Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы


Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары



бет5/6
Дата28.03.2022
өлшемі38,73 Kb.
#137045
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1,2,3 >AK

Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары


1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Бiлiм туралы» Заң) 5-бабының 11-1) тармақшасына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және меншік нысанына қарамастан, арнайы білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.


2. Арнайы білім беру ұйымдары өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы» Заңды, осы Қағидаларды, өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Мемлекет ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға олардың білім алуы, даму бұзылуының түзетуі және әлеуметтік бейімделуі үшін арнайы жағдайларды қамтамасыз етеді.
3. Арнайы білім беру ұйымдарына:
1) «Бiлiм туралы» Заңның 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (бұдан әрі – МЖМБС) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары;
2) түзету жеке, топтық және кіші топтық дамыту сабақтарын өткізуге бағытталған арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар (психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары);
3) ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асыратын, білім беру бағдарламасының типін (жалпы білім беретін, арнайы, қысқартылған, жеке) ұсынатын ұйымдар.
4. Арнайы білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен автоматтандырылған ақпарат алмасуды және деректерді өзектендіруді қамтамасыз етеді.
Арнайы білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет