеді – және осы күш-жігеріңіздің сыйы осы жылы орын алған оқиғалардың статистикасын азаюы болмақ.
ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Басшылар барлық қызметкерлердің қауіпсіздігі және денсаулығы үшін, сондай-ақ қауіпсіз жұмыс орны мен бүкіл өндірістік процестің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапты. Біз жұмыскерлердің міндеттерін және оның мәнін жариялағымыз келіп отыр
Жұмыс берушілер мен басшылар қызметкерлер өз міндеттерін сақтайды деп үміттенеді. Қауіпсіздік және еңбек қорғау қағидасын сақтау жұмыс орнына келген сәттен бастап басталады және ол бүкіл жұмыс уақытында сақталуы тиіс және жұмыскерлер қауіпсіздікпен және еңбек қорғаумен байланысты проблемаларды басшыларға уақытылы хабардар ету.
Ұсынылып отырған міндеттердің көлемі:
Жұмыскерлер міндетті:
Кез-келген ақпаратты тыңдауы әрі есте сақтауы тиіс. Қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша курстарға және біліктілікті арттыру курстарына белсенді түрде қатысуы керек.
Егер ақпарат түсініксіз болса немесе тапсырманы орындай алмай жатсаңыз көмек сұраңыз.
Қауіпсіздік және еңбек қорғау қағидасының бұзушылықтары немесе жазатайым оқиғалар туралы дереу хабарлаңыз. Әсіресе бұзушылық қайталанатын болса. Бұл барлық жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Басшымен мүмкіндігінше тезірек хабарласыңыз. Әрбір жағдайда проблеманы өзіңіз шешуге тырысыңыз (бұл жағдайда сіз басшыдан гөрі проблеманы және оны қалай шешу керектігін жақсырақ түсінуіңіз мүмкін).
Шешілмей қалған проблема туралы өзіңіздің басшыңызбен қайта сөйлесіңіз (ол ұмытып кетуі мүмкін).
Жұмыс орнындағы қауіпсіздік үшін белсенді күрескер болыңыз. Қауіпсіздік жөніндегі жиналыстарға және митингілерге, қауіпсіздік жөніндегі оқуларға қатысыңыз. Қызметкерлердің міндеттеріне көптеген аспектілер кіреді, бұл тізімді шексіз жалғастыруға болады. Өз мүмкіндіктеріңізді өз учаскеңізбен шектемеңіз, басқалардан және де, өз басшыңыздаң үлгі алыңыз.
ҚАУІПСІЗДІКТІҢ НЕГІЗГІ ОН АСПЕКТІЛЕРІ
1. Нұсқаулықтарды сақтаңыз. Сәттілікке арқа сүйемеңіз. Білмесеңіз, СҰРАҢЫЗ.
2. Қауіпсіз емес жағдайларды түзетіңіз және олар жөнінде хабарлаңыз.
3. Жұмыс орнында тазалық пен тәртіп сақтаңыз.
4. Жұмыс кезінде оған арналған аспаптар мен жабдықтарды пайдаланыңыз.
5. Қандай да болмасын кез келген жарақат туралы дереу Өзіңіздің басшыңызға хабарлаңыз. Қажет болса, алғашқы дәрігерлік жәрдем мен ем алыңыз.
6. Егер оған құқығыңыз болған жағдайда ғана жабдықтарды пайдаланыңыз, реттеңіз және оңдаңыз.
7. Жеке қорғану құралдарын пайдаланыңыз. Арнайы киім киіңіз. Жеке қорғану құралдарын дұрыс жағдайда және арнайы жерде сақтаңыз.
8. Қатты пікір айтудан сақтаныңыз. Басқалардың назарын аудармаңыз.
9. Ауыр жүктерді көтерген кезде, егер жүк ауыр болса немесе өте үлкен болса, әріптерстеріңізден көмек сұраңыз.
10. Қауіпсіздіктің барлық белгілері мен ережелерін сақтаңыз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ: ОСЫЛАРДЫ ОРЫНДАУ – ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ!
ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАҒАЛАУ
Әлеуетті қауіп физикалық сипатта болуы мүмкін және денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін. Осы секілді қауіптердің барлығын айқындау үшін қауіп-қатерлердің кешенді бағалануын жүргізу қажет.
Физикалық қаупі бар факторлар:
Әсер ету, сіңу тереңдігі немесе қысу дәрежесі (аударылған жағдайда);
Объектілердің құлау немесе оларды тастау ықтималдығы;
Тесе алатын немесе жаралуға немесе шаншып алуға болатын өткір заттар;
Жұмыскер мен жабдық арасындағы механикалық әсерге әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттер.
Денсаулыққа төнетін қауіп:
Жұмыс орнындағы химиялық препараттар немесе зиянды шаң;
Күйікке, көздің зақымдалуына немесе өртке әкеп соғуы мүмкін жоғары температура;
Жарық (оптикалық) сәулелендіру көздері;
Биологиялық қауіп (қанға жұқтыру, ықтималды зақымдалған материалдар және т.б.).
Іс-шаралар:
Бағалауды аяқтағаннан кейін, қажетті қорғау құралдарын айқындау үшін деректерді әрі қарай пайдалану үшін жүйеге келтіріп, талдау жүргізіңіз;
Жұмыс орнын, оның жағдайын, жабдықтың күйін немесе орындалған жұмыс тәртібін оқтын-оқтын тексеріңіз;
Үрдістер мен проблемалық мәселелер туралы түсінік болу үшін зақымдалу мен аурулар туралы есептерді қараңыз;
Жеке қорғау құралдарының жарамдылығын тексеріңіз.
Жеке қорғану құралдарының тексеріңіз жарамдылығын.
ҚАУІПТІЛІКТІ КӨРЕ БІЛУ
Қауіпсіздік – өмір салты және оны әрқашан есте сақтап жүрген жөн. Қауіптілікті көре білу өзіңіздің және әріптестеріңіздің қауіпсіздігін сақтау үшін өте маңызды.
Қауіптілікті көру білуге қалай үйренуге болады:
Күн сайын өз жұмысыңызды орындау бойынша және жұмыс орныңыздағы қауіпсіздік техникасы қағидаларын қайта қараңыз;
Қауіпсіз емес іс-әрекеттердің қандай салдарға әкеп соғатынын білген жөн;
Сәл мүмкіндік болған жағдайда еңбек қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларға қатысыңыз;
Еңбек қауіпсіздігі саласындағы біліміңізді өз жұмысыңыздың барлық аспектілерінде әрдайым қолданыңыз;
Жас жұмыскерлерге туындай алатын ықтимал қауіпті жағдайларды көрсетіп, оларға нұсқама беруді жүргізуге жәрдемдесіңіз.
Қауіпті іс-әрекеттерді айқындау:
Айналаңызбен танысыңыз;
Көптеген қауіпті жағдайлар дұрыс қараған адамға көрініп тұрады.
Ықтимал қауіп-қатерді жойыңыз:
Қауіп-қатерді жою бойынша іс-әрекеттер жүргізілгенде ғана оларды көріп білу нәтижелі болады;
Басшыға арналған есепте барлық ықтимал қауіп-қатерлерді көрсетіңіз;
Басшыңызбен жұмыс орнындағы қауіп-қатерді жою бағытында бірге жұмыс істеп, ол туралы әріптестеріңізге хабарлаңыз және қауіпті жағдайларды тудырмау туралы ескертіңіз;
Өз жұмыс орныңызда еңбек қауіпсіздігін үйлестіруші болып, қауіпсіздік шараларын сақтау маңыздылығына әріптестеріңіздің назарын аударыңыз;
Егер күмәндансаңыз – сұраңыз.
ЖАЗАТАЙЫМ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ОҚИҒА КЕЗІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТТЕР
Барлық апаттар және сәтсіз жағдайлар туралы олар Сізге қаншалық елеусіз болып көрінгенмен, олар жайында кідіріссіз хабарлаңыз.
Егер Сіз болмашы ғана жаралансаңыз немесе жарақат алсаңыз, ол жайында өзңіздің басшыңызға хабарлаңыз, қажетті медициналық көмек алыңыз және Оқиғалар журналына жазба жүргізілгендігіне көз жеткізіңіз;
Барлық ықтимал қауіпті оқиғалар туралы басшыға хабарлаңыз, әйтпесе, бүгін болмаған қауіпті оқиға ертеңгісі жазатайым оқиға болуы мүмкін. Болуы мүмкін сәтсіз оқиғаның алдын алу үшін оның себебін зерттеу керек. «Ықтимал қауіпті оқиға» дегеніміз ол ешкім жарақат алмаған, құлап қалған траншея. Әрбір ықтимал қауіпті оқиға, егер оған тексеру жүргізілмесе, ол дегеніміз – ықтимал сәтсіз оқиға;
Өткір қажеттілік болмаса, оқиға болған орында ештеңені қозғалтпаңыз;
Жазатайым оқиғаны тексеруге тартылған әрбір қызметкерге қолдау көрсетіңіз;
Жазатайым оқиғаның қайталанбауы үшін мұндай тексеру жүргізудің маңызы өте зор.
Кез-келген оқиға туралы басшыға дереу хабарлануы тиіс, егер ол оқиға сізбен болмаса да.
ҚАУІПТІ ІС-ӘРЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАУІПТІ ЖАҒДАЙ
Көптеген кәсіби жарақаттар мен жазатайым оқиғалардың себебі қауіпті жағдай мен қауіпті іс-әрекеттер болып табылатыны анықталды.
Қауіпті жағдай айналамызда барлық жерде бар, мысалы, әдеттегідей автомобиль жүргізу әрқайсымызды жазатайым оқиғаларға осал етеді. Біздің айналамызда зиян келтіре алатын қауіптіліктер бар, бірақ көп жағдайда біз осы қауіптіліктерден аман-есен өтіп, баратын жерімізге қауіпсіз жетеміз;
Көп жағдайда қауіпті іс-әрекеттер қауіпті жағдайды одан да қауіпті етуі мүмкін. Мысалы, қар, жүргізуге қауіпті жағдай тудырады, бірақ қардың үстінен баяуламай не қауіпсіз қашықтықты сақтамай жүргенде, қауіп күшейе түседі;
Қауіпті жағдайлар біздің мінез-құлқымызға байланысты: Біздің мінез-құлқымыз (іс-әрекеттеріміз) біздің біліктілігіміздің деңгейіне байланысты емес. Басқаша айтқанда, біздің кейбір ең тәжірибелі жұмыскерлеріміз іс жүзінде ең қауіпті мінез-құлық нысандарын көрсетуі мүмкін. Шын мәнісінде, зерттеулер тәжірибе жиналған сайын жұмыскерлерде мінез-құлықтың қауіпті модельдерінің дамуының үлкен ықтималдығын көрсетті;
Болжай алмаушылық немесе өзіне-өзі сенушілік жарақаттарға немесе жазатайым жағдайларға әкеп соғуы мүмкін.
Кез келген құрылыс алаңында, әсіресе, қауіпті жағдай болғанда, қауіпсіз іс-әрекеттерді жасауға тырысыңыз.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Қауіпті іс-әрекет пен қауіпті жағдай арасындағы айырмашылық қандай?
Қауіпті іс-әрекеттерді орындауға байланысты жұмыс орнында қандай да бір болмасын қауіпті жағдай бар ма?
ҚАУІПСІЗДІККЕ ШАҚЫРУ
Біздің барлығымызда туғаннан бастап өзін өзі сақтау қасиеті бар. Қауіпсіздікті сақтауды қайталай беруді түсіну қиын емес. Кәнеки, көңілге қонатын екіден астам тілекті қарастырайық: жарақаттан қашық болу және өмірді сақтау тілегі.
Жарақат алу мен өлім - бұдан біздердің барлығымыз апаттарды түзу жолындағы аулақ болатын нәрсе, алайда біздің көпшілігіміз апаттар болуы мүмкін жағдайлардың алдын алу үшін ештеңе жасамаймыз. Алайда, жұмыста кейбіреулердің алаңғасырлығынан болатын қателіктердің алдын алу үшін кейбір нәрселер қажет болады.
Біріншіден, Сіз Өз жұмысыңызды жақсы білсеңізде, және ұзақ жыл жұмыс жасасаңызда әрқашанда сақ болыңыз. Қалай ғана қырағылықты жоғалтсаңыз, Сіз кез-келген қауіпке осал боласыз.
Екіншіден, Қауіпсіздікке уақыт табыңыз. Бұл жолы апат орын алмайтынына үміт артпаңыз. Асығып және қорғаныс құралдарын пайдалануға мүмкіндік таба алмай, біз өзіміздің мүмкіндіктеріне үлкен жол ашамыз.
Қауіпті іс-әрекеттен сақтанудың үшінші әдісі – жұмысты орындауға жақсы өндірістік дағдылар таңдап және оны үнемі жетілдіріңіз. Кез келген бір жұмысты орындаудың дұрыс әдісі бар – бұл дегеніміз жұмысты қауіпсіз орындау. Басқа адамдармен болған апаттар жайдан жай болмай, ең аз дегенде сол «басқа адамдардың» қатарында Сізден басқа әрбір адам болуы мүмкін екенін мойындаңыз.
Апаттар әруақытта да кенеттен болатыны ащы шындық. Олар әркіммен болуы мүмкін.
Еңбек қауіпсіздікті әрқайсысымыздан байланысты. Сондықтан да осы ортақ іске өзіңіздің үлесіңізді қосыңыз. Сақ болыңыз. Қауіптің ошағын байқасаңыз да, оларды өзіңіздің басшыңызға хабарлаңыз. Уақытында байқаңыз. Бәріміз қауіпсіздікте болғымыз келеді, бірақ еңбек қауіпсіздігін әркім әртүрлі түсінеді. Шын мәнінде қауіпсіздік – Сіздің жақсы орындаған жұмысыңыз.
Бұл Сіздің өзіңіздің игілігіңіз және өндіріс пен сапа үшін дұрыс істелген жұмыс. Осы факторлардың барлығы бір-біріне тығыз байланысты. Еңбек қауіпсіздігі өз кезегінде Сіздің жарақат пен қазаға ұшырауыңыздан сақтануыңызға мүмкіндік береді.
БҰЛ МАҒАН НЕ ҮШІН КЕРЕК?
Еңбек қауіпсізді және еңбекті қорғау сұрақтарына қатаң қарайтын қызметкерлер көп кезде апаттық жағдайдың алдын алып, одан құтылып кетуі, әрине жақсы фактор.
Еңбек қауіпсізді және еңбекті қорғау қағидаларын сақтайтын қызметкерлер басқалардың алдында абыройлы болып, өмірге кемелденген көзқараспен қарайды. Және, әрине олардың жанұялары өздерінің асыраушысының денсаулығын бағалайды.
Ақыл-ойы дұрыс қызметкер қауіпсіздік ережелері өзін қорғауға арналғанын біледі және бірінші кезекте ол белгілі бір жауапкершілікке міндеттейтін түсінеді. Басқаша сөзбен айтқанда, Сіз оқыс оқиғаға тап болып, және содан кейін жағдайға байланысты әрекет ете білуді үйретеді.
Қосымша айтқанда, Сіздің жұмысыңыз үшін әзірленген еңбек қауіпсіздігі ережелерін орындаңыз. Осы жұмысқа есептелген қорғану жабдықтарын пайдаланыңыз. Өз жұмысыңызға мұқият болыңыз, егер Сізде сұрақтар туса, онда, басшыңызбен кеңесіңіз.
Жабдықтармен абайлап жұмыс жасаңыз, олардың сақтандыру құрылғылары орнында екеніне және жабдықтарды іске қосар алдында олардың жақсы күйде екеніне көз жеткізіңіз. Жабдықтарды басқаруға құқығыңыз болғанда ғана олармен жұмыс жасаңыз.
Есіңізде болсын: Апаттар өзінен өзі болмайды, оның себептері бар – олар не қауіпсіз емес әрекеттер, не қауіпсіз емес жағдайлар немесе осылардың екеуінен де болуы мүмкін.
Қауіпсіз емес әрекеттер – бұлар, мысалы, қатерлі қылықтар және жөнсіз айтылған пікірлер.
Жабдықтарды қауіпсіз жылдамдықта басқарыңыз және жабдықты реттеу немесе жөндеу алдында барлық кезде сөндіріңіз.
Өзіңіздің жұмыс аумағыңызда тәртіп болуын қадағалаңыз және материалдарды тиегенде немесе жинастырғанда белгіленген тәртіппен жасаңыз. Көптеген қауіп көздерін жоюға болады.
Егер Сіз қашанда болса, «Маған неге керек?» деп ойласаңыз, онда оған лайықты жауап Сіздің алдыңызда. Қауіпсіздікке қарсы өзіңіздің қатынасыңызды дамытыңыз.
Олар тек қана Сіз үшін ғана емес, сонымен бірге сізбен жұмыс жасайтын адамдар үшін де толықтай пайдалы болады.
СІЗДІҢ ЖЕКЕ ЖАУАПКЕРШІЛІГІҢІЗ
Әрбір адам өзінің тағдырын өзі таңдайды және оның жақсы не жаман болуы, ол адамның өзінің жеке жауапкершілігіне байланысты.
Жас кезімізде бізді өзімізге жауапкершілік қабылдауға үйретті: «көшені кесіп өтпестен бұрын, байқа қара...», «... шырпымен ойнау қауіпті ...», «...үйге жарық барында кел..». Бірақ бүгін біздер үлкен болсақ та, белгілі бір шешімдерді қабылдауға әлі оқып-үйренудеміз.
Егер кімде-кім жауапкершіліктен қашса, онда ол белгілі бір қортындыларға келеді. Біздің қоғамымызда полиция, сот, әлеуметтік қызметкерлері және т.б. осы салдардың көптігіне жауап береді.
Сіз жауапкершілік қабылдау және қауіпсіздік ережелерін орындау арқылы жұмыстағы және үйдегі Өзіңіздің болашағыңызды қамтамасыз етесіз. Осындай істерді Сіз жұмыстас жолдасыңыз үшін де жасайсыз, өйткені Сіз оның алдында апатты жағдайдың алдын алуға жауаптысыз.
Егер Сіз қауіпті қылықты байқасаңыз, онда басқаларға айтып-ескертіп, келешекте ондайға кездеспеу үшін бірдеңе жасауға тиіссіз.
Егер техника қауіпсіздігі сақталмаса, онда басқа қызметкерлерді сақтандырыңыз. Ең соңында олар да Сіздің алдыңызда апатты жағдайдың алдын алуға жауапты болады.
Жақсы қылықтарды үйреніңіз – ашуланшақ болмаңыз, және асығыстықтан зардап алуыңыз мүмкін екенін есте ұстаңыз.
Ойланыңыз: “Егер мен бірдеңені дұрыс емес істесем, мен жарақат алуым мүмкін”. Содан кейін жұмысты дұрыс орындаңыз.
Егер Сіз басшы болсаңыз, онда жаңа келгендерге қауіпсіздік –түгелдей барлықтарына бірдей арналған ережелер екенін түсінуге көмектесіңіз. Оларды жұмысқа жіберерден бұрын, басқалардың қауіпсіздіктері үшін өздеріне жауапкершілік қабылдауға үйретіңіз.
Тұрмыстық мәселелер мен көңіл-күйдегі торығуларды жұмысқа келгенде ойламауды ережеге айналдырыңыз. Апаттар тектен тек болмайды - олардың себептері бар. Аздаған кемшіліктер тұрақты жағымсыз қылықтарға ұласпай тұрғанда оларды түзетіңіз. Сіз қауіпсіздік үшін жауаптысыз.
“ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАЗІР МАҢЫЗДЫ, АРТЫНАН КЕШ БОЛУЫ МҮМКІН”.
ҚАУІПСІЗДІК НЕНІ БІЛДІРЕДІ
1. Қауіпсіздік мнаны білдіреді: Өз жұмысыңызды толық ұғынуды. Басатын әрбір қадамыңызды білуді. Жұмысты орындау кезіндегі қателіктер СІЗ ЖӘНЕ СІЗДІҢ КОМПАНИЯҢЫЗ ҮШІН тым қымбатқа түсуі мүмкін.
2. Қауіпсіздік мынаны білдіреді: Сақтанғанды Құдай да сақтайды. Ешуақытта сәттілікке үміт артпаңыз. Күтпеген жағдайлардан шығуға дайын болыңыз. Кәдімгі қарапайым жұмысты орындау кезінде сақ болыңыз.
3. Қауіпсіздік мынаны білдіреді:Жанұяыңыздың алдындағы жауапкершілік Сізге қатысты. Сізге жұмыс берген компанияның алдындағы жауапкершілік. Игілігіңіз үшін өзіңіздің алдыңыздағы жауапкершілік.
4. Қауіпсіздік мынаны білдіреді:Сіздің компаниядағы техника қауіпсіздігі жөніндегі ережелерді білу және жұмыс кезінде ӘРБІР МИНУТТА оларды қолдану.
СІЗ БІР РЕТ ТӘУЕКЕЛГЕ БАС ТІГІП, АПАТҚА ҰШЫРАСАҢЫЗ, ОДАН КЕЙІН СІЗ ЕНДІ ЕШҚАШАНДА ӨЗІҢІЗГЕ КЕЛЕ АЛМАЙСЫЗ.
ӨЗ ӨЗІНЕ АСА СЕНІМДІЛІК
Кез келген оқиға басқа адаммен болады, маған ештеңе болмайды. Мен ешқашан қателесмеймін деген өз өзіне аса сенімділік адамды істеп жатқан жұмысын жан жақты ойлауға жібермейді. Мен жұмыстың орындалу барысын өзім өте жақсы білемін деген ой адамның жасап жатқан іс әрекетін байыптап қарауға, жұмыстың қауіпсіз орындалу әдістерін тағы бір саралап ойлауға жібермейді.
ЗЕЙІНСІЗДІК
Көп мәрте қайталанатын бір сарындағы жұмысты орындау кезінде адамның қырағылығы төмендейді. Жұмысшы күнбе күн бірыңғай жұмыс процессін орындау кезінде жұмысты жаттанды қимыл-әрекеттермен жасайды. Осындай жұмыс кезінде адамның зейінділігі төмендейді, бір сарын жұмыс кезінде ойы басқаға бөлінеді (жеке проблеммалар, ауру және т.б.). Бұндай жағдайда жұмыстағы шамалы өзгерістердің өзі (құралдардың, қоршаулардың, басқыштың, мінбенің басқа адам орнынан байқамай жылжытып қойғанда) келеңсіз жағдайға ұшыратады. Басқа ойда тұрып зейін салып қарамай құралға қол созғанда, қоршауы жоқ қимылдағы механизмге қолын жарақаттауы, орнынан қозғалып кеткен басқышқа, мінбеге тұрған жерін қарамай аяқ басқанда құлап жарақат алуы мүмкін.
ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ЖҰМЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ НЕГІЗГІ ҚАУІП КӨЗДЕРІ
Құлау:
Биіктіктегі жұмыстарды орындау кезінде биіктіктен құлаудан қорғау құралдарын пайдаланыңыз;
Периметр бойынша қоршау орнатып, оны бақылап тексеріңіз;
Баспалдақтар мен құрылыс мінбелерін ұқыпты пайдаланыңыз.
Оқыс оқиғалар:
Ешқашан қозғалатын объекті арасында тұрмаңыз;
Әрқашан жабдықтың немесе техниканың жанында жұмыс істегенде, жақсы көрінетін киім киіңіз.
Траншеяға құлау:
Тиісті қорғау жүйесімен қорғалмаған траншеяға немесе шұңқырға түспеңіз.
Траншеяда немесе шұңқырда еңістің болуына, тіреумен бекітілуіне, дөңес жердің немесе жылжымалы траншеялық бекіткіштер жүйесінің бар екендігіне көз жеткізіңіз
Электр тогымен зақымдалу:
Электрмен қамту жүйесінің орналасқан жерін айқындаңыз;
Кез келген жабдықпен жұмыс істегенде жоғарыда орналасқан электр беру желілеріне көңіл аударыңыз;
Электр беру желілерінен қауіпсіз қашықтықты сақтаңыз, қауіпсіз қашықтықты сақтау талаптарымен танысыңыз;
Егер олар жерге тұйықталмаса немесе қос изоляциясы болмаса, тасымалды электр приборларымен жұмыс істемеңіз;
Баспалдақта, құрылыс мінбелерінде немесе басқа да платформаларда жұмыс істегенде, электр тогымен зақымдалу қаупіне ерекше көңіл бөліңіз.
КОМАНДАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР АПАТТАРДЫҢ АЛДЫН АЛАДЫ
Кезкелген жерде командалық жұмыс жұмысшылардың қауіпсіздіктерін және еңбектің жоғарғы өнімділігін тудырады. Командалық жұмыс апаттардың алдын алады. Ол үшін біздің әрбіреуімізге өзіміздікі сияқты басқалардың да қауіпсіздігі туралы ойлауымыз қажет.
Қауіпсіздікті сақтаудың командалық мысалы ретінде жүргізуші жөнінде ойланып көріңіз. Тәжірибелі жүргізушілер тек қана өзінің қауіпсіздігі жөнінде ойламай, олар әрдайым басқа жүргізушілерге де қауіпті жағдай тудырмауды ойлайды. Олар басқа бағытпен келе жатқан машинаны байқамай, өтіп кетпекші болған жүргізушілерді өткізіп жіберу үшін өздерінің жылдамдықтарын азайтады.
Бұл арада жүргізушінің дұрыс жасағаны туралы емес, қайта бұл – апаттың алдын алудағы командалық кішкентай жұмыс болып есептелінеді. Тәжірибелі жүргізуші бір кездерде басқа бір тәжірибелі жүргізушінің осындай көмегі апатты жағдайды болдырмау үшін өзіне қажет болатынын біледі. .
Жолда қолданылған нәрселер, жұмыста да қолдануға жарайды. Бұл тек қана Сіздің қауіпсіздігіңіз бен техника қауіпсіздігін қолдануыңызға ғана қатысты емес; Сіз сонымен бірге басқалардың қауіпсіздігі туралы ойлауға тиіссіз. Бір кездерде Сіз басқа қызметкерлер түсіп қалуы мүмкін апаттың алдын алуға немесе одан сақтануға аздап көмектесуіңіз мүмкін. Еш уақытта қандай жағдайларда апаттың алдын алуға командалық жұмыс керек екенін жобалап та айтуға болмайды. Сіз өзіңізбен бірге жұмыс жасайтын басқа адамдармен бірге жұмыс істеу арқылы оқыс оқиғадан жол табуға тиіссіз.
Егер Сізде Сіздің ұжымыңыздың алдында тұрған міндеттерді қалай шешу туралы ұсыныстар немесе жұмыс орынның қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі ұсыныстар болса, онда өзіңіздің басшыңызға білдіріңіз. Егер Сіз бірдеңелер дұрыс емес істеліп жатқанын байқасаңыз, онда оны түзетіңіз және осы келесі жолы қайталанбас үшін ол жөнінде өзіңіздің басшыңыз бен команданың басқа мүшелеріне хабарлаңыз. Жақыныңыз туралы ойланыңыз. Оның қауіпсіздігі Сізге байланысты болуы мүмкін. Өз ұжымыңызды ұятқа қалдырмаңыз.
Біздің әрқайсымыз біріккен ұжымда жұмыс жасағымыз келеді. Кәнеки, сондықтан біріккен, сенімді ұжым болу үшін топтасып жұмыс істейік.
Қауіпсіздікті табысты қамтамасыз ету барлық командалық біріккен тұрақты жұмысына байланысты.
КӘСІБИ СЫРҚАТТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ БОЛДЫРМАУ
Адамдардың көпшілігі «қауіпсіз» және «салауатты» деген ұғымдарды шатастырады. Қауіпсіз жұмыс орны дене жарақаттарын алуды болдырмайды. Салауатты жұмыс орны сырқаттың туындауына жол бермейді. Осы жағдайда сырқат деп жұмыс орнына байланысты пайда болатын кез келген сырқат немесе денсаулық жағдайы түсініледі.
Респираторлық сырқаттарды, терінің бөртуін, тіпті, күнге киюді мысал ретінде келтіруге болады.
Осылайша, жұмыс орнын қалай қауіпсіз жасауға болады?
Назарыңызға: кәсіби сырқаттардың көбісі қызметкердің немесе жұмыс берушінің өздері жұмыс істейтін заттардың қауіпті екендігі туралы хабардар болмау салдарынан туындайды. Әрбір жұмыс берушінің зиянды әсерінің сипаттамасы көрсетілген химиялық материалдардың парағы болуы тиіс, бұл тізім Материал қауіпсіздігі жөніндегі деректер парағы (МҚДП) деп аталады. Егер сіз өз жұмыс орныңызда пайдаланатын химиялық препараттарды МҚДП-да бірде-бір рет қарамасаңыз, онда оны қарау ешқашан да кеш болмайды. Егер сізде МҚДП бойынша сұрақтар туындаса, өз басшыңызға жүгініңіз.
Жеке қорғау құралдарын (ЖҚҚ) дұрыс пайдалану: әдетте, кәсіби сырқатқа ұшыраудың үш жолы бар: заттардың тыныс жолдарына, ас қорыту жолына түсуі және тері арқылы сіңуі. ЖҚҚ осы әсер ету жолдарын қорғау үшін жасалған.
Тыныс жолдары арқылы түсу – қауіп дәрежесіне қарай, респираторлық маскалар мен маскаға қосылатын картридждердің немесе фильтрлердің бірнеше түрі бар. БАРЛЫҚ МАСКАЛАР ҚОЛДАНЫЛУЫНА ҚАРАЙ ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ. Сізді жұмыс жүргізу барысында тап болатын қауіпті факторлардан қорғай алатын масканы пайдаланатыныңызға көз жеткізіңіз.
Ас қорыту жолына түсу – жұмыс берушілердің көбісі қызметкерлерін осы қауіптен жұмыс орнында тамақтануға және сусындар ішуге тыйым салу арқылы қорғайды. Тамақ пен сусындар ауадағы химиялық заттарды сіңдіріп, сіздің организміңізге түсуі мүмкін. Міндетті түрде тамақ алдында қолыңызды мұқият жууыңыз.
Тері арқылы сіңу – тері сізді суда еритін химиялық препараттардан жақсы қорғай алады. Алайда, еріткіштер, майлар мен өзгелері теріңіздің қорғаныс кедергісін бұзып, сіңуі мүмкін. Сіз оны сезбеуіңіз мүмкін, бірақ оларға сәл тигеннің өзінде химиялық препараттарды қауіпті мөлшері сіңуі мүмкін. Биялай, кремдер мен теріге арналған өзге де қорғау құралдары терінің кедергісі әрекет етпегенде, сізді қорғау үшін жасалған.
Талқылауға арналған сұрақтар;
Кәсіби сырқаттардың мысалдарын келтіріңіз;
Тамақ пен сусындардан басқа, қауіп ықтималдығы барзаттар организмге тағы қандай жолмен түсуі мүмкін?
АСЫҒЫСТЫҚ
Біздің әрбіреуіміз сол жұмысты қауіпсіз әдіспен істеуге қажетті бірнеше секундті үнемдейміз деп, кейде жарақат алу қатеріне бас тігеміз. Біз осындай жағдайды бала кезімізде қақпадан өтудің орнына шарбақтан секірген кездерде жасадық. Енді қазіргі кезде көшені оның бұрышындағы қиылысқан жерінен өтудің орнына, оны кезкелген жерінен өтіп жүрміз.
Көптеген адамдар техника қауіпсіздігінің аздаған бұзу фактысы, аса үлкен жардаптарға жеткізетініне көңіл бөлмейді. Егер Сізде асығу әдеті болса, онда оны бүгіннен бастап тастаңыз. Біздің заманымызда асығыстық аса үлкен қайғыға ұшыратуы мүмкін. Біздің әрбіреуіміз ойланбай істеген әрекеттердің аса қатерлі апатқа ұшырататынының куәсі болдық.. Осындай жағдайлардың бірінде жұмысшы темір арматура білікте шайқалып тұрып, ол арқылы қуыстан өтпекші болады. Оның қолы тайып кетіп, ол 6 метр биіктіктен бетон еденге құлайды. Егер ол бірнеше минутқа ерінбей, қуысты айналып өткенде, ол мүмкін әлі де өмір сүрген болар ма еді. Біздің ешқайсымыз да өзімізді осындай қауіпке итермелемеуіміз керек.
Қауіпсіз жол әркезде де ең қысқа жол емес. Алайда, Сіз қауіпсіз жолды таңдауда жеке өзіңіз жауаптысыз. Сізді алыс жерге жұмысты орындауға жібергенде, Сізден ең қысқа, әрі қауіпті жолды емес, керісінше қауіпсіз жолды таңдайды деп күтеді.
Егер белгілі бір жерге қауіпсіз жол жоқ болса, онда оны қамтамасыз етіңіз. Баспалдақтар мен құрылыстың мінбелері жоғарыда жұмыс жасауға арналған. Соларды пайдаланыңыз. Егер жоғарыдағы жұмыс барлығы бірнеше минутқа есептелсе де, жоғарыға қолда бар материалдардан қалай болса солай құрастырылған нәрселерді пайдаланып шықпаңыз.
Баспалдақтар, баспалар немесе қия беткейлер (пандустар) Сізге бір биіктіктен екінші биіктікке көтерілуге көмектесу үшін жасалған. Егер олар әлі де жұмыс орныңызда болмаса, онда оларды жасауға уақыт табыңыз.
Сіздің ең басты жауапкершілігіңіз – ол өзіңіздің алдыңыздағы жауапкершілік. Баспалдақтар, баспалар және өтетін көпіршелер Сіздің қауіпсіздігіңізді сақтап, жарақат алмауыңызға арнап жасалғанын есіңізде ұстаңыз. Егер Сіз біреудің асығып келе жатқанын байқасаңыз, онда оған төніп тұрған қауіп туралы ескертіңіз және басшыңызға хабарлаңыз. Мүмкін Сіз өзіңіздің жеке өміріңізді сақтап қаларсыз.
ЖАҢА ЖҰМЫСШЫЛАР
Сізге жаңа жұмысшылар келген кезде, келесілерді есте сақтаңыз:
Жаңа жұмысшылар объектідегі көптеген қауіп-қатерлерді білмейді. Тіпті анық көрінетін қауіп-қатерлер байқалмауы мүмкін, сондықтан жаңа жұмысшылар олармен таныс емес.
Жаңа жұмысшылар үлкен әсер қалдырғысы келетіндей аталған тапсырманы жиі орындауға тырысады, тіпті егер олар мұның қалай орындалатынын білмесе де.
Жаңа жұмысшылар тәжірибелі қызметкерлерден үлгі алады.
Жаңа жұмысшылар Сіздің мінезіңізді және әдістеріңізді меңгеріп алады. Оларға дұрыс жол нұсқаңыздар, жұмысты дұрыс орындау жолдарын көрсетіңіздер!
Егер Сіз қызметкер бірнәрсені дұрыс жасамаса немесе қауіпсіз жасамаса, онда оларға дұрыс жол көрсетіңіздер. Көптеген адамдар ең басында тіпті орындау дұрыс болмаса да қалай үйретілді, сол жолмен жұмыстарды орындайды.
Жаңа жұмысшылар Сіздің соңыңыздан жұмыс істейтін болады. Сіз олардың сіз сияқты қауіпсіз жұмыс істейтінін білгендіктен өзіңізді қауіпсіз сезінесіз бе?
МЕРДІГЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАЛАЙ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КЕРЕК
Тапсырыс берушілер мердігерлердің қауіпсіздігі үшін толығымен жауап береді.
Сіз мердігер жұмысшыларыңызды білуіңіз керек.
Мердігерлер әр түрлі жұмыс учаскелерінде жұмыс атқарады, сондықтан да олардың кім екенін білу маңызды. Мында кейбір мысалдар келтірілген:
Автобус жүргізушілері;
Шарт бойынша техникалық қызмет көрсететін жұмыскерлер;
Бұрғышылар;
Егер Сіз мердігерлеріңізбен таныс болсаңыз, Сіз оларға техникалық қызмет көрсетудің лайықты деңгейін сақтауға жәрдемдесе аласыз;
Мердігерлермен өзара іс-әрекет жасау үшін байланысатын тұлғаны тағайындаңыз.
Мердігерлер орындайтын жұмысқа бейімделген нұсқамалыққа дайын болу керек.
Мердігерлердің жұмыстар басталғанға дейін мемлекеттік корпоративтік және жергілікті бақылау органдарының барлық қағидалары мен рәсімдерін білетініне көз жеткізіңіз;
Мердігерлердің қауіпсіздік бойынша апта сайынғы кеңестерге қосылғанына көз жеткізіңіз.
СІЗ ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ БІЛЕСІЗ БЕ?
Ағаш шебері есікті қалай орнатуды, жұмысшы-металист болатты қалай шыңдауды, ал әрлеуші-жұмысшы сыртқы бетті қалақпен қалай тегістеуді, басқа мамандықтағы жұмысшылар өздерінің шеберліктерін қалай қолдануды біледі, бірақ осылардың қайсысы қауіпсіздік туралы «БІЛЕДІ»?
Сізге қауіпсіздікті үйренуге көмектесу үшін бірнеше ережелерді келтіреміз:
ӨЗ ЖҰМЫСЫҢЫЗДЫ БІЛІҢІЗ. Сіздің жұмысыңыз қандай, Сізге жұмыс үшін қандай құрал-саймандар керек, және қауіп-қатерге ұрынбай жұмысты қалай орындау керек екенін анық білу керек.
ӨЗ ҚҰРАЛ-САЙМАНДАРЫҢЫЗДЫ БІЛІҢІЗ. Құрал-саймандармен жаңылыспай қалай жұмыс жасауды және олардың жарамдылығын немесе бұрын жұмысқа қолданылғанын білу.
ӨЗ ЖҰМЫСЫҢЫЗДА ҚАУІПСІЗДІК ҚАҒИДАЛАРЫН БІЛІҢІЗ. Жұмыстағы қауіпсіздік қағидалары Сізді жарақаттардан сақтау үшін жасалған.
ӨЗ ЖАУАПКЕРШІЛІГІҢІЗДІ БІЛІҢІЗ. Өзіңіздің жанұяыңыз, жұмыс берушінің, әріптестеріңіз алдарындағы және өзіңіздің алдыңыздағы өз жауапкершілігіңізді біліңіз.
СІЗГЕ НЕ ҚАУІП ТӨНДІРІП ТҰРҒАНЫН БІЛІҢІЗ. Сізге және Сіздің әріптестеріңізге төніп тұрған ықтимал қауіптерді біліңіз.
СІЗДІ НЕ ҚОРҒАП ТҰРҒАНЫН БІЛІҢІЗ. Барлық қорғаныс құралдарын біліңіз және оларды пайдаланыңыз.
СІЗДІ ҚАЛАЙ ЖАЗАЛАЙДЫ. Ұқыпсыздығыңыз үшін жазалау, Сіздің жұмыстан шығуыңызға әкеліп соғып, Сіз бен Сіздің әріптестеріңізге қайғы-қасірет әкелуі мүмкін.
СІЗДІ ҚАЛАЙ МАРАПАТТАЙТЫНЫН БІЛІҢІЗ. Қауіпсіз жұмыс жасаудың басымдылығын біліңіз.
ҚАЛАЙ ТҮЗЕТУ КЕРЕК ЕКЕНІН БІЛІҢІЗ. Апатты жағдайлар кезінде дұрыс әрекет етуге дайын болыңыз. Апаттардың алдын алу үшін олардың пайда болу көздерін жойыңыз. Бірдеңе істемес бұрын, ойланыңыз.
ӨЗІҢІЗДІ БІЛІҢІЗ. Өзіңіздің мүмкіндіктеріңіз бен кемшіліктеріңізді біліңіз. Жұмыс орнындағы қауіпсіздік Сізге байланысты.
ЕГЕР БІЗ ОСЫ ЕРЕЖЕЛЕРДІ БІЛСЕК, ОНДА ЖҰМЫСТАҒЫ ОҚЫС ОҚИҒАЛАР САНЫН АЗАЙТА АЛАМЫЗ.
АППАТТЫҢ ЗАЛАЛЫ
Әрбір жазатайым оқиғамен залалдар байланысты, сондықтан да жұмыс өндірісі процесінде және одан тыс кезде қауіпсіздік мәселелеріне көңіл бөлу маңызды. Байланысты залалдар тікелей және жанама болып табылады; алайда, бұл жерде жарақат алған жұмыскер ең көп зардап шегеді. Жазатайым оқиғамен байланысты залалдардың барлығы ақшамен ғана өлшенбейді.
Жұмыскердің тікелей залалдары
Жоғалған жалақы мен үстеме жұмыс;
Дәрігерлердің консультациясы мен емдеу үшін шоттар.
Жұмыскердің жанама залалдары
Тән азаптары;
Моральдық зардап;
Отбасымен және достарымен өткізетін уақытты жоғалту;
Жұмыста және жұмыстан тыс өнімділікті жоғалту;
Шарттық қатынастардағы шиеленіс.
Жұмыс берушінің тікелей залалдары
Жұмыскердің медициналық карталары мен шығындарды өтеу туралы талаптары;
Заң шығыстары;
Сақтандыру шығыстары;
Мүліктік зиянды өтеу;
Екінші дәрежелі жұмысқа аударылған жұмыскерге төленетін жалақы.
Жұмыс берушінің жанама залалдары
Құнды жұмыскерді жоғалту;
Өнімділікті жоғалту;
Босатылған жұмыскерді ауыстыру (мысалы, жалдау мен оқу шығындары);
Жабдыққа немесе құралдарға келтірілген залал;
Зиянды өтеу туралы талап-арыздарды реттеуге кететін уақыт;
Жұмыскерді жоғалтуға байланысты еңбек тәртібінің төмендеуі.
ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау жұмыс орындарында қағиданы жай «сақтауға» қарағанда үлкен мағынаны білдіреді. Бұл тек жұмыс уақыты кезінде ғана емес, сондай-ақ одан тысқары жерде де қауіпсіздік Қатынасының, Тәртібінің, Тексерудің үйлесімі.
Қатынасы – сіздің жағдайға деген көзқарасыңызды білдіреді. Тәртіп – бұл аталған жағдайда сіздің әрекетіңіз бен реакцияңыз. Тексеру – бұл жұмыс қауіпсіз жүргізілетін қоршаған ортаны басқару.
Қатынас, Тәртіп, Тексеру сізге өнімді және қауіпсіз болу мүмкіндігін береді.
Қатынас. Сіз қауіпсіздік туралы айтқан кезде, қатынас – бұл сол туралы емес, бірақ соған өте жақын. Қауіпсіз қатынас шұғыл жұмыстарға назар аударуды және дайындық жағдайын, қауіпсіздік қағидасына және практикасына салмақты қарауды, ойыннан жалтаруды және оған жол бермеуді білдіреді.
Тәртіп. Сіздің жағдайларға сындарлы көзқараспен қарағаныңыз және жұмыстарды оғаш оқиғаларсыз орындауда маңызды. Қағиданы сақтау, жұмыстарды орындауда қарқынды әдістерден бас тарту, қорғаныш құралдарын пайдалану, жұмысқа қатысты мәселелерді айту – мұның барлығы қауіпсіз тәртіпке жатады.
Тексеру. Сіздің міндетіңізге қауіптілікті анықтау мен жою арқылы қауіпсіз қоршаған ортаны құру кіреді. Күн сайынғы жұмыстарды мұқият жоспарлаңыз және осы жоспар бойынша әрбір міндетті орындау уақытын жоспарлаңыз. Жұмыс орнын тазалықта және тәртіптілікте ұстаңыз. Өз басшыңызды сіз анықтаған, бірақ қауіп-қатерді жою үшін әрекет ету сіздің міндетіңізге жатпайтындықтан, жарамсыз техника, желдету немесе кез келген болуы мүмкін қауіп-қатер туралы хабардар етіңіз. Осы қауіп-қатер туралы қалғандарын әрқашан хабардар етіп отырыңыз, олар өздерін, материалдарды, техниканы және үшінші тұлғаларды қорғау үшін сақтандыру шараларын қабылдаулары тиіс.
ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИға БОЛа жаздаған ЖАҒДАЙларда НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Өмірде жазатайым оқиғалар бола жаздаған жағдайлар өте көп (ешқандай зақым, жарақат болмаған жағдайлар). Ондай оқиғалар, оларды жазатайым оқиға бола жаздаған жағдай деп атайық, орын алған уақытта, біз дереу алаңдауымыз керек. Себебі, қаншалықты жарақатқа әкелмеген оқиға болғанда, ол біздің қауіпсіз қағидаларын орындамайтынымыздың нақты белгісі.
Кей-кезде біз қателесеміз немесе оқиға симптомдары бойынша диагнозды дұрыс анықтамаймыз, әйтпесе сәттілік бізді жазатайым оқиғадан сақтар еді. Дегенмен, мұндай жағдайларда сәттілікке көп сүйене беруге болмайды немесе болған оқыс оқиғаны кездейсоқ оқиға деп мән бермей кете беруге болмайды.
Болашақта жазатайым оқиғаның алдын алудың ең жақсы жолы ол түпкілікті талдау жасау керек және дұрыс қорытынды шығара білу керек. Жазатайым оқиғаға алып келуі мүмкін оқиғалардың тізімін шексіз жалғастыруға болады: мысалы, жабдықтау сақтау қағидасын елемеу, жабдықты дұрыс пайдаланбау немесе дұрыс жерлендірмеу, таяныш немесе сүйеніштің болмауы, жұмыс орын дұрыс күйде ұстамау, бөгет жасау, ыбырсыту, ұшы өткір заттарға ұрыну, тепе-теңдікті сақтай алмау немесе құлау. Ең дұрысы осы оқиғалардан сабақ алу, оны болдырмау жағдайларын қарастыру.
Қалай сен көмек көрсете аласың? Тез тексеруді жүргізу үшін және болашақта мұндай оқиғаның қайталануын болдырмау үшін жазатайым оқиғаға алып келуі мүмкін әрбір оқиға туралы дереу басшылыққа хабарлау керек. Басшы ішінара сізге және сіздің әріптестеріңізге сенім артуы мүмкін.
Егер сіз жазатайым оқиғаға алып келуі мүмкін жазатайым оқиғаның қатысушысы немесе куәгері болсаңыз, екінші рет мұндай жағдайда сәттілік сізді айналып өтпеуі мүмкін екендігін есте сақтаңыз.
Басқалардың өз жұмыс орнын таза әрі жинақы ұстауын талап ету – жазатайым оқиғадан сақтану бойынша сіздің басқаларға көрсеткен көмек миссияңыз болып табылады.
Жазатайым оқиғаға алып келуі мүмкін оқыс оқиға туралы басшыңызға дереу хабарлаңыз!
АСЫҒУ ЖАРАҚАТҚА ҰШЫРАТУЫ МҮМКІН
Осындай мінез-құлықтар туралы жиі қолданылатын бірнеше мақал-мәтерлдер бар, мысалы: “Асықпаған арбамен қоян алады” деген мақал бар. Осылармен қатар жұмыс орнындағы қауіпсіздікке байланысты “Асыққан – шайтанның ісі”деген де мақал бар.
Осындай оқыс оқиғаларды тез анықтауға болады, бірақ олардың біз асыққанда жеткілікті көңіл аудармайтын түрлері де болады. Мысалы:
Жұмысқа қажетті ұзындықтағы баспаны пайдаланбай, жақын тұрған жарамсыздау қысқа баспаны пайдаланамыз.
Жұмыс бірнеше секундқа созылатын болғандықтан біз қорғану көзілдірігін кимейміз.
Жөндеуге жататын машина жабдығын дұрыстап кілттеуге және белгі соғуға тиісті уақыт бөлмейміз.
Ауыр нәрселерді алып жүретін жүретін жолды алдын ала белгілеп алмай тасымалдаймыз.
Еденде су немесе май қалдықтарын қалдырамыз ол жерге мүмкін біреу құлап түсіп, өзінің шалбарымен сүртіп тазаласын деп.
Сіз ауыр жарақат алуға сәл қалған оқыс оқиғаны еске түсіріңіз. Сіз осы қателіктің барлық жағдайларын еске түсіргенде, онда Сіз осының барлығына бір жағынан асығыстық себеп болғаны түсінесіз. Алайда, мәселенің тез шешілу жолы қатты сынға ұшыраған аздаған асығыстықтан пайдалырақ болуы мүмкін. Егер Сіз белгілі бір жұмысты орындаудың жақсы әдісін білсеңіз, әрине өзіңіздің басшыңызға хабарлаңыз.Бірақ та оның мақұлдауынсыз жаңа әдісті немесе өзгерісті енгізуге әрекеттенбеңіз. Жұмысты тездетудің қауіпсіз құралдарының бірі ол әдіс. Біз қалай өз жұмысымызды жақсырақ біле бастаймыз, солай өнімділік пен жылдамдық арта түседі.Бірақ бұлар жұмысты және оның орындалу әдістерін жоспарлағанда есепке алынады, әрине онда біз барлығымызға тәжірибе нәтижесіндегі жылдамдық аздау болып көрініп, біз сақтықты ұмыта бастап, жұмыста қауіптілік күшейе түседі.
Оқиғалардың шығынға әкеп соқтыратыны анық. Сондықтан, Сіз қазір өмір сүру деңгейін ұстап тұру қиын деп санасаңыз, онда көз алдыңызға Сіз өндірістік жарақаттың салдарынан барлық шығындарды чек кітапшаңыз толық емес болғанда, қандай күйде болатыныңызды елестетіп көріңіз. Сонымен, асығыстық дене жағынан да, қаржы жағынан да жарқатқа ұшыратуы мүмкін.
ҚАУІПТІ ФАКТОРЛАРДЫ АНЫҚТАУ
Қауіпті факторлар – бұл денсаулыққа (жарақаталу, ауыру), қоршаған ортаға және меншікке зиян келтіретін ықтимал қауіпті білдіретін шарттар. Егер назар салсаңыз, онда сіз қауіпті факторлар барлық жерде – жұмыста да және үйде де бар екенін байқайсыз.
Қауіпті факторларды анықтау
Адам үшін қауіптілікті білдіруі мүмкін шарттарды анықтау процесі. Шын мәнінде, бұл дегеніміз біздің айналамыздағы мүмкін тәуекелдерді тұрақты түрде іздеу, себебі адам көбіне қауіпті көруден қалады, егер қандай да бір шарттың біреуі ұзақ уақыт бойы байқалатын болса.
Мінекей, қауіпті факторлар мысалдарының бірнешеуі:
тротуарлардағы, платформалардағы, мінбелердегі мұз;
бекіткіш қамыт, саты басқыштарындағы сомын кілті немесе бұранда;
өтпежолға көлденең тартылған шлангтар.
Сіз не істей аласыз?
Өз жұмыс орныңыздағы қауіпті факторларды анықтау;
қауіпті факторлар байқалған жағдайда, оларды жою бойынша шаралар қабылдау;
Егер сіз өз күшіңізбен қауіпті жағдайды жоя алмсаңыз, онда тиісті шаралар қабылдау үшін өз басшыңызға хабарлаңыз;
Жұмысты қауіпсіз жүргізу әдістерін қолданыңыз, сізбен немесе сіздің басшыңызбен анықталған қауіпті факторлардың зиянды әсерін азайту үшін тиісті жеке қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз.
Басшының міндеттері:
Басшы өз персоналының жұмыс орындарында бар және жұмыстарды орындау барысында пайда болатын қауіпті факторларды анықтауы керек;
Басшы өзі анықтаған немесе оның персоналы анықтаған қауіпті факторларды жою бойынша қадамдар жасауы керек.
ЖҰМЫСТАҒЫ НЕГІЗГІ ҚАУІПСІЗДІК ҚАҒИДАЛАРЫ
Жүктерді қолымен көтеру: Әрқашанда ауыр нәрселерді көтерген кезде осыған арналған әдістерді қолданыңыз. Ауыр жүктерді көтергенде, көмек сұраңыз.
Құлау және құлайтын нәрселер: Қадам жасамастан бұрын аяғыңыздың астына қараңыз. Жүретін аумақты тазалықта ұстаңыз. Жүктің астында тұрмаңыз. Сенімсіз баспаны пайдаланбаңыз. Сүйеніш жақтауларды тиісті дәрежеде орнатыңыз.
Жолдағы шегелер: Барлық шегелерді жинастырыңыз. Қадам баспас бұрын аяғыңыздың астына қараңыз.
Тесіктер: Едендегі тесіктерді тиісті дәрежеде бітеңіз. Сүйеніш жақтаулар мен қоршауларды оларға арналған орындарға орнатыңыз.
Қорғану құралдары: Қорғану дулығасын киіп жүріңіз. Көзіңізді көзілдірікпен қорғаңыз. Барлық кезде де шақ қорғану құралдарын киіп өлшеңіз.
Тазалықты сақтаңыз: Таза жұмыс орны ол қауіпсіз жұмыс орны. Қалдықтарды белгіленеген тәртіп бойынша лақтырып, тастап отырыңыз.
Қауіпсіз аспаптарды пайдаланыңыз: Механикаландырылған аспаптармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздіктерді есіңізде ұстаңыз. Қорғану құралдарын орындарында сақтаңыз. Жеке қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз. Өзіңіздің әріптестеріңізді қорғаңыз. Жабдықтардың жұмысын реттеу үшін оларды токтан айырыңыз.
Қауіпсіз емес жабдықтар мен аспаптар: Аспаптар мен жабдықтарды үнемі тексеріңіз. Олардың жұмысындағы ақауларды Өзіңіздің басшыңызға хабарлаңыз. Әрқашанда дұрыс таңдап алынған аспаптарды қолданыңыз. Қолданып болғаннан кейін аспаптарды сенімді орынға қойыңыз.
Командада жұмыс жасау: Барлық жұмысты қауіпсіздікті ұмытпай, жоспарлаңыз. Әр кезде де болып жатырғандар жөнінде хабардар болып, жұмыс орнындағы барлық жұмысшыларды қорғаңыз.
ЕСІҢІЗГЕ САЛАМЫЗ - ҚАУІПСІЗДІКТІ ҮЙРЕНУГЕ БОЛАДЫ
ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӘДЕТТЕГІ ҚАТЕЛЕР
Кейбір аса қауіпті жағдайлар алдын алуға болатын әдеттегі қателерден туындайды.
Мында қауіпсіздік деңгейінің көрсеткіштерін көтеру үшін жойылуы тиіс еңбек қауіпсіздігмен байланысты неғұрлым таралған (және әдетте ұмытылып кететін) проблемалары көрсетілген.
Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты әдеттегі қателер:
Тәртіптің болмауы: Бұл, айналып келгенде, қоқырсыған/лас жұмыс аймағының қауіпті жұмыс кеңістігіне айналуы. Жерде жатқан қабат-қабат тақтайшалар, мұнайдың төгілуі мен бөгеттелген өтпелер жыл сайын мыңдаған жарақаттарға әкеп соғады;
Жөндеуді талап ететін жабдықта бұғаттаудың/маркалаудың болмауы: жыл сайын мыңдаған жарақаттар жөндеуді талап ететін жабдықта және тетіктерде бұғаттаудың/маркалаудың бұзылуынан болады. Көп жағдайда адамдар жабдықтың дұрыс жұмыс істемейтінін біледі. Оның дұрыс жұмыс істемейтіні белгілі болғанда, оны дереу өшіру өте маңызды. Бұл осындай жабдықтың жарақаттың себебі болмайтынына немесе жұмыс кеңістігін қауіпті етпейтініне кепілдік береді;
Жеке қорғау құралдарын (ЖҚҚ) лайықты түрде пайдаланбау: каскаларды артын алдына қаратып кию немесе есту органдарын қорғау құралдарын лайықты түрде пайдаланбау әдеттегі, сондай-ақ дұрыс емес практика болып табылады. Цехті тексеру кезінде сақтандырғыш қалқандардың дұрыс көрінбейтін жағдайға дейін сызылғаны анықталуы мүмкін. Осының барлығы Жеке қорғау құралдарын лайықты түрде пайдаланбау үлгілері болып табылады. ЖҚҚ – бұл қызметкерді қорғаудың соңғы тәсілі. Осылайша, ЖҚҚ тиісті түрде пайдаланбау, ақаулы ЖҚҚ жөндеуге қабілетсіздік жарақат алу ықтималдығын арттыра түседі;
Режимнің немесе жоспардың болмауы: Жұмыс орнындағы жарақаттардың көбісі орындалатын жұмыс күнделікті процестің бөлігі болмағанда алынады. Кәдуілгі процестің шеңберінен шығатын жұмыс жоспарының болуы өте маңызды. Оның қалай жасалатыны маңызды емес, «Егер ... болса?» деген сұрақтар қауіптерді айқындап, жарақаттарды болдырмау үшін бақылауды жүзеге асыруға көмектеседі;
Ақпаратпен алмаспау: қауіпті жағдайларды болдырмаудың ең қарапайым тәсілдерінің бірі – қандай қауіптердің немесе қауіпті жағдайлардың байқалғанын талқылау. Қауіптер мен процестің бұзылуы туралы ақпаратпен алмасу өзімізді және әріптестерімізді жұмыс орнындағы ықтималды қауіптерден қорғаудың елеулі элементі болып табылады.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Жұмыс орныңызда қауіпсіздікке төнген қандай да бір қауіпке тап болдыңыз ба?
Сіз процесті немесе жоспарды сақтамай, қауіпсіздікке қауіп төндірген жағдайды мысал ретінде келтіре аласыз ба?
Қауіпсіздікке төнетін қауіптің азаюын жетілдіретін ұсыныс енгізіңіз.
ЖҰМЫС ОРНЫНДА ТӘРТІПТІ САҚТАУ
Тәртіпті сақтау дағдысын жас кезден меңгеруге болады. Осы дағды үйімізді, автокөлік пен жұмыс орнымызды қалай ұстай алатынымыз туралы біз қалайтын визуалдық түсінік береді. Тәртіп сақтау артықшылықтары визуалдық қабылдаудан ғана тұрмайды. Оператордың қауіпсіздігі, процес тиімділігі, өнім және сервистік қызмет көрсету сапасы, сондай-ақ шығыстарды басқару тәртіпті тиімді сақтау мен процесті ұйымдастырудың елеулі артықшылығы болып табылады. Күнделікті жұмысты орындаған кезде бәріне де орын бар және әрқайсысы өз орнында деген қағиданы есте сақтаңыз.
Төменде жұмыс орныңызды таза ұстауға, оны құрылымды, қауіпсіз және тиімді ету процесі және оған көмектесетін кейбір маңызды аспектілер аталған:
Ескі, пайдаланудан шыққан немесе сынған құралдарды ешқашан жұмыс орнында ұстамаңыз. Жұмыс орнында жұмысты орындау үшін қажетті құралдарды ғана болуы тиіс;
Жұмыс орныңызда тазартатын заттардың жеткілікті болуын қадағалаңыз. Осы құралдар кез келген уақытта жиыстырғанда, қол астында болуы тиіс;
Сағат сайын және күн сайын пайдаланылатын құралдарды, аспаптар мен материалдарды жақын ұстаңыз. Ал айына, тоқсанына немесе жылына бір рет пайдаланылатын және, тиісінше, әрқашан қол астында болмайтындарды жұмыс орнын қоқытпау үшін алыс қойған жөн;
Жұмыс барысында шыққан қоқысқа арналған контейнерлер мен орындардың жеткілікті болуын қадағалаңыз;
Соңында, күн сайын жинау, қорларды толтыру және жұмыс орнын тексеру кестесін жасаңыз. Әрбір жұмыс орнында жұмыс істейтін жұмыскердің осы қағидаларды түсініп, сақтайтынына көз жеткізіңіз. Табысқа қол жеткізу үшін басшылықпен тексеру процесін жүргізіңіз.
Талқылауға арналған сұрақтар
Көлбеу сөрелері мен есігі жоқ қоймаларды пайдалану қандай артықшылық береді?
Тәртіпті сақтау және ұйымдастыру бағдарламаларын әзірлеу кезінде функционалдық міндеттер мен жауапкершілік аясының маңыздылығы неде?
ПАРАСАТТЫ МАҒЫНА ЖӘНЕ ОҚЫС ОҚИҒАНЫҢ АЛДЫН АЛУ
Дұрыс ойлаушылық туғаннан пайда болмайды, біз өмірлік тәжірибеден аламыз. Жалпы пікір бойынша барлық жұмысшылар өзін өзі жарақат алудан қорғай алады. Өз тәжірибесінен гөрі басқалардың қалай жарақат алғанын білу арқылы өзін өзі жарақат алудан қорғай алады. Бұл дегеніміз дұрыс ойлаушылық!
Заң бойынша жұмыс берушілер қауіпсіз жұмыс орнын қамтамасыз етуі керек. Сіз өзіңіздің жұмыс орныңыз туралы хабардар болуыңыз керек және еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі қағидаларын білуіңіз керек. Қауіпті учаскелерден, қауіпсіз емес әрекеттерден алысырақ жүргеніңіз дұрыс және ақылға сүйенген дұрыс, ол сіздің жұмысыңызды жақсартады және оқыс оқиғаның болу мүмкіндігін азайтады.
Қауіпті оқиғалардың басым көпшілігі сақтанбай әрекет етуден болады, төмендегілерді қоса алғанда:
Асығу – кейде адам жұмысты қауіпсіздік шараларын ескермей, тезірек бітіргісі келеді. Қауіпсіз әрі жақсы жұмыс істеу үшін уақытты дұрыс пайдаланыңыз.
Тәуекел – Қауіпсіздік және еңбек қорғау нұсқаулықтарын елемеу бүкіл ұжымды қауіп-қатерге киліктіруі мүмкін. Компанияның Қауіпсіздік және еңбек қорғау жөніндегі қағидаларының сіздің ұжымда сақталуына назар аударыңыз. Асығыс жұмыс істеу бұл жерде орынсыз және әкімшілік шараларға алып келуі мүмкін.
Өз ойыңызбен болу – жұмыста ойға түсіп кету, уайым басушылық, демалыс туралы ойлар, жұмысқа дұрыс көңіл бөлмеу ауыр салдарларға, тіпті адам өліміне алып келуі мүмкін. Бар назарыңызды, көңіліңізді жұмысқа аударыңыз.
Теріс қатынас – ашушаңдық немесе жұмысқа нашар қарым-қатынас ауыр салдарларға алып келуі мүмкін, себебі ашушаң адам қағидадан тыс әрекет етеді. Жұмыс кезінде өзін-өзі бақыламау өте қауіпті. Өз сезіміңізге ерік бермеңіз, әйтпесе басқа адамдар зардап шегуі мүмкін. Салқын қанды, сабырлы болыңыз.
ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ
Қауіпсіздік мәдениеті құндылық, пікір, ұғыным және қызметкерлер арасында таратылған қалыпты мінез-құлық ретінде қабылдануы мүмкін.
Әрбір ұйымның, әдейі немесе әдейі емес, бірақ өзінің қауіпсіздік мәдениеті болады. Қауіпсіздік мәдениеті біздің ойымыздан шыға ма және оны өзгерту үшін біз не істей аламыз, міне, мәселе осында.
ОҢ ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІ: оң қауіпсіздік мәдениетінде:
Ұйымдардың барлық деңгейіндегі қарым-қатынас қол жетімді болады және қауіпсіздікті қамтамасыз ету процестерін жақсарту үшін кері байланыс өте маңызды;
Барлық деңгейдегі жекелеген тұлғалар жарақаттар мен сырқатты болдырмау үшін қандай шара қолданатынына көп көңіл бөледі;
Бизнестің барлық басқа проблемалық мәселелеріне қарамастан, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ұмтылыс байқалады;
Адамдар және олардың салауаттылығы құнды болып табылады. Пайданы емес, адамдарды қорғауға көңіл бөлінеді;
Барлық персонал, әсіресе басшылар қауіпсіздікті қамтамасыз ету процестері мен рәсімдерін сақтай отырып, қауіпсіздікке ұмтылысын көрсетеді, сондай-ақ өз қызметкерлеріне оларды сақтауға нұсқама береді.
ТЕРІС ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІ: теріс қауіпсіздік мәдениетінде:
Барлық деңгейдегі қарым-қатынас қол жетімді емес; қызметкерлер жоғары тұрған басшылықпен ашық қатынаспайды;
Қауіпсіздік қағидалары қызметкерлерді тәртіпке салу үшін ғана қолданылады;
Басшылық қауіпсіздік қағидаларын сақтамауы мүмкін (мысалы, талапқа сай есту органдарын қорғау құралдарын немесе басқа да жеке қорғау құралдарын пайдаланбау);
Өндірістік қажеттіліктер қауіпсіздікке көп көңіл бөлмеуді талап етеді
Көп жағдайда басшылық қызметкерлердің салауаттылығы туралы емес, қауіпсіздіктің жақсы көрсеткіштеріне басым көңіл бөледі.
Талқылауға арналған сұрақтар
Біздегі қауіпсіздік мәдениеті қандай?
Қауіпсіздік мәдениетімізді арттыру үшін басшылық қандай шара қолдана алады?
Қауіпсіздік мәдениетімізді арттыру үшін Сіз не жасай аласыз?
Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудағы қарым-қатынастың маңыздылығы қандай?
Сіз жұмыстың неғұрлым қауіпсіз болу мәселесін талқылау үшін әріптесіңізге жүгіне аласыз ба? Неге жүгіне аласыз немесе неліктен жүгіне алмайсыз?
Сіз қауіпсіздік мәдениетімізде нені өзгерте алар едіңіз?
АККУМУЛЯТОР БАТАРЕЯСЫН ЗАРЯДТАҒАН КЕЗДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК
Аккумулятор батареясын зарядтауда барлық уақытта да күйікпен және арқаның жарақаттануы сияқты кәдімгі қауіптер кездеседі. Алайда, бұндай қатермен күресте қолдануға болатын көптеген сақтандыру шаралары бар.Аккумуляторбатареясын зарядтау барлық уақытта ол үшін арнаулы бөлінген орында жүргізілуі тиіс және оған орынды себептер бар. Жұмыстың осы түрінен туындайтын қауіптер басқа қызметпен айналысатындарға қатысты болмауы тиіс. Аккумулятор батареясын зарядтайтын орында аяқ таймауы мен электр шогын азайту және соққыны жұмсарту үшін ағаш тақтай немесе резеңке төсенішті пайдалану керек.
Буларды сейілдіру үшін жеткілікті желдеткіштің, байқаусызда еденге төгілген электролиттерді шайып жіберу үшін судың болуы – қауіпсіздіктің басты факторы.Су сонымен бірге өрттен сақтану үшін де маңызды. Өрт кезінде сыртқа шығатын есіктер зарядтау жүретін орынмен тез тұтанатын сұйықтар сақталған жердің ортасында болуы тиіс.
Аккумуляторды ауыстыруды немесе зарядтауды жұмысқа жақсы дайындалған қызметкер жүргізуі керек, сондықтан Сіз жүргізуге құқығыңыз жоқ жұмысқа араласпаңыз. Темекі тартуға тыйым салу жөніндегі ережелерді сақтау керек.
Омырытқаның жарақаты үнемі жиі кездесетін мәселе, сондықтан аккумулятормен жұмыс жасау бел омырытқаның созылуын және жарылуын болдырмау үшін роликті конвейер немесе шынжырлы таль көмегімен жүргізілуі тиіс. Аккумуляторларды тасымалдауға қол арбасын пайдаланыңыз. Егер аккумуляторды қолмен тасу қажет болса, онда жүкті көтерудің қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет: жүкті көтеру үшін Сіз арқаңыздың бұлшық еттерін емес, аяғыңыздыңбұлшық еттерін пайдаланыңыз.Жүкке жақындап отырыңыз да, оны Сіз денеңізге жақындатып көтеріп алып, аяғыңызды бірте-бірте жазасыз. Жүкті көтеруге қатысты ауыр жұмысты жалғыз өзіңіз істемеңіз. Жүкті көтеру кезінде көмекті жеткілікті түрде пайдалану керек.
Металл аспаптарды ешуақытта аккумулятордың үстіне қоймаңыз, және оларды аккумулятордың үстіне құлап кетіп, қысқаша тұйықталу жасайтындай етіп ешуақытта тастамаңыз. Ондай жағдайлар жарылыс пен қатерлі күйікке әкеліп соқтыруы мүмкін.
Сіз Егер өндірістік жүк көлігінің аккумуляторын зарядтап немесе ауыстыратын болсаңыз, онда жүк көлігінің дұрыс орналасуына және тежегіште тұруына көз жеткізіңіз. Толықтай отырып қалған аккумулятор батареясын зарядтағанда алдымен оң терминалды қызыл клемманы зарядталған батареямен қосыңыз. Сосын басқа оң терминалды қызыл клемманытолықтай отырып қалған батареямен жалғайсыз. Содан кейін зарядталған аккумулятордың теріс терминальды қара клеммасын қосыңыз және басқа қара клеммасын аккумулятордан қашықтау жерден каркаспен немесе жүк көлігінің негізімен жалғаңыз.
Ескерту: аккумулятор батареяларының сұйықтығының деңгейін үнемі тексеріп тұрыңыз.
ҚАУІПТІ ЗАТТАР
Жұмысты бастар алдында қандай қауіпті химикаттар және материалдармен жұмыс жасайтыныңызды білу қажет. Сіз осы материалдармен жұмыс жасау үшін болуы ықтимал қатерлі тәуекелдер жөнінде хабардар боуыңыз керек. Біз қауіпті субстанцияларды жоя алмаймыз, бірақ ол материалдармен жұмыс жасаған кездегі болатын қауіптерді азайта аламыз.
Идентифицияланған кезкелген қауіпті заттардың, олар қандай заттар, Сіз оны пайдаланғанда қандай қауіптер болуы мүмкін, және осы заттың зиянды әсерінен қалай дұрыс қорғануға болатындығы көрсетілген өнімнің техникалық деректерінің анықтама бетшесі болуы тиіс. Өнімнің техникалық деректерінің анықтама бетшесінде осы затпен жұмыс жасауға қажетті жеке қорғану құралдары атап көрсетілуі керек.
Жобаның әрбір басшысында деректердің анықтама бетшесінің жинақталымы болады. Ал, Сіз оның қайда екенін білесіз бе? Сіз соны қашан болса ашып, оның ішінен өзіңіз күнделікті жұмыста қолданып жүрген заттардың деректеме бетшесін көрдіңіз бе? Егер олай болмаса, онда оны бүгін істеңіз. Оларды мұқият оқып, Сіз барлық қажетті қорғану құралдарын пайдаланып жүргеніңізге көз жеткізіңіз. Мүмкін, Сіз қауіпті заттарды қолданып жүргеніңізді білмеуіңіз де. Төменде қауіпті деп есептелініп, жұмыс орындарында жиі кездесетін жалпыға белгілі заттар атап көрсетілген:
Дәнекерлеу және кесу газдары;
Көптеген заттар қауіпті болып көрінбеуі мүмкін, бірақ оларды дұрыс емес қолданудан қауіпті болуы мүмкін. Сіз өзіңіз қолданып жүрген заттар жөнінде ойланып, оларды қалай қолданатынын және қорғану үшін қандай құралдар керек екенін білу үшін олардың деректеме бетшелерін тексеріңіз.
Егер Сіз немен жұмыс істейтініңізді анық білмесеңіз, СҰРАП АЛЫҢЫЗ. Қауіпсіз боласыз.
Жұмыс істеп жүрген заттар жөнінде "Білуге тиістілігіміз" – Сіздің құқығыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ - БЕНЗИН
Бензиннің өзі емес, оның булары тұтанатынын Сіз білетін шығарсыз.
Ауадан ауырлау осы булар төменгі қабатта болады.
Бензинді отқа қауіпті сұйықтарға арналған тиісті дәрежеде ішінде сақталатын сұйықтармен сәйкестендірілген канистарада сақтау керек. Кезкелген тез тұтанатын басқа сұйықтар, олардың бір-бірінен айырмашылықтарын ажырату үшін таңбалануы тиіс.
Бензиннің кенеттен тұтануының көптеген себептері бар. Олардың кейбіреуіне ашық оттар, заттардың ыстық беттері, металлдан ұшқан ұшқындар, электржабдықтарымен жұмыстар немесе статикалық электр зарядсыздануы жатады. Темекі тарту мен шырпы, әрине өрт шығудың ең көп тараған негізгі себептері.
От сияқты қауіпті болмаса да, бензиннің булары олармен тыныс алғанда улануға әкеліп соқтырады. Бұл булар көп мөлшерде болса, онда сілекейлі қабықты қабындырып, бас айналуы мен бас ауыруының себепкері болады.
Бензин және көмірсутекті газбен өндірісте, жұмыс орнында байланыста болған жағдайда, тыныс алу органдарын қорғау құралдарын қолданып, қажетті қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.
Бензинді тазарту мақсатында пайдалануға болмайды. Бұл, әсіресе қолды, жабдықтарды, киімдерді және осған ұқсас материяларды жууға қатысты. Осындай мақсаттарға бензиннің орнына жанбайтын және улы емес ертінділерді пайдалану керек.
Бензинді құйғанда жабдықтар, двигательдер тоқтатылып, от шығаратын көздер сөндірілуі тиіс.
Құю жұмыстары кезінде бензиннің далаға шашырамауын және төгілмеуін қарастырыңыз. Шлангының ұшы мен канистрдың ауызын үлкен ыдыстың ернеуіне тақап ұстаңыз. Егер Сіз екі тамшыдан артық тамызып алсаңыз, оны тездетіп сүртіңіз. Ауызы өте кішкентай ыдысқа бензин құйсаңыз, онда бензин далаға төгілмеуі үшін май құйғышты пайдаланыңыз. Осы арада мынаны айтып кеткен жөн, жұмыс орнында тек қана бір рет құюға қажетті бензин сақтау, жақсы әдет.
Бензин біздің қазіргі өмір салтымызда өте маңызды. Біз оның маңызын автокөлігімізді, яхтамызды, газондағы шөпті шапқышты және басқа көптеген заттарды қыздырғанда білеміз.
Сондықтан да, бензин бізге қарсы емес, керісінше бізге қызмет етуін қарастырайық. Бензинмен аса сақ болыңыз, және осы жазылған қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз.
ДИЗЕЛЬДІК ОТЫНМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ БОЙЫНША ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР
Дизельдік отын әр түрлі жабдық пен тетіктерді қуатпен қамтиды, ол денсаулығыңызға зиянды әсер етуі мүмкін. Дизельдік отынмен тікелей немесе жанама байланыста болу теріні ісіп қызартуы және респираторлық проблемаларды тудыруы мүмкін. Мында қарқынды әсерді азайтуға көмектесетін кейбір сақтық шаралары келтірілген:
Қауіпсіздік шаралары
Дизельдік техникаға лайықты түрде қызмет көрсетілетініне көз жеткізіңіз;
Пайдаланылған газдардың кез келген шығуын тексеріңіз;
Пайдаланылған газдардың көлік құралына түсуін болдырмау үшін тетіктердегі жарықтарды және жабындардағы тесіктерді жөндеңіз;
Лайықты түрде тазартылғанына көз жеткізіңіз;
Ауа тартқыш вентиляцияның желдеткіштерін пайдаланыңыз;
Гаражда қажетті вентиляция болмаған жағдайда дизельдік қозғалтқыштың жұмысын азайтыңыз;
Дизельдік отынмен тікелей байланыста болудан аулақ болыңыз;
Дизельдік отынмен немесе оның қасында жұмыс істегенде әрқашанда тиісті ЖҚҚ пайдаланыңыз;
Егер дизельдік отынмен тікелей байланыста болсаңыз, теріні немесе киімді мұқият тазалаңыз;
Егер Сіз дизельдік отын буының артық әсеріне ұшырасаңыз, аумақтан дереу кетіп, таза ауада терең дем алыңыз;
Көлік құралына дизельдік отын немесе бензин құйғанда, әрқашанда моторды өшіріңіз.
ЭЛЕКТРҚАУІПСІЗДІГІ
Басқа қауіптерді көруге, естуге немесе сезінуге мүмкіндік болса, электр тогы өзі жайында ескертпейді, бірақ адамды өлтіре алады. Демек:
Барлық электрлік қосылыстарды оқудан өткен және біліктілігі бар электриктер орындауы тиіс. Өз бетіңізше қосылғыштарды, сақтандырғыштарды, ажыратқыштарды және т.б. бөлшектеуге, олармен жұмыс істеуге тырыспаңыз;
Арнайы дағдыңыз және рұқсатыңыз (қол жетімдігіңіз) болмаса, электр жабдығына тиіспеңіз және ішін ашып көрмеңіз;
Өткізгіш сымдарды уақытша жалғамаңыз. Электр жабдығының кез-келген ақауы туралы өзіңіздің басшыңызға хабарлаңыз;
Ешуақытта ақаулы бөліктері бар аспаптарды пайдаланбаңыз;
Тек қана ақаусыз штепсельді вилкаларды пайдаланыңыз;
Қолдан жасалған ұзартқыштарды, вилкаларды немесе электртаратқышты пайдалануға тыйым салынады;
Шырпының және басқа айлабұйымның көмегімен ажыратқыштағы сымдарды бекітпеңіз;
Адамдар немесе көлік жиі жүретін жерлердегі өткізгіш сымдарды (ажыратқыштарды) міндетті түрде қауіпсіздендіріңіз;
Ешуақытта вилкаларға немесе өткізгіш сымдарға (ажыратқыштарға) артық жүктеме түсірмеңіз;
Кернеу астындағы барлық асылып тұрған сымдардың қоршаумен немесе сақтандырғыш таспамен қоршалғанына көз жеткізіңіз;
Оқшаулағышы бұзылған өткізгіш сымдарды пайдаланбаңыз;
Жер астында коммуникациялардың, соның ішінде электрлік коммуникациялардың бар-жоқтығына тексеру жүргізбей, жер жұмыстарын жүргізбеңіз;
Рұқсаттама нарядсыз қолданыстағы (жер астындағы) кабелдерге жақын жерде жер жұмыстарын жүргізбеңіз;
Жоғары кернеулі желілердегі жазатайым оқиғалар негізінен өлімге алып келеді. Жоғарғы сым әдетте жалаңаш әрі оқшаулағышсыз болады. Оған жанап кету өлім оқиғасына алып келуі мүмкін. Электрлік кернеу кез-келген сәтте өсіп кетуі мүмкін, демек Сіз электр разрядын алмас үшін одан қашықта тұруыңыз керек және оған жанаспауыңыз қажет. Егер Сіз электр желілерімен түйісетін техника ішінде болсаңыз, ештеңеге жанаспайтындай етіп, аяқтарыңызды бірге ұстап секіріп кету керек және жер бетінде тұрғанда машинаны қозғалтпаңыз;
Электр қондырғыда тұтану пайда болса, көбікпен немесе сумен жалынды сөндіруге тырыспаңыз. Қадамдық (бір-бірінен 1 м қашықтықтағы жер бетіндегі екі нүкте арасындағы кернеу адам қадамының ұзындығына тең деп алынады) кернеу зонасында жүру үшін «қаздың жүрісімен» жүру керек, яғни жүріп келе жатқан аяқтың өкшесі жерден ажырамай, екінші аяқтың ұшына жанасуы керек.
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ
Өрттен сақтану ережелерінің бізге кең таралғаны соншалық, тіпті кейде оларға жиі немқұрайлылықпен қараймыз. Жеке бастың мұндай бейқамдығы жұмыс кезінде көптеген өрттер мен оқыс оқиғалардың шығуына себепкер болады. Енді, жұмыс кезіндегі өрттердің негізгі себептерін қарастырайық.Бұл тізімде ең алдыңғы қатарда – электр апаттары немесе электр жабдықтарын теріс пайдалану тұр. Одан әрі рет бойынша атасақ, үйкелісу, басқа денелер, ұшқынды оттар, және содан кейін темекі тарту мен сіреңке.
Осындай қауіппен күресу үшін біз жұмыс орында не істеуіміз керек? Ең алдымен біздер «Темекі тартуға болмайды» деп көрсетілген ереже – тақтайшаларға ұстанып, темекі мен сіреңкелерді арнайы белгіленген орындарда ғана жағып, және оларды қолданғаннан кейін сөндірілуін қадағалауымыз керек. Біз электр сымдарының тозуы мен артық кернеулі болуына жол бермей, тез тұтанатын қалдықтарды кезкелген жерге тастамай, оларды темір жәшіктерге жинауымыз керек.
Тағы бір маңызды нәрсе, ол отқа қауіпті заттардың қауіпсіз орындарда сақталуы.Сырлардан, ерітуші сұйықтардан, және басқа да тез тұтанатын заттардағы жанғыш қоспалар мен буланулар тұрмыстық және сонымен қатар өндірістік өрттердің себептері болып табылады. Буланулар едәуір қашықтыққа тарап, жарық беру аспаптарынан, электр жабдықтарынан, немесе тіпті жанып тұрған темекіден де тұтатынуы мүмкін.
Егер отқа қауіпті сұйықтар мен заттарды тастайтын болсаңыз нұсқауларды қатаң орындаңыз. Әдейі осы үшін арналған әдісті қолданыңыз. Біздің барлығымыз өрт сөндіру құралдарының тұрған орындарын және олармен қалай жұмыс істеу керек екенін білуге тиістіміз. Өрт сөндіргіштердің қай жерде тұрғанын және оларды қандай жағдайларда пайдалану керектігін білу қажет.
Ұйғарыммен берілген техникалық жағынан қамтудың жүргізілуі өрт қауіпсіздігі үшін маңызды. Егер Сіз электр жабдығын немесе аспабын пайдалансаңыз, онда оны үнемі тексеріп, онымен жұмыс жасауға болатынына сенімді болыңыз.Механикалық жабдықтардың үйкелісін болдырмау үшін олардың жақсы майлануын қадағалаңыз. Жалынтарқыш мұржаларға ұшқындарды ұстап қалатын құрылғы орнатыңыз.
Егер осы көрсетілген жұмыстардың бірде біреуі тек Сізге қатысты болмаса, онда Сіздің қызметіңіз техникалық қамтуға қатысты емес болғаны.
Алайда, біздің әрқайсымыздың міндетіміз – қауіпті мезгілінде байқап, оны жою немесе ол туралы басшыға хабарлау үшін қырағылықты жоғалтпауға тиістіміз.
ӨРТ СӨНДІРГІШТЕРДІ ҮНЕМІ ТЕКСЕРІП ТҰРЫҢЫЗ.
ЖЕР ЖҰМЫСТАРЫ
Жердің бір текшеметрінің салмағы шамамен екі тоннаны құрайды. Сондықтан, егер Сіз жерге көміліп қалғыңыз келмесе, онда келесі қағиданы мұқият сақтаңыз:
Каска, арнайы киім және арнайы аяқкиім киіңіз. Арнайы белбеу (қазандықта жұмыс істеген кезде), тербелістен қорғағыш қолғап және қорғағыш көзілдірік дайындаңыз (ұрғыш балға көмегімен топырақты қопарғанда және басқа пневмоаспаппен жұмыс істегенде);
Жұмыс орнының және оған жанасқан жерлердің қауіпсіздік талаптарына сай келуіне тексеру жүргізіңіз;
Орындалатын жұмыстардың ерекшелігін ескере отырып, жұмыс орнында нұсқаулық алуыңыз керек;
Сақтандырғыш жазбалары бар шурфтарды, қазандықтарды, траншеяларды, көліктің және адамның жүруінен пайда болатын ойықтарды қалқаншалармен қоршаңыз, ал түнгі уақытта сигнальдық жарықпен қоршаңыз. Траншеялар арқылы өтетін өтпежолдар таяныштары бар көпіршелермен жабдықталуы тиіс;
Үйме, құмдақ және ірі жарықшақты топырақтарда 1 метрден аспайтын тереңдікте, ал құмдақтарда 1,25 метрден аспайтын тереңдікте, саздақтарда және сазды жерлерде 1,5 метрден аспайтын тереңдікте бекітпесіз вертикаль қабырғалары бар ойықтарда топырақты қазып алуға жол берілетіндігін есіңізде ұстаңыз. Басқа жағдайларда, ойықтардың қабырғаларына бекітпелер қою керек немесе еңіс құламалар жасау керек;
Құмды топырақтардан басқа, табиғи ылғалдықтағы топырақтарда тақтайшалардың қалыңдығы кем дегенде 4 см болуы керек, ал тақтайшалар арасындағы саңылаулар - 0,15 м аспауы тиіс. Ылғалдылығы жоғары топырақтарда және сусымалы топырақтарда қалыңдығы кем дегенде 5 см тақтайшалар саңылаусыз орналасуы керек;
Ойылған жерлерде топырақты қабат-қабат етіп қазып алу керек, күнқағар пайда болатындай етіп жерді астынан ойып қазуға жол берілмейді.
Басшылар немесе бригадирлер жердің өздігінен құлауын болдырмау үшін қажетті шараларды қабылдай отырып, қазандықтардың еңістіктерінің жай-күйіне үнемі бақылау жүргізуі керек;
Жер қазатын машиналарды пайдаланған кезде, жұмыскерлерге экскаватор жұмыс істеп жатқан аумақта болуға немесе сол аумақта қандай да бір жұмыс орындауға тыйым салынады, олар экскаватор шөмішінен кем дегенде 10 м қашықтықта болуы тиіс. Топырақ шөмішке жабысып қалған жағдайда, оны тазалау үшін шөмішті жерге түсіру керек;
Өздігінен төгетін автокөлікке топырақты тиеу борттың артқы немесе бүйір жағынан жүргізілуі керек;
Адамдардың жер қазғыш машина мен автокөлік құралы арасында болуына тыйым салынады.
ОН КІШКЕНТАЙ КӨМЕКШІ
Сіздің қолыңыз Сіздің жұмысыңыздың кілті . Олар – ең жақсы аспаптар. Сізде тек қана бір қос қол бар.
СІЗДІҢ ЖҰМЫСЫҢЫЗ ОЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ БОЛҒАНЫ СЕБЕПТІ ОЛАРДЫ ҚОРҒАҢЫЗ.
Қолдың ауыр жарақаттары машина жабдықтарымен жұмыс істегенде болады. Машина жабдықтарымен жұмыс істегенде қолдың ауыр жарақаттары жиі болады. Машина жабдықтарын басқарып, жұмыс жасамастан бұрын оны қалай басқару керек екенін ойланыңыз. Барлық қорғану құралдары мен құрылғыларын анықтап, оларды пайдаланыңыз. Олар Сіздің сақтануыңыз үшін жасалған.
Сіз жұмыста кездесетін қауіптер, Сіздің қолыңызға төнген қауіптер болып есептелінеді. Мысалы, машинаның есігі, электр желдеткіштері, және асхана пышақтары. Қолды жарақаттан сақтаудың ережесі өте қарапайым. ОЛ ТЕК ҚАНА ҚАРАПАЙЫМ МАҒЫНА.
Қолыңыз үшін әрқашанда “Алғашқы Жәрдем қобдишасын ”өзіңіздің жанызда ұстаңыз. Қолды кесулер мен жырып кетулерден әрқашанда сақтаныңыз. Асқынулар тез арада ұласып кетуі мүмкін.
ӨЗІҢІЗДІҢ ҚОЛЫҢЫЗДЫ ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН ҚОРҒАНУ ҚОЛҒАПТАРЫМЕН ҚОРҒАҢЫЗ.
Сақиналар мен сағатқа арналған темір бауларды жұмыс уақытында тағуға болмайды. Олар жұмыс кезінде көптеген нәрселероге тиіп қалып, электр өткізуші болуы мүмкін.
Сіздің қолыңыз – Сіздің жұмысыңыздың кілті. Сіздің бір қос қолыңыз бен он саусағыңыз бар. Оларды қорғаңыз. Оларды алмастыратын әдістер жоқ.
ҚАУІПСІЗДІК ОЛ ДҰРЫС МАҒЫНА. ӘРЕКЕТ ІСТЕМЕСТЕН БҰРЫН ОЙЛАНЫҢЫЗ!
ЖЕКЕ ҚОРҒАНУ ҚҰРАЛДАРЫ
Құрылыс жұмыстары кезінде қорғанудың жарамды құралдары көптеген ауыр жарақаттардан сақтайды.
Көз өте жараланғыш болып келеді. Егер ұшқан металл сынығы немесе бетонның бөлшегі көзге түссе, онда көру қабілетін ұзақ уақытқа немесе мүлдем жоюға болады. Бетонды кескенде қорғану көзілдірігін немесе қалқаншаны киіңіз. Жерде тұрып бұрғыласаңыз, Егер онда шаң болса, арнайы көзілдірік қажет етіледі. Бетонды нығыздау үшін теңселгішпен жұмыс кезінде қорғану көзілдірігін немесе қалқаншаны қолданыңыз.
Кезкелген ағаш материалдарын бұрғылағанда немесе кескенде әрдайым қорғану көзілдірігін киіңіз. Егер Сіз көруді жақсартатын линзалары бар көзілдірік кисеңіз, оның беті жырылып және зақымданып қалмас үшін, оның сыртынан қорғану көзілдірігін киіңіз.
Ал енді, кеңсірік пен көмекейді қорғауды қарастырайық. Шаңды жерлерде жұмыс жасағанда кеңсірік пен көмекейдің қабынуынан сақтану үшін тиісті респираторды киіңіз. Орындалатын жұмыстың түріне қарай қажетті респиратор керек. Егер қызметкерлер сол жұмыстарға белгіленген қауіпсіздік белбеулері мен құтқару арқандарын дұрыс пайдаланса, онда құлаудың алдын алуға болады. Қауіпсіздік белбеулері мен сторпаларды пайдаланып, құлау арақашықтықтарын 6 футқа дейін шектеуге болады. Олар дұрыс пайдаланылғанда ғана тиімді болады. Өзіңіздің басшыңыздан осы қорғану құралын дұрыс пайдалану жөніндегі нұсқаулықты алыңыз.
ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН ҚОРҒАНУ ҚҰРАЛДАРЫН КИЮ АРҚЫЛЫ ЖАРАҚАТТЫҢ АЛДЫН АЛЫҢЫЗ.
ЖЕКЕ ҚОРҒАУ
Жұмыстың қажетті экипировкасына көйлекті, шалбарды және ботинканы киюден басқа нәрселер де жатады. Жұмыстағы қорғаныс құралдары Сіздің қауіпсіздігіңізге арналған. Алайда, оның барлығын өзінің арналған мақсатында дұрыс пайдаланбайды.
Бұрғыны қайрайтын станокта қайрау үшін бірнеше минут керек. Алайда, Сіз осы бірнеше СЕКУНДТЫҢ ішінде осы қайрау станогының қайрағы немесе бұрғының кесірінен көзіңізді қатты жарақаттауыңыз немесе одан айырылып қалуыңыз мүмкін екеніне ойландыңыз ба? БҰНДАЙ ОҚИҒАЛАР ЖИІ БОЛМАЙДЫ, БІРАҚ БОЛУЫ МҮМКІН
Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін компания дәнекелеушінің дулығасын, қорғану көзілдірігін, респираторларды, дәнекерлеу қалқандарын, ұштары темір ботинкаларды, қорғану каскаларын және басқа құралдарды қолдануыңызды талап етеді. ОЛАРДЫ ҚОЛДАНЫҢЫЗ. Қорғаныс құралдарын қолданбаған кездердегіжарақаттардың ешқандай ақталулары жоқ. Сіздің көздеріңіз, қолдарыңыз, және аяқтарыңыз Сіздің жеке басыңыздың аман-саулығы және игілігіңіз үшін керек. Оларды қорғаңыз.
Біз жеке қорғану құралдарына қол жеткізуге көмектесеміз. Оларды пайдалану Сізге қатысты.
ҚАУІПСІЗ ЖАҒДАЙДА БОЛЫҢЫЗ. ДҰРЫС КИІНІҢІЗ.
ҚОЛ ДІРІЛІ
Қол дірілі дірілдейтін қол құралдарын пайдалану салдарынан пайда болады. Осы құралдардан (тез кері-ілгерілемелі қозғалыстардан) туындайтын діріл құралдан құралмен жұмыс істейтін адамға беріледі.
Денсаулыққа төнетін қауіп:
Діріл синдромы – оның симптомдары бұлшықет әлсіздігі, бұлшықеттің шаршауы, қол мен иықтың ауруы, ақ саусақтың діріл индукцияланған синдромы («өлі саусақ» немесе «өлі қол» деп аталады) болып табылады;
Білек сүйегі өзегінің синдромы – кейде ұсақ дірілдейтін қол құралдарын пайдаланудан туындауы мүмкін. Симптомдарға саусақтың шаншуы, білезік пен саусақтың ұйып қалуы мен ауруы жатады.
Қауіпсіздік шаралары:
Мүмкіндігінше дірілдейтін құралдардың пайдаланылуын азайтуға тырысыңыз;
Егер мүмкін болса, дірілдейтін құралдарды қол құралына ауыстырыңыз;
Қатты дірілдейтін құралдарды дірілі қолға түскенге дейін басылатындай етіп жасалған төмен дірілді құралдарға ауыстырыңыз;
Қажетті қауіпсіздік құралдарын қолданыңыз;
Дірілдің тұрақты, ұзақ әсерін болдырмау үшін жұмыста үзіліс жасаңыз (діріл құралдарын пайдаланатын жұмыскер бір сағат жұмыс істегеннен кейін 10 минут ішінде тынығуы керек);
Құралдардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін оларды тексеріп тұрыңыз.
ҚОЛДЫ ҚОРҒАУ
Әлеуетті қауіп:
Қауіпті заттардың тері арқылы сіңуі;
Химиялық заттармен зақымдалу, термиялық немесе электр күйік алу қаупі;
Қолды соғып алу, жаралау, шаншып алу, сындырып алу немесе оның ампутациясы.
Қорғауды таңдау:
Қауіптілікке және орындайтын іс-әрекеттерге сәйкес қорғауды таңдаңыз;
Әрбір пайдалану алдында биялайыңызды тұтастығын, онда тиімділігіне әсер ететін тесік пен өзге де ақаулардың бар-жоғын тексеріңіз;
Түсі кеткен немесе қатқан биялайды пайдаланбаңыз. Бұл биялайыңыздың көп рет пайдаланылғанын не химиялық әсерге ұшырап, олардың тиімділігінің азайғанын білдіреді.
БАС ПЕН БЕТТІ ҚОРҒАУ
Сіздің басыңыз өте әлсіз болғандықтан қорғалуы тиіс. Сіздің денеңіздің кез келген бөлігіндегі жарақаттар жеңіл болып көрінгенмен, басыңыздағы жарақат аса ауыр болуы мүмкін.
Өндірістік объектілерде бастың зақымдануынан өлген жұмысшылардың саны өте көп және көп жағдайда бұл жарақаттар құлаған объектілердің салдарынан болып жатады.
Қорғану дулығаларының басты жарақаттан сақтайтыны анық, міне сондықтан қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы заңнама осы қорғану дулығасын қолдануды міндететйді.
Ал, Сіздің көзіңіз қалай? Егер Сіз қашанда болса көздің аздаған жарақатынан зардап шексеңіз, онда олардың шынында да өте нәзік екенін білесіз. Сіз, әрине жарақаттың соңы ауыр жағдайға соғады немесе көздің көру қабілеті жоғалады деген ойдан зәреңіз ұшқан болар. Осы жөнінде ойланып, көзге қорғау көзілдірігін кию керек екенін бізге дұрыс ақыл-есіміз айтып тұрғаны шындық емес пе?
Ешкімге де тыныс алатын құралды (респиратор) кию ұнамайды, бірақ сіз оны кигенде оның сүзгісінде жиналып қалған лас шаңды көріп, олардың Сіздің өкпеңізге өтіп кетпегеніне қуанасыз.
Көптеген жұмыскерлердің есті қабілетінен ішінара айырылғанын білесіз. Бұның кенеттен болатыны соншалық, Сіз өзгерісті сезбей қаласыз. Оны қазір ЕСТІҢІЗ. Әзір тым кеш болмай және қажет болып тұрғанда құлақтың естуін қорғайтын қорғану құралдарын киіп жүруді әдетке айналдырыңыз, сөйтіп есту қабілетіңізді сақтайсыз.
Өзіңіздің басыңызды, көздеріңізді, құлақтарыңызды және өкпеңізді қорғаңыз – олар сақтауға тұрады. Оларсыз өмір сүру өте қиын.
Ұқыпты орындалған жұмыс өндіріс өнімділігі мен еңбек сапасын жақсартады, материалдық шығынды азайтып, қателіктердің, құлаулардың және өрттердің алдын алады.
ҚОРҒАУШЫ АЯҚ КИІМ
Аяқтың ауруы да арқаның ауруы сияқты қорлық болуы мүмкін. Әрине, Сізге Сіздің өмір салтыңыз бен жұмысыңызда аяқтарыңыздың қаншалықты қажеттігін дәлелдеудің керегі жоқ. Алайда, өкінішке орай, әңгіме аяқтарды қорғау жөнінде болғанда оған дәлелдер келтіру керек болады.
Аяқтың адам өмірі үшін маңызды екенін ескере тұра, көптеген адамдардан қорғаушы аяқ киімдерді олар келіссіз, тым ауыр, жайсыз және басқа сол сияқты себептерге байланысты кигілері келмейтіндіктерін естуге болады.
Ал шынында осы себептердің ешқайсысы да негізсіз. Бүгінгі күндері ұсынылатын қорғаушы аяқ киімдер басқаларынан жайлылығы, сыртқы түрі, және көп жағдайда бағасы жөнінен арзан болып есептелінеді. Сондықтан да жағдай оны киюді талап еткен кездегі қорғаушы аяқ киімге немқұрайлылық ештеңеге жарамай қалады.
Шынында, Сіздің жұмысыңыздың спецификасы талап ете ме немесе етпейме, оған қарамастан қорғаушы аяқ киімді киіп жүрген дұрыс болады. Қорғаушы линзаны жұмыста және одан тыс жерде де кию керек деген нұсқау қандай құптарлық болса, онда соны қорғаушы аяқ киімге де қолдану керек.
Аяқ киімнің жай-күйі де маңызды болып есептелінеді. Желінген және жұқа табанды аяқ киімдерге өткір нәрселер немесе ұшы бар тасты басып, Сіз аяғыңызды қатты зақымдауыңыз мүмкін.
Желінген өкшенің әсерінен Сіз салмағыңыздың тепе-теңдігін бұзып, құлап немесе тобығыңызды тайдырып алуыңыз мүмкін. Ұлтарақтар өте ұзын болмауы тиіс, себебі ол Сізге жүргенде қауіп тудыруы мүмкін.
Жоқ, қорғану аяқ киімі басқа қорғану құралдары сияқты өзінің тиімділігі үшін киілсін. Сондықтан да, Сіздің аяғыңыз сияқты керекті нәрселерді неге қатерге тігеміз? Қорғану аяқ киімін киіңіз.
РЕСПИРАТОРДЫҢ ҚОРҒАУ ӘРЕКЕТІ
Респираторларды пайдаланушы қызметкерлерге олар үшін белгіленген стандарттар бойынша керек болмаған кездегі ақпараттар:
Егер олар дұрыс таңдап алынып киілген жағдайда, онда респираторлар қауіптілік сипаттағы қорғаудың тиімді әдістері болып есептелінеді. Қауіпті зияндардың деңгейлері шектеулі мөлшерден төмен болса да, қызметкерлердің қосымша жайлылығы мен қорғанысын қамтамасыз ету үшін респираторларды пайдалануды құптау керек. Алайда, респираторды дұрыс пайдаланбай, оны таза ұстамаса, онда ол қызметкер үшін қауіпті болуы мүмкін. Егер Сіздің жұмыс берушіңіз өз еркіңізбен киюге респиратор берсе, немесе Сізде жеке респираторыңыз болса, онда Сіз сақтық жасап, респиратордың қауіпсіз екеніне көз жеткізесіз.
Сіз мыналарды істеуге тиістісіз:
1. Респиратордың қолдану, техникалық қамту, тазалау мен күту және алдын алу мүмкіндіктері жөніндегі өндіруші дайындаған барлық нұсқаулықтарды мұқият оқып, оларды есіңізде ұстаңыз;
2. Сіз қауіптенетін нәрседен қорғайтын респиратордың түрін таңдаңыз;
3. Респираторды ол есептелмеген жағдайларда кимеңіз. Мысалы, шаңнан қорғауға арналған респиратор Сізді газдардан, булардан немесе кішкентай қатты денелерден қорғай алмайды;
4. Өзіңіздің респираторыңызды басқа біреу жаңылыста байқамай алып кетпес үшін белгілеп қойыңыз.
ЕСТУ ОРГАНДАРЫН ҚОРҒАУ
Ішкі құлақ жасушалары мен жүйкесі қатты дыбыстардың тұрақты әсерінен бұзылады. Жүйке мен жасушалардың белгілі бір мөлшері бұзылған жағдайда есту органдары қайтымсыз зақымдануы мүмкін.
Алдын алу
Уақыт кезеңінде шу әсеріне ұшырағанда үнемі құлақ сақтандырғышты пайдаланыңыз;
Жұмыс орнынан тыс жерде шу әсерін азайтыңыз;
Дыбыс жұтатын материалдарды пайдаланыңыз;
Бірнеше шу шығаратын тетіктерді бір мезгілде пайдаланбаңыз;
Қолайсыз шуды басқа дыбыстармен басуға тырыспаңыз;
Егер есту қабілетін жоғалту қаупі болса, жылына бір рет қаралып тексеріліңіз.
Дұрыс қорғауды таңдау
Есту органдарын лайықты түрде қорғауды белгілеу бірқатар факторларға байланысты болады, оның ішінде:
Децибелмен өлшенетін шу дыбысы;
Шудың Сізге әсер ететін уақыты;
Шу деңгейі әр түрлі жұмыс аймақтары арасында жүрмеңіз;
Шудың бір немесе бірнеше жерден шығатыны.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Техникалық қамту - негізінен құрал-жабдықтарды түзу күйінде сақтауға арналған. Біз бүлінулердің олар жұмыс істемей тұрып қалудан бұрын алдын алуымыз керек. Біздің техникалық қамту бағдарламамыз ең алдымен алдын алуға бағытталған. Біздерге өте жиі құрал-жабдықтарды, олар бұзылып тұрып қалғаннан кейін жөндеуге тура келеді. Бұл ақша шығыны және қауіпті де болуы мүмкін. Құрал-жабдықтардың күйі жөндеуді қажет екенін білдіре бастаса, олардың бұзылуын күтпей-ақ, тез арада өзіңіздің басшыңызға хабарлаңыз.
Сіз білетіндей, техникалық қамтуларға машиналардың жабдықтарын майлау, қоқыстарды тазалау, аспаптарды тексеру, жалпы тазалық, жабдықтардың пайдалану мерзіміне қарай жеңіл жөндеулер және басқа әртүрлі жұмыстар жатады.
Алайда, техникалық қамту өзінің табиғатында аса мұқият жүретін маңызды процедура.
Өндірістік жұмыстар алдын алып, күту жұмыстарынсыз жүрмейтінін, және апаттардан да алдын алу жұмыстарынсыз сақтануға болмайтынын естен шығармайық. Сіздің жұмысыңыз өте маңызды. Алдын алу жөніндегі жұмыстардың program жақсы бағдарламасы әркімнің жұмысын тиімді және қауіпсіз қылуда үлкен маңызы бар.
Алдын алу жұмыстарын тиімді жүргізуде техникалық бақылау қажет. Техникалық бақылауға жоспарлау, кестелеу және жұмыстардың орындалуын қадағалау жатады. Құжаттамаларды жүргізудің қалыптасқан жүйесі әрбір орындалған жұмысты қадағалауға көмектеседі.
Жұмысты жоспарлау әрбір жұмыстың сипатын, орындалу техникасын, қажетті материалдарды және сақтандырудың тиісті шараларын көрсетуге тиіс. Жазулар өте маңызды және олар үнемі жүргізіліп отырылуы тиіс. Жүргізіліп отыратын жазулар, пайдаланылатын жабдықтардың түрлеріне байланысты болуы керек. Сіз техникалық қамту жөніндегі жазулардағы өзіңізді мазалайтын кездерді атап көрсетіңіз. Содан кейін қауіпті кездер туындайтын тексерудің кестесін жасаңыз. Осындай тексерулердің кестесі алдын алу жөніндегі инспекторлар мен бригада мүшелерінің ұсынған есептерінде негізделуі мүмкін. Бұл тексерулер ықтимал қауіптерді байқауда алдын алу қамту жұмыстарында өте маңызды.
Сіздің құқығыңыз бар техникалық қамту мен жөндеу жұмыстарын ғана жүргізіңіз. Басқа мәселелер туралы өзіңіздің басшыңызға хабарлаңыз.
Сіздің жүмысыңыз өте маңызды. Егер алдын алу жұмыстары дұрыс жоспарланып, ұйымдастырылса – ол апаттардан сақтанудың басты факторы.
КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Көлік құралдары біздің жұмыс алаңдарымызда күн сайын пайдаланылады, және біз оларды жақсы білетініміз соншалық, тіпті кейде олармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздікті ұмытып кетеміз. Сондықтан біз көлік құралдарын пайдаланған кездегі есте сақтауға арналған бірнеше ережелерді келтіреміз.
Көлік құралдары жақсы жұмыс күйінде болуы керек. Көлік құралдарын күн сайын тексеру – бұл әрбір жүргізушінің/оператордың тікелей міндеті.
Жанар майдың, жағар майдың және судың деңгейлерін күн сайын тексеріңіз. Көлік құралдарының тексерулерін еш уақытта өткізіп алмаңыз. Шиналарының күйін қарап, бұрылу және маңдайындағы жарық белгілері мен фараларының жұмыс күйінде екендігіне көз жеткізіңіз. Өзіңіз бақылаған тексерулер қортындыларын техникалық тексерулердің есебі журналына жазыңыз.
Көлік құралдарын басқару кезінде техника қауіпсіздігінің мына ережелерін сақтаңыз. Жылдамдықты әрқашанда шектеуді сақтаңыз. Сағатына 60 км/сағ жылдамдық шектеуі бар болғандықтан бұл жылдамдық әрқашанда қауіпсіз бе? Жоқ.
Сіздің дер кезінде тоқтау мүмкіндігіңізге әсер ететін қарсы келе жатқан көліктердің жылдамдығына, ауа райына және басқа факторларға сәйкес жылдамдығыңызды реттеңіз.
Егер құрылыс материалдары немесе басқа материалдар жақтаудың қапталынан не артынан шығып тұрса, оларды белгі беретін қызыл жалаулармен белгілеңіз.
Жүрердің алдында арқы есіктердің жабылғанына және материалдардың дұрыс бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Көлік құралындағы қауіпсіздік белбеулерінің ең көп санына қарай таситын жолаушылардың саны белгіленеді. Қауіпсіздік белбеулері көлік құралының барлық жолаушыларында болуы және олар бекітілуі тиіс.
Көлік құралын сақ жүргізіңіз. Жолда жүру құқығы ол беріледі, оны ешкім алмайды. Сіз көлік құралын жүргізіп келе жатқанда басқа жүргізуші немесе оның әрекеті туралы ойлаңыз.
Олармен бірге өзіңізге де қарап отырыңыз.
Компанияның көлік құралымен болған кезкелген мәселелерді Өзіңіздің басшыңызға хабарлаңыз. Компанияның көлік құралымен болған кезкелген теріс пайдаланушылықтар Сіздің жұмыстан босатылуыңызға әкеліп соғады. Сондықтан көлік құралына ұқыпты және жауапкершілікпен қараңыз.
БАҒЫТЫҢЫЗДЫ ӨЗГЕРТПЕСТЕН БҰРЫН «КӨРІНБЕЙТІН ЗОНАЛАРДЫ» ТЕКСЕРІП АЛЫҢЫЗ.
ҚАУІПСІЗДІК БЕЛДІКТЕРІ
Дұрыс пайдаланылған жағдайда қауіпсіздік белдіктері жүргізушіні отырғышта бекітіп, соққыдан аударылып төңкерілгенде немесе аударылғанда қорғау конструкциясының ішінде қалуға көмектеседі. Қауіпсіздік белдігін және бекіту құрылғыларын қамтитын жиынтықтағы отырғыш тұрақты негізде тексерілуі тиіс. Қарап тексеруді жұмыс ауысымы алдында жалпы қарап тексеру кезінде және өндірушіден пайдалану және техникалық байқау нұсқаулығына сәйкес жүргізілуі тиіс. Қауіпсіздік белдікті қарап тексеру рәсіміне мынадай тармақтарды қосыңыз:
Қауіпсіздік белдіктерінің бекіту құрылғыларын тозу немесе зақымдалу мәніне қарап тексеріңіз. Олар зақымдалған немесе тозған жағдайда бекіту құрылғыларын ауыстырыңыз;
Бекіту бұрандамаларын қарап тексеріңіз. Егер бекіту бұрандамалары дұрыс бекітілмесе, оларды бұрап тастаңыз;
Белдік тілін тозу мен зақымдалу мәніне тексеріңіз. Егер тіл тозып, зақымдалса, қауіпсіздік белдігін ауыстырыңыз;
Қауіпсіздік белдігінің лентасын тозу мен зақымдалу мәніне тексеріңіз. Егер белдік лентасы тозып, зақымдалса, қауіпсіздік белдігін ауыстырыңыз;
Қауіпсіздік белдігінің тілі мен кергісінің жұмысын тексеріңіз. Тілі мен кергісі жұмыс істемесе, қауіпсіздік белдігін ауыстырыңыз.
Үш нүктелі қауіпсіздік белдігін қосымша тексеру (болған жағдайда):
Белдіктің иық бағыттағышын тексеріңіз. Иық бағыттағышы құрылғысын реттеңіз және/немесе кедергілерді жойыңыз;
Қауіпсіздік белдігін бекіту биіктігін реттегішті тексеріңіз. Егер белдік қалпының биіктігін реттегіш жұмыс істемес, қауіпсіздік белдігін ауыстырыңыз.
Назар аударыңыз:
Барлық зақымдалған немесе тозған қосалқы бөлшектерді ауыстырыңыз;
Машинаны басқару кезінде қауіпсіздік белдігін тағыңыз;
Лентаны сабынды суға малынған губкамен лентамен сүртіңіз. Ағартқышты, бояғыш заттарды немесе өнеркәсіптік жуу құралдарын ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНДАРДЫ ҚАУПІСІЗ ПАЙДАЛАНУ
Ұялы телефонды дұрыс пайдаланбау қауіптері:
Жұмыс орнында ұялы телефонды пайдалану зейінсіздік себебі болуы мүмкін;
Басқа жұмыскерлердің телефонды пайдалануы әріптестерді алаңдатуы мүмкін;
Зейінсіздік пен алаңдау мүліктің бұзылуына және денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін.
Алаңдататын факторларды болдырмау үшін:
Ешқашан ұялы телефонды жабдықты пайдалану кезінде пайдаланбаңыз;
Ешқашан ұялы телефонды жабдықты пайдалану кезінде хабарламаларды жіберу/қабылдау үшін пайдаланбаңыз;
Телефоныңызды қоңырау шалғанда Сізді немесе аумақтағы адамдарды шошытпайтын жерде сақтаңыз;
Қоңырауларға кейін жауап беру үшін дауыс почтасына қайта бағыттауды қосыңыз.
Зақымдалуды болдырмау үшін:
Тез жанатын сұйықтықтардың жанында телефонды пайдаланбаңыз;
Кез келген жарылыс аумағынан 30 метр қашықтықта телефонды өшіріңіз;
Осы учаскеге тән, ұялы телефонды пайдалануға байланысты нақты қауіптілік аймақтарын зерттеңіз.
АВТОМОБИЛЬ АККУМУЛЯТОРЫНА ҚАУІПСІЗ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚАҒИДАЛАРЫ
Жыл сайын мыңдаған адам автомобиль аккумуляторымен байланысты жарақаттар нәтижесінде жедел медициналық көмек үшін ауруханаға жүгінеді. Мұндай зардап шегушілердің көбі жарақатты тікелей аккумуляторлардың жарылуы нәтижесінде алады.
Неге аккумуляторлар жарылады?
Аккумуляторлар жарылғаш газдарды шығарады, сондықтан олар ұшқыннан, жалыннан, тұтанып тұрған шылымнан және басқа тұтану көздеріне алыста болуы керек.
Аккумуляторлардан жарылғаш газдардың бөлінуі өздігінен жарылыс тудырмайды. Жарылғыш газдардың ұшқынның немесе жалынның белгілі бір түрімен өзара әрекеттесуі кейде болуы мүмкін жарылыстарға себеп болып табылады.
Аккумулятордың клеммасындағы қысқа тұйықталу жиі ұшқын береді, соның нәтижесінде жарылыс болады. Мысалы, егер қозғалтқышты іске қосқанда аккумулятор жарылса, онда көбіне бұл электролит деңгейінің төмендігінен, сондай-ақ немесе кабельді дұрыс қоспағандықтанболады.
Жарылыстың туындау қаупі аккумуляторларды қайта зарядтау кезінде күшейеді. Зарядтау кезінде сутегі газын шығару процесі жүреді, ол белгілі бір концентрацияларда ауада жарылыс тудырады (сутегінің ауадағы тұтанғыштық немесе жарылғыштық шегі 4,1% - 72% құрайды). Алайда желдету нашар болғанда, сутегінің жылыстауы аккумулятор айналасында жарылғыш ортаны құруы мүмкін.
Аккумуляторлар сирек жарылады. Бірақ жарылыс ықтималдылығын ескермеуге болмайды, сондықтан аккумуляторлармен жұмыс істегенде немесе оның жанында болған кезде қауіпсіздік техникасын сақтау өте маңызды.
Аккумуляторлардың жарылыс ықтималдылығын арттыратын бірнеше факторлар:
аккумулятордағы су деңгейінің төмен болуы,
артық зарядтың болуы,
электролиттемпературасының жоғары болуы,
сырттай нашар қосылыс және қозғалтқыштың сыртқы көзден дұрыс іске қосылмауы.
Қорғасынды-қышқылды аккумуляторда қүкірт қышқылы болады, ол қатты күйікке, тіпті соқырлыққасебеп болуы мүмкін, әдетте қышқылдың әсерінен көздің күйіп қалуы аккумуляторлар жарылысының нәтижесінен болады.
Алғашқы көмек:
дененің зақым көрген жерін бірден аз қысымды сумен 15 минут бойы жуу керек. Көздің жарақаттануына жол бермеу немесе ең болмағанда оның маңыздылық дәрежесін кеміту қажеттілігі туғанда, алғашқы секундтар өте маңызды.
Ластанған киімді шешу керек.
Алғашқы медициналық көмекке сүйену керек.
Отырған аккумуляторды басқа автомобильдің аккумуляторына қалай іске қосуға болады:
Егер сіз аккумуляторды басқа автомобильдің аккумуляторынан дұрыс тұтандыра алмасаңыз, онда сіз машықтанған кәсіпкерлерге жүгінгеніңіз дұрыс.
Өз автомобиліңізде шашыраудан қорғайтын көзілдірік ұстаңыз. Аккумуляторды зарядтауға кірісер алдында міндетті түрде оларды киіңіз.
Стартты кабельдерде тат болмауы керек. «Тұтандыру» үшін өзегі жалаңаштанған стартты кабельдерді қолданбаңыз (тіпті олар оқшаулағыш лентамен оралған болса да).
Егер радиаторда немесе аккумуляторда сұйық қатып қалса, басқа аккумулятордан «тұтандыруға» болмайды.
Екі автомобильдің де оталдырғышын ажырату керек. Қол тежегішке қою керек. Автоматты беріліс қорапшасын бұғаттау керек, механикалық беріліс қорапшасын бейтарап жағдайға қою керек.
Жақын арада ұшқын, жалын, тұтанған темекі болмауы тиіс.
Қосу тәртібі:
Оң (қызыл) кабельдің бір оң қысқышын разрядталған аккумулятордың оң (+) клеммасына бекіту керек. Кабельдің қысқыштары аккумулятор клеммаларынан басқа өзге металл заттарға жанаспауы тиіс.
Оң (қызыл) кабель қысқышының екінші ұшын зарядталған аккумулятордыңоң (+) клеммасына бекіту керек.
Теріс (қара) кабель қысқыштарының бір ұшын зарядталған аккумулятордыңтеріс (-) клеммасына бекіту керек.
Ең соңында, (қара) кабельдің қалған қысқышын қозғалтқыш блогындағы жерлендіргіштің таза нүктесімен қосу керек, ең бастысы - аккумулятордан, карбюратордан, отын шлангтерінен, тюбингтен, қозғалғыш бөліктерден, алюминийден алысырақ болуы керек.
Зарядталған аккумуляторы бар қозғалтқышты оталдыру керек және оған бірнеше минут жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек.
Кабельдерді қозғалтқыш блогына немесе шассиге бекітілген қысқыштан бастап кері тәртіпте ажырату керек.
ҮЛКЕН ЖҮКТІ ТЕХНИКА
Үлкен жүк көтеретін техниканы пайдаланумен байланысты қатер.
Өндірістік учаскелерде пайдаланылатын үлкен жүк көтергіш техниканы пайдаланудың қауіпті жағдайлары қауіп-қатердің пайда болуының себебі болып табылады. Кез-келген қозғалыстағы грейдерлер, жол аунақтары, жүк тиегіштер, экскаваторлар, крандар, жүк таситын машина тәрізді жабдықтардан қауіптенуі керек
Келесі қағидаларды сақтауыңызды өтінеміз:
Оператор сізді көріп отыр деп ойламаңыз. Жарақаттануыңыз немесе одан да жаман жағдай орын алуы мүмкін.
Қозғалып келе жатқан техниканың жақындап келе жатқаны туралы хабарлайтын сигналды есітемін деп жайбарақат болмаңыз, себебі сіз өндірістік учаскедегі шудан сигналды естімеуіңіз мүмкін.
Егер техника кері бағытта қозғалып бара жатқанын көрсеңіз, жолды босатыңыз да, оператор өз жүрісін аяқтағанға дейін өз орныңызда қалыңыз. Артқа қарай қозғалып келе жатқан техниканың жолын кесіп өтпеңіз немесе бөгемеңіз. Сіз шалынып кетіп, техниканың астына түсуіңіз мүмкін.
Операторларға учаскенің қауіпсіздігі туралы белгі беретін сигналшысыз артқы жүріспен техниканы жүргізуге тыйым салынады.
Бұрылатын жабдығы бар кран, экскаватор тәрізді техникадан сақтаныңыз. Қондырғы тербеліп тұрғанда жабдық пен қандай да бір кедергі арасында қысып қалу нүктелері болады, содан сақ болыңыз. Жұмысшылар еркін жүре алатын кеңістіктің болуына және шығатын жолдың ашық болуына көз жеткізіңіз.
Қозғалып тұрған техниканың жанында ешқашанда жүрмеңіз. Жүк сырғанап немесе бұрылып немесе тербеліп тұрса, өз орныңызда қалыңыз. Жүгі бар кранның немесе жүк көтергіштің астында тұрмаңыз.
Электр берілісі бар желілердің жанында тұрған техниканың қасында жұмыс істесеңіз, жабдықтың рамасына қол тигізбеңіз. Жабдық жебесінің электр берілісі бар желілерге тиіп кету қаупі бар екендігін ешқашанда естен шығармаңыз. Мұндай қауіп туындаған жағдайда, әрқашанда операторға немесе басшыға ескертіңіз де, нұсқаулықты сақтаңыз.
Қозғалып тұрған жабдықты сүртуге, ретке келтіруге, майлауға немесе онымен жұмыс істеуге болмайды. Техникамен жұмыс істеуді бастар алдында әрқашанда оны тоқтатыңыз.
ЖҮКТЕРДІҢ ҚҰЛАУ ҚАУІПІ
Найзағай адамға кесел келтіруі үшін екі рет соқпаса да болады. Оның бір рет соққанының өзі жеткілікті. Ілулі тұрған жүктер туралы да осыны айтуға болады. Сондықтан Сіз ілулі тұрған жүктерден, кран стрелаларынан және ожаулардан қашықта болуыңыз керек. Сіздің осындай жағдайдағы бастан кешкен алғашқы оқиғаңыз ең соңғы болуы мүмкін.
Парасатты болыңыз. Жоғарыдағы нәрсе Сіздің үстіңізге түсетініне көз жеткізіңіз. Кранның, оның стреласының, ожауының немесе ілулі тұрған жүктеродің астында тұрмаңыз, әрі-бері қыдырып жүрмеңіз. Үнемі қорғану каскасын киіп, жүріңіз.
Күні бұрын жоспарлаңыз. Жүкті көтерер кезде, ол жұмысшылардың үстінде стрела немесе ожау өте аз уақыт ішінде шайқалып тұруын қарастырыңыз. Жол бойында қалқа немесе электр желісі сияқты жер бетіндегі кедергілер жоқ екенін мұқият қадағалаңыз. Электор желісі маңында жүктерді әрі -бері қозғалту тек қана Сізге емес, басқаларға да зиян келтіруі мүмкін. Ойлап қараңыз, Егер электр желісі автомобиль жолдарының үстіне түссе. Жүкті көтерер алдындағы алаңғасырлық өлімші қалге жеткізуі мүмкін.
Оператор жүктерді түсіріп, ожауын көтергенде, кранның жұмыс жасайтын маңында ешкімнің де болмауына жол бермей, өте сақ болуымыз керек.
ӨЗІҢІЗДІҢ ЖҰМЫСЫҢЫЗДЫ ЖОСПАРЛАҢЫЗ. ЖОСПАРЛАУҒА ҚАЖЕТТІ УАҚЫТТЫ ҮНЕМДЕП, СІЗ БІРЕУДІҢ ӨМІРІН ҚАТЕРГЕ ТІГЕСІЗ.
ЖҮКТЕРДІ ҚАУІПСІЗ ТАСЫМАЛДАУ
Жүктерді дұрыс тиеу, бекіту, тасылатын жүк үшін тиісті көлік құралын таңдай білу оларды қауіпсіз тасымалдаудың құраушылары болып табылады. Бұл операциялардың барлығын орындау жүкті межелі жерге қауіпсіз жеткізуге мүмкіндік береді.
Жүктердің түрлеріне байланысты, мысалы химиялық заттарды, баллондарды, сұйық және сусымалы жүктерді, жанғыш заттарды, ірі габаритті жабдықты, қоқысты және т.б. тасымалдау үшін мамандандырылған көліктің әртүрі қолданылады.
Жүк тиеу қағидасының, жол қозғалысы қағидасының талаптарын сақтамау қандай зат тасымалданатынына байланыссыз жол-көлік оқиғасына алып келуі мүмкін.
Жүк тасымалдау басталар алдында төменде көрсетілген ұсынымдардың орындалғанына көз жеткізу керек:
Жүктерді тасымалдау осы мақсатқа арналған көлік құралдарымен жүзеге асырылуы тиіс.
Тасымалданатын жүктің массасы, жүктемені осьтер бойынша бөлу осы көлік құралы үшін әзірлеуші кәсіпорынмен белгіленген шамалардан аспауы тиіс.
Қозғалыс басталар алдында және қозғалыс кезінде жүргізуші жүктің құлап кетпеуін, қозғалысқа кедергіні болдырмау үшін жүктердің орналастырылуын, бекітілуін, жабылуын және жай-күйін бақылауға алуы керек.
Тасымалданатын жүк жүргізушінің көру шегін шектемеуге тиіс, көлік құралын басқаруда қиындық тудырмауы тиіс және көлік құралының тұрақтылығын бұзбауы тиіс.
Жүк автомобильдің фарасын және габариттік оттарды, тіркегіш және тану белгілерін жаппауы керек, жолды және қоршаған ортаны ластамауы тиіс.
Көлік құралдары сапарға шығар алдында көлік құралының жай-күйін және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің талап етілетін құралдарының бар болуын анықтау мақсатында тұрақты түрде тексерілуі тиіс
Есте сақтаңыз: Сіздің машинаңыздан құлаған кез-келген жүк жол-көлік оқиғасына алып келуі мүмкін.
ДӨҢГЕЛЕКТР АСТЫНА ҚОЙЫЛҒАН ТІРЕКТЕР – ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Біздің объектілерде ауыр техниканың, соның ішінде жүк автомобильдерініңүлкен саны қолданылады. Машинадан жүкті түсіру кезінде, машина тегіс емес жерге қойылуы немесе машина іске қосылған қозғалтқышпен қалдырылуы мүмкін жағдайлар болады. Машина өздігінен жылжып кеткенде немесе трансмиссия қосылғанда, үлкен жүк машинасының бақылаусыз қозғалысы жол-көлік оқиғасы, жабдықтың зақымдануы, жарақаттану тәрізді күрделі салдарларға немесе тіпті өлім оқиғасына да алып келуі мүмкін.
Автомобиль жанында жұмыс істеп жатқандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты тәсілдерінің бірі – доңғалақтар астына арнайы тіректерді – «табандықтарды» қолдану болып табылады. Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы қағидасы жүк автомобильдерінде және автобустарда ең құрығанда екі кері кетуге қарсы тіректердің болуын талап етеді, олар болмаған жағдайда көлікті пайдалануға тыйым салынған. Сондықтан, жүк тиеу/түсіру кезінде кері кетуге қарсы тіректерді қолдану міндетті болып табылады.
Есіңізде сақтаңыз: Сіз өзіңіздің ғана емес, сондай-ақ Сізбен бірге жұмыс істеп жатқандардың да өмірі мен денсаулығы үшін жауаптысыз!
АЙЫРЛЫ ЖҮК ТИЕГІШ
Айыр тәрізді тиегіші бар жүк тиеу машиналарының және басқа үлкен жүк тиейтін жабдықтың жүргізушілері оқу курсынан өтуі, емтихан тапсыруы және куәлік алуы тиіс. Олар сондай-ақ объектіде жұмыс істеу үшін рұқсат алғанға дейін медициналық тексеруден өтуі тиіс.
Күнсайын жұмыс басталар алдында жүк тиеу машинасының тежегіш, фара, артқа жүру сигналы және т.б. тәрізді барлық жұмысшы органдарының жай-күйін тексеру мақсатында жүк тиеу машинасына тексеру жүргізу керек.
Жүк тиеу машинасын басқару кезінде жүргізуші жақында жүрген адамдарды көзден таса етпеуі керек, себебі олар осы учаскеде сіздің жұмыс істеп жатқаныңызды білмейтін болуы да мүмкін.
Жүк тиеу машинасын басқару кезінде жүргізуші жан-жағына мұқият қарауы керек, себебі жүргізушінің жолында әртүрлі кедергілер (құбыржолы, сымдар тәрізді жүк іліп кетуі мүмкін жер бетінде тұрған кедергілерді қоса алғанда) пайда болуы мүмкін.
Бұрылуды, артқа қарай жүруді немесе тұрақтау орнына тұруды орындау кезіндежүк тиеу машинасын басқару аз жылдамдықта орындалуы тиіс.
Тұрақтау орнына тұруды көлік құралдары арасындағы қашықтық жеткілікті болатындай етіп орындау керек.
Жүк тиеу жұмыстарын орындар алдында жүктің салмағын, ауырлық орталығын, жүк өлшемін, бекітудің сенімділігі және т.б. тексеру керек.
ЖҮК КӨТЕРГІШ ІЛМЕКТЕРІН ТЕКСЕРУ
Қауіпсіз жөндеу
Операторлар ешқашан кран ілмегін өзгертумен немесе жөндеумен айналыспауы тиіс; білікті персонал ғана кран ілмегін өзгертумен немесе жөндеумен айналыса алады.
Қауіпсіз алу
Кран ілмегі келесі жағдайда жарамсыз және пайдалануға жіберілмейді:
таңбалау жапсырмасы жоқ немесе зақымдалған;
өзегі жыртылып сыртқа сығылған;
рұқсат етілген орам қадамға үзілген сымдардың мөлшері көп;
арқан диаметрі 40 % кішірейген;
арқандағы езілген учаскелер, ширатып оралу, сынулар мен басқа да механикалық зақымдар;
Коуштардың деформациялануы немесе тозуы бастапқы қима мөлшерін 15% азаюына әкелді;
Сығымдалған төлкесінде жарықшақтар бар немесе алғашындағы мөлшернен 10% өзгерген;
Арқан өрулерінде немесе төлкелерінде ығысу бар;
Өрме немесе басқа қорғаныш элементтері зақымдалған немесе жоқ болған жағдайда;
Ілмектердің сақтандырғыш құлпы жоқ болған жағдайда;
Шынжырлы жүк ілмек келесі жағдайда жарамсыз деп таныладны:
буын тізбектерінің үзілуі;
ілмектер майыспаған ілмектің бетінен кем дегенде 10 градусқа майысқанда;
буын тізбектері алғашындағы мөлшернен 3% ұзаруы;
буын тізбектері қимасының тозу салдарынан диаметр 10% аса азаюы;
ілмектер мен сақиналарда жарықтардың болуы немесе олардың бастапқы қимадан 10 % аса тозуы.
АРНАЙЫ ТЕХНИКА
Жылдамдық және қозғалыс:
Кіретін және жүретін жолында жылдамдықтың аталған барлық шектеулерін және техниканың қозғалыс схемаларын сақтаңыз. Жылдамдық режимінің бұзылғаны туралы дереу хабарлаңыз;
Ауа райы жағдайы мен жолдың жағдайы авариялық жағдайдың болу ықтималдығын ұлғайтса, жылдамдықты азайтыңыз;
Үлкен, әсіресе жүк тиеген машиналар мен автожүк тиегіштерге жол беріңіз;
Қалған жүргізушілер мен операторлардың сізді көріп тұрғанына көз жеткізіңіз. Сигналдық шамды, қолмен сигнал беруді немесе байланысқа арналған радио жабдығын пайдаланыңыз және растауды алмай, өтуге тырыспаңыз;
Алдыңызда келе жатқан техникаға тым жақын жүрмеңіз;
Ешқашан қарқынды көлік қозғалысы бар жерде және үйлер тығыз салынған және қозғалыс іркілісі бар аудандарда көлік құралыңызды тұраққа қоймаңыз.
Жабдықпен жұмыс істеу:
Көлік құралымен жұмыс істеу алдында оны немесе оның кез келген бөлігін қауіпсіздік техникасының бұзылу мәніне қарап тексеріңіз. Алдын ала тексеруді жүргізіп, әрбір жұмыс ауысымынан кейін оператордың есебін толтырыңыз;
Жағдайы қауіпсіз емес немесе өрт сөндіргішпен жарақталмаған машинаны басқармаңыз;
Әрқашан кез келген көлік құралында немесе техникада қауіпсіздік белдігін тағыңыз. Егер қауіпсіздік белдігі зақымдалса немесе жұмыс істемесе, бұл туралы дереу хабарлаңыз;
Жүргізу кезінде қауіпті жағдайлардан аулақ болыңыз – мұқият болыңыз және бақылауды жүзеге асырыңыз.
Жолаушылар:
Ешқашан ешкімге техникаңыздың бір жағынан жүруге рұқсат етпеңіз;
Адамдарды фронталдық жүк тиегіштер шөміштерінде адам тасымалдамаңыз және бекітілмеген шөмішпен жұмыс жүргізуге рұқсат етпеңіз.
Техникада немесе оның айналасында жұмыс істеу:
Шөміш, қайырма немесе басқа да аспалы жабдық ілінген қалпында болса, машинаны ешқашан да қараусыз қалдырмаңыз;
Егер платформалар, шөміштер, айыр ұстағыш пен т.б. қарап тексеру немесе жөндеу үшін көтеріліп тұрса, оларды қозғалмау үшін бұғаттаңыз;
Міндетті түрде техниканы орнату алдында оператормен визуалдық байланысты орнатыңыз.
МОБИЛЬДІ ЭЛЕКТРОГЕНЕРАТОР
Негізгі қауіп-қатерлер :
Генераторды дұрыс пайдаланбау немесе кездейсоқ қосылған электр жүйелері электр тогынан жарақат алуға әкеп соғуы мүмкін;
Газ шығатын құбыр тұншықтырғыш газбен улануға әкеп соғуы мүмкін;
Отынды дұрыс құймау және дұрыс сақтамау өрттің себебі болуы мүмкін. Ешқашан отынды үй-жайда сақтамаңыз.
Қауіпсіздік техникасы
Тасымалдау немесе пайдалану кезінде зақымдалған немесе әлсіреген жылжымалы генераторлардың отын құбырларын зерттеңіз;
Генераторды ылғалдан сақтаңыз;
Жылжымалы генераторларды өндірушінің нұсқаулығына сәйкес және қауіпсіздік техникасын сақтай отырып ұстаңыз және пайдаланыңыз;
Егер генератор ауыспалы ажыратқыштармен жарақталмаса, ешқашан генераторды үй-жайдың (үйдің, офистің немесе трейлердің) электр жүйесіне тікелей қоспаңыз (мұндай қосу қосымша жұмысшылардың токпен зақымдалу қаупін тудырады);
Әрқашан өндірушінің өткізгіштерін пайдаланып, электр жабдығын тікелей генераторға қосыңыз. Қуатты жерге тұйықталған ұзартқыштарды (үш тісті аша) пайдаланыңыз;
Жерге тұйықталу ажыратқышын өндірушінің пайдалану бойынша басшылыққа алынатын құжатты қолданыңыз;
Құю алдында генераторды өшіріңіз.
Тұншықтырғыш газбен улану
Тұншықтырғыш газдың (CO) түсі, иісі жоқ және ол улы газ болып табылады. Көптеген адамдар генератордың нашар желдетілетін бөлмеде орналасқандықтан, тұншықтырғыш газбен уланудан қаза болды.
Ешқашан жабық үй-жайларда генераторды пайдаланбаңыз;
Генераторды кіретін есіктің, терезелердің немесе вентиляциялық тесіктердің сырт жағында орналастырмаңыз;
Егер сізде немесе басқа адамдарда тұншықтырғыш газбен улану симптомдары пайда болса (бас айналу, бас ауруы, жүрек айну, шаршау), дереу таза ауаға шығып, медициналық көмек сұраңыз.
ҚЫСЫП ҚАЛУ ОРЫНДАРЫ
Қысылып қалу орындары – дене бөліктерінің жабдықтың немесе құрал-саймандар бөліктерінің арасына қысылып қалу немесе басылып қалу тәуекелі анағұрлым жоғары орындар.
Қол аспаптарымен, күштік жабдықпен жұмыс істеу, тиеу-түсіру жұмысы – міне оларды орындау кезінде қысып қалу қатері туындайтын қызмет түрлерінің толық емес тізімі. Қысып қалудың салдарлары әртүрлі болуы мүмкін: қысқыштармен дұрыс жұмыс істемеу нәтижесінде пайда болатын күлбіреулерден бастап, денсаулыққа орны толмас зиян келтіретін органдардың басылып қалуымен байланысты өте ауыр жарақаттармен аяқталуы мүмкін.
Жұмыстарды жүргізудің қауіпсіз әдістерін қолдана отырып, сіз өзіңізді және өз әріптестеріңізді қысып қалумен байланысты жарақаттанудан қорғай аласыз. Жұмыстарды орындау кезінде бірнеше мынадай кеңестерді ескерген дұрыс:
Машиналық жабдықпен жұмыс істегенде:
Машинаның қозғалыстағы элементтерінің қорғағыш бөгеулерінің немесе қаптаманың болуына көз жеткізу керек.
Жабдық барлық қажетті құлыптармен және жапсырмалармен жабдықталмағанша қорғағыш қаптаманы алмаңыз.
Жабдықты жөндеуді немесе техникалық қызмет көрсетуді аяқтап, барлық алынған қорғағыш айлабұйымдарды бұрынғы орнына қою керек.
Тиеу-түсіру жұмыстары кезінде
Көтеру жұмыстары кезінде қол жүк пен ілмек арасында қысылып қалмауын қадағалау керек.
Қол мен аяқ жүктердің арсында немесе жүк астында қалмауын қадағалау керек.
Қысылып қалу салдарынан сіз немесе сіздің әріптесіңіз жарақат алмау мақсатында өз әріптесіңізбен жұмыс барысын келісіңіз.
Қол аспаптарымен жұмыс істеу
Аспаптар алдағы жұмыс түрлеріне сай келуі үшін аспаптарды дұрыс таңдаңыз.
Егер аспаптың жағдайы кенеттен өзгеретін жағдайда қол мен саусақтарды соққы алатындай жағдайда ұстамау керек.
Әрқашанда қауіпсіз әрі бақыланатын жағдайларда жұмыс істеңіз.
ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ
Сақтық шаралары:
Учаскеңіздегі жоғары кернеулі желілердің орналасқан жерін білуіңіз керек және олардан алыс емес жерде олармен жұмыс істегенде сақ болыңыз;
Егер жоғары кернеулі желілер дұрыс жұмыс істемесе, мысалы, олар салбырап қалса немесе орнында болмаса (бұл олардың жерде жатқанын білдіруі мүмкін), сақ болыңыз;
Ғимараттардың немесе өлшеу станцияларының жанындағы, қойма аумағындағы, кез келген жарықтандырылған аумақтағы немесе крандар мен аспалы платформалардың (ағаштардың) жанындағы жоғары кернеулі желілердің күйін тексеріңіз;
Жоғары кернеулі желілерге жақындағанда, машиналық аспалы жабдықтың ең шеткі жақта тұрғанына көз жеткізіңіз. Егер сенімді болмасаңыз, тоқтап, оған көз жеткізіңіз.
ГАЗ БАЛЛОНДАРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ
Газ баллондарын сақтау кезінде белгілі бір талаптарды орындау керек. Пайдаланылмайтын газ баллондарының құлап қалуына немесе аударылып кетуіне жол бермеу үшін оларды сенімді түрде бекіту керек.
Газ баллондарын сақтау тікелей күн сәулесінің немесе басқа жылу көздерінің тікелей түсуін болдырмау үшін төбесі жабылатын арнайы бөлінген орындарда жүзеге асырылуы тиіс. Сақтау кезінде газ баллондары сенімді түрде бекітілуі тиіс.
Газ баллондарын сақтау құрғақ орында, су жиналмайтын жерде жүзеге асырылуы тиіс. Баллонды жерде сақтауға болмайды, оларды түптабанда немесе плиталарда сақтау керек.
Баллондарды тасымалдау және сақтау кезінде вентиль қалпақшамен жабылған болуы керек
Баллондарды тасымалдау кезінде сақ болу керек. Баллондарды дөңгелетуге немесе жүк машинасының шанағына лақтыруға тыйым салынады. Айырлы тиегіші жүк машинасымен тасымалдау кезінде баллон корпусының зақымдануын болдырмау үшін оларды жүк тиеу машинасына сенімді түрде бекіту керек.
Баллондарды тексеруді жұмыс орнында жүзеге асыру қажет және баллон корпусында ақаулықтардың болмауына, атап айтқанда сызаттардың, баллонның ісінуінің болмауына көз жеткізу керек.
Редукторларға, вентильдерге және шлангтарға қандай да бір жөндеу жұмысын жүргізуге қатаң тыйым салынады.
Баллон корпусында сызат байқалғанда немесе баллон ісінгенде, бұл жайында дереу өзіңіздің басшыңызға және техника қауіпсіздігі бөлімінің қызметкерлеріне хабарлаңыз.
Егер сіз газ баллонның жұмысшы күйде екендігіне көз жеткізбесеңіз, оны пайдаланбаңыз және бұл жайында өзіңіздің басшыңызға немесе газ баллондарының жай-күйі үшін жауапты тұлғаға хабарлаңыз.
ХИМИКАТТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ
Химикаттармен жұмыс істеу кезінде заттың уыттылығы, реактивтілігі, от қауіптілігі және жарылғыштығы негізгі қауіпті факторлар болып табылады. Химиялық заттар дұрыс пайдаланылмағанда жарақат алу, өрт немесе жарылыс пайда болу қауіпі пайда болады
Әртүрлі химиялық заттармен жұмыс істегенде, әртүрлі қорғаныс құралдары қолданылады және қауіпсіздік техникасы бойынша әртүрлі шаралар сақталады. Сіз өзіңіз жұмыс істейтін химикаттармен қауіпсіз жұмыс істеу жөніндегі талаптарды білетіндігіңізге көз жеткізіңіз.
Жұмыстарды жүргізудің бірқатар қауіпсіз әдістері бар, химикаттармен жұмыс істеу кезінде оларды сақтау керек:
Химикаттарды үйлесімдігі жоқ материалдардан оқшау түрде, тығыз жабылатын контейнерлерде, бөгде тұлғалардың қол жетімділігін болдырмайтын жерлерде сақтау керек;
Химикаттары бар сыйымдылықтарға тиісті сақтандырушы жазбалар, белгілер енгізілген болуы тиіс және сыйымдылықта қандай химикат бар екендігін айқын көрсететін арнайы биркалар болуы тиіс;
Жаңа химикатпен жұмыс істеуді бастар алдында материалдың қауіпсіздік сипаттамасымен (MSDS) танысқан дұрыс;
Осы химиялық затқа арналған жеке қорғаныс құралдарын дұрыс таңдай білуіңіз керек;
Заттың төгіліп кету немесе химиялық әрекет етуі қарастырылған жағдайларда, апаттық жоспалар мен рәсімдердің болуына көз жеткізіңіз.
Зиянды заттармен жұмыс істейтін әрбір қызметкер көзді жууға арналған апатты себезгілердің және станциялардың орналасқан орнынан хабардар болуы тиіс.
МОНТАЖ (ҚҰРАСТЫРУ, ЖИНАСТЫРУ)
Монтаж (құрастыру, жинастыру) бір қарағанда арнайы дағды мен әдісті керек етпейтін жеңіл процедура. Көптеген адамдар саусақтары мен қолдарын, немесе ауыр жарақаттардан зардап шекті, себебі олар МОНТАЖ.дың не екенін білеміз деп ойлады.
Жұмыста жарақаттан сақ болу үшін мына ережелерді сақтаңыз:
Белгілерді дұрыс қабылдаңыз. Бригаданың бір мүшесін белгі беруге қойып, кранды жүргізушіні тек қана соның берген белгілеріне қарауға нұсқау беріңіз. Белгі беруші бригаданың әрбір мүшесі өзінің жұмысқа дайын екендігін білдіріп хабарламайынша, жүкті қозғалтуға белгі беруіне болмайды. Бригаданың әрбір мүшесі «барлығы дайын» деген белгіні белгі берушіге хабарламастан бұрын өзі жұмысқа дайын болуы керек.Егер Сіз шынжырды, арқанды немесе чокерді ұстап тұрып, оның керілуін сақтағыңыз келсе, онда дайын екендігіңізді білдіретін белгіні берместен бұрын, Сіздің қолыңыз бен аяғыңыз жүкпен қысылып қалмайтындай жерде екеніне толық көз жеткізіңіз. ЭЛЕКТРҚОРЫНЫҢ ӘУЕ ТОРАПТАРЫН ӘРДАЙЫМ ТЕКСЕРІҢІЗ.
Сіз қолыңызды қорғаңыз. Егер шынжырды, арқанды немесе чокерді босатуға мүмкіндік болмаса, онда қолыңыздың қысылып қалмауын қарастырыңыз. Қырылған сым немесе тікен Сіздің қолғабыңызға ілініп қалып, Сіздің қолыңызды қысып қалатын жерге тартып әкетпес үшін қолыңызды жеткілікті қашықтықта ұстаңыз.
Жүктен қашық тұрыңыз. Жоғары ілулі тұрған жүктің астына ешуақытта тұрмаңыз. Жүк кранының ілмегінен қашық болыңыз.
Жүкті абайлап қойыңыз. Егер жүкті бағыттағыңыз келсе, ілмегі бар темір арқанды немесе ілмектің өзін пайдаланыңыз. Егер Сіз жүкті тасымалдасаңыз, онда оны жерге барынша жақынырақ ұстаңыз. Жүкті қоятын жерді қарап, тексеріңіз. Жүкпен соқтығысып қалып, ұшып кетулері мүмкін керек емес бекіту ағаштарын және басқа нәрселерді жолдан алып тастаңыз. Жүкті төменге түсірерде немесе қоярда өзіңіздің аяғыңызды және денеңіздің басқа бөліктерін жүктен қашық ұстаңыз. Жүкті төменге жайлап және ұқыпты түсіріңіз. Егер ол ағаш томардың үстімен сырғанап кетсе, ол жай қозғалады да, Сіз оның жолынан басқа жаққа шығып кете аласыз.
СІЗДІ ЖӘНЕ БАСҚАЛАРДЫ ЖАРАҚАТ АЛУДАН САҚТАНДЫРУ ҮШІН ҮЗДІКСІЗ ҰЖЫМДЫҚ ЖҰМЫС КЕРЕК.
ПІСІРУ МЕН ДӘНЕКЕРЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
Пісіру мен дәнекерлеу жұмыстары алдында әрқашанда өрт қаупін тексеріңіз. Аумақтағы ағаш, қағаз және басқа тез тұтанатын заттарды жинастыру қажет. Кесу мен пісіру жұмыстары жүретін жерде жанатын сұйықтар болса, онда өзіңіздің басшыңызбен алдын ала келіспей жұмысты бастамаңыз. Егер Сіз отқа қауіпті материалдармен жұмыс жасайтын болсаңыз, онда өрт сөндіргіш, суы бар шелек, өрт сөндіру түтігі немесе құмы бар шелек қол астыңызда болсын. Мүмкін, шыққан ұшқындарды сөндіру үшін өрт сөндіргіші бар жұмысшыны қасына қою керек болар.
Егер Сізге жанғыш сұйығы не газы бар кезкелген ыдыс немесе үлкен ыдысты пісіру не кесу керек болса, онда жұмысты ресми тексеру жақын маңда қауіпті буланулар жоқ екенін дәлелдегенге дейін бастамаңыз. Егер біреу болмаса біреу осы үлкен ыдыс алдын ала тексерілді дегенге сенбеңіз. Сіз жұмысты бастар алдында тексеру өткізуге көндіріңіз.
Пісіру мен кесу жұмыстары кезінде жақсы желдету болуы тиіс. Пісіру мен кесу жұмыстарының нәтижесінде жоғары концентрациялы буланулар пайда болады, сондықтан да жақсы желдету Сізді қауіптен қорғайтын ең алғашқы әдіс. Егер Сіз жұмыс орнындағы желдетудің жеткілікті екеніне күмәндансаңыз, онда Өзіңіздің басшыңыздан сұраңыз. Пісіру мен кесу жұмыстарын кішкентай бөлмеде немесе үлкен ыдыстың ішінде немесе басқа жабық кеңестікте жүргізбеңіз.
Пісіру мен кесу жұмыстары кезінде көзді қорғау қажет. Және осындай жұмыстар кезінде бетті толықтай қорғау керек. Жұмыс киіміңіз Сіздің орындайтын жұмысқа лайықты болуы тиіс. Қорғау көзілдірігі Сіздің көзіңізді ұшқыннан, металл сынықтарыннан, сонымен бірге пісіру жабдықтарының ыстық лебінен күюден сақтайды.
Сіз Егер көзіңіз бен бетіңізді қорғау жөніндегі ережелерді сақтасаңыз, онда пісіру мен кесу жұмыстары кезінде ешқандай жарақат алмайсыз.
Осындай жұмыстарды орындауға жанғыш газдар, булар және қатты заттар жиналған жерлер кейбір жағдайларда өрт немесе жарылыс болуы мүмкін себепті қауіпті деп есептелінеді. Ықтимал газ қоры бар мұнай қондырғылары бар қауіпті аймақтарында кезкелген пісіру мен кесу жұмыстары арнайы рұқсат берілгеннен кейін ғана жүргізілуі тиіс. Бақылаудың осындай жүйесі қауіпсіздіктің белгілі шараларына ұйғарым беріп, оған сәйкес болуын қадағалайды.
Соңында, жабдықтар мен материалдарды дұрыс жұмыс күйінде сақтап және сол жұмысқа қажетті жабдықтарды ғана пайдалану керек. Егер Сіз жабдықтар жөнінде қам жесеңіз, олар да Сіз пісіру мен кесу жұмыстарын орындағанда қамқор болады.
БЕТОН ЖӘНЕ АРМАТУРА
Бетонмен жұмыс істегенде, Сізге жұмыспен байланысты қауіпті факторлар мен сақтық шараларын есте сақтаған жөн.
Қауіпсіздік бойынша пайдалы ұсынымдар:
Бетонмен жұмыс істегенде үнемі биялайды, көзді қорғау құралары мен жеке қорғау құралдарын пайдаланыңыз;
Бетон теріге тигенде оны мүмкіндігінше тез жуып кетіріңіз;
Егер Сіз жұмыс бетінің деңгейінен бес футтан астам биіктікте болсаңыз, қабырғаға күшейткіш арматураны орнатып, бекіткен кезде, үнемі сақтандыру белдігін, сақтандыру арқанын немесе осы секілді басқа да құлаудан қорғау құрылғысын пайдаланыңыз;
Ешқашан тікелей шығып тұрған арматуралық профильдің үстінде жұмыс істемеңіз. Қызметкерлерді құлаған жағдайда жарақаттан қорғау үшін арматураның үстіңгі бөлігін жауып немесе бүркеп қойыңыз;
Механикалық жабдықты пайдаланған кезде Сіз қолыңызды басқару тұтқаларынан алғанда, бақылау ауыстырып-қосқыштардың автоматты түрде ажыратылғанына көз жеткізіңіз. Басқаруды өшірумен болдырмау үшін бекіту құрылғыларын немесе басқа да аспаптарды пайдаланбаңыз;
Ешқашан бетон үлестіргіш шөмішінде жүрмеңіз;
Тиегіш кранға немесе кран қауғасына ілінген бетон үлестіргіш шөміштің астында ешқашан жұмыс істемеңіз;
Бетонды еңісте түсірген кезде бетон тасығыш доңғалақтарының бұғатталғанына және қозғалысты болдырмау үшін тежеудің өшірілгеніне көз жеткізіңіз;
Барлық қол және автоматты жабдық пайдалану алдында тексеріліп, қауіпсіз жұмыс күйінде болуы тиіс. Барлық сынған жабдықты ауыстырыңыз немесе жөндеңіз.
БӨЛШЕКТЕУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК
Жеке қорғау құралдарын пайдаланыңыз
Сәйкес келетін Жеке қорғау құралдарын пайдаланыңыз;
Пайдалану алдында Жеке қорғау құралдарын тексеріңіз.
Жұмысыңызды мұқият жоспарлаңыз
Сыртқы қабырғалар мен еденді үстінен бастап төмен қарай бөлшектеңіз;
Қандай да бір беттегі қабаттар жылжытылғанға дейін осындай бетте орналасқан конструкцияның базалық немесе ұстайтын элементтерін кеспеңіз және қозғамаңыз;
Қабырғаларды бөлшектегенге дейін барлық үстіңгі ернеулерді немесе басқа да сәндік тас құрылыстарын алып тастаңыз;
Тіреулерді, бекіткіштер мен басқа да сенімді тәсілдерді қолдану арқылы қауіпті жойғанға дейін конструкциялардың бұзылу қаупі бар жерде ЕШҚАШАН жұмыс істемеңіз;
Барлық баспалдақтарды, өтпелерді, сатыларды тексеріңіз және барлық баспалдақ алаңдарын жарықпен қамтамасыз етіңіз;
Барлық электр қуатын, газды, суды, буды, кәріз бен басқа да коммуникацияларды ажыратыңыз немесе жабыңыз, сондай-ақ тиісті коммуналдық қызметтерге хабарлаңыз;
Бөлшектенген материалдарды жерге тастау үшін контейнердің түсіру жағында ысырмалары бар қоса тіркелген жаймаларды немесе қалдықтарға арналған жәшікті пайдаланыңыз.
ЖЕР ҚАЗУ ЖҰМЫСТАРЫ
Сіздің ауданыңызда жерасты коммуникацияларды айқындау үшін не пайдаланылады? Құбырларды түспен маркалау құрылыс ауданындағы жерасты коммуникацияларды айқындаудың неғұрлым тараған тәсілдерінің бірі болып табылады, бұл экскаваторлық жұмыстар кезінде зақымдауды болдырмауға мүмкіндік береді. Сізге жер астында және үстінде қауіпсіздікті қамтамасыз еткен жөн. Мында жер немесе траншеялық жұмыстар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша пайдалы кеңестер көрсетілген:
Жұмыстар басталғанға дейін:
Сіз жұмыс істеуді жоспарлаған бүкіл аумақтағы желілерді және басқа да ықтимал қауіп-қатерлерді белгілеу және маркалау үшін жер жұмыстарын бастағанға дейін әрқашанда жауапты қызметкерлермен кеңесіңіз;
Жерасты коммуникациялық желілердің болуының ықтимал белгілерін айқындаңыз (мысалы, ілмекті арматура, люктер және т.б.);
Сіз пайдаланатын жабдықтың қуаттары туралы біліңіз керек;
Жабдықтың дайын екендігіне және пайдалану үшін қауіпсіз екендігіне көз жеткізу үшін жабдықты жан жақтан тексеріңіз;
Істеріңізді жұмысты бастағанға дейін жоспарлаңыз және Сізде желі зақымдалған жағдайға авариялық жоспар болу керек;
Сізде жұмыстардың сипаты туралы түсінігіңіз болу керек – жұмыс үшін айтарлықтай үлкен, бірақ Сіз пайдаланатын жабдықпен жұмыс істеу үшін жеңіл болатын жылжымалы траншеялық бекіткіштерді пайдаланыңыз.
Ең алдымен қауіпсіздік:
Траншеялық жұмыстар кезінде жылжымалы траншеялық бекіткіштерді пайдаланыңыз;
Әрқашанда кергілерді орнатыңыз және ЕШҚАШАН кергілерді аралықтан алмаңыз;
Материалдарды траншея борттарының жанында сақтамаңыз;
Траншеяға қол жеткізу және одан шығу құралдарын қамтамасыз етіңіз;
Әрқашан ЖҚҚ пайдаланыңыз;
Сізде жерасты коммуникациялар үшін қолданылатын айқындау әдісі туралы түсінік болу тиіс.
Ойлану үшін сұрақтар:
Коммуникациялық желілер айқындалды ма? Егер айқындалса, ол қалай жүргізілді? Болмаса, қашан айқындалады?
Сізде жоспар бар ма? Сіз жұмысыңызбен байланысты қауіп-қатер факторларының барлығын білесіз бе?
Жерасты коммуникациялар зақымдалған жағдайда Сіз қандай шара қолданасыз?
БИІКТІКТЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ
Биіктіктен құлау жарақаттану мен өлімнің негізгі себебі болып табылады. 1,3 м немесе одан жоғары биіктіктен құлау қаупі болған жағдайда, биіктікте жұмыс жүргізу тәртібіне сәйкес құлаудан қорғау құралдарының бар болуын және оның пайдаланылуын қамтамасыз ету керек.
Жұмыстың алдында ауа райын жағдайын (мұз, қар немесе күшті жел) еске алу керек. Құрылыс мінбелері мен сатыларды пайдаланар алдында оларды пайдалану қауіпсіздігіне көз жеткізу керек;
Аяқбасқыштар тірек ретінде емес, ең бірінші кезекте қол жетімділік құралы ретінде пайдаланылуы тиіс;
Аяқбасқышпен көтерілер немесе түсер кезде екі қол бос болуы тиіс;
Құрал-саймандар мен материалдар иыққа немесе белдікке ілінетін сөмкеде тасылуы тиіс немесе оларды кейін көтеруге болады;
Аяқбасқыштар орнатылған соң, бірден оны төменгі және жоғарғы жағынан бекіту керек;
Аяқбасқыштарды пайдалану кезінде үш жанасу нүктелерін еске алу керек;
Жанама қойылатын сатыларды тірек ретінде пайдалануға болмайды, себебі олар тұрақты емес;
Құрылыс мінбелері олар пайдаланар алдында мұқият тексерілуі тиіс. Құрылыс мінбелерінде жұмыс істейтін әрбір жұмысшы жұмыс басталар алдында құрылыс мінбелерінде ешқандай өзгерістің жоқ екендігіне көз жеткізуі керек;
Құрылыс мінбелерін көтеру кезінде құлаудан қорғайтын құралдарды пайдалануыңыз керек екендігін ұмытпаңыз;
Биіктікте жұмыс істеген кезде басшылар қауіпті факторларды анықтауы керек, сондай-ақ биіктікте жұмыс істеген кезде құлауды болдырмау үшін орындалатын жұмыстың түріне сай келетін әдістерді таңдауы керек.
ҚҰРЫЛЫС МІНБЕЛЕРІ
Құрылыс мінбелерінде жұмыстарды қауіпсіз орындау. Құрылыс мінбелерінде жұмыс жүргізуге еңбек қауіпсізідгі қағидалары бойынша қажетті оқуды өткен, биіктікте жұмыс жасауға рұқсаты бар білікті жұмысшылар болуы тиіс.
Құрылыс мінбелерін пайдалану қағидасы туралы нені білу керек?
Бирканың болуы;
Мінбелер қашан соңғы рет тексерілді?
Тақтайлардың жағдайы?
Барлық платформа бойынша қатынаудың болуы (баспалдақ және т.б.)
Мінбелердің максимум салмағы қандай?
Сіз көтергіңіз келетін заттардың максимум салмағы қандай ?
Мінбелердің тегістігі?
Негіздеменің жағдайы (топырақтың жағдайы). Жұмыс деңгейлері тақтамен толықтай жабылған ба? (1 см-ден артық аралық болмауы тиіс)
Құлап кетуден сақтандырғыш қорғаныс құралдарының қажеттілігі бар ма?
Тақтайлар рамадан шығып кете ме?
Барлық ашық учаскелерде сүйеніштер мен білеулердің болуы
Сіздің басшыңызға кез келген жарамсыздықтар немесе былқылдаған ағаш туралы хабарлаңыз.
Рұқсат етілмейді:
Қатты жел болған кезде мінбелерде жұмыс істеуге болмайды.
Сүйенішке отыруға немесе сүйеніп тұруға болмайды.
Мінбелерде қоқыс қалдыруға болмайды.
Мінбелерден бірнәрсені лақтыруға болмайды.
Мінбелерде электр аспаптарын мұқият пайдаланыңыз.
Қар немесе мұз жамылған платформаларда жұмыс істеуге болмайды.
Платформаны материалмен артық жүктеуге болмайды.
Сатылармен мұқият көтеріліңіз:
Көтерілгенде немесе төмен түскенде әрқашан сатыларға қараңыз.
Екі қолмен ұстаңыз.
Сатымен көтерілгенде материалдарды қолмен апаруға болмайды.
Бір қолмен әрқашан сатыны берік қып ұстау керек.
САТЫЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК
Төменде бірнеше кеңестер берілген, олар сіздің сатыны қауіпсіз пайдалануыңыз үшін қажет болады:
Сатыны пайдаланар алдында, аяқбасқыштардың немесе таяныштардың сынуы тәрізді ақаулықтардың бар-жоқтығына инспекция жасау керек. Егер ол жылжымалы саты болса, онда шкивтердің, арқансымдардың және бекітпелердің аса тозбағандығына көз жеткізіңіз; Сондай-ақ табан тірегіштердің және аяқбасқыштардың сырағанағыш емес екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қандай да бір ақаулықты байқасаңыз, жазьақағаз ілу керек те, оны пайдаланудан алып тастаңыз;
Сатыны орнату кезінде орнатылатын жердің тегіс әрі қатты екендігіне көз жеткізіңіз. Сатыны лас әрі сырғанағыш жерге орнатпаңыз, әйтпесе сіз құлау қаупіне ұшырауыңыз мүмкін. Сатының биіктігін арттыру үшін қандайд бір материалдарды пайдаланбаңыз. Егер ол жеткілікті түрде биік болмаса, демек сіз қажет сатыны дұрыс таңдамағансыз;
Саты тірек нүктесінен кем дегенде 1 метр биіктікке жетуі тиіс және сол нүктеде жақсы бекітілуі тиіс;
Жылжымалы сатыны пайдалану кезінде, 1:4 қағидасын сақтаңыз. Бұл дегеніңіз егер сіз ұзындығы 4 метр сатыны пайдалансаңыз, онда оның табаны мен жар арасындағы қашықтық 1 метр болуы тиіс;
Сатымен көтерілер немесе түсер кезде сатыға қарап көтеріліңіз немесе түсіңіз, бұл ретте жақсы ұстау үшін сіздің қолдарыңыз еркін болуы тиіс. Егер құрал-сайманды көтеру немесе түсіру керек болса, онда беліңізге сөмке байлауыңыз қажет немесе сатымен жоғары шыққан соң, арқанның көмегімен көтеру керек;
Үш нүкте қағидасын әрқашан есіңізде ұстаңыз. Кем дегенде екі қолыңыз және бір аяғыңыз немесе екі аяғыңыз және бір қолыңыз сатыға тірелуі тиіс;
Сатының бүйірлік таяныштарын пайдаланыңыз. Ол сіздің құлап қалу немесе тайып кету ықтималдылығын азайтады;
Тура немесе жылжымалы сатыларда жоғарыдан бастағанда 3-ші басқыштан жоғары көтерілмеңіз немесе жиылмалы басқыштарда жоғарыдан бастағанда 2-ші басқыштан жоғары көтерілмеңіз.
Жоғарыда аталған қағиданы басшылыққа алсаңыз, сіз сатымен жұмыс істеу кезінде жарақат алу ықтималдылығын азайтасыз. Сіз өз өміріңізді сақтайтындығыңызды ұмытпаңыз!
ЖАЯУ Жүргіншілер мен жұмыс жолдары
Тазалық
Барлық жұмыс орындары, дәліздер, қоймалар, қызметтік жайлар тазалықта және тәртіпте күтіп ұсталуы тиіс, санитарлық шарттарға сай келуі тиіс.
Әрбір жайдың едені әрқашан таза және мүмкіндігінше құрғақ болуы тиіс. Егер еден дымқыл болған жағдайда, құрғатқыш жүйесі болуы тиіс, сондай-ақ торлар, кілемшелер немесе биік платформалар болуы тиіс.
Еденде, жұмыс орындарында және дәліздерде шығыңқы шегелер, жаңқалар, сынықтар, тақтайлар болмауы тиіс.
Эвакуациялау жолдары
Эвакуациялау жолдары. Аралықтар және дәліздер қоршалмаған болуы тиіс, шығу жолы еркін ашылуы тиіс, онда қауіпсіз эвакуациялауға үшін кедергі жасайтын қандай да бір материалдар мен жабдықтарды қоймалау, қауіп-қатер төндіретін ешқандай қоршаулар болмауы тиіс.
Эвакуациялау жолдарыда тиісті белгілеулер болуы керек.
Шатырлар және қоршаулар
Шатырлар және/немесе қоршаулар персоналды ашық шұңқырлармен, жыралармен, оржолдармен және т.б. байланысты болатын қауіп-қатерден қорғайды.
Құрылыс мінбелерінің көтергіш қабілеті
Номиналь жүктеме шектері тақтайшаларда көрсетілуі және көрінетін жерде орналасуы тиіс.
Құрылыс мінбелерге, шатырларға немесе басқа конструкцияға жүктеменің салмағынан асып кететін жүктерді орналастыруға немесе қоюға тыйым салынады.
Құлаудан қорғау
Стандартты тұтқалар сатының ашық екі жағынан орнатылуы тиіс.
Биіктігіне қарамастан, қауіп-қатер төндіретін жабдықтар астында немесе жанында болатын қоршалмаған беттер, платформалар стандартты сүйеніштермен және төсеніштермен жабдықталған болуы тиіс.
Әрбір сатыда, 4 немесе одан артық басқыштары бар сатыда стандартты тұтқалары болуы тиіс.
СЫРҒАНАУ, СҮРІНУ ЖӘНЕ ҚҰЛАУ
Сырғанау. Сырғанау аяқ киім мен үстіңгі бет арасындағы үйкелістің болмауынан туындайды. Сырғанау себептері:
Дымқыл және майлы бет;
Төгілген сұйықтық;
Мұз, қар және кір;
Құбылмалы үйкелістері бар беттер
Сүріну. Сүріну сіздің аяғыңыз бірнәрсеге ілініп қалғанда және тепе-теңдікті жоғалтып алғанда орын алады. Сүріну себептері:
Кедергі көруді азайтады;
Күңгірт жарық;
Сынықтар немесе ретсіздік;
Еденнің қатпарлы беті;
Кабельдер немесе сымдар.
Тазалық және тәртіп
Төгілген және дымқыл жерлерді белгілеңіз, оларды тазалаңыз
Еденді швабрамен жууыңыз және жолдағы кедергілерді алып тастап, еденді сыпырыңыз.
Сымдарды бүркеңіз және жұмыс орнын жеткілікті жарықпен қамтамасыз етіңіз.
Сіз не істей алар едіңіз ?
Назар аударыңыз.
Сіз серуенге бейімделіңіз.
Кең орындармен жүріңіз.
Қараңғы бөлмеге кірген кезде фонарь алыңыз.
Сіз алып келе жатқан немесе итеретін заттардың кедергі жасамайтынына көз жеткізіңіз.
Жұмысты қауіпсіз орындау үшін қосымша уақыт алыңыз.
ЕСКЕРТУ: БЕЛГІЛЕРДІ ОҚЫҢЫЗ
Ескерту белгілері адамдарды сақтандырудың, хабарлаудың, ақпарат берудің ең оңай тәсілі болып табылады: «Бұл жолды айналып өтіңіз», «Жылдамдықты азайтыңыз», Сақтаныңыз төмпешік» және т.б.
Қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша сақтандыру белгілері қызметкерлерді сақтандырады, хабарлайды. Қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша сақтандыру белгілерін жұмыс алаңшасында елемеу аса қауіпті, себебі жарақаттануға алып келуі мүмкін. Олар жұмыскерлерді жұмыс орындарындағы ықтимал қауіптер туралы сақтандыруы мүмкін.
Сақтандыру белгілерінің тиімділігі олрадың дұрыс орналасуына да байланысты. Қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша белгілер қауіпті орынға барынша жақын орналасуы керек. Кейбір жағдайларда Алдын ала Сақтандыру Жүйесіне жүгіну керек. Ол үшін бірнеше белгіні бірмезгілде пайдалана отырып, қауіпті орынға барынша жақын бірінің артына бірін орналастыру керек.
Сақтандыру белгілерін орнату жұмыс берушінің міндеті болып табылады, ал сіздің міндетіңіз оны оқу әрі сақтау. Сақтандыру шараларын орындамау ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Сондықтан оларды оқыңыз, сақтаңыз, олардың мәнін түсінуге тырысыңыз.
ШҰҒЫЛ ЖАҒДАЙЛАРДА ЭВАКУАЦИЯЛАУ
Өндірістік объектілерде жұмыс істейтін барлық бригадалар шұғыл жағдайларда қалай әрекет ету керектігін білуі тиіс. Мұндай ақпарат жұмыс басталар алдында жиналыстарда басшылықпен жеткізілуі тиіс. Жұмысшылар өз кезегінде шұғыл жағдайларда қалай әрекет ету керектігін жақсы білуі тиіс, сондықтан олар өзі білмейтін нәрсенің бәрін сұрап алуы тиіс.
Дабыл туралы сирена кезінде нем есе рация бойынша шұғыл жағдай туралы хабар алғанда, қызметкерлердің барлығы келесілерді орындауы тиіс:
Жұмыс орнынан кетер алдында барлық электр жабдығын өшіру керек, егер жоғарыда жүк ілулі тұрса, оны жерге түсіру керек, сондай-ақ адам аяғы шалынуы мүмкін барлық кедергілерден жолды тазалау керек.
Алдымен адамдар жиналатын ең жақын орынды, кейіннен желдің бағытын анықтап алу керек және барлық қызметкерлер жаяу, айқай-шусыз желге перпендикуляр бағытта жиналатын орынға қарай жүру керек.
Үрейге салынбау керек және жиналатын орынға кіреберіс жерде топыр, дүрбелең туғызбау керек
Қауіп сейілгенде, бұл жайында сізге уәкілетті тұлғалар жиналу орнын тастап кетуге болатындығы туралы хабарлайды. Мұндай хабарлаусыз ешкім жиналу орнын тастап кете алмайды.
Жиналу орнын тастап кетер алдында асықпай, топырламай шығу керек.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ – СУ ҚЫСЫМЫ
Қысыммен ағылатын судың қауіпсіздікке қауіп төндіру ықтималдығы бар. Жарақат алуды болдырмау үшін мынадай іс-әрекет жасаңыз:
Жеке қорғау құралдарын (ЖҚҚ) пайдалану:
Бетіңізге арналған қорғау экраны;
Оқшауланған резеңке табандағы аяқ киім;
Қорғау киімі.
Сақтық шараларын қолдану:
Қысыммен жұмыс істейтін жуу қондырғысын ешқашан өзіңізге немесе басқаларға бағыттамаңыз;
Ешқашан жуу қондырғысынан шығатын су ағынының көмегімен объектілерді жылжытуға немесе орнынан қозғауға тырыспаңыз;
Ешқашан бензин қозғалтқышынан жұмыс істейтін жуу қондырғысын жабық үй-жайда пайдаланбаңыз;
Электр қондырғысын пайдалану кезінде жуу қондырғысының қоректендіру бауын ағынсыз судан әрі ұстаңыз; ылғалды үй-жайларда пайдалануға арналған аса қуатты ұзартқыштарды пайдаланыңыз; сондай-ақ қоректендіру бауы мен ұзартқышты жуу объектісінен және су ағынынан мүмкіндігінше алыс ұстаңыз;
Қондырғыдағы жөндеу және қызмет көрсету жұмыстарын тек қана жауапты маман жасауы тиіс;
Әрқашан пистолеттегі, құбыршек пен сорғыдағы қысымды азайту үшін пайдаланғаннан кейін тартпасын басыңыз;
Тетіктер мен электр есептеуіштерін қоректендіретін электр беру желілерінің жанында су сепкен кезде өте сақ болыңыз;
Сепкішті электр сымдары мен терезелерден алыс ұстаңыз;
Сепкіш-пистолетті ашық күйде сақтамаңыз.
СУ СОРҒЫЛАРЫ
Кеңестер:
Барлық қозғалатын бөлшектер қауіпті, әрқашан пайдалану және қызмет көрсету бойынша басшылыққа алынатын құжатты мұқият оқыңыз;
Қапталмаған бірліктердегі барлық қозғалатын бөлшектер қорғалуы тиіс, ал сорғының қабы жұмыс кезінде орнында болуы тиіс;
Ешқашан қолыңызды немесе басқа да заттарды кіру немесе шығу тесіктеріне салмаңыз
Техникалық қызмет көрсету алдында әрқашан бұғаттау/пломбалау жөніндегі нұсқауларды сақтаңыз;
Әрқашан нұсқаулықтарды сақтап, сорғыны мақсатты такелаждық жабдықпен көтеріңіз
Әрқашан сору немесе айдау құбыршектерінің көтергенге дейін ажыратылғанын тексеріңіз;
Ешқашан жанғыш сұйықтықтарды немесе қауіптілігі белгісіз сұйықтықтарды айдауға болмайды;
Әрқашан өрт қаупін есте сақтаңыз және сорғыны өрттен сақтаңыз;
Қозғалтқыштың, газ шығатын түтіктің және басқыштың лайықты вентиляциясын қамтамасы етіңіз;
Ешқашан отын багын артық толтырмаңыз;
Пайдаланғаннан кейін сорғыны әрқашан таза сумен тазалаңыз;
Жұмысты бастау алдында сорғының деңгейде екендігіне және бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
ОТТЕГІ МЕН АЦЕТИЛЕНДІ ҚАУІПСІЗ ҚОЛДАНУ
Тексеру:
Жабдықтың, оның ішінде құбыршектің, датчиктердің барлығын тексеріңіз;
Қосу алдында баллонның әрбір қақпақшасын тазартыңыз және қараңыз;
Реттегіштер мен факелдерді пайдалану алдында тексермей, ешқашан баллонның вентилін ашпаңыз.
Негізгі сақтық шаралары
Оқудан өткен қызметкерлер ғана оттегі-ацетилен жабдығымен жұмыс істей алады;
Оттегі-ацетилен жабдығын пайдалану кезінде ешқашан жұмыс аймағының жанында жанғыш материалдарды сақтамаңыз;
Қауіпті газ ағындарының және жалының кері соққысының пайда болу мүмкіндігін болдырмау үшін флэш-электр тогын ажыратқышты орнату қажет;
Ешқашан баллонның қақпақшасы ашық болғанда реттегіш алдында тұрмаңыз;
Ешқашан ацетилен немесе оттегі қосындыларына май немесе жағармай жақпаңыз.
Іс-әрекеттер:
Әрқашан факелді жағу алдында оттегі және ацетилен өткізгіштерін жеке-жеке тазалаңыз;
Оттегі желісін ашу алдында ацетиленді жағыңыз;
Баллондардың қақпақшаларын ашу кезінде әсіресе сақ болыңыз.
ТҰНШЫҚТЫРҒЫШ ГАЗБЕН УЛАНУ
Көміртек монооксиді (CO) – бұл дәмі мен иісі жоқ, оттегімен өзара әрекет ететін, қанда таратылатын түссіз улы газ. Бензиндік құралдар мен генераторларды тиісті вентиляциясыз пайдаланған кезде көп адам тұншықтырғыш газдан қаза болды.
Салдары
Жіті улану неврологиялық зақымдарға, ауруларға, кома мен өлімге әкеп соғады.
Симптомдары
Бас ауруы;
Бас айналу мен әлсіздік;
Жүрек айну мен естен тану;
Осындай кез келген симптом, әсіресе, жабық үй-жайда жұмыс істегенде пайда болған жағдайда жабдықты тоқтатып, ғимараттан.
Көмірқышқыл газ көздері:
Дұрыс вентиляциясы жоқ тасымалды генераторлар мен ғимараттың ішіндегі генераторлар;
Компрессорлар;
Жылытқыштар;
Дизель, бензин және энергетикалық жабдық.
Жарылыстардың алдын алу:
Ешқашан ғимараттың ішінде дизель, бензин және энергетикалық жабдықты пайдаланбаңыз; мүмкін болса, электр құралдарын пайдаланыңыз;
Терезенің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз;
Ғимараттың ішінде пайдаланылатын барлық жабдықтың жұмыс күйінде екендігіне көз жеткізіңіз;
Егер Сізде тұншықтырғыш газбен улану симптомдары байқалса, дереу таза ауаға шығып, медициналық көмек сұраңыз.
ЖАБДЫҚТАРҒА ЖАҚЫН ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАУІПСІЗ ЖҮРГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАҒИДАЛАР
Келесі қағидаларды сақтау қажет:
Операторлар жылжымалы құралдарды қауіпсіз тоқтата алатындай және апатты жағдайларды болдырмау үшін қатты жылдам жүргізбейтіндей жылдамдықпен басқаруы тиіс. Олар жұмыс орнында адамдар көлік құралы алдында күтпеген жерден шыға келетіндей жерлерде айрықша мұқият жүргізулері тиіс;
Жүкті жылжыту кезінде жердегі кедергілерге, әсіресе, кірген кезде немесе кіру кеңістігіне өту кезінде, сондай-ақ әуе берілісі желісі болатын учаскедегі жұмыстар кезінде назар аудару керек. Электр берілісі желісінен және аппаратурасынан болжамды саңылауды қарап тексеру талап етіледі;
Электр берілісі желісінен және жабдықтардан қауіпсіз ара қашықтықты сақтау қажет. Көлік құралдарының тербелуі мен шайқалуын, сондай-ақ сымдардың салбырап тұруы мен тербеліп тұруын да ескеру қажет. Оператор өз техникасымен материалдарға немесе басқа заттарға соқтығысуын болдырмауы тиіс;
Жылжымалы құрал операторы адамдарға жақын жұмыс істеу кезінде адамдар жұмыс істеп жатқан жерге, әсіресе олар бекітілген заттың (жүктің) алдында болатын болса, жақын келуіне болмайды, бұл ретте олар жылжымалы жабдықтар мен осы заттың арасында тұрып қалады;
Жұмысшылар болатын учаскелерге жақын ауыр техникамен кез келген жұмысты бастағанға дейін осы техниканың операторы жұмысшылармен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі, жұмысшылар осы техника болатын уақытта сақтауы тиіс қауіпсіздік қашықтығын және олардың жұмыс аумағын анықтау мен талқылау туралы жиналыс өткізуі тиіс. Қауіпсіз учаске оператор және барлық персонал ретінде оңай анықталатын қоршау таспаларының, конустарының немесе басқа белгілерінің көмегімен белгіленеді;
Тығыз кеңістікте ауыр техниканы пайдалану кезінде дұрыс бағыттарды көрсетіп тұруы үшін белгілі барлық сигналдарды пайдаланатын бақылаушы тағайындалуы тиіс.
Мүмкіндік болса, жылжымалы құралдарға жақын жұмыстардан аулақ жүріңіз !
ТҰЙЫҚ КЕҢІСТІКТЕ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ
Терминнің анықтамасы
“Тұйық кеңістікке” барлық учаскелер мен жабдықтар жатады, мұнда: желдету жүйесі зиянды заттардың қауіпті концентрациясын жоюды қамтамасыз етпейді және/немесе оттегі жетіспеушілігі болуы мүмкін, сондай-ақ орналасқан жерінің және/немесе зардап шегушіге қатынауда кіру тесігінің өлшемдерінің салдарынан және оны көшіру қиындайды.
Егер төменде аталған шарттардың бірі болса қауіпті ауа ортасы жарақатты немесе ауруды тудыруға қабілетті:
Жалындайтын будың құрамы тұтанғыштықтың төменгі шегінің (ТТШ) 2% асып кетеді.
Оттегі концентрациясы 19.5% төмен немесе 23.5% жоғары.
Күкіртті сутек концентрациясы 7 ppm (10мг/м3) асып кетеді.
Күкірт диоксидінің құрамы 0 ppm (5.2 мг/м3) асып кетеді.
Тұйық кеңістікте жұмысқа қатынау:
Тұйық кеңістікке қатынау үшін тұйық кеңістіктегі жұмыстарды жүргізуге рұқсат алу қажет.
Тұйық кеңістікте жұмысты жүргізуге тек қана тұйық кеңістікте қауіпсіздік шаралары, қажетті қауіпсіздік құралдарын қолдану бойныша оқуларды өткен білікті жұмысшы орындау қажет.
Қызметкерлер ең алдымен, әуе-тыныс алу жабдықтарын пайдаланбай жабық сыйымдылыққа кірмес бұрын, сыйымдылықтың ішіндегі жағдайлардың қауіпсіздігін анықтау үшін ауа ортасының сынамаларын іріктеуді жүргізуі қажет.
Егер тұйық кеңістіктегі жұмыс әуе-тыныс алу жабдықтарын пайдаланумен жүргізілетін болса, бақылаушыны тағайындау қажет.
“Қауіпті – Кіруге болмайды” ескертуші плакат жабық сыйымдылыққа кіру ретінде пайдаланылмайтын әрбір тар жолда ілініп тұруы тиіс.
Тұйық кеңістікте жұмыс істейтін жұмысшылар апатты жағдайда әрекет ету жоспарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл жоспар өрт болған жағдайда немесе басқа төтенше жағдай болғанда, тұйық кеңістікте жұмыс істейтін персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей әрекеттерді енгізуі тиіс.
ҚОЛ ЖӘНЕ МЕХАНИКАЛАНДЫРЫЛҒАН ҚҰРАЛ-САЙМАНДАР
Өз құрал-саймандарыңызды тұрақты профилактикалық күтіп ұстау арқылы жақсы күйде күтіп ұстаңыз. (ТЕКСЕРУ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕРІ БАР БИРКАЛАРДЫ ТЕКСЕРІҢІЗ).
Әрбір жұмыс үшін керек құрал-сайманды таңдап алыңыз.
Қолдану алдында құрал-саймандарда зақымдалудың болуын тексеріп алыңыз.
Құрал-сайманды өндірушінің нұсқаулығына сәйкес пайдаланыңыз.
Тиісті ЖҚҚ пайдаланыңыз.
Қол құрал-саймандарын пайдалану кезінде ең үлкен қауіп-қатер оларды дұрыс қолданбаудан және техникалық күтіп ұстамаудан болады. Көптеген жағдайларда құрал-саймандарды дұрыс пайдаланбау себебі асығыстық болып табылады. Құрал-сайманды дұрыс таңдау жеткіліксіз. Сондай-ақ құрал-саймандарды оларды пайдалану алдында тексеру маңызды. Сіз құрал-саймандарда кез келген ақаулар анықталған жағдайда оны пайдаланудан дереу алып тастауға тиіссіз. Жарамсыз құрал-саймандарды ешқашан пайдаланбаңыз!
Жарамсыз құрал-саймандарды әрқашан тиісті қоймаларда сақтау қажет. Жерде қалып қойған құрал-саймандар сүрініп құлауға себепкер болуы мүмкін, ал орманның шетінде немесе басқа объектілерде орналасқан құрал-саймандар төменде жүрген біреулерге құлап кетуі мүмкін. Құрал-саймандарды дұрыс тасымалдау тағы бір маңызды сәт болып табылады. Олар құрал-саймандар салатын жәшікте, арбашаларда тасымалдануы тиіс немесе осы үшін арналған белдеу белдігіне бекітілуі тиіс.
Сақтық шаралары:
Жұмысшылар құрал-саймандарды дұрыс пайдалану және оларды күтіп-ұстау үшін жауапкершілікте болады.
Портативті құрал-саймандармен жұмыс кезінде, болуы мүмкін қауіп-қатерден қорғау үшін тиісті СИЗ кию қажет.
Қауіпті факторлардан аулақ жүріңіз. Механикаландырылған құрал-саймандарды дымқыл, ылғалды және/немесе жарылуы қауіпті ортада пайдаланбаңыз.
Темір және болат құрал-саймандардан шығатын жалын тұтанатын материалдарға жақын жұмыс кезінде тұтануға себепкер болуы мүмкін. Мұндай қауіп-қатер болған кезде жез, пластмасса, алюминий немесе ағаштан жасалған жалынға төзімді құрал-саймандарды пайдаланыңыз.
Егер сіз механикалық құрал-саймандарды пайдаланатын болсаңыз:
Ешқашан құрал-сайманды шнурынан немесе шлангісінен ұстамаңыз.
Құрал-сайманды розеткадан ағыту үшін ешқашан шнурды немесе шлангіні жұлқыламаңыз.
Шнур мен шлангіні жылудан, жанғыш майдан және сүйір бұрыштардан алыс орналастырыңыз.
Бұрғы немесе кескіш, жүз сияқты детальдарды техникалық күтіп ұстау мен ауыстыру алдында құрал-сайманды электр ток көзінен ажыратыңыз.
Электр құрал-саймандарын пайдаланатын қызметкерлер өз жұмыстарының қауіптілігі туралы білулері тиіс. Осындай жұмыс кезінде ең қауіпті қатер электр тогының соғуы болып табылады. Электр құрал-саймандарымен жұмыс кезінде қауіптіліктің негізгі түрлері күйік және әлсіз электршок болып табылады, жарақат алуға немесе жүрек жеткіліксіздігіне әкеліп соғуы мүмкін.
Қорытындылай келгенде: құрал-саймандарды дұрыс таңдау керек, олардың сенімділігін тексеру керек, сондай-ақ дұрыс қолдану және сақтау керек.
МЕХАНИКАЛАНДЫРЫЛҒАН ҚҰРАЛ-САЙМАНДАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАҒАН КЕЗДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК
Механикаландырылған құрал-саймандар қолмен жұмыс жасайтын құрал-саймандарға қарағанда аса қауіпті. Механикаландырылған құрал-саймандарды пайдаланудан болатын жиі кездесетін жарақаттарға кесулер, тесілулер, электр шогы, күйіктер және көздің жақымданулары жатады. Механикаландырылған құрал-саймандармен жұмыс жасағанда техника қауіпсіздігін сақтаңыздар:
Өз құрал-сайманыңызды біліңіз – Құрал-сайманыңызды қолдануды және оның мүмкіндіктерін және одан болуы мүмкін қауіптерді тексеріп, біліңіз;
Барлық құрал-саймандарды жерге қосыңыз – Егер онда үш тілікті штекерлік вилка болса, онда оны тек қана сондай розеткаға қосыңыз.Егер екі штекерлік розеткаға ауысу үшін адаптерді пайдалану керек болса, онда адаптердің сымын жерге қосыңыз. Ешуақытта үшінші штекерді алып тастамаңыз;
Дұрыс жағдайдағы қорғаныс құралдарын әрдайым орнында сақтаңыз;
Құрал-саймандарды қауіпті ортада қолданудан аулақ болыңыз. – Механикаландырылған құрал-саймандарды дымқыл және ылғалды орындарда қажетті қорғаныссыз қолдануға болмайды. Жұмыс орнының жақсы жарықтандырылуын қадағалаңыз;
Құрал-саймандарға шамадан артық салмақ түсірмеңіз – Анағұрлым мықты құрал-саймандарды қажет ететін жұмыстарды оған арналмаған құрал-саймандармен немесе құрылғылармен орындауға әрекеттенбеңіз;
Тиісті түрде киініңіз – Кең немесе тағылған зергерлік бұйымдар қозғалыстағы детальдарға ілініп қалуы мүмкін. Қорғау қолғаптары мен тиісті аяқ киімді киіңіз;
Механикаландырылған құрал-саймандармен жұмыс жасағанда қорғану көзілдірігін киіңіз – Шаң пайда болатын кесу жұмыстары кезінде бетті, көзді және тыныс алу органдарын сақтау үшін тиісті қорғану құралдарын пайдаланыңыз;
Сымдарға сақтықпен қараңыз – Құрал-саймандарды ешуақытта оның шнурынан ұстап көтермеңіз, розеткадан ажырату үшін шнурдан тарпаңыз. Шнурларды басқа үшкір заттарға тимейтіндей және қызып кетпейтіндей етіп сақтаңыз;
Нысанды қауіпсіздендіру үшін бекіткіш детальдарды немесе қысқышты қолданыңыз. Бұл қолмен ұстағаннан гөрі қауіпсіз және екі қолды да құрал-саймандар ұстауға босатады;
Құрал-саймандардың токқа кенеттен қосылып кетуінен сақтаныңыз – Токқа қосулы құрал-саймандарды саусақты олардың ажыратқышында ұстап, тасымаңыз.
ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ҚАҒИДАЛАРЫН САҚТАҢЫЗ ЖӘНЕ МЕХАНИКАЛАНДЫРЫЛҒАН ҚҰРАЛ-САЙМАНДАРМЕН ЖҰМЫС КЕЗІНДЕГІ АПАТТАРДЫ БОЛДЫРМАУ ҚАТЕРЛЕРІН АЗАЙТЫҢЫЗ.
ЖҮКТЕРДІ ҚОЛЫМЕН КӨТЕРУ
Егер Сіз жүкті дұрыс емес көтерсеңіз бұндай жағдай Сізге ауыр жарақат алу қаупі бар. Жүкті дұрыс емес көтеруден бел омыртқа жарақаттанып, ол жарақат айлар мен жылдарға ұласуы мүмкін. Осындай жарақаттардың көбі созылмалы болып, жазылмауы мүмкін. Сізге жүкті қауіп-қатерсіз көтеруге аздаған білім көмектеседі.
Жүк көтерерде, Сіз оны қарап алыңыз. Егер ол тым ауыр болса, онда көмек сұрауға қысылмаңыз.Егер жүктің шеттері добал немесе үшкір болса, онда қолыңызға қолғап киіңіз. Ол Сіздің қолыңызды сақтап, жүктің сусып кетуін болдырмайды. Сонымен бірге, аяғыңызға ыңғайлы аяқ киім кигеніңіз дұрыс. Сіздің аяғыңызға бірдеңе түсіп кету қаупі әрқашанда болады, немесе Сіз тайғанап кетуіңіз мүмкін.
Сіз жүкті көтере алатыныңызға көз жеткізіңіз. Егер де ол тіптен ауыр немесе тым үлкен болса, көмек сұраңыз. Маршрутты тексеріп, оның бос екеніне көз жеткізіңіз. Жол бойында және оның үстінде ешқандай кедергі жоқ екенін байқап, әбден көз жеткізіңіз. Тегіс емес жерлерден өтуге дайын болыңыз.
Жүкті көтерер алдында оның алдына келіп, тізерлеп отырасыз да, оны қолыңызбен орап, қатты ұстайсыз. Көтерер кезде жүкті денеңізге бар мұмкіндігінше жақындатып қысып, аяғыңызды жазасыз. Сіздің аяқтарыңыз, Сіздің қолдарыңыздан әлдеқайда күштірек екенін ұмытпаңыз. Егер жүкті Сіз оң немесе сол жағыңызға қоятын болсаңыз, онда бүкіл денеңізді бұрмаңыз. Оның орнына аяқтарыңызбен қозғалыңыз. Егер жүкті түсіретін болсаңыз, онда осы қимылдарды кері ретпен жасаңыз.
Жүк көтерерде осы ережелерді есте ұстаңыз:
Жүк көтергенде жақсы тепе теңдік сақталу үшін, бір аяғыңыз екіншісінен сәл артта, аяқтарыңызды алшақтау ұстап, нық қадаммен жүріңіз;
Арқаның бұлшық еттерін емес, аяқтың бұлшық еттерін қатайтатыныңызды әрқашан есте ұстаңыз;
Жүкті денеңізге жақын ұстаңыз;
Ешқашанда тым ауыр жүкті тасуға әлектенбеңіз. Көмек сұраңыз немесе жүк көлігі сияқты машинаны пайдаланыңыз.
ОЙЛАНЫП БАРЫП – ҚАУІП-ҚАТЕРСІЗ КӨТЕРІҢІЗ
БАСПАЛДАҚПЕН ЖҰМЫС ЖАСАҒАН КЕЗДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК
Баспалдақ - жұмыс кезінде жиі қолданылатын жабдықтың бірі. Баспалдақ – сонымен бірге оны дұрыс қолданбаса, ауыр жарақаттарға ұшырататын нәрсе.
Баспамен жұмыс кезіндегі негізгі оқыс оқиғаларға мыналар жатады:
Баспамен дұрыс емес жоғары көтерілмеу және төмен түспеу;
Баспалдақның жоғарғы жағын немесе оны дұрыс бекітпеу;
Сынған немесе ақауы бар Баспалдақны пайдалану;
Көтерілу және түсу кезінде әртүрлі нәрселерді тасу.
Өндірістік кәдімгі Баспалдақлар жарамды материалдан дұрыс жасалынған. Алайда, кейде олар аз уақыттан кейін дұрыс пайдаланылмаса және басақа себептерден бұзылып қалады. Баспалдақның ақаулығы жөнінде уақытында хабарламай, оны пайдаланған адамдардың жарақат алуына ұшырауға себепкер болыңыз мүмкін.
Баспдақтар – құрылыстағы маңызды жабдық, сондықтанда оларды дұрыс пайдаланыңыз.
ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ОҚШАУЛАУ. БҰҒАТТАУ – СҮРГІ САЛУ
Егер Сізге кезкелген жабдықтарды не кезкелген энергия көзін техникалық жағынан қамту немесе жөндеу керек болса, онда жұмысты жіберілетін барлық механизмдер мен энергия көздерін бұғаттаудан және сүргі салудан бастаңыз. Бұғаттау немесе сүргі салу бұл кенеттен басқа қызметкерлер жүйені іске қосқан жағдайда апаттың алдын алудың ең сенімді жолы.
Кезкелген жабдықты блокировка жасардан бұрын басшыңызға ескертіп, ол жөнінде хабарлаңыз. Жұмыста келіспеушіліктер мен үзілістер болып қалмас үшін кезкелген жөндеу мен техникалық қамтудың кестесін басшыңызбен бірлесіп жасаңыз.
Энергия көзіне немесе іске қосатын тетікке жапсырма немесе пломбы қойыңыз. Егер осы жабдық бірнеше жерлерден іске қосылатын болса, онда қосымша жапсырмалар мен пломбылар керек болады. Пломба немесе жапсырма мықты бекітіліп, түсіп қалмайтынына және оны жабдықтан жел ұшырып кетпейтініне көз жеткізіңіз.
Сөндірілгеннен кейінгі машина жабдығы қауіпті болуы мүмкін. Тоқтатылғаннан кейін жабдық инерциямен қозғалмайтынына, және оның детальдары тарту күшімен қозғалып тұрмағанына көз жеткізіңіз. Егер гидравликалық немесе ауа құбырларында қысым болса, онда абайлаңыз. Қысылған серіппелерге түсіп тұрған салмақтар кенеттен әлсіреуі сияқты жасырын оқыс оқиғалардан аулақ болу үшін өндірушінің жөндеу жүргізу жөніндегі нұсқаулығын оқыңыз.
Жұмыс аяқталғаннан кейін жапсырмалар мен кілттерді алуды ұмытпаңыз. Басқа біреу ілген кілттерді немесе жапсырмаларды ЕШҚАШАН алмаңыз. Егер Сіз пломбы немесе жапсырманы байқасаңыз, онда одан әрі нұсқау алу үшін жабдыққа сүргі салған қызметкермен және басшымен кеңесіңіз. ЕШҚАШАН БІРЕУДІҢ ЖАПСЫРМА НЕМЕСЕ ПЛОМБЫНЫ ЖАЙДАН ЖАЙ ҰМЫТЫП КЕТУІНЕ ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ.
МҰҚИЯТ, ӘРІ САҚ БОЛЫҢЫЗ – ҮЛКЕН НЕ КІШКЕНТАЙ ЖҰМЫС БОЛСЫН, ЖАБДЫҚҚА СҮРГІ САЛЫҢЫЗ!
ЖАБДЫҚТАРДЫҢ АЙНАЛМАЛЫ БӨЛІКТЕРДІҢ ҚОРШАУЛАРЫ
Білдектің қорғау қоршаулары қауіпсіздіктің аса маңызды факторларының бірі болып табылады. Қорғау қоршауы мыналардан қорғауы мүмкін:
Білдектен ұшатын объектілер (сынықтар мен қатты бөлшектер);
Қозғалатын компоненттер тудыратын қысып қалу орындары;
Адамдардың кернеу астындағы жұмыс аймағына түсуі;
Білдектің немесе оның ішкі компоненттерінің жұмыс кезінде қозғалуы немесе орнын ауыстыруы;
Ұшқындардың, электр доғалардың түсуі, сондай-ақ ішкі өрттің білдек ішіндегі бақыланатын аймақтан тыс жерге таралуы;
Қатты тартылған немесе жүктемесі жоғары үзілген белдіктермен немесе өзге де материалдармен зақымдалу;
Қауіпті буланумен дем алуды азайту немесе оның алдын алу үшін вентиляциялық жүйелерді және қорғау қаптамаларын пайдалануға мүмкіндік береді;
Химиялық реагенттердің, объектілер мен өзге де материалдардың төгілуін және қолайсыз жерге түсуін оқшаулау үшін тіре қабырғаларын, қоршаулар мен конструкцияларды пайдалану.
Білдектің (машинаның) тиімді қоршалуын қамтамасыз ету бойынша нұсқамалар:
Қорғау қоршауының берік бекітілуін немесе орнатылуын және оның қозғалмауын бақылаңыз;
Егер қорғау қоршауының тесіктері болса (мысалы, дуал), онда қоршаудағы тесіктер білдектен ұшатын ең кішкентай бөлшектерден кіші болуы тиіс;
Әрқашан білдекте жұмысты бастау алдында қоршауды қарап, тексеріңіз.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Сіздің білдегіңізде қандай қорғау қоршауы неғұрлым жиі қолданылады? Оның қауіпсіздігін жиі тексересіз бе?
КӨЗ ЖУУ СТАНЦИЯЛАРЫ МЕН АПАТТЫҚ ДУШ
Сіз оны ешуақытта пайдалануға тура келмейді деп үміттенеміз, бірақ біз бұл жабдықтың таза әрі оңай қол жетімді жерде және оның жұмыс күйінде екендігіне көз жеткізуіміз керек. Көзге бөгде заттар түскен кезде немесе денеге химиялық сұйықтар тамған кезде, көзді сумен жуу немесе себезгі арқылы ағынды сумен жуыну ең бірінші көмек болып саналады. Химиялық заттардың түсу салдарынан көздің зақымдануы ең күрделі жарақат болып саналады.
Кедергісіз қол жетімділік: Көзді жууға арналған станса химиялық әсерден жарақаттанған көздер үшін ең бірінші көмек болып саналады. Көзді жууға арналған стансаға кедергісіз жетуге болатындығына көз жеткізіңіз.
Таза, функциялық қызмет атқаратын құрал: апаттық себезгінің жеткілікті сумен жабдықталғанына, оның дұрыс жұмыс істейтіндігіне, таза екендігіне, үнемі тазаланып тұратындығына көз жеткізіңіз. Көзді жууға арналған тасымалданатын стансалар сапалы су жоқ немесе судың болмау ықтималдығы үлкен жерлер үшін өте ыңғайлы.
Дұрыс пайдалануға оқытып үйрету: химиялық сұйықтардан күйік алу ықтималдығы бар орындарда жұмыс істейтін жұмыскерлер көзді жууға арналған стансаны және апатты себезгілерді қалай дұрыс пайдалану керек екендігін білуі тиіс:
Көз жарақатын алған жағдайда, бірден көзіңізді саусақтарыңызбен кеңірек ашыңыз да, көзді жууға арналған сұйықпен көзіңізді жуыңыз. Судың температурасы сіздің денеңіздің температурасынан суықтау болуы мүмкін, сондықтан тітіркену тудыруы мүмкін.
Көз 15 минут ішінде жуылуы тиіс және зардап шегушіні ең жақын клиникаға дереу жеткізу керек. Көз жууды клиникаға кетіп бара жатқан кезде де, тоқтатпау қажет.
ІШІМДІКТІҢ ЖӘНЕ ТЕМЕКІНІҢ СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІҢІЗГЕ ӘСЕРІ
Қазіргі уақытта темекі тарту және ішімдік ішу біздің денсаулығымызға, өмірімізге және қауіпсіздігімізге зиянды әсер тигізетіндігіне, зянды әдет екендігіне ешқандай күдік қалған жоқ.
Ішімдікті асыра ішу дегеніміз спиртті сусындарды тым асыра пайдалану. Бұл қысқа мерзімге, сондай-ақ ұзақ мерзімге әсер етуі мүмкін. Қысқа мерзімге алкогольды ішімдікті асыра ішу отбасында және жұмыста қарым-қатынастың кері кетуіне әсер етуі мүмкін, егер спиртті сусындарды кейбір дәрі-дәрмектермен бірге пайдаланса, денсаулыққа байланысты күрделі қиындық туындауы немесе жол-көлік оқиғасына басты себеп болуы мүмкін.
Алкогольды ішімдікті ұзақ пайдаланғанда, жүрек-қан жүйесі, тыныс алу органдары, асқазан, бауыр және асқан асты безі, бауыр зақымданады.
Ішімдік ішуді жұмыспен үйлестіруге болмайды, себебі оның әсерінен физикалық және ақыл-ой реакциясы баяулайды. Алкогольды ішімдікті тым көп пайдалану жарақаттану немесе жаныңда жүрген адамдардың оқыс оқиғаға тап болу ықтималдылығын арттырады.
Егер ішімдік ішкіңіз келсе, ішімдікті ойланып, ақыл таразысына салып барып ішу керек екенін ұмытпау керек, өзіңіздің ішімдік ішу шегіңізді білгеніңіз дұрыс, бұл ішімдікті ішуге қажет тиісті уақыт мөлшерін анықтауға керек. Алкогольды ішімдік ішіп, мас күйде рульге отыруға тырыспау керек, бұндай әрекетке баруға өзіңіздің достарыңызға да жол бермеңіз.
Темекі түтінінде 4000 аса химикат бар, оның басым көпшілігі әдетте, қатерлі ісіктің пайда болуына алып келеді, никотин темекі тартуға деген күшті тәуелділікті тудыратын түтіндегі химикаттардың бірі. Сондықтан темекі тартудан бас тарту темекі өнімдерінің түріне байланыссызөте қиын.
Темекі тарту адам организмінің барлық органдарына және жүйелеріне әсер етеді. Темекі тартудың нәтижесінде жүрек және жүрек-қан жүйесі, асқазан және асқорыту жүйесі және өкпе мен тыныс алу жүйесі зақымданады. Қатерлі ісік темекі тартудың ең көп тараған проблемасы болып табылады. 30% аса қатерлі ісік аурулары темекі тартумен байланысты, негізінен бұл өкпе ісігіне алып келеді.
ҚАТТЫ ШАРШАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ
Қатты шаршау белгілері:
Шаршау;
Ұйқының бұзылуы;
Ашушаңдық;
Депрессия;
Тәбеттің бұзылуы.
Қатты шаршау салдары:
Шешім қабылдаудағы кедергілер;
Еңбек өнімділігінің төмендеуі;
Зейіннің әлсіреуі;
Күйзеліске төзімділігінің төмендеуі;
Есте сақтау қабілетінен айырылу немесе детальдардың егжей-тегжейін есте сақтау қабілетінің төмендеуі;
Реакция жылдамдығының төмендеуі.
Қатты шаршаудың алдын алу:
Тынығуға жиі үзіліс жасаңыз, тамақтануға немесе су ішуге;
Тағамды ішкі еңбек тәртібінің сәйкес қабылдаңыз;
Суды қажетінше ішіңіз;
Бір қалыпты жұмыстан аулақ болу және зейінді шоғырландыру үшін жұмыс міндеттерін ауыстырып тұрыңыз;
Қызметкерлеріңіздің шаршау белгілерін қадағалап тұрыңыз және мүмкіндігінше оларды жұмыстан босатыңыз;
Демалыс күндері және демалыс үшін жеткілікті уақытты қамтамасыз етіңіз;
Жұмыс пен жеке өміріңіз арасында ақылға қонымды баланс табуға тырысыңыз.
ЖҰМЫС ОРНЫН ПАЙДАЛАНУ ДАЙЫНДАУ
Жұмыс орнын дайындау және жоспарлау біздің жұмысымыздағы негізгі элементтердің бірі болып табылады. Жоспарланған жұмыстың және бұрын дайындалған жұмыс орнының оң әрі маңызды жағы бұл біздің қауіпсіздігіміздің және басталған жұмыстың табысты аяқталуының кепілі болып табылады.
Ұсынымдар:
Жұмыстарды жүргізу жоспарын әзірлеңіз және оны жауапты тұлғалармен келісіңіз;
Жұмысқа кірісер алдында алдағы жұмыстар жүретін учаскені қарап тексеру керек. Жұмыстарды жүргізу орнында болуы мүмкін қауіпті факторларға назар аударыңыз;
Болуы мүмкін қатерлер жағдайында сіз және сіздің әріптестеріңіз барлық қауіпсіздік шараларын білетіндігіне және ол шараларды қолдана білетіндігіне көз жеткізіңіз;
Жұмыстарды жүргізуге барлық қажетті нарядтарды және рұқсаттарды жауапты тұлғалар арқылы ресімдеңіз;
Жұмыс басталар алдында жұмысшы құрал-саймандардың, жабдықтардың, машиналардың, механизмдердің, аспаптардың және т.б. түзіктігін тексеріңіз;
Сізде және сіздің әріптестеріңізде барлық қажетті жеке қорғаныс құралдарының бар екендігіне және оларды пайдалана білетіндігіңізге көз жеткізіңіз.
ЖҰМЫС ОРНЫН ЖИНАУ
Жұмыс орындарында тазалықты ұстап тұру – негізінен аумақты жинау болып табылады.
Аумақта тазалықты ұстап тұрудың ең жақсы шарасы – қалдықтардың жиналуына жол бермеу, әсіресе мұнай өнімі, ағаш, қиқым және сол сияқты жанғыш заттардың төгілуіне жол бермеу. Тіпті жанбайтын заттардың (темір сынығы, құбырлардың сынығы, сынған шыны) жиналып қалған қалдықтары қауіпсіз емес деуге болмайды, олар мысалы, отты өшіру кезінде өрт сөндірушілердің әрекетіне қиындық тудыруы мүмкін.
Біз өз жұмысымызда пайдаланатын көптеген материалдар, құрал-саймандар, әртүрлі заттар көбіне олар үшін арналмаған орындарда болады және мына тәрізді ықтимал қауіптерді тудырады:
Шалынып қалу және құлап қалу қаупі;
Жарақат алу қаупі;
Тесіп алу, шөгірдің болуы немесе аса ауыр жарақат алу;
Өрт пайда болу қаупі;
Химиялық заттардың төгілу қаупі.
Әрбір құрал-сайманның, аспаптың, материалдың және заттың сақталатын нақты өзінің орны бар. Өтпежолдар мен жолдарда бөгде заттармен кедергі жасалмауына ерекше көңіл аудару керек.
Өз жұмыс орнында қауіпсіздік техникасының қағидасын сақтай отырып, қауіпті оқиғалардың пайда болу дәрежесін едәуір азайтуға болады.
Қоқысты сұрыптау - болуы мүмкін өрттің алдын алуға көмектеседі және қоқысты сұрыптау оны кәдеге асыруды жеңілдететінін есте сақтау керек.
Жұмыс орындарын тазалықта ұстау туралы айтқанда, қауіпсіздік қағидасын сақтау керек екендігін және жұмыс аяқталған соң жұмыс орнын жинау керектігінназарда ұстау керек, бұл аса көп күш-жігерді, уақытты талап етпейді.
Барлық қызметкерлер өз жұмыс орнында және жұмысшы зонада тәртіптің сақталуына жауапкершілік көтереді.
СУЫҚ ТИЮДЕН ЕМДЕЙТІН ЕМДІК ПРЕПАРАТТАР
Тағы да суық маусым басталды. Суық тиген немесе грипп кезінде әртүрлі емдеу препараттарын пайдалану туралы жыл сайынға сақтандыруды еске алатын кез жетті. Кейде жұмыс істеп жүріп аурудан жазылып кету өте қиын.
Көп жағдайда, суық тиюге қарсы барлық препараттар ұйқы келтіреді, ол сіздің қырағылығыңызды, реакцияңызды төмендетуі мүмкін. Мұндай препараттарды пайдаланатын адамдардың көбі күндізгі уақытта ұйқыбастылыққа ұшырауы мүмкін.
Препараттың әсер ету салдарынан сіздің реакцияңыз төмендеуі мүмкін, сондай-ақ еңбек өнімділігі де түсіп кетуі мүмкін. Оған қосымша ретінде сіз өз әріптестеріңізге ауру жұқтыруыңыз мүмкін, олар да сырқаттануы мүмкін.
Өзіңіздің басшыңызға хабарлаңыз
Сізді әлдеқайда қауіпсіз жұмысқа ауыстырған дұрыс болуы мүмкін. Сіз респиратор киюден немесе ауыр жұмысты орындаудан қиналатын болуыңыз мүмкін. Өзіңіздің басшыңызға хабарлау керектігінің тағы бір себебі сіздің жай-күйіңіз бірнеше күн ішінде бірқалыпқа келмеуі мүмкін. Сіз сырқаттанған жағдайда, сіздің басшыңыз немесе сіздің қауіпсіздігіңізге жауап беретін тұлға сіздің қандай препараттарды пайдаланатыныңызды білуі керек.
Әрқашанда кеңес етілген дозаны пайдаланыңыз
Рұқсат етілген дозадан асып кету сіздің аурудан тез жазылып кетуіңізге немесе сіздің көңіл-күйіңіздің жақсарып кетуіне көмектеспейді, Шын мәнінде ол қосымша эффект береді, басқаша айтқанда сіздің ұйқыбастылығыңыз күрт өсуі мүмкін және т.б.
Дәрі-дәрмектерді араластырмаңыз
Барлық таблеткалар, тониктер, капсулалар химикаттар болып табылатынын есте ұстаңыз. Олар бір-бірімен үйлеспеуі мүмкін, сондықтан көмек көрсетуден гөрі көп зиян келтіруі мүмкін. Дәрі-дәрмектерді өзара араластыру немесе дәрі-дәрмектерді алкогольмен араластыру қосымша эффектке алып келуі мүмкін немесе тіпті сіздің денсаулығыңыз үшін қауіпті болуы мүмкін.
Нұсқаулықты оқыңыз
Нұсқаулықта сіз мөлшерлеме және қосымша эффектілер туралы ақпарат таба аласыз.
Жұмыс уақытында емдеудің жаңа түрлерін қолданбаңыз
Егер сіз емдеудің жаңа түрлерін немесе басқа нәрсені қолдануға талаптансаңыз, онда сіз жұмыс аптасының аяғында істегеніңіз дұрыс. Әрбір адамның организмі суық тиюге қарсы препараттарды әрқалай қабылдайды. Қосымша эффекттері төмен препараттың біреуіне тоқтаңыз да, соны ғана қабылдаңыз.
Қолыңызды жиі жуыңыз
Әрбір адам суық тию маусымы кезінде бұл туралы білуі тиіс. Грипті вирустардың басым көпшілігі көбіне басқа жолдардан гөрі қол арқылы, есік тұтқасы арқылы қолға, қолдан ауызға беріледі. Бұл проблеманың ең жақсы шешімі - сақтану !
АУА РАЙЫНЫҢ ҚОЛАЙСЫЗ КЕЗДЕРІНДЕГІ, КҮШТІ ЖЕЛ КЕЗІНДЕГІ ЖҰМЫС
Күшті жел кейде біздің жұмысымыздың шарттарының бірі болып табылады. Күшті жел жоғары биікке жүк көтеру жұмыстарын және жұмыстардың басқа түрлерін орындау кезінде жүктің құлау немесе жарақат алутәуекелін өсіреді. Сондықтан алдағы жұмыс алдын ала жоспарлануы тиіс және қауіпсіздік техникасы бойынша барлық нұсқаулықтарды басшылыққа алу керек.
10 м/с дейінгі және одан аса күшті желде жұмыстардың осы түрінің қаншалықты қауіпсіз жүргізілгеніне талдау жүргізу керек және оның тиімділігін анықтау керек:
Биік платформаларда, сатыларда, алаңшаларда және құрылыс сатыларында персоналдың жұмыс істеуі;
Құрылыс мінбелерін құру және бөлшектеу;
жүк көтеруші кранмен жұмыс істеу кезіндегі такелаждық операциялар;
персоналды биіктікке көтеру.
Жұмыс жүргізу орнын дайындау бойынша талаптардың және наряд-рұқсаттарға қауіпсіздік бойынша шарттардың барлық талаптарының орындалғанына көз жеткізу керек, атап айтқанда:
персонал биікте жұмыс істегенде, сақтандыру белдіктері жиынтығының болуы;
қорғағыш экрандарды орнату тиімділігі;
көру органдарын құмнан және шаңнан қорғайтын қорғау құралдарымен персоналды қамтамасыз ету;
биіктікке көтерукезінде құралдар мен жабдықтарды сенімді түрде бекіту.
Сондай-ақ, келесі факторларды ескер керек:
Жаңбыр, қар жауу немесе көктайғақ;
Жер бетінен көтерілу деңгейі.
Жұмыс орындаушылар желдің жылдамдығына байланыссыз желді күні жұмыстың қауіпті жағдайларының басталғаны туралы кідіріссіз хабарлануы тиіс.
Егер желдің жылдамдығы 11 метр секундтан асса, орындалатын жұмыстарды тоқтату туралы мәселені қарастыру керек.
Жұмыстардың орындалуына жауаптылар биіктікте жұмыс істеуді тоқтату туралы ұсыныспен басшылыққа шығып хабарлауы керек.
Жылдамдығы 30 м/сек және одан асатын жел дауыл деп саналады және персоналдың ары қарайғы әрекеті Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік органның жоспарына және апатқа қарсы тұру әрекетіне сәйкес ұйымдастырылуы керек.
ҚАУІПСІЗ ЖҰМЫС ІСТЕҢІЗ !
КҮННІҢ ЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫНДА ЖҰМЫС ЖАСАУ
Күн ыстық, қызу жұмыс алаңы, жоғары ылғалдылық , ТАҒЫ міне....күн көзіне қызып кетудің келесі құрбаны. Күн сәулесіне қызып кетуден ешкім де сақтандырылмаған, оның ішінде күн тиіп, ең бірінші ауыратындар құрылыс жұмысшылары.
Ыстық күндері сақ болып, күн тиюдің мынадай анық белгілерін және сол кезде алғашқы көмек көрсетудің мынадай әдістерін есте ұстаңыз:
ҚЫЗУДУ САРҚЫЛУЫ - Ауру белгілері – шектен тыс терлеу, жүрек айну, бас ауыруы, әлсіздік, құсу, күш кету, тамыр соғуының жиілеуі. Алғашқы көмек – жардап шегушіні салқын жерге апарып, ылғалданған орамалды сулап алып, маңдайын сүрту және ылғалданған киімдерін шешу. Жардап шегушіні желпіту. Жардап шегуші өзіне өзі толықтай келгенше, оған ешқандай сұйық беруге болмайды. Жардап шегушіні дәрігерлік тексеруге жіберу қажет.
ҚЫЗУДАН СЕЛКІЛДЕУ (ТЫРЫСПА) - Ауру белгілері –былайғы кезде суды көп ішкеннен кейін денедегі тұздар термен шығып кеткеннен кейін арқаның, іштің, қол және аяқ бұлшық еттерінің қатты тартылуынан болады. Алғашқы көмек– жардап шегушіні салқын жерге апарыңыз.Жардап шегуші өзіне өзі толықтай келгенше, оған ешқандай сұйық беруге болмайды. Егер, бәрібір жардап шегушіге су беретін болсаңыз, онда ол тек қана аздап бірнеше рет ұрттасын. Жардап шегушіге барынша тездетіп дәрігерлік көмек ұйымдастырыңыз.
КҮН ТИЮ – Ауру белгілері – жоғары температура мен терінің құрғауы, тыныс алу мен тамыр соғуының жиілеуі. Жардап шегуші кенеттен есінен танып қалуы, бірден бас ауыруы, жүрек айнуы, құсуы, іш өтуі болып, және ессіз күйге келуі мүмкін. Алғашқы көмек – ол өте маңызды болғандықтан жардап шегушіні тез арада салқын орынға апарып, жедел жәрдем шақыру. Жардап шегушінің киімдерін шешіп, оның денесін түгелдей сумен салқындатыңыз.
Жардап шегушіні жедел жәрдем келгенше желпи тұрыңыз.
Күнге қызудан сақтану үшін жаңа киімдер киіп, қорғау дулығасын киіп жүріңіз, ауаның жоғары температурасы кезінде аса көп зорланып жұмыс істемеңіз және сұйықты жеткілікті мөлшерде ішіңіз. Есіңізде болсын, күнге қызуға байланысты ауруларға дәрігерлік байқау ҚАЖЕТ. Егер Сіз осы жоғарыда көрсетілген аурулардың кез келгенінің белгілерін байқасаңыз, онда дәрігерге жүгініп, қажет медицианлық консультация алыңыз. Күнге қызудан болған ауруларғаешуақытта ешқашан немқұрайлы қарауға болмайды.
ЭРГОНОМИКА
Мерриэм-Уэбстер сөздігінде эргономиканың мынадай айқындамасы берілген: «адамдар тиімділік пен қауіпсіздікті арттыру үшін пайдаланатын заттарды жобалауға және ұйымдастыруға байланысты қолданбалы ғылым». Сіз көріп тұрғандай, бұл ауқымды тақырып және жұмыс орнының эргономикалық дизайны денеміздің әрбір бөлігіне әсер етеді. Эргономикалық дизайнға үлесін қосатын факторлар:
Жұмыс кезінде орындалатын қайталау саны;
Итеруге, қозғауға, көтеруге және ұстауға күш-жігер салу ұзақтығы;
Күш салу шамасы немесе жүк салмағы;
Адам денесінің қалпы, қолды алға созу қалпы және қолмен қармау қалпы;
Жұмыс бетінің, еңбек заттарының биіктігі мен оларға дейінгі қашықтық;
Жасы, дене бітімі, салмағы, физикалық қабілеттері;
Нашар эргономикалық дизайнның нәтижесінде созылу секілді алынған жарақаттар кейде уақытша, бірақ көп жағдайда сіңірлі синдром секілді жиналатын сипатқа ие болады. Сізге жұмыс орныңыздағы эргономикалық көрсеткіштерді жақсартуға көмектесетін қауіпсіздік бойынша пайдалы ұсынымдарды сақтаңыз.
Эргономика бойынша пайдалы ұсынымдар:
Жалпы:
Күн сайын жұмыс алдында бұлшықетіңізді созған жөн;
Сізде өзіңіздің физикалық мүмкіндіктеріңіз туралы түсінігіңіз болу керек. Жұмыс жағдайы Сізге сәйкес келмесе, жұмыс істеуге тырыспаңыз.
Арқа мен аяқ:
Омыртқаның қисаюын азайту үшін еңбек заттарын белдің деңгейіне дейін көтеріңіз. Бұл арқаның төменгі бөліктерінің және сіңірдің созылуын болдырмауға көмектеседі. Егер еңкею талап етілсе, тізеңізді бүгіп, аяқ бұлшықеттерінің күшін денені көтеруге және түсіруге жұмсаңыз;
Жауырын жабысатындай еңбек жағдайынан аулақ болыңыз;
Бұл офистік ортада және тар жұмыс кеңістіктерінде әдеттегі жағдай болып табылады. Пернетақтаны әрі қарай және қолыңыз созып, еркін қалыпта ұстайтындай деңгейге дейін жылжытыңыз;
Жүк тым ауыр және қолайсыз болса, әрқашан көмек сұраңыз.
Қол, білек пен білезік сүйегі:
Механикалық құралдар мен басқа да қол заттарымен жұмыс істегенде, білезік сүйегі қисаятындай жағдайдан аулақ болыңыз. Қол күшін төмен және бір бағытта салу керек;
Жүк тасыған кезде оны мүмкіндігінше денеге жақын ұстап, аяғыңызды басатын жерді айқын көруіңіз керек. Қолыңызды созып тұрып жүк тасымаңыз және ұстамаңыз;
Үздіксіз немесе үнемі дірілдейтін немесе ұзақ уақыт бойы қысуды немесе ұстап тұруды талап ететін құралдарды пайдаланбаңыз.
Көз бен мойын:
Компьютердің мониторы көз деңгейінде болу керек және мойынды иілмеу керек немесе қимылсыз ұстамау керек;
Жұмыс аймағының жақсы жарықтандырылғанына көз жеткізіңіз және компьютердің мониторын көз талмайтындай етіп орналастыру керек.
ТҰРМЫСТАҒЫ ЭЛЕКТР ҚАУІПСІЗДІГІ ШАРАЛАРЫ
Қазіргі уақытта біз тұрмыста бізге көмектесетін, біз оларсыз тұра алмайтын әртүрлі көптеген электр аспаптарын пайдаланамыз. Біз әртүрлі тұрмыстық электр аспаптарын жиі пайдаланғандықтан, электр аспаптарын пайдалану кезінде пайда болуы мүмкін электр қауіпсіздігі туралы ұмытып кетеміз.
Электр аспаптарын қауіпсіз қолданудың негізгі шарты олардың түзіктігі болып табылады. Техникалық проблемалар пайда болғанда, мамандарға жүгінген дұрыс. Пайдалану кезінде қауіпсіз және автоматты түрде ажырау функциясы бар замануи аспаптарды пайдаланған дұрыс.
Түзік емес және қараусыз қалған электр аспаптары өрттің шығуына, күйіп қалуға немесе жарақаттануға алып келуі мүмкін.
Электр аспаптарын пайдалану кезіндегі негізгі қағидалар:
Аспапты тек тағайындалған мақсаты бойынша пайдаланыңыз.
Аспапты пайдаланар алдында оны пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен мұқият танысыңыз.
Іске қосылған электр аспаптарын (тоңазытқыштан басқасын) ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРМАҢЫЗ.
Оқшаулағышы бұзылған электр аспаптарын пайдаланбаңыз.
Желіге қосылған аспаптарды сулы қолыңызбен ұстамаңыз.
Тек стандартты штепсельді розеткаларды және қосқыш айырларды және қажет болған жағдайда, стандартты өтпе қосқышты пайдаланыңыз.
КОМПЬЮТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК НЕГІЗДЕРІ
Компьютерді қолданудың кезіндегі пайда болатын келеңсіз зардаптардың ықтималдығы басқа да бір тұрмыстық техниканы пайдаланғанмен бірдей. Қысқа толқынды пешті, үтікті және электр шәйнегін қолданғанда қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды екені жалпыға мәлім.
Қарапайым ұсыныстарды елемеу пайланушы үшін үлкен зардаптар туғызады. Компьютер – ол онымен жұмыс істейтін адамдардың денсаулығына төнген сондай қауіп-қатердің ықтимал көзі.
Көзге бірден айқын бола алмайтын жанама зиян – денсаулыққа зақым келтіретін:
қазіргі кезде көз көру қабілетінің қайтымсыз нашарлауын, қызаруын және «құрғақ көз» синдромын туғызатын көзге деген келеңсіз жүктеменің зор болып бара жатқандығы ешкімге күмән келтірмейді;
компьютермен жұмыс істеу кезіндегі түзу емес дене отырысы көптеген буын, көкірек қуыс ауруларын және түрлі сипаттағы жүйелі ауыруларды тудырады;
адамның психикасына шамадан тыс жүктемесі – ол баяулатылған әрекеттегі бомба тәрізді. Монитордағы көптеген егжей-тегжейлерге және суреттердің ауысуына үнемі назар салу қажеттілігі қатты шаршаудың себебі болып барады.
Тіпті монитордың алдында ұзақ отырғанның өзінде сол әсерді ықшамдау үшін келесі ережелерді мәңгі есте сақтау керек:
пайдаланушының көзі мен экран арасындағы қашықтық жарты метрден кем емес болады. Бірақ пайдаланушы монитордың үстіңгі шетіне дейін саусақтың ұшымен созылып жететіндей жағдайда болу керек;
пернетақта үстелдің шетінен 20-30 см қашықтықта орнатылуы қажет, орындық оның арқалығына арқаны сәл ғана сүйенетіндей болып тұрады. Арқалықтың биіктігі арқаны түзу ұстап отыруға жағдай туғызады;
шынтақ тік бұрышпен бүгіліп, үстелдің бетіне қойылған қолда тырысу сезілмейді; шынтақ ауада салбырамай креслоның шынтақшасында немесе үстелдің бетінде жайлы жайғасады. Тінтуірді қозғалтқанда оның қалпы аса өзгермейді;
аяқ өзіңнің астына бүгілмей, алға жазылып, қатты бетке тіреледі; егер пайдаланушы көзілдірік тақса, онда ол экранның еңкею бұрышын еркін реттей алатынына көзі жету керек. Қайта-қайта жаттығу өте маңызды болып табылады. Әр сағат сайын креслодан тұрып бұлшықеттер мен буындарды сергіту керек. Өйткені, қимылсыздыққа қарамастан, оларға рабайсыз қалыпта болғанмен үлкен салмақ түседі. Міндетті түрде көзге ашық көзбен айналма және тура қозғалыстар, жыпықтау және фокустандыру жаттығуларын жасау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |