Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің



бет4/6
Дата25.08.2017
өлшемі0,97 Mb.
#26632
1   2   3   4   5   6




БҚ 5. Қазіргі заманғы экономикалық жүйенің жұмыс істеу заңдылықтары мен тетіктері туралы кешенді түсінікке ие болу

ӘЭМ 05. Экономика негіздері

Осы модуль заманауи экономикалық жүйенің заңдылықтары мен тетіктері, мемлекеттік реттеудің нарықтық тетіктері мен әдістері туралы кешенді көріністі қалыптастыруға қажетті білімдерді, іскерліктер мен дағдыларды сипаттайды.

Модульді игеру нәтижесінде білім алушылар: экономикалық теория негіздерін; экономикалық жүйелердің жалпы негіздерін; макроэкономика негіздерін; экономиканың өзекті мәселелерін; «Жасыл экономиканың» негізгі міндеттерін меңгеруі қажет.

Модульді игеру барысында білім алушылар: негізгі экономикалық мәселелерді, экономика теориясы мен бизнес негіздерінің тұжырымдық ережелерін түсінуі;

мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын анықтауы тиіс.



Оқыту нәтижесі: 1) Экономикалық мәселелер мен бизнес негіздерін түсіну.




Бағалау өлшемдері:

  1. Экономикалық терминдерді, нарықтық экономика заңдылықтары мен қағидаттарын біледі.

  2. Өндіріс пен тұтыну экономикасы негіздерін біледі.

  3. Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін біледі.

  4. Инфляция көздерін және оның салдарларын біледі.




Оқыту нәтижесі: 2) Кәсіпорынның меншік формасы мен түрін, жоспары түрін, негізгі экономикалық көрсеткіштерін анықтау.




Бағалау өлшемдері:

  1. Жоспарлаудың негізгі кезеңдері мен мазмұнын біледі.

  2. Математикалық әдістерді қолдана отырып, қажетті экономикалық есептеулер жүргізеді.

  3. Кәсіпорынның негізгі экономикалық көрсеткіштерін анықтайды.




Оқыту нәтижесі: 3) Әлемдік экономиканың даму үрдістерін, мемлекеттің «жасыл» экономикаға өтуінің негізгі міндеттерін білу.




Бағалау өлшемдері:

  1. Әлемдік экономиканың даму тенденциясын біледі.

  2. Мемлекеттің «жасыл» экономикаға өтуінің негізгі міндеттерін біледі.

  3. Жалпы ішкі өнім мен жалпы ұлттық өнімді есептеудің негізгі әдістерін біледі.




Оқыту нәтижесі: 4) Кәсіпкерлік қызметтің табысқа ие болу және тәуекелге бару мүмкіндіктерін анықтайды.




Бағалау өлшемдері:

  1. Кәсіпкерліктің мақсаттарын, даму факторлары мен шарттарын біледі.

  2. Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің заманауи ұйымдастырушылық-құқықтық формаларын біледі.

  3. Кәсіпкерлік қызметтің жетістігін анықтайтын факторларды біледі

  4. Бизнес жоспарды құру негіздерін біледі.




Жалпы кәсіптік модульдер




БҚ 6. Топырақты далада және зертханалық зерттеу әдістерін, топырақтың жіктелуін және диагностикасын, топырақтың негізгі типтерінің, тегінің және түрлері қасиеттерінің кешенін білу.

ЖКМ 01. Геобота-ника негіздері-мен топырақта-ну

Геология негіздері. Жер қыртысының құрамы. Үгілу процестері. Жер бедері, оның пайда болуы, топырақ құрайтын жыныстың жіктелуі. Топырақтың пайда болуы, құрамы және қасиеттері. Топырақ түзілу процесі. Топырақ түзілу факторлары. Генезис және топырақ эволюциясы. Топырақтың органикалық бөлігі.

Бағдарлама мына міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

- геология және минералогия негіздері;

- топырақ карталары мен картограммалар;

- топырақтың түзілуі, құрамы және қасиеттері;

- Тәуелсіз Мемелекеттер Достастығы елдеріндегі европалық және азиаттық топырақтар;

- ботаникалық география элементтері.


Оқыту нәтижесі: 1) Геология және минералогия негіздері




Бағалау өлшемдері:

1. Жердің құрылуы және шығу тегі;

2. Жер бетінің құрамы және пайда болуы;

3. Жер бедері, жердің беткі қабатының шөгінділері және олардың қалыптасуы;

4. Топырақ түзуші жыныстар.






Оқыту нәтижесі: 2) Топырақ карталары мен картограммалар.




Бағалау өлшемдері:

1. Жерге орналастыру кезінде топырақ карталарын және оларға ілеспе картограммаларды пайдалану;

2. Түрлі аумақтардағы топырақ жабынының қазіргі жағдайы және оны оңтайлы пайдалану перспективалары туралы дәйекті қорытынды беру;

3. Дала дақылдарының өнімділігін болжау, жоспарлау ж әне бағдарламалау мақсатында жерге сапалық бағалау жүргізу.





Оқыту нәтижесі: 3) Топырақтың түзілуі, құрамы және қасиеттері




Бағалау өлшемдері:

1. Топырақ туралы түсінік, топырақ түзілу процесі және топырақ түзуші факторлар;

2. Топырақтың (қарашіріктің) органикалық бөлігінің құрамы мен шығу тегі;

3. Топырақтың химиялық құрамы және ондағы қоректік заттардың түзілу процесін біледі;

4. Топырақтың механикалық құрамы және оның қасиеттеріне әсерін біледі;

5. Жұту қабілеті және топырақ реакциясы;

6. Топырақтың су қасиеттері және су режимі, топырақ ерітіндісі;

7. Топырақ құнарлығы туралы біледі.





Оқыту нәтижесі: 4) Тәуелсіз Мемелекеттер Достастығы елдеріндегі европалық және азиаттық топырақтар




Бағалау өлшемдері:

1. Табиғаттағы топырақтың көп түрлілігі және оның жіктелуі;

2. Тундра және тайга- орман аймақтарының топырақтарын біледі;

3. Ормандала және дала аймақтары топырақтары;

4. Құрғақ және жартылайшөлейт дала топырақтарын, сортаңдар, сорлар, солодтарды сипаттайды;

5. Шөлейт аймақтары топырақтарын, құмдарды сипаттайды;

6. Құрғақ субтропик аймақтарының топырақтарын сипаттайды.






Оқыту нәтижесі: 5) Ботаникалық география элементтері




Бағалау өлшемдері:

1. Негізгі экологиялық факторларды біледі;

2. Өсімдік бірлестіктері түсінігі бар;

3. Өсімдіктердің флористикалық географиясын біледі.





БҚ 7. Ауылшаруашылық өсімдіктерінің тіршілік жағдайларын, оларды реттеуді, арамшөптерді, зиянкестерді, ауруларды, егіншілік және ауыспалы егіс жүйелерін, топырақты пар, шұбар шымшыққа қарсы, егіс алдындағы, отамалы, мелиорациялық, эррозияға қарсы өңдеу жүйесін білу.

ЖКМ 02. Егіншілік және өсімдік шаруашылығы

Егіншілік негіздері.Өсімдіктер және олардың тіршілік жағдайлары. Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері мен аурулары, олармен күресу шаралары. Ауылшаруашылық дақылдарын бағдарламалау қағидаттары. Маңызды ауылшаруашылық дақылдарын күтіп-баптаудың үдемелі технологиясы.

Бағдарлама мына міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: егіншілік негіздері; өсімдік өсіру



Оқыту нәтижесі: 1) Егіншілік негіздері




Бағалау өлшемдері:

1. Ғылыми егіншілік басты заңдарын біледі;

2. Бөлек шаралардың экономикалық тиімділігін анықтайды және егін шығымдылығы мен топырақ құнарлығын көтеру шараларын анықтайды;

3. Егіншілік және ауыспалы егіс жүйесінің ауруларын біледі;

4. Гербицидтердің салмақ мөлшерін есептей біледі;

5. Нақты шаруашылықтың ауыспалы егісіндегі топырақ өңдеу жүйесін әзірлейді және қысқаша негіздей біледі;

6. Эрозияға қарсы іс-шаралар жүйесін біледі;

7. Жоспарланған егін шығымдылығына қажет минерал тыңайтқыштарының мөлшерін есептей біледі.





Оқыту нәтижесі: 2) Өсімдік өсіру




Бағалау өлшемдері:

1. Өсімдік дамуының фенологиялық дәуірін анықтай алады;

2. Тұқымның егіс сапаларын анықтай алады;

3. Дәнді дақылдар өндіруінің технологиялық сызбасын құрады;

4. Дәнді-бұршақты дақылдардың биологиялық ерекшеліктерін біледі;

5. Күнбағысты индустриалды технологиялармен егіп өсірудің технологиялық картасын агротехникалық бөлігін құрастыра біледі;

6. Талшықты дақылдар дәндерінің егіске дайындығын жасайды;

7. Қантты және крахмалды дақылдар;

8. Жемшөптік және бақша дақылдары;

9. Егіс жағдайындағы ФАР кірісін есептей біледі;

10. Табиғи жемшөптік алқаптарды жақсарту жөніндегі қандай іс-шаралар жүргізу қажеттігін біледі;

11. Пішен, сүрлем, пішендеме, астық пішендеме және витаминді шөп ұнтасын дайындау технологиясын біледі.





БҚ 8. Тракторлар мен автомобильдердің жіктелуін және жалпы құрылысын, қозғалтқыш жұмысының негізгі қағидаттары және жалпы құрылысын білу.

ЖКМ 03. Ауылшаруашылық өндірісін механикаландыру

Тракторлар, іштен жану қозғалтқыштары туралы негізгі мәліметтер. Іштен жану қозғалтқыштарының механизмдері мен жүйелері. Ауылшаруашылық машиналары. Ауылшаруашылық машиналары мен құралдары туралы жалпы мәліметтер.

Бағдарлама мына міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: ауылшаруашылығын механикаландыруды дамыту; материал, механизм, машина бөлшектері жөніндегі негізгі мәліметтер; ауылшаруашылық машиналар мен құралдар туралы жалпы мәліметтер; қозғалтқыш жұмысының негізгі қағидаттары және жалпы құрылысы; тракторлар мен қозғалтқыштардың жіктелуін және жалпы құрылысын анықтау; отынды бүрку қысымын, отынды ыдырату сапасын анықтау.




Оқыту нәтижесі: 1) Ауылшаруашылығын механикаландыруды дамыту




Бағалау өлшемдері:

1. Механикаландыру тарихы және механикаландыруды дамытудың негізгі кезеңдерін біледі;

2. Ауыл шаруашылығын механикаландыру саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктердің негізгі бағыттарын анықтап көрсетеді.






Оқыту нәтижесі: 2) Материал, механизм, машина бөлшектері жөніндегі негізгі мәліметтер




Бағалау өлшемдері:

1. Материалдар, олардың қолданылуы және қасиеттерін біледі;

2. Механизм, машинаның механизмі бөлшектері жөнінде негізгі мәліметтерді біледі.






Оқыту нәтижесі: 3) Ауылшаруашылық машиналары мен құралдары туралы жалпы мәліметтер.




Бағалау өлшемдері:

1.Топырақты негізгі, беткі өңдеуге және өсімдіктерге күтім жасауға арналған машиналар мен құралдарды біледі.

2. Себу және отырғызу машиналарын біледі

3. Ауылшаруашылық дақылдарын жинауға арналған машиналарды атап өтеді





Оқыту нәтижесі: 4) Қозғалтқыш жұмысының негізгі қағидаттары және жалпы құрылысы




Бағалау өлшемдері:

1. Қисық шипті-шатунды тетіктің құрылысын және жұмысын қарастырады;

2.Қоректендіру және майлау жүйесінің құрылысы және жұмысы туралы әңгімелейді;

3. Қозғалтқыштарды салқындату және іске қосу жүйесін біледі.





Оқыту нәтижесі: 5) Тракторлар мен қозғалтқыштардың жіктелуін және жалпы құрылысын анықтау




Бағалау өлшемдері:

1. Іштен жану қозғалтқыштарының жұмыс істеу қағидаттарын біледі;

2. Қисық шипті-шатунды механизмді құрастыруды және бөлшектеуді орындайды;

3. Бүріккіштің жай-күйін тексереді





Оқыту нәтижесі: 6) Отынды бүрку қысымын, отынды ыдырату сапасын анықтау.




Бағалау өлшемдері:

1. Бүріккішті қалыпты бүрку қысымына ретке келтіреді;

2. Іске қосылу қысымын және майлау жүйесі қақпақшаларын реттеуді анықтайды;

3. Реактивті май центрифугасының жұмысына тексеру жүргізеді.





БҚ 9. Мелиорация түрлерін, су және жер ресурстарын қорғау ережелерін, топырақтың эрозиясымен күресу іс-шараларын, гидротехникалық, орман-мелиорациялық жүйесін және ауылшаруашылық өндірісінің жоғары пайдалылығын арттыраны басқа да мелиорацияны, мелиорация саласындағы ғылым жетістіктері мен озық тәжірибені білу.

ЖКМ 04. Мелиора-ция және ауылшаруашылық сумен жабдықтау

Суару мелиорациясы. Құрғату мелиорациясы.Дақылдық-техникалық мелиорация және ауылшаруашылық жерлерді игеру. Топырақтың эрозиясы және онымен күресу шаралары. Ауылшаруашылық сумен жабдықтау және кәріз. Бағдарлама келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: суару – құрғату мелиорациясы; ауылшаруашылық сумен қамту және суландыру.


Оқыту нәтижесі: 1) Суару-құрғату мелиорациясы




Бағалау өлшемдері:

1. Су мелиорациясы туралы жалпы түсінік бар;

2. Определяет и анализирует элементы водного баланса;

3. Суару каналдарында суды жоғалуды болдырмаудың тиімді әдістерін біледі;

4. Гидротехникалық ғимараттар және суару желілерін құрастыруды біледі;

5. Топырақтың су режимін реттеу әдістерін біледі және суарудың жинақталмаған суару кестесін құрады;

6. Негізгі суару түрлерін біледі;

7. Су шашатын машиналар және олардың негізгі сипаттамаларын атайды;

8. Лиманды бөлу схемасын құруды істей алады;

9. Ағын сулармен суару;

10. Тұзды топырақтарды мелиорациялау туралы біледі;

11. Суландыру жүйесінде судың есебін жүргізеді;

12. Нақты көрсеткіштер бойынша мелиорациялаудың тиімділігін анықтай алады;

13. Құрғату мелиорациясының маңызын айтады.





Оқыту нәтижесі: 2) Ауылшаруашылық сумен қамту және суландыру




Бағалау өлшемдері:

1. Сумен қамту және суландыру маңызын біледі;

2. Су өткізу құбырларының сұлбасы және олардың элементтерін құру;

3. Су пайдаланудың кестесін жасайды;

4. Шаруашылық қабір тәулікке бір жылға қажетті су мөлшерін есептейді;

5. Гидромелиорация жүйесіндегі экологиялық шараларын біледі.





БҚ 10. Аудандағы, облыстағы, республикадағы қазіргі экологиялық ахуалды және экологиялық факторлардың ағзаға ықпалының салдарын ажырату.

ЖКМ 05. Экология және жер монито-рингі

Табиғатты қорғаудың теориялық негіздері. Табиғи және антропогендік ландшафтардың қалыптасуы. Жерді пайдалану экологиясы. Жер - ауылшаруашылық өндірісіндегі жетекші табиғи фактор. Қазақстанда қазіргі жерді пайдалану және қорғау проблемалары. Шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларының экологиялық негіздемесі. Жер пайдалану ааумағын кешенді табиғатты қорғауды ұйымдастыру.

Бағдарлама мына міндеттерді шешуге мүмкіндік береді қазіргі экологиялық ахуал; Қазақстан Республикасында жер мониторингінің қазіргі жағдайы, табиғатты қорғау проблемаларын шешу; экология негіздері; жерді пайдалану экологиясы.




Оқыту нәтижесі: 1) Қазіргі экологиялық ахуал




Бағалау өлшемдері:

1.Экологиялық факторлардың ағзаға ықпалының салдарын біледі;

2. Қазіргі қаланың, елді мекеннің табиғатты қорғау проблемаларын атап көрсетеді;

3. Қорықтарды, қорықшаларды, ұлттық саябақтар мен ботаникалық бақтарды қорғау проблемаларын анықтайды.





Оқыту нәтижесі: 2) Қазақстан Республикасында жер мониторингінің қазіргі жағдайы




Бағалау өлшемдері:

1. Жерлер мониторингінің мазмұнын біледі;

2. Жер мониторингын ұйымдастыру және деңгейін анықтайды;

3.Жерлер мониторингін жүргізуде мәліметтерді алу тәсілдері мен әдістерін жіктейді;

4. Жерлерді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыруды бақылайтын жерге орналастыру органдарының құрылымдарын біледі;

5. Жергілікті экологиялық әсер ету мен жүктемелерді анықтайды;

6. Ландшафтар мониторингі туралы жалпы мәліметтерді анықтайды;

7. Бақылау нысанасы мысалында экологиялық бас құжатын құрастырады.





Оқыту нәтижесі: 3) Табиғатты қорғау проблемаларын шешу




Бағалау өлшемдері:

1. Ауылшарушашылық өндірісі шығындарының шамасын және оларды өтеу тәсілдерін белгілеуді біледі;

2. Жер пайдаланушылар шығындарының түрлері мен мөлшерін анықтайды;

3.Шекті-рұқсат етілетін концентрацияны және шекті -рұқсат етілетін шығарындыларды анықтайды





Оқыту нәтижесі: 4) Экология негіздері




Бағалау өлшемдері:

1. Экологиялық ғылымның қалыптасуы және дамуын біледі;

2. Организмдердің тіршілік етуіне әсер етуші орта әсерлерін біледі;

3. Табиғи және антропогендік ландшафтардың қалыптасуы.





Оқыту нәтижесі: 5) Жерді пайдалану экологиясы




Бағалау өлшемдері:

1. Жер – ауылшаруашылық өндірісіндегі жетекші иабиғи фактор ретінде жердің негізгі қасиеттерін біледі;

2. Жердің экологиялық бағасын анықтайды;

3. Статистикалық және картографиялық мәліметтер негізінде жерлерді бағалаудың әр түрлі әдістерін пайдаланады;

4. Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларының экологиялық негіздемелерін біледі;

5. Ауыл шаруашылық бағытындағы емес кәсіпорындарға арналмаған және азаматтардың иелігіндегі жер телімін белгілеу кезіндегі қоршаған ортаны қорғау шараларының кешенін әзіплейді;

6. Жерді пайдалану аумағын кешенді табиғат қорғаушылық ұйымдастыру;

7. Экологиялық таза жерді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша жерге орналастыру қызметінің міндеттерін біледі;

8. Табиғатты қорғау, сауықтыру, рекреациялық, табиғи – мәдени бағыттағы жерлердің экологиялық маңызын біледі.






БҚ 11. Еңбекті қорғау жөніндегі негізгі заңнамалық актілерді, өндірістік жарааттардың және кәсіби сырқаттардың себептерін және олардың алдын алу жолдарын ажырату.

ЖКМ 06. Жобалық-ізденіс жұмыстарындағы еңбекті қорғау

Еңбекті қорғаудың теориялық негіздері. Дала жұмыстарын қауіпсіз ұйымдастыруға қойылатын талатар. Қазақстан Республикасындағы табиғатты қорғаудың құқықтық мәселелері. Өндірістік санитария. Жұмыстары зиянды заттар және қорғану. Жобалық-ізденіс жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

Бағдарлама мына міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: еңбекті қорғаудың теориялық негізі; өндірістік жарақаттар мен кәсіби сырқаттардың себептері; жұмысты қауіпсіз жүргізу және еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидасын сақтаудағы бақылауды жүзеге асыру; қауіпсіздік техникасы; жобалау-ізденіс жұмыстары кезінде еңбек қауіпсіздігі.




Оқыту нәтижесі: 1) Еңбекті қорғаудың теориялық негізі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет