Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығы «Білім туралы»



бет14/15
Дата25.06.2017
өлшемі2,49 Mb.
#19994
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім, тәрбиеші ана қызметіндегі жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

 

 

Патронаттық тәрбиеші (асырап алушы отбасы)

 

Лауазымдық міндеттері: баланың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайлар және отбасылық жағдайларға жақындастырылған тұрмыстық жағдайлар жасайды, тәрбиеленушілердің күн тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымдарымен тығыз байланыста болып, балаларды тәрбиелеу мәселелерінде сынып жетекшілерімен, олардың даму ерекшеліктерін айқындау, диагноз қою және оқытудың, тәрбиелеудің, жұмысқа орналастырудың бара-бар жағдайларын айқындау мәселелерінде кеңестік көмек алу үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеспен өзара іс-қимыл жасайды.

Балалардың адамгершілік-рухани, интеллектуалдық қабілеттерінің дамуын, дене денсаулығын қамтамасыз етеді. Бес-алты жастағы балалардың мектепалды даярлығын қамтамасыз етеді. Тәрбиеленушілерді жалпы білім беретін мектепке анықтайды. Тәрбиеленушілердің уақытылы жалпы орта білім алуына ықпал етеді. Оқу орнына балалардың баруын, тәрбиленушілердің күн тәртібін, үй тапсырмасын орындауын, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуын, қосымша білім алуын, бос уақытын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Тәрбиеленушілердің өзіне-өзі қызмет етуін, жеке бас тазалығын сақтауын ұйымдастырады. Талдау жасайды, қажеттілікті анықтайды және арнайы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Санитарлық ережелер мен нормалардың, еңбек қауіпсіздігі мен өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасы Конституциясын, Бала құқықтары туралы конвенцияны, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және қараусыз қалуының алдын алу туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын басқа да білім берудің дамытудың бағыттары мен болашағын анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогика және психология негіздерін; арнайы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттарын; экономика негіздерін; еңбек туралы заңнамалардың негіздерін, еңбек қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік және өртке қарсы қауіпсіздік техникасын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары педогогикалық білім немесе техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және балалармен жұмыс істеу тәжірибесі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

 

 

Кітапханашы

 

Лауазымдық міндеттері: Кітапхана қорын жинақтауға, өңдеуге каталогтарды және басқа да кітапханалық-анықтамалық аппараттардың элементтерін ұйымдастыру мен қолдануға сәйкес кітапхана үрдісін қамтамасыз ету жұмыстарын атқарады. Автоматтандырылған деректер базасын жүргізу мен пайдалануды, қорлардың есебін, ұйымдастыру мен сақталуын оқырмандар мен абоненттерге қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

Кітапхананың ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстарына, кітапхананың даму бағдарламасын, халыққа кітапханалық қызмет көрсету жоспарын әзірлеу мен іске асыруға қатысады. Ғылыми әдістерді және кітапханалық қызметтің озық тәжірибесін қолданады.

Кітапхананың материалдық, қаржылық ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді. Перспективалық және ағымдағы жоспарды қалыптастырады. Басқа кітапханалармен, ғылыми-техникалық ақпараттық органдармен, қоғамдық ұйымдармен байланыс орнатады және қолдап отырады. Есепке алуды және белгіленген есеп беруді ұйымдастырады. Кітапхананың ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстарына, кітапхананың даму бағдарламасын, халыққа кітапханалық қызмет көрсету жоспарын әзірлеуге және іске асыруға қатысады. Кітапхана қызметінде ғылыми әдістер мен озық тәжірибені қолданады.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және білім беру ұйымдарының қызметі мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді; жоғары тұрған органдардың кітапхана жұмысы туралы жетекші құжаттарын; кітапхана жұмысының негізін; библиографияны, негізі кітапханалық-технологиялық үрдістерді, оқырмандармен жеке және жалпы жұмыстың түрлерін, әдістерін; педагогика, психология, экономика негіздерін; еңбек туралы заңнамаларды, еңбек және техника қауіпсіздігі ережелерін, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары білім.

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) немесе бейіні бойынша.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ кітапханашыға қойылатын талаптарға жауап беруге тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша жоғары білім және мектеп кітапханашысының қызметіндегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты кітапханашыға қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар кітапхана жұмысының мәселелерін, кітапхана ісінің негіздерін, библиографияны, негізгі кітапханалық-технологиялық үрдістерді, оқырмандармен жеке және бұқаралық жұмыс нысандарын, түрлерін білуге міндетті.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша жоғары білім және мектеп кітапханашысы қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем емес;

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты кітапханашыға қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар кітапхана жұмысының мәселелерін, кітапхана ісінің негіздерін, библиографияны, негізгі кітапханалық-технологиялық үрдістерді, оқырмандармен жеке және бұқаралық жұмыс нысандарын, түрлерін білуге тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша жоғары білім және мектеп кітапханашысының қызметіндегі еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ кітапханашыға қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар кітапхана жұмысының мәселелерін, кітапхана ісінің негіздерін, библиографияны, негізгі кітапханалық-технологиялық үрдістерді, оқырмандармен жеке және бұқаралық жұмыс нысандарын, түрлерін білуге тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта және кәсіптік орта) білім, мектеп кітапханашысының қызметіндегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты кітапханашыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар кітапхана жұмысының мәселелерін, кітапхана ісінің негіздерін, библиографияны, негізгі кітапханалық-технологиялық үрдістерді, оқырмандармен жеке және бұқаралық жұмыс нысандарын, түрлерін білуге тиіс.

біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта және кәсіптік орта) білім және мектеп кітапханашысының қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.

біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты кітапханашыға қойылатын талаптарға жауап беруі, кітапхана жұмысының мәселелерін, кітапхана ісінің негіздерін, библиографияны, негізгі кітапханалық-технологиялық үрдістерді, оқырмандармен жеке және бұқаралық жұмыс нысандарын, түрлерін білуге тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта және кәсіптік орта) білім және мектеп кітапханашысының қызметіндегі еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.

 

 

Музыкалық жетекші

 

Лауазымдық міндеттері: мемлекеттік жалпыға міндетті оқыту стандартына сәйкес тәрбиеленушілердің музыкалық тәрбиесін және эстетикалық дамуын жүзеге асырады. Музыкалық аспапта кәсіби шеберлікпен ойнайды. Музыкалық және басқа да мәдени іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, балалармен дербес жұмыстар жүргізеді, музыкалық жағынан дарынды балаларды анықтайды.

Дене тәрбиесі сабақтарына, спорттық шараларды ұйымдастыруға қатысады. Балалармен ойын жұмыстарын ұйымдастыруға қатысады, музыкалық-дидактикалық ойындарды өткізеді. Педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады. Балалармен жұмыс істеу практикасына алдыңғы қатарлы тәжірибиелерді енгізеді.

Тәрбиеленуші балалардың ата-аналарына музыкалық кеңестер береді. Тәрбиеленушілерінің музыкалық жетілуін бақылап отырады. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғаныс ережелері мен нормаларын орындайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, әр кезеңдегі музыкалық туындыларды, стиль мен жанр, дәрістер мен репитициялар өткізу әдістемесін, педагогика мен психология негіздерін, әр жастағы баланың музыкалық қабылдауы, эмоциясы, моторикасы және музыкалық қабілеті, балалар репертуарының музыкалық шығармаларын, музыкалық тәрбиелеудің әдістемесін, саз аспаптарын кәсіби орындау, дәрігер келгенге дейінгі медициналық көмек негіздерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың нормалары мен ережелерін, қауіпсіздік техникасын, өртке қарсы қорғанысты.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғарғы деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық немесе жоғары музыкалық білім.

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта және кәсіптік орта, музыкалық) білім.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: жоғары педагогикалық білім немесе жоғары музыкалық білім және музыкалық жетекшісі қызметіндегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

жоғары деңгейдегі екінші санатты музыкалық жетекшіге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар музыкалық тәрбие беру мен балаларды оқытудың әртүрлі қазіргі заманғы әдістерін, баланың музыкалық қабілетінің дамуын диагностикалау элементтерін білуі, баланың даму ортасының қалыптасуына белсенді қатысуы тиіс.

біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім немесе жоғары музыкалық білім және музыкалық жетекшісі қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.

біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты музыкалық жетекшіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруге, сонымен қатар балаларды музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы әдістерін қолдануға, өзінің шығармашылық ізденісін жүзеге асыруға, балаларды музыкалық дамытудың өзіндік ерекше әдістерін білуге тиіс.

біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық немесе жоғары музыкалық білім, музыкалық жетекші қызметіндегі еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман: музыкалық жетекшіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі тиіс.

біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік орта (арнаулы орта, кәсіптік орта, музыкалық) білім және музыкалық жетекші қызметіндегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты музыкалық жетекшіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балаларды музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы әртүрлі әдістерін, балалардың музыкалық қабілетінің даму диагностикасының элементтерін білуі, баланың даму ортасының қалыптасуына белсенді қатысуы тиіс.

біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта, музыкалық) білім және музыкалық жетекші қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.

біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты музыкалық жетекшіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балаларды музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы әдістерін қолдануға өзінің шығармашылық ізденісін жүзеге асыруға, балаларды музыкалық дамытудың өзіндік ерекше әдістерін білуі тиіс.

біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта, музыкалық) білім және музыкалық жетекші қызметіндегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

 

 

Мәдени ұйымдастырушы

 

Лауазымдық міндеттері: көпшілікке арналған ойындарды, ұжымдық және ойын қарым-қатынасын өткізеді. Білім беру ұйымдарында көріністер, көңілді кештер, балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастырады. Сценарийлер, тақырыптық бағдарламалар әзірлеп, балалардың ұжымдық бос уақытының дұрыс өткізілуін ұйымдастырады. Өткізілетін іс-шаралардың көркемдік безендірілуін, музыкалық сүйемелдеуді ұйымдастыруға қатысады.

Еңбекті қорғау, өрттен сақтану мен қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді. Оқу үрдісінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Өзінің кәсіби біліктілігін жетілдіреді. Ата-аналарға, оларды алмастырушыларға, сол сияқты педагог қызметкерлерге кеңес береді. Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және әдістемелік жұмыстардың басқа да түрлеріне қатысады.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және басқа білім беру мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілерді; педагогиканың, психологияның негіздерін; білім беру және мәдени-ағарту жұмыстар туралы жоғары органдардың басқару құжаттарын; тарих пен өнер теориясының негіздерін; олардың әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық қызметін; аудиторияны жандандырудың, ұжымдық ойынға көпшілікті тартудың; жалпы ойын-сауық іс-шаралардың драмалық құрылуының, дайындықтар мен сабақтарды жүргізудің әдістемесін; мәдени ұйымдастырушылардың озық тәжірибелерін; экономика негіздерін; еңбек туралы заңнамалар негіздерін, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы ережелерін; санитарлық ережелер мен нормалар.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары білім.

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік (орта арнаулы және кәсіптік орта) білім.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маманға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалармен бұқаралық мәдени іс-шараларды ұйымдастыра білуі, әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарына қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және мәдени іс-шара ұйымдастырушы қызметіндегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты мәдени ұйымдастырушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар тәрбие жұмысына сараптама жасау әдістемесін білуі, балалар мен жасөспірімдердің даму деңгейін есепке ала отырып тәрбиелеу әдістемесін өз бетінше әзірлей білуі, педагогиканың озық тәжірибелерін қолдануы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және мәдени іс-шара ұйымдастырушысы қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мәдени ұйымдастырушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар эксперименттік жұмыстардың әдістемесін білуі, жаңа педагогикалық технологиялар, мақсатты бағдарламалар әзірлеуі, оларды апробациялау жұмыстарын жүргізуі, шығармашылық топқа басшылық жасауы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және мәдени ұйымдастырушы қызметіндегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маманға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалармен бұқаралық мәдени іс-шаралар ұйымдастыру түрлерін білуі, тәрбие процесінде оң нәтижелерге жетуді қамтамасыз етуі, әдістемелік бірлестіктердің, озат тәжірибе мектептерінің жұмыстарына қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (орта арнаулы және кәсіптік орта) және мәдени ұйымдастырушы қызметіндегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ мәдени ұйымдастырушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалармен бұқаралық мәдени іс-шаралар ұйымдастыру түрлерін білуі, тәрбие процесінде балалар мен жасөспірімдердің ерекшелігіне байланысты жеке тұрғыда келуді ескере отырып, олармен жұмыс істеу әдістемесін өз бетінше әзірлей білуі, өз жұмысында педагогиканың озық тәжірибелерін қолдануы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және мәдени ұйымдастырушы қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.

біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мәдени ұйымдастырушыға қойылатын барлық талаптарға жауап беруге, сонымен қатар жаңа педагогикалық технологиялар мен мақсатты бағдарламалар құрастыра білуі, оларға апробация жұмыстарын жүргізуі, білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша шығармашылық топтарды басқара білуі, өз жұмысында педагогиканың озық тәжірибелері мен оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана білуі тиіс.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет