Дарындыбалалармен жұмыс жөніндегі ғылыми-практикалық орталықтың (ҒПО) әдіскері Лауазымдық міндеттері: Ғылыми-зерттеу қызметі: Зертханалардың ғылыми-зерттеу жұмыстарды орындауын ұйымдастырады, оның даму болашағын анықтайды, зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізудің әдістері мен құралдарын, алға қойылған ғылыми-зерттеу міндеттерін шешудің жолдарын қарастырады. Балалар мен жастар дарындылығын дамытудың ғылыми проблемаларын, осы мәселелер бойынша отандық және шетелдік жетістіктерді зерделейді және талдайды. Ғылыми-әдістемелік қызметі: Оқу-әдістемелік құжаттаманы, зерттеліп жатқан проблемалар шеңберіндегі құралдарды әзірлейді, рецензиялайды және бекітуге дайындайды. Ұлттық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жарыстарын өткізу тәжірибесін, дарынды балаларға арналған қосымша білім беретін мектептердің жұмысын жүргізеді, пысықтайды және таратады. Семинарлар, конференциялар, дарынды балалармен жұмыс істейтін білім беру ұйымдарының педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру курстарын өткізуге қатысады. Дарынды балалармен жұмыс істейтін білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің жай-күйіне талдау жасайды және білім беру процесінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
Ұйымдастыру-педагогикалық қызметі: Дарынды балалармен жұмыс істейтін білім беру ұйымдарының есептері мен жоспарларына талдау жасайды. Республикалық, халықаралық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жобаларының жарыстарын ұйымдастырады және өткізеді. Дарынды балаларға интеллектуалдық, эмоционалды-ерікті, тұлғалық психодиагностикалық зерттеу жүргізеді.