Сабақ №1-3 сабақ жоспары топ: 31 элеватор күні Сабақ тақырыбы

бет1/7
Дата11.03.2020
өлшемі0,59 Mb.
#59903
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Аспирация

«Аспирация, желдету және пневмокөлік» оқу практикасынан

тәжірибелік сабақ №1-3 сабақ жоспары

топ: 31 элеватор күні ____________
Сабақ тақырыбы: Желдеткіштер мен шаң ажыратқыштармен танысу
Сабақ түрі: практикалық
Сабақтың мақсаты:

«Аспирация, желдету және пневмокөлік» оқу практикасы бойынша желдеткіштер мен шаң ажыратқыштармен танысу, талдау, практикалық білімдерін қалыптастыру

Тапсырманы орындауға қажетті теориялық қор: желдеткіштер мен шаң ажыратқыштар туралы ақпарат
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) оқушыларды журнал бойынша тексеру

2) сабаққа дайындықтарын тексеру
ІІ. Кіріспе нұсқау

  1. ______________________________________________________________________________________________________________________________________________

  2. ______________________________________________________________________________________________________________________________________________

  3. ______________________________________________________________________________________________________________________________________________

ІІІ. Ағымды нұсқау

  1. Тапсырма. ______________________________________________________________________________________________________________________________________________

  2. ______________________________________________________________________________________________________________________________________________

  3. ______________________________________________________________________________________________________________________________________________

  4. ______________________________________________________________________________________________________________________________________________

  5. ______________________________________________________________________________________________________________________________________________

IV. Жұмысты орындау кезеңі .

Тапсырманы орындау тәртібі:

  1. ______________________________________________________________________________________________________________________________________________

  2. ______________________________________________________________________________________________________________________________________________

  3. ______________________________________________________________________________________________________________________________________________

  4. ______________________________________________________________________________________________________________________________________________

  5. ______________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

V. Орындалған жұмысты қабылдау.Баға қою.

  1. Қорытынды нұсқау

  1. Жұмысты қорытындылау

  2. Қателермен жұмыс жасау

  3. Жұмыстың есебін қабылдау және тексеру

VIII.Үйге тапсырма: қайталау

Желдеткіштер және шаң ажыратқыштар
Ауаны а у ы с т ы р у ә д і с т е р і б о й ы н ш а желдеткіштер т а б и ғ и және м е х а н и к а л ы қ болып бөлінеді.

Ауа а л м а с у ы н ұ й ы м д а с т ы р у ә д і с і б о й ы н ш а желдеткіш ж е р г і л і к т і және ж а л п ы а л м а с т ы р ғ ы ш болып бөлінеді.

Ә с е р е т у п р и н ц и п і б о й ы н ш а желдеткіш қондырғылардың бөлінуі:

1. С о р ғ ы ш (ауаны жұтуға арналған), бұл өз кезегінде жергілікті және жалпы түрде болуы мүмкін;

2. Ағынды (ауаны жібереді), бұл да өз кезегінде ж е р г і л і к т і және ж а л п ы түрде болады;

Ауа алмастырғыштың табиғи желдетуі, температураның түрліше өзгеруі есебінен жүреді. Ғимарат ішіндегі және сыртындағы ауа температурасының әр түрлілігі, ғимаратқа салқын ауаның келіп, жылы ауаның қайта шығуына жағдай жасайды. Желдеткіштің әсерінен артық қысым пайда болып, таза ауа ішке енеді. Алайда, табиғи желдеткішпен құрылған үлкен ауа алмастырғыштар әрдайым гигиеналық эффектте бола бермейді. Үлкен өндіріс ғимаратында, жылдың суық мезгілдерінде есіктің ашылып-жабылуына орай жылу және жел өзара әсер етіп, жұмыс аймағын салқындатуы мүмкін. Ал жазда керісінше, жұмыс аймағы толық желдетіліп, тазартылуына жағдай жасамайды. Бір қалыпты табиғи желдетуді қамтамасыз ету мақсатында арнайы табиғи ауа алмастырғыш орнату талап етіледі.

Табиғи желдеткіштер.Табиғи желдеткіштер өндіріс орындарында жинақы және жинақы емес түрде болуы мүмкін.

Біріккен желдетулер кезінде ауаның келуі мен шығуы терезе, терезенің ашпалы көздері, арнайы жасалған саңылаул арарқылы және сыртқы қоршаудың тығыздығының нашарлығы арқала жүреді.

Біріккен реттеулі, табиғи желдеткіштерді өндіріс орындарында аэрация деп атайды. Олар өндіріс ғимаратының арнайы жасалған конструктивті элементтері – аэрациялы жарықшамдар көмегімен жүзеге асады.

Ғимарат ішінде жарықты аэрациялы шамның болмауы кезінде табиғи желдеткіш арнайы каналдар мен шахталардың көмегімен, жылы қысым негізінде біршама жақсаруы мүмкін.

Осыған орай, шахтаны арнайы саптама-дефлектормен (5-сурет) жабдықталады. Дефлектордың әректі саптаманың жел бойымен айналдыра отырып, шахта арқылы ауаны сорып алуға негізделген. Дефлекторлы шахталар ғимараттардан ластанған ауаны тазартып, зиянды газды заттарды орнықты жоюда қолданылады.

5- сурет. Дефлекторлар.

А – жұлдыз тәрізді (горизонтальді кесу);

Б - «ЦАГИ» (вертикальді кесу); жоғарғы қысым аймағы (+); кесу аймағы (-).

Табиғи ауа алмастырғыштың анағұрлым рационалды әдісі – аэрация. Ол үлкен жылу жинағыштары бар цехтарды желдету үшін қолданылады.

Ауыспалы ауаны ғимараттараттарда (6-сурет) арнайы фрамугтармен (терезенің жоғарғы жағы) жабдықталған үш қатарлы қуыстармен (1-3) жабдықталады.

6-сурет. Ғимарат аэрациясы.

а,б – жылы және салқын уақыттарда желсіз жағдайда қуыстың ашылуы;

в, г – желді жағдайдағысы;

1 - 3 - қуыстар.

Ғимарат қабырғаларындағы қуыстар екі деңгейде орналасады: 1-1,5 метр еденнен жоғары (1) және 4-6 метр еденнен жоғары (2). Ғимараттардың жоғарғы бөлігінде (әдетте төбесі жабылған) шыны жарықты аэрациялыы шамдар қондырылады, фрамугтармен жабдықталатын қуыстар қажетті мөлшерге дейін ашылады (3).

Жазғы уақытта таза ауа төменгі ашық қуыстар (1) арқылы, жоғарғысы (2) арқылы қайта шығады. Желсіз жағдайдағы ауа ағыны қозғалысының сызба нұсқасын 14-суреттің а, б және в нұсқаларынан, ал желді жағдайдадағысын в, г нұсқаларынан көруге болады.

Қысқы уақытта сыртқы ауа жоғарғы қуыс қабырға арқылы енеді. Биіктік мынадай есеппен жасалады: жоғарыдан енген салқын ауа жұмыс аймағына төмен қарай түскенше, жылы ауамен әрекетесіп, жылып үлгеруі тиіс.

Желдің қозғалысы әдетте ауа алмастырғышты күшейте отырып, жағымды әсер етеді. Алайда желдің белгілі бір бағыттарда ғимараттың жоғарғы бөлігіндегі шамдарға қарай жылжуы мүмкін, нәтижесінде сыртқы ауа ағыны шаң мен газбен араласып, жұмыс аймақтарына келіа түседі.

Цехқа аэрация негізінде түсетін ауа ағынды қуыстар бетінен бүріккіштердің (форсункалар) көмегімен суды нәзік шашу жолымен салқындауы мүмкін. Булана отырып, су ортасының температурасы төмендеп, оның ылғалдылығын біршама жоғалтадлы.

Аэрациялы қондырғының ағынды ауасын жасанды салқындату – еліміздің оңтүстік аудандарында, ерекше, маңызды.

Ауыспалы ауалы ғимараттар белгілі бір сәулетті құрылысты талаптарға сәйкес келуі тиіс. Сыртқы ауа аэрациялы қуыстар арқылы өтуді қамтамасыз ету үшін ғимарат периметрі бойынша бос болуы шарт. Аэрацияның жақсартатын жағдайы биіктігі жоғары бір қабатты ғимараттарда жасалады. Көп қабатты ғимараттардың жоғарғы қабаттарына да аэрацияланған цехтарда орналастыруға болады.

Ені 100-200 метрден асатын ғимараттарды табиғи желдету кезінде үлкен қиындықтар орнайды. Бұл жағдайларда таза ластанбаған ауаны ғимарат орталығына орналасқан жұмыс орындарына жіберу мүмкін болмайды. Мұнда аэрацияны ағын мен сорғыш бірігіп кеткен Батурин конструкциясының арнайы шамдары арқылы жүзеге асырылады. Мұндай ғимараттарда ауаны қыздыратын механикалық желдеткіш орналастыру қажет.

Аэрацияны басқарушы қондырғылар, сенімді механизмдермен жабдықталған болуы керек. Аэрацияның артықшылығы, көптеген ауа алмасушылықтар (сағатына бірнеше миллиондаған куб метрге дейін) жүзеге асуы мүмкін. Аэрация жүйелерінің қондырғылары желдетулің механикалық жүйесіне қарағанда арзан, алайда басқаруда қиындық туғызады. Ол ауа райы жағдайларына тәуелді: ауа алмастырғыштың көлемі жел жылдамдығына, температураға байланысты айтарлықтай ауытқиды. Нәтижесінде жазғы уақытта желдету тиімділігі сыртқы ауа температурасының жоғарылауы кезінде айтарлықтай төмендейді.

Аэрация кезінде таза ауаны жұмыс аймағына беру әрдайым жүзеге асырыла бермейді. Аэрацияны қолданудағы маңызды кедергі: жұмыс ғимараттарында жылы ауамен қоса, газ, зиянды булар мен аэрозолдар болады, оларды сыртқы атмосфераны тазартпай тұрып жоюға мүмкіндік жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет