Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығы «Білім туралы»



бет1/15
Дата25.06.2017
өлшемі2,49 Mb.
#19994
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 Бұйрығы

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 34) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары бекітілсін.

2. Орта білім департаменті (М.Т. Санатова) белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;



2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Орта (М.Т. Санатова), техникалық және кәсіптік (Қ.Қ. Бөрібеков), жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім (С.М. Өмірбаев) департаменттері осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін.

4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің:

1) «Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 61 бұйрығының (№ 5168 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2009 жылғы 11 ақпандағы № 21 «Юридическая газета» газетінде жарияланған);

2) «Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 12 ақпандағы № 61 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2009 жылғы 20 наурыздағы № 128 бұйрығының (№ 5615 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.

6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді.

 

 

Министр

Ж. Түймебав

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі

__________ Г. Әбдіқалықова

2009 жылғы 07 тамыз

 

Қазақстан Республикасы



Білім және ғылым министрінің

2009 жылғы 13 шілдедегі

338 бұйрығымен бекітілген

 

 

Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік



біліктілік сипаттамалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамасы (бұдан әрі - Сипаттама) мыналарға негіз болады:

құрылымдық бөлімшелер туралы олардың білім беру ұйымдарындағы орны мен рөлін анықтайтын ережелер жасау;

қызметкерлердің міндеттерін, құқықтары мен жауапкершіліктерін белгілейтін лауазымдық нұсқаулықтар әзірлеу;

кадрларды іріктеу мен орналастыру, оларды пайдаланудың дұрыстығына бақылау жүргізу;

білім беру ұйымдарының қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу.

2. Білім беру ұйымдарының штат кестесінде қызметкерлер лауазымының атаулары осы Сипаттамада көрсетілген лауазымдық атауларға сәйкес келуі қажет.

3. Әрбір лауазымға берілген Сипаттама үш бөлімнен: «Лауазымдық міндеттері», «Білуге міндетті» және «Біліктілікке қойылатын талаптар» бөлімдерінен тұрады. «Лауазымдық міндеттері» бөлімі қызметкерлердің ұтымды мамандануын қамтамасыз ететін жұмыстардың технологиялық біртектілігін және өзара байланыстылығын ескере отырып осы лауазымды атқаратын қызметкерге толық не жартылай тапсырылатын негізгі жұмыстарды қамтиды.

«Білуге міндетті» бөлімі қызметкерге арнайы білімге қатысты, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді, ережелерді, нұсқаулықтарды, тағы басқа материалдарды білуі бойынша қойылатын негізгі талаптарды, қызметкер лауазымдық міндеттерін орындау кезінде қолдана алуға тиіс әдістер мен құралдарды қамтиды.

«Біліктілікке қойылатын талаптар» бөлімі қызметкердің көзделген міндеттерді орындауға қажетті қызметкердің кәсіби даярлық деңгейі мен жұмыс өтіліне қойылатын талаптарын айқындайды.

4. Мамандардың, оның ішінде бас мамандардың (бас есепші, бас инженер, бухгалтер, инженер, экономист және тағы басқалар) лауазымдары бойынша біліктілік сипаттамасы көрсетілмеген, себебі, олардың лауазымдық міндеттемелері мен білімге деген талаптары заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген қызметтің барлық саласына арналған жалпы біліктілік сипаттамасының негізінде айқындалады.

5. Басшылар, педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санатын білім беруді басқару органы белгілейді.

6. Сипаттамалар ішкі ұйымдастыру-үйлестіру құжаттарын әзірлеуге негіз болып табылады: өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастырудың ерекшеліктерін, сондай-ақ олардың құқықтары мен жауапкершіліктерін ескере отырып, қызметкерлердің лауазымдық міндеттерінің нақты тізбесін қамтитын лауазымдық нұсқаулығы.



Біліктілік сипаттамаларында әрбір лауазымға неғұрлым тән келетін жұмыстар түрлері берілген. Сондықтан лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу кезінде нақты ұйымдық-техникалық жағдайдағы тиісті лауазымға тән жұмыстар тізбесін нақтылауға болады және қызметкерлердің арнайы даярлығына қажетті талаптар белгіленеді.

 

 

Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының

ғылыми-педагогикалық қызметкерлері лауазымдарының үлгілік

біліктілік сипаттамалары Жоғары оқу орнының (ЖОО) басшысы (ректор)

 

Лауазымдық міндеттері: Қолданыстағы заңдар, нормативті құқықтық актілер, жарғы және бірлескен бастамалар мен әріптестік қағидаты бойынша жасалған ұжымдық шарттар негізінде жоғары оқу орнына тікелей басшылықты жүзеге асырады. Жоғары оқу орнының мақсаты мен даму стратегиясын айқындайды. Оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметтеріне басшылық етеді, қабылдаған шешімдерге, материалдық құндылықтардың сақталуына және тиімді жұмсалуына жауап береді. Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара тиімді әрекетін ұйымдастырады, әлеуметтік басымдықтарды, ел экономикасындағы мамандықтарға деген сұранысты ескере отырып, олардың жұмысын оқу, ғылыми үдерістерді жетілдіруге бағыттайды. Жоғары білікті мамандар дайындау мақсатында оқу, ғылым, тәрбие жұмыстарының, жоғары білім беру саласындағы соңғы жетістіктерді ескере отырып, ұйымның материалдық-техникалық базасы деңгейінің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Ұйымның бюджет, мемлекеттік бюджеттік емес қорлардың, тасымалдаушылардың, тапсырыс берушілердің, несие берушілердің алдындағы барлық міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етеді.

Жаңа техникалар мен технологияларды қолдану саласындағы жаңа жетістіктер, білім беру саласындағы отандық және шет елдік жетістіктер, еңбекті ұйымдастыру және басқарудың белсенді түрлерін қолдану, шығындарды жұмсаудың негізді нормалары, жоғары оқу орнының материалдық, техникалық ресурстарын тиімді пайдалану негізінде жоғары оқу орнын басқаруды ұйымдастырады.

Мамандар даярлау тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасындағы ғылыми ұйымдармен, аралас білім беру ұйымдарымен ғылыми байланысты ұйымдастырады. Ғылым және білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді және қолдау білдіреді.

Мамандар даярлау сапасын арттыру мақсатында оқу жоспарлары мен қосымша білім беру бағдарламаларын бекітеді.

Ұйымды білікті мамандармен қамтамасыз етуге, профессор-оқытушылар құрамы мен басқа да қызметкерлердің біліктілігін ұдайы арттыруға жағдай жасайды. Кәсіби білімді қолдану және дамыту, тәжірибе алмасу, жағымды және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің дұрыс үйлестірілуін, жоғары оқу орны қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін арттырудағы материалдық және моральдық ынталандыру қағидаттарын қолдануды, әрбір қызметкерге оған тапсырылған іс пен оның нәтижесіне деген материалдық қызығушылығы мен жауаптылығы қағидатын қолдануды, белгіленген мерзімде еңбек жалақысын төлеуді қамтамасыз етеді.

Ұйым ұжымымен бірге әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық келісім-шартты дайындайды, оған қол қояды және орындайды, еңбек және өндіріс тәртібін сақтайды, еңбекке ынталануды, бастаманы және жоғары оқу орны қызметкерлерінің белсенділігін дамытуға ықпал етеді.

Оған берілген құқықтар шеңберінде жоғары оқу орнының қаржылық, экономикалық, өндірістік-шаруашылық мәселелерін шешеді, жоғары оқу орны қызметінің жекелеген бағыттарын жүргізуді басқа лауазымдық тұлғаларға – проректорларға (орынбасарларына), құрылымдық бөлімшелердің басшыларына, ЖОО филиалдарына, сонымен бірге қызметтік және әкімшілік құрылымдық бөлімшелеріне тапсырады. Құрылымды және штат кестесін бекітеді. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Берілген өкілеттілік негізінде бұйрықтар мен өкімдер шығарады. Жоғары оқу орны қызметінің заңдылығын бақылауды, оның шаруашылық-экономикалық байланыстарын жүзеге асыруды, қаржыны басқаруда құқықтық құралдарды пайдалануды, келісім-шарт және қаржы тәртібін, әлеуметтік еңбек қатынастарын нығайтуды қамтамасыз етеді. Жоғары оқу орнының білім беру қызметін қолдау және аясын кеңейту мақсатында білім беру саласындағы инновациялық технологияларды енгізуді және қолдануды қамтамасыз етеді. Жоғары оқу орнының мүліктік мүдделерін сотта, сот алқаларында қорғайды. Сенімхатсыз жоғары оқу орнының атынан әрекет етеді және мемлекеттік билік пен басқару орындарының алдында ұйымның мүддесін қорғайды. Мемлекеттік құпияның қорғалуына және сақталуына, ұсынылатын статистикалық есептері мәліметтерінің нақтылығына байланысты жұмыстарды ұйымдастыруға, жағдай жасауға, жалпы жоғары оқу орнының қызметіне тікелей жауапты. Жыл сайын уәкілетті органға (құрылтайшыға) жоғары оқу орнының оқу, ғылыми және қаржылық қызметінің нәтижелері туралы есеп тапсырады.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңдарын, білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерді; білім беру және ғылыми қызметті дамытудың басым бағыттарын анықтайтын заңдық, құқықтық актілерді; жоғары кәсіби білімі бар мамандарды даярлау саласындағы әдістемелік және нормативтік материалдарды; саланың және ұйымның техникалық және ғылыми дамуының болашағын; мекеменің кадрлық ресурстарын; салық, экономика және экология заңдарын; жоғары кәсіптік білім беру (қосымша кәсіптік білім беру) саласындағы отандық және шет елдік білім беру ұйымдарының ғылыми жетістіктері мен алдыңғы қатарлы тәжірибелерін; ұжымдық шарттарға отырудың, әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеудің тәртібін; еңбек заңдарын; еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын.



Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім, ғылым докторы ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және кемінде 5 жыл білім беру ұйымдары мен/немесе білімді басқару органдарында басшылық қызметтегі еңбек өтілі болуы тиіс.

 

 

Жоғары оқу орны басшысының орынбасары (проректор)

 

Лауазымдық міндеттері: Қолданыстағы заңдар, нормативті құқықтық актілер, жарғы және ұжымдық келісім-шарттар негізінде жоғары кәсіби білім беру (қосымша кәсіби білім беру) қызметінің жекелеген бағыттары бойынша тікелей басшылықты жүзеге асырады. Ағымдағы және алдағы уақыттағы оқытушылар мен әдістемелік қызмет жұмысын жоспарлауды ұйымдастырады. Оқу бағдарламаларының жобалануы мен орындалуын, барлық оқу бағыттарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, оны жетілдіруге байланысты ұсыныстар береді. Оқытушылардың, кабинет меңгерушілерінің, кітапханалардың жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді. Оқытушылардың оқу жүктемелерін бақылайды және реттейді. Қабылдаған шешімдеріне, материалдық құндылықтардың сақталуына және тиімді жұмсалуына толық жауапты бола отырып, жоғары оқу орнының әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметтерінің жекелеген бағыттарына басшылық етеді. Өзіне тапсырылған барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара тиімді әрекетін ұйымдастырады. Жоғары білікті мамандар дайындау мақсатындағы оқу орны қызметінің, жоғары білім беру саласындағы соңғы жетістіктерді ескере отырып, жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасы деңгейінің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етеді.

Өзіне тапсырылған қызметтер шеңберінде жоғары оқу орнының бюджет, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың, жеткізушілердің, тапсырыс берушілердің, несие берушілердің алдындағы барлық міндеттемелерді орындауын; жаңа техникалар мен технологияларды қолдану саласындағы жаңа жетістіктер, білім беру саласындағы отандық және шет елдік жетістіктер, еңбекті ұйымдастыру және басқарудың белсенді түрлерін қолдану, шығындарды жұмсаудың негізгі нормалары, жоғары оқу орнының материалдық, техникалық ресурстарын тиімді пайдалану негізінде жоғары оқу орнын басқаруды ұйымдастырады.

Сеніп тапсырылған құрылымды білікті мамандармен қамтамасыз ету, қызметкерлердің біліктілігін ұдайы арттыру жөнінде шаралар қабылдайды. Кәсіби білімді қолдану және дамыту, тәжірибе алмасу, жағымды және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің дұрыс үйлестірілуін, жоғары оқу орны қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін арттырудағы материалдық және моральдық ынталандыру қағидаттарын қолдануды, әрбір жұмыскерге оған тапсырылған іс пен оның нәтижесіне деген материалдық қызығушылығы мен жауаптылығы қағидатын қолдануды, жалпы еңбек нәтижесін қамтамасыз етеді.

Мекеме ұжымымен (жұмыскерлердің өкілдерімен) бірге әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты дайындайды, оған қол қояды және орындайды, еңбек және өндіріс тәртібін сақтайды, еңбекке ынталандыруды, бастаманы және жоғары оқу орны қызметкерлерінің белсенділігін дамытуға ықпал етеді.

Сенімхаты болған жағдайда оған берілген құқықтар шегінде жоғары оқу орнының қаржылық, экономикалық, өндірістік-шаруашылық мәселелерін шешеді, жоғары оқу орны қызметінің жекелеген бағыттарын жүргізуді басқа лауазымдық тұлғаларға – құрылымдық бөлімшелердің басшыларына, сонымен бірге қызметтік және әкімшілік құрылымдық бөлімшелеріне тапсырады. Құрылымды және штат кестесін өзгертуге байланысты ұсыныстар береді. Өзіне тапсырылған құрылымдық бөлімшелердің қызметінің заңдылығын бақылауды, оның шаруашылық-экономикалық байланыстарын жүзеге асыруды, қаржыны басқаруда құқықтық құралдарды пайдалануды, шарт және қаржы тәртібін, әлеуметтік еңбек қатынастарын нығайтуды қамтамасыз етеді.

Жоғары оқу орнының білім беру қызметін қолдау және аясын кеңейту мақсатында білім беру саласындағы инновациялық технологияларды енгізуді және қолдануды қамтамасыз етеді. Сенімхаты немесе желілік нормативтік актісі болған жағдайда жоғары оқу орнының мүліктік мүдделерін сотта, сот алқаларында қорғайды. Мемлекеттік құпияның қорғалуына және сақталуына байланысты жұмыстарды ұйымдастыруға, жағдай жасауға, жалпы жоғары оқу орнының қызметіне тікелей жауапты. Жыл сайын тиісті құрылымдық бөлімшелер қызметінің нәтижелері туралы есеп дайындайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңдарын, білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерді; жоғары кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау саласындағы әдістемелік және нормативтік материалдарды; саланың және ұйымның техникалық және ғылыми дамуының болашағын, жоғары оқу орнының кадр ресурстарын; экономика және экология заңдарын; жоғары кәсіптік білім беру (қосымша кәсіптік білім беру) саласындағы отандық және шет елдік білім беру ұйымдарының ғылыми жетістіктері мен алдыңғы қатарлы тәжірибелерін; ұжымдық келісім-шарттарға отырудың, әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеудің тәртібін; еңбек заңдарын; еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, Ph.D (философия докторы) академиялық дәрежесі және кемінде 5 жыл білім беру ұйымдарының басшылық қызметтегі еңбек өтілі болуы тиіс.

 

 

Факультет деканы

 

Лауазымдық міндеттері: Факультеттің даму стратегиясын әзірлейді, жұмыс берушілермен, білімді басқару органдарымен сыртқы байланыстарды дамытады. Факультеттегі мамандар дайындау бағыттары бойынша білім беру қызметінің нарығын зерделейді. Факультеттегі оқу, тәрбие, ғылыми жұмыстарға басшылық жасайды. Кәсіптік білім беру бағдарламаларының, оқу жоспарларының, пәндердің оқу бағдарламаларының жасалуына және практикада қолданылуына байланысты жұмыстарды басқарады. Оқу-тәрбие үрдісінің ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады. Факультет ішінде мамандар дайындау сапасының жүйесін жасайды.

Кафедра меңгерушілеріне, ұжымға, факультет студенттеріне әкімшілік басшылықты жүзеге асырады.

Мыналарды:

жұмыс оқу бағдарламаларын және пәндердің силлабустерін;

элективтік пәндердің каталогін;

студенттердің жеке оқу жоспарларын бекітеді.

Кәсіби бағдар беру, факультетке жұмысқа қабылдау жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізеді.

Студенттерді кәсіби дайындауға басшылықты жүзеге асырады.

Оқу сабақтарының, емтихандардың, сынақтардың кестелерін жасауды ұйымдастырады және олардың орындалуына бақылау жасайды.

Оқу процесінің, оқу практикумдары мен кәсіби практикалардың ұйымдастырылуын бақылайды және реттейді.

Студенттердің өзіндік жұмыстарының, оның ішінде оқытушының басшылығымен өтетін студенттердің өзіндік жұмыстарының, студенттердің жеке оқу жоспарларының орындалуын бақылауды ұйымдастырады.

Студенттерді курстан курсқа көшіруге ұсыныс дайындайды. Емтихан сессияларына жіберуге рұқсат береді. Емтихандарды мерзімінен бұрын тапсыруға, қайта тапсыруға рұқсат береді.

Қажет жағдайда емтихандар мен сынақтарды қабылдау комиссиясын құрады.

Студенттерге мемлекеттік емтихандар тапсыруға, диплом жұмысын (жобасын) қорғауға рұқсат береді.

Бітірушілерді қорытынды аттестаттаудан өткізетін факультеттің мемлекеттік аттестаттау комиссиясының, сондай-ақ, факультеттің қабылдау комиссиясының құрамына кіреді.

Студенттерді оқуға қабылдауға, оқудан шығаруға, қайта қабылдауға ұсыныс береді.

Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар төлеу ережесіне сәйкес факультет студенттеріне стипендия тағайындауға ұсыныс дайындайды.

Кафедраларда, зертханаларда, студенттердің ғылыми үйірмелерде, студенттердің ғылыми қоғамдарында өткізілетін студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жалпы басшылықты жүзеге асырады.

Факультет бітірушілерімен байланысты, факультетте бітіретін мамандарды даярлау сапасын зерделеуді жүзеге асырады.

Факультет бітірушілерін жұмысқа орналастыру жұмыстарына басшылық жасайды.

Жаңа оқыту технологияларын енгізуді және студенттердің білімін бақылауды жүзеге асырады.

Оқыту үрдісіне оқу ұзақтығы әртүрлі және белсенді оқу бағдарламаларына негізделген сараланған және жеке дайындық түрлерін енгізуді қамтамасыз етеді.

Факультет құрамына кіретін оқу және ғылыми құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіреді.

Факультеттің кадрлар саясатын айқындайды.

Кафедра меңгерушілерімен бірлесіп, профессор-оқытушыларды, ғылыми және көмекші оқу мамандарын іріктеуді жүзеге асырады. Ректорға деканның орынбасарлығына кандидатураларды тағайындауға ұсыныс жасайды және олардың міндеттерін өзара бөлісуге жәрдемдеседі.

Кафедрааралық оқу-әдістемелік жиындарды, семинарларды, ғылыми және ғылыми-әдістемелік жиналыстар мен конференцияларды ұйымдастырады және өткізеді.

Жоғары оқу орнының халықаралық оқу және ғылыми жұмыстарын ұйымдастырады, бақылау жасайды және қатысады.

Факультет кеңесінің жұмысына басшылық жасайды. Факультет жұмысы жоспарының жобасын дайындайды, факультет кеңесі мәжілісіне дайындауға басшылық жасайды, оған төрағалық етеді. Факультет мамандықтары бойынша білім беру саласында жұмыс істеп жүрген жоғары білімді мамандардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастырады. Факультет құрамына кіретін кафедралардың пәндері бойынша оқулықтардың, оқу құралдарының, оқу-әдістемелік құралдарының дайындалуына жалпы басшылық жасайды.

Оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік жұмыстар бойынша өзінің жұмыстары туралы факультеттің Ғылыми кеңесінде, сонымен бірге ЖОО Ғылыми кеңесінде есеп береді.

Кафедралардың ғылыми-әдістемелік бағытында басқа факультеттің құрылымдық бөлімшелерімен, оқу орындарымен, кәсіпорындармен, ұйымдармен байланыста жұмыс істеуін ұйымдастырады.

Бір бағытта кәсіптенген білім беру ұйымдарымен, мекемелерімен студенттердің білім алу мазмұнын, технологиясын және оқыту түрлерін жетілдіру мақсатында байланыс орнатуын қамтамасыз етеді.

Оқытудағы техникалық құралдарды пайдалана отырып, білім беруге инновациялық оқыту технологияларын енгізеді және оны ұйымдастырады. Факультеттің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және дамытуға байланысты жұмыстарды жүргізеді.

Оқу үдерісін жетілдіруге және мамандар даярлау сапасын арттыруға байланысты мәселелерді факультет кеңесіне шығарады.

Факультет студенттері мен кафедралардың оқытушыларының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтауына бақылау жасайды. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі нормаларын орындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет