Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығы



бет89/128
Дата08.02.2022
өлшемі193,45 Kb.
#98158
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   128
Байланысты:
Pedagog-kyzmetkerler-men-olarga-tenestirilgen-tulgalardyn-lauazymdarynyn-ulgilik-biliktilik-sipattamalaryn-bekitu-turaly (1)

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары білім немесе арнайы (түзеу) білім беру ұйымдары қызметінің бейіні бойынша «Әлеуметтік педагогика» мамандығы бойынша қосымша білімімен бірге жоғары педагогикалық білім. Арнайы білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
Арнайы (түзеу) білім беру ұйымы басшысының орынбасары
Лауазымдық міндеттері: Педагогикалық ұжымның ағымдағы және алдағы қызметін жоспарлауды ұйымдастырады. Педагогтердің оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау және қажетті оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік, ғылыми және бейінді құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді. Білім беру процесінің сапасына және білім алушылардың білім дайындығы нәтижелерінің объективтілігіне, факультативтерге, үйірме және секция жұмыстарына бақылау жасайды. Білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылау жасауды жүзеге асырады. Оқу сабақтарының және басқа да оқу қызметі түрлерінің кестесін жасайды. Оқу процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, әдістемелік бірлестіктердің жұмысын үйлестіреді. Оқу-әдістемелік жұмыстың жай-күйіне талдау жасайды. Эксперименттік жұмыс нәтижелеріне талдау жасайды, оқытушылардың анағұрлым нәтижелі тәжірибесін тарату бойынша шаралар қабылдайды.
Педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізуге даярлауды және өткізуді қамтамасыз етеді. Оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, оқытудың көрнекі және техникалық құралдарымен жарақтау, әдістемелік кабинеттерді, кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыру жұмыстарын үйлестіреді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауға алады.
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тәрбиелеудің арнайы бағдарламаларын құруды қамтамасыз етеді. Мәдени-тәрбиелеу іс-шараларын дайындау және өткізу жұмыстарын, арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулердегі қажеттіліктерді бағалау және анықтау жүргізу жұмыстарын үйлестіреді. Педагог кадрларды іріктеу және орналастыру жұмыстарына қатысады.
Жұртшылықпен және денсаулық сақтау органдары өкілдерімен, ата-аналармен (және оларды алмастырушы тұлғалармен) тәрбие процесін қамтамасыз етуші әкімшілік және бөлімшелер өкілдерімен өзара іс-қимылды үйлестіреді. Пайдаланылатын жабдықтардың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Белгіленген есеп құжаттамаларын сапалы және уақытылы жасауды және беруді қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет