Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығы



бет92/128
Дата08.02.2022
өлшемі193,45 Kb.
#98158
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   128
Байланысты:
Pedagog-kyzmetkerler-men-olarga-tenestirilgen-tulgalardyn-lauazymdarynyn-ulgilik-biliktilik-sipattamalaryn-bekitu-turaly (1)

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңдарын және басқа да білім берудің даму бағыттары мен болашағын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогика және психология негіздерін; өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулердің мемлекеттік стандарттарды; арнайы педагогиканы, психологияны, педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін; экономика негіздерін; еңбек туралы заңнамаларды, қаржылық-шаруашылық қызметті, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: білім беру ұйымы қызметінің бейіні бойынша «арнаулы педагогикадан» қосымша білімі бар жоғары педагогикалық білім.
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: білім беру ұйымы қызметінің бейіні бойынша «Арнаулы педагогикадан» қосымша білімі бар техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс; сонымен қатар жеке бағытталған оқыту мен тәрбие берудің технологияларын меңгеруі, әдістемелік бірлестіктердің, озық тәжірибелі мектептердің жұмысына қатысуы, озық педагогикалық тәжірибелерді өз жұмысында пайдалануы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: білім беру ұйымдары қызметінің бейіні бойынша «арнаулы педагогика» қосымша білімімен қоса жоғары педагогикалық білімі және педагогикалық еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар тәрбиеленушілерді жас ерекшеліктеріне қарай және оларға ыңғайластырылған көзқараспен қарауды ескере отырып, тәрбие беру әдістемесін өзі құрастыра білуі, тәрбие жұмысына талдау жасау әдісін меңгеруі, шығармашылық семинарларды басқара білуі, диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыра білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: білім беру ұйымдары қызметінің бейіні бойынша «Арнаулы педагогика» қосымша білімімен қоса жоғары педагогикалық білімі және педагогикалық еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі, жаңа педагогикалық технологияларды, тәрбие беру әдістемесін әзірлеуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізуі, педагогикалық озық тәжірибелерді әдістемелік ұсынымдамалар немесе ғылыми жарияланымдар шығару арқылы жалпылауы, тәрбие беру саласындағы өзекті проблемаларды шешу жөніндегі шығармашылық топты басқаруы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: білім беру ұйымдары қызметінің бейіні бойынша «Арнаулы педагогика» қосымша білімімен қоса жоғары педагогикалық білімі және педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман: тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар жеке бағытталған оқыту мен тәрбие берудің технологияларын меңгеруі; тәрбие беру процесінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуі, білім беру ұйымы шеңберінде озық тәжірибелі мектептердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибелерді пайдалануы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: білім беру ұйымдары қызметінің бейіні бойынша «Арнаулы педагогика» қосымша білімімен қоса техникалық және кәсіптік білімі (арнаулы орта, кәсіптік орта) және педагогикалық жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар білім алушыларға жас ерекшеліктеріне қарай және оларға ыңғайластырылған көзқараспен қарауды ескере отырып, тәрбие беру әдістемесін өзі құрастыра білуі, тәрбие жұмысына талдау жасау әдісін меңгеруі, шығармашылық семинарларды басқара білуі, диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыра білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: білім беру ұйымдары қызметінің бейіні бойынша «Арнаулы педагогика» қосымша білімімен қоса техникалық және кәсіптік білімі (арнаулы орта, кәсіптік орта) және педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі, жаңа педагогикалық технологияларды, тәрбие беру әдістемесін әзірлеуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізуі, педагогикалық озық тәжірибелерді әдістемелік ұсынымдамалар немесе ғылыми жарияланымдар шығару арқылы жалпылауы, тәрбие беру саласындағы өзекті проблемаларды шешу жөніндегі шығармашылық топты басқаруы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет