Біліктілікке қойылатын талаптар: білім беру ұйымдары қызметінің бейіні бойынша «Арнаулы педагогика» қосымша білімімен қоса техникалық және кәсіптік білімі (арнаулы орта, кәсіптік орта) және педагогикалық жұмыс өтілі 6 жылдан кем болмауы тиіс.
Арнайы білім беру ұйымдарының басшысы
Лауазымдық міндеттері: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес психологиялық-педагогикалық түзеудің психологиялық-педагогикалық консультация (бұдан әрі - ПМПК) және психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері (бұдан әрі - ППТК) жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады. Арнайы мекеменің түрін, оқыту және тәрбиелеу нысанын талқылау және анықтау кезінде кеңестің алқалық жұмысын ұйымдастырады, әдістемелік жұмысты басқарады, құжаттаманың дұрыс жүргізілуіне, ПМПК, ППТК-ны арнайы оқу және медициналық жабдықтармен, компьютерлік техникамен және әдістемелік материалмен жарақтандыруға жауап береді. Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегі арқылы тұрғындар арасында семинарлардағы, педагогтерді даярлау және біліктіліктерін арттыру курстарындағы педагог қызметкерлердің, медициналық және басқа да қызметкерлердің арасында дифектологиялық білімді тарату жұмыстарын ұйымдастырады; білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп, балалардың аномальды дамуының алдын алу мәселелері бойынша сақтандыру жұмыстарын ұйымдастырады. Балаларды тексеруден өткізудің жоғары деңгейін, ПМПК және ППТК мамандарының сапалы жұмысын қамтамасыз етеді. Ұйымдарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдерін дамыту, өмірлері мен денсаулықтарына қауіпсіздігіне жағдайлар жасау, ұжымда қолайлы психологиялық орта қалыптастыру шараларын қабылдайды. Өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді. ПМПК, ППТК-ның мүдделерін барлық органдарда қорғайды.
Достарыңызбен бөлісу: |