Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығы «Білім туралы»



бет13/15
Дата25.06.2017
өлшемі2,49 Mb.
#19994
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Біліктілікке қойылатын талаптар: білім беру ұйымдары қызметінің бейіні бойынша «Арнаулы педагогика» қосымша білімімен қоса техникалық және кәсіптік білімі (арнаулы орта, кәсіптік орта) және педагогикалық жұмыс өтілі 6 жылдан кем болмауы тиіс.

 

 

Арнайы білім беру ұйымдарының басшысы

 

Лауазымдық міндеттері: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес психологиялық-педагогикалық түзеудің психологиялық-педагогикалық консультация (бұдан әрі – ПМПК) және психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері (бұдан әрі - ППТК) жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады. Арнайы мекеменің түрін, оқыту және тәрбиелеу нысанын талқылау және анықтау кезінде кеңестің алқалық жұмысын ұйымдастырады, әдістемелік жұмысты басқарады, құжаттаманың дұрыс жүргізілуіне, ПМПК, ППТК-ны арнайы оқу және медициналық жабдықтармен, компьютерлік техникамен және әдістемелік материалмен жарақтандыруға жауап береді. Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегі арқылы тұрғындар арасында семинарлардағы, педагогтерді даярлау және біліктіліктерін арттыру курстарындағы педагог қызметкерлердің, медициналық және басқа да қызметкерлердің арасында дифектологиялық білімді тарату жұмыстарын ұйымдастырады; білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп, балалардың аномальды дамуының алдын алу мәселелері бойынша сақтандыру жұмыстарын ұйымдастырады. Балаларды тексеруден өткізудің жоғары деңгейін, ПМПК және ППТК мамандарының сапалы жұмысын қамтамасыз етеді. Ұйымдарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдерін дамыту, өмірлері мен денсаулықтарына қауіпсіздігіне жағдайлар жасау, ұжымда қолайлы психологиялық орта қалыптастыру шараларын қабылдайды. Өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді. ПМПК, ППТК-ның мүдделерін барлық органдарда қорғайды.

Қажетті есепті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен болашағын анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін; экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамаларды, қаржылық-шаруашылық қызметті; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

«Дефектология» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім немесе «Арнаулы педагогика» немесе «Арнаулы психология» мамандықтары бойынша қосымша білімімен қоса медициналық білім және арнайы (түзеу) білім немесе денсаулық сақтау ұйымдарында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы тиіс.

 

 

Интернат ұйымының басшысы

 

Лауазымдық міндеттері: Қолданыстағы заңнамаға және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметті басқарады. Білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен бірлестікте жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің күнтізбелік кестесін, ішкі тәртіп ережелерін және басқа да нормативтік актілерді әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес интернаттық ұйымдардың қызметтерін ағымдағы және келешектегі жоспарлауды ұйымдастырады. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуын қамтамасыз етеді. Бітірушілердің білім сапасына жауапкершілік алады. Оқу-білім беру процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің)  және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.

Оқушылардың, тәрбиеленушілердің санын қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдардың және әдістемелік, қоғамдық бірлестіктердің, оның ішінде балалар ұйымдарының қызметіне ықпал етеді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және т.б.) қорғайды, туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдайлар жасау шараларын қабылдайды, арнайы әлеуметтік қызметке мұқтаждықты бағалау және анықтау жұмыстарын ұйымдастырады. Белгіленген нормаларға сәйкес тәрбиеленушілер мен білім алушыларды асырап-бағу жағдайларын қамтамасыз етеді. Арнайы әлеуметтік қызметтерді бағалауды жүргізеді. Педагогикалық кеңесті басқарады.

Педагог кадрлар мен көмекші қызметкерлерді іріктеуді және жұмысқа орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби шеберліктерін арттыру үшін жағдайлар жасайды. Басқарманың құрылымын, штаттық кестесін бекітеді.

Нормативтік талаптарға сәйкес оқу-материалдық қор жүйесінің есебін, сақталуын, толықтырылуын, ішкі еңбек тәртібінің сақталуын, санитарлық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғауды және техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымдарындағы мүліктер мен қаражаттарды иеленеді.

Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) жұмысты үйлестіреді. Білім беру ұйымын мемлекеттік және басқа ұйымдарға таныстырады, қажетті есептілік құжаттамаларды дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен болашағын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогика және психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын педагогиканы; педагогикалық психологияны; педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін; экономика негіздерін, қаржылық-шаруашылық қызметті; еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

 

 

Интернат ұйымы басшысының орынбасары

 

Лауазымдық міндеттері: Оқу процестерін ұйымдастыруды, оқу жоспарлары мен іс-шараларды әзірлеуді қамтамасыз етеді. Оқу жоспары мен бағдарламаның орындалуын, қажетті оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми және бейіндік құжаттарды, факультативтерді, үйірмелерді, секцияларды әзірлеуді ұйымдастырады. Білім алушыларға білім беру процесінің сапасына, білім беру дайындығының нәтижелерін оң бағалауға бақылауды жүзеге асырады. Білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылауды жүзеге асырады.

Оқу сабақтарының және оқу қызметінің басқа түрлерінің кестесін жасайды. Білім беру процесін жетілдіруге ұсыныс енгізеді. Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, үйлестіреді және оған талдау жасайды. Эксперименттік жұмыс нәтижелерін талдайды және қорытындылайды.

Емтиханға дайындық және өткізу жұмыстарын ұйымдастырады. Мемлекеттік аралық бақылау және ұлттық бірыңғай тестілеу жұмысын дайындауға және өткізуге қатысады. Тәжірибелі мұғалімдердің нәтижелі жұмыстарын таратуды қорытындылайды және шараларды қабылдайды.

Инновациялық технологияларды оқу процесіне енгізеді. Білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жекелеген жас, жыныс ерекшелігін ескере отырып, білім беру қызметін дамыту және түзету бағдарламаларын әзірлеуді жоспарлайды.

Педагог кадрларды іріктеуге және жұмысқа орналастыруға қатысады, олардың біліктілігін арттыру, кәсіби шеберліктерін жетілдіру жұмыстарын ұйымдастырады. Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттаудан өткізуге дайындық және өткізу жұмыстарына қатысады.

Оқу зертханалары мен кабинеттерді қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жарақтандыру, әдістемелік кабинеттерді, кітапхананы оқу-әдістемелік құралдармен, көркем әдебиеттермен толтыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді.

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің жағдайына бақылау жасауды, белгіленген есеп құжаттамаларының сапалы және уақытылы жасалуын, дұрыстығын және уақытылы берілуін жүзеге асырады. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі ағымдағы және алдағы жоспарды әзірлейді, тәрбие процесінің, басқа да тәрбие жұмысы түрлерінің сапасына жүйелі түрде бақылау жүргізуді жүзеге асырады.

Дене шынықтыру-сауықтыру және көркем-эстетикалық циклдің қосымша білім беру педагогтерінің, аға вожатыйлардың, ұзартылған күн тобы тәрбиешілерінің жұмысын ұйымдастырады. Тәрбие жұмысы жөніндегі қажетті әдістемелік құжаттаманы әзірлеуді, девиантты мінез-құлықты балалармен өткізілетін мәдени-тәрбие беру іс-шараларын өткізуді қамтамасыз етеді. Тәрбие процесінің проблемаларын, тәрбие жұмысының нәтижелерін, тәрбие жұмысы саласындағы оқу орындарының жай-күйіне және алдағы мүмкіндіктеріне талдау жасайды. Тәрбие процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.

Бағалау жүргізеді және арнайы әлеуметтік қызметтерге сұранысты анықтайды. Педагог кадрларды іріктеуге және жұмысқа орналастыруға қатысады, тәрбие жұмысымен айналысатын қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды ұйымдастырады. Жұртшылықпен және құқық қорғау органдары өкілдерімен, ата-аналармен (олардың орнын басатын тұлғалармен) және ата-аналар комитетімен тәрбие процесін қамтамасыз ететін оқу орны әкімшілігі, қызметі мен бөлімшелері өкілдерімен өзара іс-әрекетті үйлестіреді.

Тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, приборлардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Тәрбие процесіне инновациялық технологияларды енгізеді. Тәрбиешілердің анағұрлым нәтижелі тәжірибелерін тарату бойынша шаралар қабылдайды. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді. Қажетті есеп беруді дайындап, ұсынуды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын, педагогика және психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және арнайы (түзеу) білімінің, әлеуметтік педагогиканың, әлеуметтік сихологияның даму бағыттары мен болашағын анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамаларды, ңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін; санитарлық ережелер мен нормаларды білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

 

 

Интернаттық ұйымның тәрбиешісі (аға тәрбиешісі)

 

Лауазымдық міндеттері: Әр баланы тұлғалық дамыту мақсатында оның жеке қабілеттілігін, қызығушылығы мен икемділігін зерделейді. Түзету-дамыту жұмыстарын жоспарлайды және жүргізеді (топпен немесе жекелей). Әлеуметтік-психологиялық оңалту, әлеуметтік және еңбекке бейімдеу үшін жағдай жасау жұмыстарын жүргізеді.

Тәрбиеленушілердің күн тәртібін, үй тапсырмаларын орындауын, қоғамдық–пайдалы жұмысқа араласуын, бос уақытын ұйымдастыруын және қосымша білім алуын қамтамасыз етеді. Тәрбиеленушілердің өз-өзіне қызмет етуін, жеке гигиенасын сақтауын ұйымдастырады. Медицина қызметкерлерімен бірлесіп, тәрбиеленушілердің денсаулығын жақсарту мен сақтауды қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық дамуына ықпал етеді, балалардың интернаттық ұйымда болу кезеңіндегі өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.

Топтарға бекітілген мүліктердің, әдістемелік әдебиеттер мен оқу құралдарының сақталуын қамтамасыз етеді. Тәрбиеленушілердің арнайы әлеуметтік қызметті қажет етуін анықтау жұмыстарын жүргізеді. Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өртке қарсы нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді. Қажетті есеп беруді дайындап, ұсынуды қамтамасыз етеді.

Аға тәрбиеші қызметін атқару кезінде интернаттық ұйымдағы тәрбиешілердің жұмысын басқарады. Тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсетеді, озық педагогикалық тәжірибелерді таратуға және енгізуге, тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға ықпал етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Бала құқықтары туралы тұжырымдаманы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Неке және отбасы туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен болашағын анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогика, психология негіздерін; арнайы әлеуметтік қызметтің мемлекеттік стандартын; тәрбие процесін ұйымдастыруда халықаралық тәжірибені қолдану; еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау мен техникалық, өртке қарсы қауіпсіздікті және санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім немесе техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғарғы педагогикалық білім және балалармен жұмыс істеу тәжірибесі 2 жылдан кем болмауы тиіс.

Біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және балалармен жұмыс істеу тәжірибесі 2 жылдан кем болмауы тиіс.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар жеке бағдарлы оқыту мен тәрбие берудің технологиясын меңгеруі, әдістемелік бірлестіктердің, озық тәжірибелі мектептердің жұмысына қатысуы, өз жұмысында алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді пайдалануы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі, педагогикалық еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс немесе жоғары білімі және тәрбиеші лауазымында еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар тәрбиеленушілерді жас ерекшеліктерін ескере отырып, және оларға сараланған тұрғыдан тәрбие беру әдістемесін құрастыра білуі, тәрбие жұмысына талдау жасау әдістерін, шығармашылық семинарларды және басқа диагностикалық жұмыстарды басқара және ұйымдастыра білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және педагогикалық еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс немесе жоғары білімі және тәрбиеші лауазымы бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар әдісін меңгеруі, жаңа педагогикалық технологияларды әзірлеуі, тәрбие беру әдістемесін, оларды сынақтан өткізуді, педагогикалық озық тәжірибелерді әдістемелік және жарияланымдар шығару арқылы жалпылауы, тәрбие беру саласындағы өзекті проблемаларды шешуші шығармашылық топты басқаруы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі, педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс немесе жоғары білімі және тәрбиеші лауазымындағы жұмыс өтілі 6 жылдан кем болмауы тиіс.

 

 

Тәрбиеші ана

 

Лауазымдық міндеттері: баланың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайлар және отбасылық жағдайларға жақындастырылған тұрмыстық жағдайлар жасайды, тәрбиеленушілердің күн тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымдарымен тығыз байланыста болып, балаларды тәрбиелеу мәселелерінде сынып жетекшілерімен, олардың даму ерекшеліктерін айқындау, диагноз қою және оқытудың, тәрбиелеудің, жұмысқа орналастырудың бара-бар жағдайларын айқындау мәселелерінде консультативтік көмек алу үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеспен өзара іс-қимыл жасайды.

Балалардың адамгершілік-рухани, интеллектуалдық қабілеттерінің дамуын, дене денсаулығын қамтамасыз етеді. Бес-алты жастағы балалардың мектепалды даярлығын қамтамасыз етеді. Тәрбиеленушілерді жалпы білім беретін мектепке анықтайды. Тәрбиеленушілердің уақытылы жалпы орта білім алуына ықпал етеді. Оқу орнына балалардың баруын, тәрбиленушілердің күн тәртібін, үй тапсырмасын орындауын, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуын, қосымша білім алуын, бос уақытын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Тәрбиеленушілердің өзіне-өзі қызмет етуін, жеке бас тазалығын сақтауын ұйымдастырады. Талдау жасайды, қажеттілікті анықтайды және арнайы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Санитарлық ережелер мен нормалардың, еңбек қауіпсіздігі мен өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасы Конституциясын, Бала құқықтары туралы конвенцияны, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және қараусыз қалуының алдын алу туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және басқа да білім берудің дамытудың бағыттары мен болашағын анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогика және психология негіздерін, арнайы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттарын, экономика негіздерін; еңбек туралы заңнамалардың негіздерін, еңбек қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік және өртке қарсы қауіпсіздік техникасын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім және балалармен жұмыс істеу тәжірибесі 1 жылдан кем болмауы тиіс.

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ тәрбиеші анаға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруге, сонымен қатар оқыту мен тәрбиелеудің жеке тұлғаға бағытталған технологияларын білуге, әдістемелік бірлестіктердің, озық тәжірибелі мектептердің жұмысына қатысуға, педагогикалық озық тәжірибелерді өз жұмысында пайдалануға тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім тәрбиеші ана қызметіндегі жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты тәрбиеші анаға қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар тәрбиеленушілердің жас ерекшелігін және жеке тұрғыдан келуді ескере отырып, тәрбие беру әдістемесін өз бетінше әзірлей білуге, тәрбие жұмысына талдау жасау әдісін меңгеруге, шығармашылық семинарларды басқара алуға және диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру түрлерін білуге тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және тәрбиеші ана қызметіндегі жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты тәрбиеші анаға қойылатын барлық талаптарға жауап беруге, сонымен қатар тәрбие жұмысын талдау әдістерін білуге, тәрбиеленушілердің жас ерекшелігін және жеке тұрғыдан келуді ескере отырып, тәрбие беру әдістемесін өз бетінше әзірлей білуге, шығармашылық семинарларды басқара алуға, диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру түрлерін білуге, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибелерді пайдалануға тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғарғы педагогикалық білім және тәрбиеші ана қызметіндегі жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман:

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ тәрбиеші анаға қойылатын талаптарға жауап беруге, тәрбие процесінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және балалармен жұмыс істеу өтілі бір жылдан кем болмауы тиіс.

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты тәрбиеші анаға қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар оқыту мен тәрбиелеудің жеке тұлғаға бағытталған технологияларын білуге, тәрбие беру процесінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуге, білім беру ұйымдарындағы әдістемелік бірлестіктердің, озат тәжірибе мектептерінің жұмыстарына қатысуға, озық педагогикалық тәжірибелерді өз жұмысында пайдалануға тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім, тәрбиеші ана қызметіндегі жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты тәрбиеші анаға қойылатын барлық талаптарға жауап беруге, сонымен қатар тәрбиеленушілердің жас ерекшелігін және жеке тұрғыдан келуді ескере отырып, тәрбие беру әдістемесін өз бетінше әзірлей білуге, тәрбие жұмысын талдау әдістемелерін білуге, шығармашылық семинарларды басқара алуға, диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру түрлерін білуге тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім, тәрбиеші ана қызметіндегі жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.

біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруге, сонымен қатар ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар әдістерін білуге, жаңа педагогикалық технологиялар әзірлеуге тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет