Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығы


Біліктілікті арттыру институтының әдіскері (БАИ)



бет82/128
Дата08.02.2022
өлшемі193,45 Kb.
#98158
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   128
Байланысты:
Pedagog-kyzmetkerler-men-olarga-tenestirilgen-tulgalardyn-lauazymdarynyn-ulgilik-biliktilik-sipattamalaryn-bekitu-turaly (1)

Біліктілікті арттыру институтының әдіскері (БАИ)
Лауазымдық міндеттері: Курстарды, семинарларды, конференцияларды, педагогикалық оқуларды, конкурстарды, көрмелерді саралап жинақтауды және өткізуді ұйымдастырады. Курстарға оқу-әдістемелік материалдар әзірлейді. Тиісті санаттағы біліктілікті арттырудың (БА) өзекті проблемалары бойынша зертханалық-практикалық сабақтар, тренингтер, қызметтік ойындар дайындайды және жүргізеді. Жаңа тиімді технологияларды енгізу бойынша проблемалық мақсатты курстарды ұйымдастырады. БА курстары үшін жаңа оқу-тақырыптық жоспарлар, бағдарламалар әзірлейді. Білім беру ұйымы қызметкерлерінің үздіксіз БА-ның әртүрлі звенодағы курстық даярлығының тиімділігін анықтаудың педагогикалық диагностикасын, түзеуді, педагогикалық инструментарияларды жүзеге асырудың әдістерін жетілдіру жөніндегі әдістемелік жұмыстың нұсқасын әзірлеудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді. Білім беру ұйымдарының аудиовизуалдық және интерактивтік оқу құралдарына қажеттіліктеріне және педагогикалық деректер банктерінің жай-күйіне талдау жасайды. БА курстарын әдістемелік және практикалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Біліктілікті арттыру жоспарын іске асыруды қамтамасыз етеді, кабинет бейіні бойынша педагогикалық кадрлардың сапалы құрамының мониторингін жүзеге асырады. Авторларға оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сынақтан өткізуге, авторлық курстарды, семинарларды ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсетеді.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижелерін талдайды және қорытындылайды. Білім беру ұйымдары педагогтерінің, әдіскерлерінің, басшыларының нәтижелі жұмыс тәжірибелерін зерделейді, қорытындылайды және таратады. Білім беру қызметкерлеріне, аудандық әдістемелік кабинеттерге консультациялық, әдістемелік, практикалық көмек көрсетеді. Курсаралық жұмыстар және әртүрлі байқаулар, конкурстар, слеттер, олимпиадалар өткізеді. Педагогикалық және басқару инновациясын зерделейді және насихаттайды. Қазіргі заманғы педагогикалық ғылымның жетістіктерін, педагогикалық әдебиеттердің жаңалықтарын назарда ұстап отырады және олар туралы білім беру ұйымдарын, әдістемелік кабинеттерді хабардар етеді. БА жүйесіндегі маркетингтік зерттеулерді және баспа қызметін жүзеге асырады.
Өңірлік деңгейдегі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру институттарының тиісті кабинеттерінің қызметін үйлестіреді. Педагогтердің, білім беру ұйымдарының және жеке (ізденіс) зерттеу қызметтерінің инновациялық, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының нәтижелерін қорытындылау негізінде ғылым мен практиканы интеграциялау идеясын енгізу жөніндегі ұсынымдамаларды әзірлейді. Республикалық педагогикалық басылымдарда білім беру проблемалары бойынша материалдар жариялайды.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы» Заңдарын және басқа да білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, дидактиканың принциптерін; педагогиканың және жас ерекшеліктер психологиясының негіздерін; басқарудың инновациялық әдістерін; әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелендіру принциптерін; баспалармен жұмыс істеу негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеудің принциптерін және тәртібін; пән бойынша жаңа түпнұсқа және балама оқулықтардың мазмұнын, озық білім беру технологиялары, ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар жөніндегі жұмыс тәжірибені қорытындылаудың және таратудың әдістемесін; еңбек туралы заңнамалардың негіздерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: БАИ әдіскеріне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар ақпараттарды компьютерлік өңдеу технологиясын, педагогикалық талдау әдістерін меңгеруі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, педагогикалық, оның ішінде біліктілікті арттыру жүйесіндегі жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі жоғарғы деңгейдегі санаты жоқ БАИ әдіскеріне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар озық білім беру технологиялары бойынша жұмыс тәжірибелерін қорытындылай және тарата білуі тиіс, жарияланған әдістемелік материалдары болуы тиіс
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және БА жүйесіндегі жұмыс өтілі 7 жылдан кем болмауы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты БАИ әдіскеріне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар ғылыми-зерттеу және эксперименттік дағдыларды меңгеруі; білім беру процесінің өзекті проблемаларын шешу жөніндегі шығармашылық топтардың жұмысына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және БА жүйесіндегі жұмыс өтілінің 9 жылдан кем болмауы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты БАИ әдіскеріне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстардың әдістерін меңгеруі, білім беру процесінің өзекті проблемаларын шешу жөніндегі шығармашылық топтардың жұмысына қатысуы; алдыңғы қатарлы білім беру технологиялары бойынша ақпарат таратуы, жарияланған әдістемелік материалдарының болуы, мемлекеттік тілді білуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет