Сөж тақырыбы



бет1/7
Дата08.02.2022
өлшемі111,37 Kb.
#124959
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қазыкенова Жансая реферат 1


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық - педагогтік колледжі



СӨЖ


Тақырыбы:"Басқару функциялары"




Топ: 43 «Б»
Білім алушы: Қазыкенова Ж.М.
Пән оқытушысы: Әлихан Ә.К.


Алматы 2021 ж
Басқару – адамдардың кәсіптік қызметі. Басқару – бұл ұжымдағы адамдарға және жекелеген адамдарға, олардың бірлескен (еңбек) жұмыс процесінде мақсатты жүйелі ықпал ету. Басқару функциясы – басқару қызметінің нақты түрі, оны жүзеге асыру үшін арнайы амалдар мен әдістер, сондай-ақ тиісті ұйымдық жұмыстар қолданылады.
Негізгі терминдер: басқару функциялары, жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, бақылау
Дәрісте қарастырылатын сұрақтар:
1. Басқару процесі туралы түсінік
2. Жоспарлау функциясы
3. Ұйымдастыру функциясы
4. Мотивация туралы түсінік
5. Бақылау функциясы
Басқару процесі дегеніміз – бұл шешімді шығаруды, қабылдауды, қабылданған шешімнің орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
Басқару процесінде кім не істеу керектігін анықтап, шешім шығару қажет, оны орындау үшін жағдай жасап, қалай орындау керектігін айтып түсіндіріп, жұмыс барысында пайда болған кемшіліктерді жою керек.
Әрбір ұйымда көздеген мақсатқа жету үшін басқару қызметі бірінші кезектегі міндет болып табылады, ол барлық салаларда жүзеге асуры керек.
Ұйымда әртүрлі мақсат болуы мүмкін, мұның әсіресе әр түрлі типтегі ұймдарға қатысы бар. Басты мақсат, оның орындалуын қамтамасыз ететін бірнеше мақсатқа бөлінеді. Бұлар: өндірісті дамыту және тиімділігін арттыру, ресурсты үнемдеу, табысты көбейту, еңбек өнімділігін арттыру, оын жан-жақты интенсивтендіру, ғылыми техникалық прогресті көбейту, ұжымның әлеуметтік дамуы, жоғарғы еңбек өнімділігі үшін қолайлы мүмкіндіктер жасау, адамдарды, қоршаған ортаны қорғау және жақсату.
Ұйымның тиімділігін арттыру үшін мақсат айқын болуы тиіс. Ұйымдағы толып жатқан мақсаттар тиімді болуы үшін біріне бірі ықпал етуі-бір мақсатқа жетуге қажетті әрекет пен шешім, басқа мақсаттың жетістігіне бөгет жасамауы тиіс.
Ұйымның мақсатын орындау үшін сыртқы орта мен ішкі мүмкіндіктердің байланысы арқылы нақты міндеттерді жүзеге асыратын басқару ісінің ерекше түрі – менеджменттің функциялары деп аталады.
Іскер менеджер көздеген мақсатына жету үшін басқару функцияларын бұлжытпай орындауы тиіс. Басқару процесі жүзеге асу үшін мынандай негізгі функциялар орындалуы қажет:
1. Жоспарлау
2. Ұйымдастыру
3. Мотивация
4. Бақылау


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет