Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің



бет6/6
Дата25.08.2017
өлшемі0,97 Mb.
#26632
1   2   3   4   5   6



Оқыту нәтижесі: 1) Картаның математикалық негіздерін және картографиялық белгілерді, оларды кескіндеу тәсілдерін білу.




Бағалау өлшемдері:

1. Ауыл шаруашылығы картографиялауда қолданылатын Гаусс-Крюгер жобасын есептейді және құрайды;

2. Картаның бөліктері мен бөлімдерін анықтайды;

3. Картаның математикалық негізінің элементтерін біледі.





Оқыту нәтижесі: 2) Картографиялық белгілердің негізгі құрастырулары мен элементтері.




Бағалау өлшемдері:

1. Бейнелеу тәсілдері: белгілік, картограммалар, кардиограммалар, локализацияланған диаграммалар, сызықты белгілер, қозғалыс белгілерін біледі;

2. Картаның легендасының түрін анықтайды;

3. Картографиялық белгілер жүйелерін жобалайды;

4. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының морфометриялық картасын (көлбеу бұрыштар, жер бедерінің пластиктері) безендіру және мазмұнын жетілдіру.






Оқыту нәтижесі: 3) Картографиялық генерализация және картографиялық бастамалар




Бағалау өлшемдері:

1. Тақырыптық мазмұнын бейнелеп алу тәсіліне байланысты бейнелеуді генерализациялайды;

2. Ауыл шаруашылығы картографиялауда аэроғарыштық суреттерді пайдалану;

3. Көлденең кескінде жер бедері мен гидрографияның генерализациясын орындайды.





Оқыту нәтижесі: 4) Карталарды жерге орналастыру мен жер кадастырында пайдалану




Бағалау өлшемдері:

1. Картографиялық ақпараттың талдау әдістерін біледі;

2. Жерге орналастыру жобалауында, жер кадастырында , жер ресурстарын басқаруда: жерді мелиорациялауда, қорғауда, құнарландыруда және басқа кездерде, карталардың көмегімен шешілетін мәселелер;

3. Автоматтандырылған картографиялық жүйелерді ұйымдастыру принциптерін анықтайды.





Оқыту нәтижесі: 5) Картографиядағы автоматтандыру




Бағалау өлшемдері:

1. Автоматтандырылған картографиялық жүйелерді ұйымдастыру принциптерін біледі;

2. Автоматтандырылған картографиялық жүйелердің жүйешелері: ақпаратты енгізу, өңдеу, сақтау және шығару;

3. Карта аннотациясын құрады.





Оқыту нәтижесі: 6) Ауыл шаруашылығы карталарын жасау технологиясы




Бағалау өлшемдері:

1. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары карталдарының фрагментін құрастырады;

2. Ауыл шаруашылық кәсіпорындардың карталары бойынша әкімшілік ауыл шаруашылық аудандардың жер-ресурстық карталардың кескіндерін құрастырады.






КҚ 3. Жоспарды сызуды және рәсімдеуді орындау.

АМ 03. Пландар мен карталарды сызу және рәсімдеу

Осы модуль жерге орналастыру жоспарларын, карталарын рәсімдеу кезінде қолданылатын сызу құралдарын, шрифтерді сипаттайды. Топографиялық карталарға арналған шартты белгілер, жерді пайдалану жоспарын рәсімдеу. Карталардың рәсімделуін сызу. Фотограмметриялық графика элементтері.

Білім алушылардың төмендегілерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін жұмыстарды орындауы маңызды: топографиялық және жерге орналастыру графикасының элементтерін және оларды орындау әдістемесін білу; жерге орналастыру жобаларын, жоспарларын және карталарын бояумен рәсімдеу; топографиялық карталарға арналған шартты белгілер, қолдану түрлері;

жобалаумен құрылыс салуды сызу және бояу арқылы безендіру.


Оқыту нәтижесі: 1) Топографиялық және жерге орналастыру графикасының элементтерін және оларды орындау әдістемесін білу.




Бағалау өлшемдері

  1. Жоспарды шартты белгілерге сәйкес сызады.

  2. Техникалық және көркемдік талаптарын сақтай отырып, графикалық құжаттаманы рәсімдеуді орындайды.

  3. Түрлі сызу құралдарын және керек-жарақтарын пайдаланады.




Оқыту нәтижесі: 2) Жобаларды, жоспарларды, жерге орналастыру карталарын бояумен рәсімдеу.




Бағалау өлшемдері

1. Сызу жұмыстарын, карталарды, схемаларды, сызбалық сипаттама жұмыстарын рәсімдейді, планды- картографиялық материалдарды көбейту;

2. Алаңдарды бояудың техникалық тәсілдері, құралдары, элементтеріне сипаттама береді;

3. Аэрофотосуреттерді дешифрлеу кезінде шартты белгілерін сызады.






Оқыту нәтижесі: 3) Топографиялық карталарға арналған шартты белгілер, қолдану түрлері.




Бағалау өлшемдері

1. Констрлеу принциптері, шартты кодтаудың жіктелуін біледі;

2. Тұрғылықты мекендердің, өсімдіктердің және көпжылдық, екпелердің, байланыс торабының, шекаралардың және жолдардың, рельф танаптардың және гидрографияның шартты белгілерін сызады;

3. Масштабтан тыс шартты белгілерді түрлі түсті қылып сызады.





Оқыту нәтижесі: 4) Жобалаумен құрылыс салуды сызу және бояу арқылы безендіру




Бағалау өлшемдері

1. Тушпен қосымша және негізгі сызбалардың элементтер жазуын безендіреді және сызады;

2. Топырақ картасының мазмұны элементтерін біледі және оны безендіреді;

3. Топырақ картасын құрастыру кезіндегі шартты белгілер;

4. Шаруашылық карталарда қолданылатын картографиялық түсірілімдерді бейнелейді.






«151103 3 Техник» біліктілігі




КҚ 4. Мемлекеттік жер кадастрын және оны жүргізуге байланысты технологиялық қызметін жүзеге асыру.

АМ 04. Жер кадастрын жүргізу кезінде деректерді алу, өңдеу және талдау.

Осы модуль жер кадастры дамуының негізгі кезеңдерін, жер кадастрының ғылыми қамтамасыз етілуін, жер кадастрының негізгі қағидаттарын, жер кадастрының критерийлері, жер алқаптарының құрамын сипаттайды, жер кадастры мәліметтерін алу тәсілдерін білу, жерді тіркеу және есепке алудың мәні мен мазмұны. Аудандық және облыстық орталығының негізгі міндеттері

Білім алушылардың төмендегілерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін жұмыстарды орындауы маңызды: жер кадастрының методологиялық негізі;

жер кадастрының жалпы методикалық сұрақтары; Қазақстандағы жер қатынастарын, тарихи және құқықтық аспектілерін және олардың даму ерекшеліктерін білу;

жер-кадастр мәліметтерін алудың түрлі тәсілдерін пайдалану; жер санаттары және олардың қысқаша сипаттамасы;

жерді тіркеудің жалпы ережелері мен ұғымдар және жерді есепке алу туралы жалпы түсінік;

жерді бағалау және ауылшаруашылық алқаптарын ішкішаруашылық бағалау;

ауылшаруашылық мақсаттағы, елді мекен жерлерінің, кәсіпорындармен өнеркәсіптердің, жол қатынасы, өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлердің құқықтық режимын білу; әкімшілік ауданның және облыстың жер кадастры; «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын аанықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.


Оқыту нәтижесі: 1) Жер кадастрының методологиялық негізі.




Бағалау өлшемдері

1. Жер кадастрының туындауы мен даму тарихын біледі;

2. Жердің негізгі қасиеттерін анықтайды және жер кадастырндағы есепке алынуы;

3. Жер кадастрының мақсатын, міндетін және мазмұнын біледі.





Оқыту нәтижесі: 2) Жер кадастрының жалпы методикалық сұрақтары




Бағалау өлшемдері

1. Жер кадастрының ғылыми негізі;

2. Жер кадастрының әдісі;

3. Жер кадастрының жіктелуі.





Оқыту нәтижесі: 3) Қазақстандағы жер қатынастарын, тарихи және құқықтық аспектілері мен олардың даму ерекшеліктерін білу.




Бағалау өлшемдері

1. Жер кадастрының нормативтік - құқықтық құжаттарын біледі;

2. Нарық қатынастардың даму жағдайларында және Қазақстан Республикасының жер қорын басқарудағы жер кадастрының ролі;

3. Жер кадастрының негізгі принциптарын анықтап, олардың мәнін талдайды.





Оқыту нәтижесі: 4) Жер-кадастрлық мәліметтерді алудың әртүрлі тәсілдерін пайдалану.




Бағалау өлшемдері

1. Жер- кадастрлық мәліметтердің құрамын біледі, статистикалық бақылаудың түрлері мен формасын біледі.

2. Экономикалық зерттеу мен математикалық ең пайдалы оңтайлы (оптималды) варианттарды табу әдістерін пайдаланады.

3. Қазақстан Республикасы аумағында олардың ауданын планды- картографиялық материалдар бойынша есептейді;

4. Жер кадастрының ақпаратты жүйесін жасаудың заңдылығын біледі.






Оқыту нәтижесі: 5) Жер санаттары және олардың қысқаша сипаттамасы




Бағалау өлшемдері

1. Қазақстан Республикасы жерін санаттарына қарай бөледі;

2. Қазақстан Республикасы аумағында олардың ауданын планды- картографиялық материалдар бойынша есептейді;

3. Жер кадастры құрамындағы алқаптардың классификациясы;

4. Жер қорының әртүрінде жерді пайдаланудың ұйымдастыру – экономикалық маңызы;

5. Белгілі бір жерде әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше шарттары бар басқа да жер учаскелерінің шекарасын белгілейді.





Оқыту нәтижесі: 6) Жерді тіркеудің жалпы ережелері мен ұғымдар және жерді есепке алу туралы жалпы түсінік.




Бағалау өлшемдері

1. Жерді тіркеудің мазмұнын және құжаттардың құрамын біледі;

2. Тіркеу құжаттарын толтырады;

3. Азаматтарға және жерді заңды тұлғаларға алғашқы немесе алғашқы емес ұсыну кезінде, жер бөлікшелерін пайдалану құқығын тіркеу;

4. Жер кадастрын жүргізудің методикасын біледі;

5. Жерді сапалық және сандық есепке алуды біледі;

6. Жерді сапалық және сандық есепке алуды анықтайды;

7. Жерді түгендеу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсатында пайдаланылмай отырған жерді анықтайды.





Оқыту нәтижесі: 7) Жерді бағалау және ауылшаруашылық алқаптарын ішкішаруашылық бағалау.




Бағалау өлшемдері

1. Жердің сапалық бағалауын (бонитировк1) біледі;

2. Топырақтың үлгілерін бағалауды жүргізеді және оларды белгілі агроөндірістік топқа анықтайды;

3. Жерді экономикалық бағалаудың көрсеткіштерін анықтайды;

4. Ауылшаруашылық алқаптарының ішкі шаруашылық бағалау негізін біледі;

5. Жердің әртүрлі сапалылығын талдауда есептерді шығарады.





Оқыту нәтижесі: 8) Ауылшаруашылық мақсаттағы, елді мекен жерлерінің, кәсіпорындармен өнеркәсіптердің, жол қатынасы, өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлердің құқықтық режимын білу.




Бағалау өлшемдері

1. Қазақстан Республикасы жер қорының бөлінуі туралы мәліметтерді біледі;

2. Жер қорының әртүрінде жерді пайдаланудың ұйымдастыру – экономикалық маңызын біледі.

3. Ауылшаруашылық мақсаттағы, елді мекен жерлерінің, кәсіпорындармен өнеркәсіптердің, жол қатынасы, байланыс және ерекше қорғалатын аймақтардың, орман, су қорының жерлеріне сипаттама береді.





Оқыту нәтижесі: 9) Әкімшілік ауданның және облыстың жер кадастры.




Бағалау өлшемдері

1. Жерді пайдалану құқығын беретін актыны беру үшін, қажетті құжаттарды құру және талдау;

2. Жер телімдерін тіркеу, есепке алуды автоматтандыру,есеп беру,мәліметтерді тарату.

3. Аудандық және облыстық орталықтың мақсатын анықтайды.





Результат обучения: 10) «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.




Бағалау өлшемдері

1. Стандарттың жалпы ережелері;

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін біледі;

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі;

4. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны;

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны.





КҚ 5. Топографты-геодезиялық жұмыстарды жүргізу.


АМ 05. Жер бетіндегі геодезия-лық өлшеулер, жергілікті жердегі тахеометриялық және нивелирлік жұмыстар.

Осы модуль жер бетіндегі геодезиялық өлшеулерді сипаттайды: Жердің бетінің толық және бөлшек түрде кескіндеу; сызықтарды өлшеу, масштабтар, түсіріс түрлері, жергілікті жерде сызықты бағдарлау. Тахеометриялық түсіріс: тахеометриялық түсіріс туралы ұғым. Өлшеу қателіктері теориясы. Жерге орналастыру кезіндегі геодезиялық жұмыстар.

Білім алушылардың төмендегілерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін жұмыстарды орындауы маңызды:

жер бетінде геодезиялық өлшеулер. Жер бетінде геодезиялық өлшеулер;

ауданды анықтаудың әдістері;

нивелирлеудің түрлері мен әдістері және техникалық нивелирлеу өндірісі;

жерге орналастыру және кадастр мәселелерін шешуде тахеометриялық түсіріс туралы жалпы мәлімет; өлшеудің қателіктері туралы түсінік және жер пайдаланушылықтарды жүйелеуде жобаны натураға көшіру; жерге орналастырудағы геодезиялық жұмыстар; Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары «Құрылыстағы геодезиялық жұмыстар».




Оқыту нәтижесі: 1) Жер бетінде геодезиялық өлшеулер.




Бағалау өлшемдері

1. Толық және бөлшек түрде жер бетін бейнелеуді біледі;

2. Масштабтар туралы түсінік;

3. Жергілікте жерде сызықты бағдарлау;

4. Топографиялық түсіріс, карта, план және профиль туралы түсінік береді;

5. Тікбұрышты және географиялық координаттарды анықтайды;

6. Сызықтың горизонтал ұзындығын анықтайды, өлшеудің абсолютты және салыстырмалы қателіктерін және оны шекті қателікпен салыстыру жүргізеді.






Оқыту нәтижесі: 2) Ауданды анықтаудың әдістері




Бағалау өлшемдері

1. Ауданды анықтаудың аналитикалық, графикалық және механикалық әдістерін біледі;

2. Ауданды аналитикалық әдіспен анықтайды;

3. Ауданды графикалық әдіспен анықтайды;

4. Жер пайдаланушылықтың ауданын және жер алқаптарының контурларын анықтайды;

5. А.Н.Савич тәсілімен учаскенің ауданын анықтайды;

6. Планда секцияның және контурдың ауданын анықтайды және оны үйлестіреді;

7. Контурлардың калькасын және экспликациясын құрады.





Оқыту нәтижесі: 3) Нивелирлеудің түрлері мен әдістері және техникалық нивелирлеу өндірісі




Бағалау өлшемдері

1. Абсолютті және салыстырмалы биіктіктерді ерекшелейді;

2. Жер бедерін біледі және планда оны кескіндейді;

3. Нивелирлеудің түрлері мен әдістерін ерекшелейді;

4. Геометриялық нивелирлеудің әдістерін біледі;

5. 3-4 классты мемлекеттік биіктік жүйесін құру кезінде далалық жұмыстарды жүргізу;

6. Геометриялық нивелирлеудің журналын есептеу жүргізеді;

7. 4 классты нивелирлеудің нәтижелерін камералды өңдеу орындайды;

8. Трассаны техникалық нивелирлеу кезінде дайындық жұмыстарын жүргізеді;

9.Пикеттердің және аралық нүктелердің биіктіктерін, аспаптың горизонтын есептейді;

10. Миллиметрлік қағазда трассаның бойлық профилін құру.

11. Жобалық сызықты профилге салу;

12. Бетті квадратты бойынша нивелирлеу;

13. Бетті нивелирлеудің планын салып, горизонталдар жүргізеді;

14. Бетті нивелирлеудің нәтижесін өңдейді;

15. Дөңгелек қисықтың элементтерін есептеу жүргізеді.






Оқыту нәтижесі: 4) Жерге орналастыру және кадастр мәселелерін шешуде тахеометриялық түсіріс туралы жалпы мәлімет.




Бағалау өлшемдері

1. Тахеометриялық түсіріс үшін түсіріс жүйесін құрады;

2. Тахеометрлерге тексерулер мен жөндеулер жүргізеді;

3. Электронды тахеометрдің негізгі техникалық сипаттамаларын және негізгі бөлігін біледі;

4. Электронды тахеометрмен жұмыс істеу ретін біледі;

5. Далалық өлшеулерді камералді өңдеу жүргізеді;

6. Жады картасымен электрондық тахеометрлерді қолдану кезіндегі далалық жұмыстар мен камералық өңдеуді ұйымдастырудың ерекшеліктерін біледі;

7. Көру дүрбісінің жіптер торын, Коллиматорлық визирлерді тексереді;

8. Бастапқы дирекциялық бұрышқа қатысты тахеометрді бағдарлау;

9. Мәліметтерді компьютерге беру қаттылығын таңдайды;

10. Карта жадын тазалайды.






Оқыту нәтижесі: 5) Өлшеудің қателіктері туралы түсінік және жер пайдаланушылықтарды жүйелеуде жобаны натураға көшіру.




Бағалау өлшемдері

1. Өлшеудің қателіктерін, кездейсоқ қателіктердің қасиеттерін біледі;

2. Нақты қателіктер бойынша тең дәлдікті өлшеулерді бағалайды;

3. Тең дәлдікті емес өлшеулер және олардың салмақтылығы;





Оқыту нәтижесі: 6) Жерге орналастырудағы геодезиялық жұмыстар.




Бағалау өлшемдері

1. Шаруашылық аралық жерге орналастыру кезіндегі геодезиялық жұмыстар;

2. Жобаны натураға көшіруге мәліметтерді дайындайды;

3. Жобаны натураға көшіруді біледі.





Результат обучения: 7) Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары «Құрылыстағы геодезиялық жұмыстар»




Бағалау өлшемдері

1. Қолдану саласын біледі;

2. Геодезиялық жұмыс орындау жобасының құрамына қойылатын талаптар;

3. Құрылыс үшін геодезиялық бөлу негізін жасауға қойылатын негізгі талаптар;

4. Бөлу туралы жалпы мәліметтер;

5. Құрылыста геодезиялық жұмыстарды орындау барысында еңбекті қорғауды сақтайды.





КҚ 6. Түсірілімдерге дешифрлеу жүргізу.


АМ 06. Фотограм-метриялық әдіспен карталарды және топографиялық планды құру және ауылшаруашылығын-дағы аэрофото-геодезиялық зерттеу.

Осы модуль аэрофототүсірілімді, фотография туралы негізгі мәліметтерді сипаттайды. Аэрофототүсірілім туралы негізгі мәліметтер. Суреттің геометриялық қасиеттері. Желілік перспектива туралы негізгі мәліметтер. Суретті, фотосхеманы, фотожоспарды талдау, суретті байланыстыру. Суреттерді түрлендіру, фототриангуляция. Фотожоспарларды және фотожоспарлар бойынша контурлық жоспарларды дайындау. Суреттерді дешифрлеу.

Білім алушылардың төмендегілерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін жұмыстарды орындауы маңызды:

аэрофототүсіріс; суреттердің геометриялық қасиеттері;

фотопландар; суреттерді дешифрлеу;

фотограмметриялық әдістермен топографиялық пландар мен карталарды құру;

жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу барысында аэротүсірістердің материалдарын пайдалану және Жер бетінің космостық түсірісі туралы түсінік.




Оқыту нәтижесі: 1) Аэрофототүсіріс




Бағалау өлшемдері

1. Фотография туралы негізгі мәліметті біледі;

2. Аэрофототүсіріс туралы негізгі мәліметті біледі;

3. Аэрофототүсірістің сапасын бағалайды.





Оқыту нәтижесі: 2) Суреттердің геометриялық қасиеттері




Бағалау өлшемдері

1. Тік бағыттылар перспективасы туралы негізгі мәліметтер;

2. Суретті бағыттау элементтерін біледі;

3. Фотосхемаларды дайындауды бақылайды.





Оқыту нәтижесі: 3) Фотопландар




Бағалау өлшемдері

1. Суреттерді байлау;

2. Фототриангуляция туралы жалпы мәлімет;

3. Өзгерту (трансформациялау) туралы жалпы мәліметтер, фототрансформациялаудың негіздері.

4. Фотопландар дайындайды;

5. Фотоплан бойынша контурлық пландар дайындайды.





Оқыту нәтижесі: 4) Суреттерді дешифрлеу




Бағалау өлшемдері

1. Дешифрлеудің негізін біледі;

2. Дешифрлеудің әртүрлі әдістерін қолданады;

3. Ауыл шаруашылық дешифрлеудің ерекшеліктерін біледі;

4. Дешифрлеу белгілерін меңгереді;

5. Бір суретте, камральды және далалық дешифрлеудің нәтежелерін салыстырады.





Оқыту нәтижесі: 5) Фотограмметриялық әдістермен топографиялық пландар мен карталарды құру.




Бағалау өлшемдері

1. Құрама түсіріс туралы жалпы түсінік;

2. Стереоскоптың көмегімен қос суреттер бойынша, стереоэффект алады;

3. Гидростабилизированияланған түсірістің суреттері бойынша, көлбеулер мен биік айырымды анықтау үшін, елшегін стереоскопты пайдаланады.





Оқыту нәтижесі: 6) Жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу барысында аэротүсірістердің материалдарын пайдалану және Жер бетінің космостық түсірісі туралы түсінік.




Бағалау өлшемдері:

1. Пландар мен карталарды әзірлеудің технологиялық схемаларын біледі;

2. Пайдаланылатын жерлердің пландарын аэрофогеодезиялық әдістермен жаңарту мен сұрыптау (корректировкалау);

3. Жерге орналастыру жұмыстарын жүргізгенде аэротүсіріс материалдарын пайдаланады;

4. Ғарыштық түсірісті жүргізу және оны ауыл шаруашылығы мақсаты үшін пайдаланады.






КҚ 7. Жерге орналастыру жобаларын жасау.


АМ 07. Жерге орналастыруды жобалау-дың теориялық негіздері, жобаны құрасты-рудың мақсаты, мазмұны, және жалпы әдістемесі

Осы модуль шаруашылықаралық жерге орналастырудың мазмұны мен міндеттерін, ауылшаруашылық кәсіпорындардың жерді пайдаланушылықтарын құруын сипаттайды. Жобаны рәсімдеу, қарау және бекіту. Жобаны натураға көшіру. Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасын жүзеге асыруды ұйымдастыру. Жұмыс жобасын жасау кезіндегі дайындау жұмыстары. Жұмыс жобаларының негізгі түрлері және жіктелуі.

Білім алушылардың төмендегілерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін жұмыстарды орындауы маңызды:

жерге орналастыруды жобалаудың теориялық негіздері.

өндіріс құралы ретіндегі жер туралы ілім, жерді халық шаруашылығы салаларында пайдалану;

жер ресурстарын пайдаланудың бас схемалары, жер кадастрының деректері, су ресурстарын пайдалану және қорғау болжамдары.

шаруашылық аралық жерге орналастыру

ішкі шаруашылықтың жерге орналастыруы туралы түсінік, міндеттері мен мазмұны.

ішкі шаруашылықты жерге орналастыру жобаларын жүзеге асыру

пайдалынатын жерді орналастырудың жұмыс жобасы

ішкі шаруашылықты жерге орналастырудың жобаларын жүзеге асыру, оған қатысты құжаттарды толтыру және бекіту.

жерге орналастырудың әрбір аудан бойынша ерекшеліктері.

«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.




Оқыту нәтижесі: 1) Жерге орналастыруды жобалаудың теориялық негіздері.




Бағалау өлшемдері

1. Жерге орналастырудың мақсаты мен мазмұнын біледі;

2. Жерге орналастыруды жобалаудың методологиялық сұрақтарын біледі;

3. Жобалаудың дамуы жерге орналастыру үрдісінің бір кезеңі;

4. Жерге орналастыруды жобалаудың қазіргі кездегі мазмұнын анықтайды;

5. Жерге орналастыруды жобалаудың принциптарын анықтайды;

6. Жобалау алдында жүргізілетін жұмыстар және жобалардың жүйеленуін біледі;

7. Жерге орналастыруды жобалаудың кезеңдігін анықтайды;

8. Жобалау тапсырмаларын шешудің әдістері мен олардың экономикалық негізі;

9. Жерге орналастыруды жобалау- аумақты орнымен қолдануды ұйымдастырудың орталық буыны;

10. Ланшафтық- экологиялық көзқарас негізінде жерге орналастырудың, жерді аймақтарға бөлудің, жер ресурстарын пайдаланудың, жақсарту мен қорғаудың республикалық, облыстық және схемаларын (жобаларын) әзірлейді;

11. Жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланылуының тақырыптық карталары мен атластарын жасауды қамтиды және қамтамасыз етеді.





Оқыту нәтижесі: 2) Өндіріс құралы ретіндегі жер туралы ілім, жерді халық шаруашылығы салаларында пайдалану.




Бағалау өлшемдері

1. Шаруашылық нысандарының көп түрлілігі жағдайында ауыл шаруашылығын дамуын түсіну.

2. Қазақстан Республикасының жер қорын жерге орналастыру объектісі ретінде біледі.

3. Қоғамдық өндірістегі жерге орналастырудың орнын анықтайды.





Оқыту нәтижесі: 3) Жер ресурстарын пайдаланудың бас схемалары, жер кадастрының деректері, су ресурстарын пайдалану және қорғау болжамдары.




Бағалау өлшемдері:

1. Жерге орналастыру схемаларының мақсатын, мазмұнын және әзірлеу тәртібін, жоспаралды және жобаалды құжаттардағы рөлін біледі.

2. Жерге орналастыру схемасын әзірлеу әдістемесін, келісу және бекіту тәртібін біледі.



3. Жерге орналастыруды жобалау әдістерін (абстрактілік-логикалық, есептік-конструктивтік, экономикалық-математикалық, графоаналитикалық) ажыратады.




Оқыту нәтижесі: 4) Шаруашылық аралық жерге орналастыру




Бағалау өлшемдері

1. Шаруашылық аралық жерге орналастырудың міндеттері, мазмұны мен жалпы әдістемесін біледі;

2. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жерді пайдалауын ұйымдастырудың міндеттері мен ұстанымдарын анықтайды;

3. Жерді пайдаланудың өндірістік жобаларын талдайды;

4. Шаруа қожалықтары жер беру жөніндегі жоба іс-қағаздарын реттейді;

5. Ауыл шаруашылығына арналмаған жер пайдаланушылықты құру міндеттерін біледі;

6. Ауыл шаруашылығына арналмаған жерлердің өндірістік жобаларын талдайды;

7. Ауыл шаруашылығына келтірілген шығынның көлемін өтеу негіздейді;

8. Жер пайдаланушылықтары мен жер иеліктерінің жерлерін ауыл шаруашылық емес мақсатарға алудағы келтірілген залалдардың негіздейді;

9. Жер қорғау және қалпына келтіру туралы түсінік бар;

10. Қалпына келтіру жобаларының мазмұны, құрастыру реті және қаржыландырылуын біледі;

11. Қолданыстағы жер пайдалануды қалыптастыру және ретке келтіру жөніндегі шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасайды, белгілі бір жерде жер учаскелерін бөліп беру мен шекарасын белгілейді.





Оқыту нәтижесі: 5) Ішкі шаруашылықтың жерге орналастыруы туралы түсінік, міндеттері мен мазмұны.




Бағалау өлшемдері

1. Халық шаруашылық салаларында жер қорын орнымен пайдалану, орналастыру міндеттерін біледі;

2. Шаруашылық жерге орналастыруды жүргізуге және оларды натураға көшіруге дайындық жұмыстарын жүргізеді;

3. Ішкі шаруашылық жерге орналастырудың дайындық жұмыстарын жүргізеді;

4. Ішкі шаруашылықты жерге орналастыру жобасын құру үшін Дробышев сызғышы сызғыштары арқылы координаталар торын құра отырып, графикалық жоспардың негізін дайындайды.

5. Жерге орналастырудың бір жылға арналған, жерді пайдалануға беру мен жер аумақтарын графикалық, аналитикалық және механикалық тәсілдері арқылы сызу құралы- планиметрді пайдалана отырып есептейді;

7. Өндірістік бөлімшелер мен шаруашылық орталықтарын орналастырады;

8. Ішкі шаруашылық жолдарын, су шаруашылығымен өзге де инженерлік қондырғыларын орналастырады;

9. Пайдаланылатын жер-суды ұйымдастыру бойынша тапсырманы орындау және нақты объектіде ауыспалы егіс жүйесін жобалайды;

10. Пайдаланылатын жер суды ұйымдастыру тақырыбы бойынша лабораториялық жұмысты орындау барысында кез-келген ауыспалы егіс аумағын орналастырады;

11. Ауыспалы егіс аумағын орналастыру жобасының элементтерін экономикалық тұрғыдан негіздейді;

12. Көпжылдық екпе ағаштарының аумағын орналастырады.

13. Мал азығына арналған жерді орналастырады;

14. Шаруа қожалығының ішкі шаруашылық жерін орналастыру сызбасын құру, еңбек ұжымдары мен азаматарға жалға берілген жерлерді орналастыру ерекшеліктері;

15. Ішкі шаруашылықты жерге орналастырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігін біледі;

16. Жобаның техникалық- экономикалық көрсеткіштерін есептейді, орташа арақашықтығы, ашық көлемінің коэффициенті, ұзындығы, жердің орман алқабымен қорғануы, көлік шығынын есептейді;

17. Белгілі бір жерде елді мекендердің шекарасын (шегін) анықтау және белгілейді, олардың жер-шаруашылық орналастыру жобаларын жасайды;

18. Топографиялық- геодезиялық, картографиялық, топырақты зерттеу, геоботаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізеді.





Оқыту нәтижесі: 6) Ішкі шаруашылықты жерге орналастыру жобаларын жүзеге асыру




Бағалау өлшемдері

1. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының ішкі шаруашылық жерге орналастыру туралы түсінік, міндеттерін және мазмұнын біледі;

2. Жобаны нақты іске асыру;белгіленген шарларды жүзеге асыру; жерге орналастыру құжаттарын толтыру және беру;автор тарапынан бақылау;

3. Жобаның экономикалық тиімділігін есептеу;

4. Жоба сметалық құжат толтыру және бекіту.






Оқыту нәтижесі: 7) Пайдалынатын жерді орналастырудың жұмыс жобасы




Бағалау өлшемдері

1. Жұмыс жобаларын құру әдістемесі, мазмұны мен міндеттерін біледі;

2. Жұмыс жобасын құрудың кезеңдерін біледі;

3. Жобаны қарастырады және бекітеді;

4. Аумақтың жер-шаруашылық орналастыру, бүлінген жерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобаларын, сондай –ақ жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобаларды әзірлеуді, келісуді, бекітуді және беруді біледі.






Оқыту нәтижесі: 8) Ішкі шаруашылықты жерге орналастырудың жобаларын жүзеге асыру, оған қатысты құжаттарды толтыру және бекіту.




Бағалау өлшемдері

1. Ішкі шаруашылықты жерге орналастыру жобаларын жүзеге асырады;

2. Жобаны жүзеге асырудың жоспары, мазмұны мен оны құрудың әдістемесін біледі;

3. Құжаттың мазмұны мен жобаны реттеу және автор тарапынан бақылайды.





Оқыту нәтижесі: 9) Жерге орналастырудың әрбір аудан бойынша ерекшеліктері.




Бағалау өлшемдері

1. Топырақ эрозиясы қаупі басым аудандардағы жерге орналастырудың ерекшеліктерін біледі;

2. Өндірістік суармалы егіншілігі басым аудандардағы жерге орналастырудың ерекшеліктерін біледі;

3. Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын есептейді.





Оқыту нәтижесі: 10) «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты




Бағалау өлшемдері

1. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жалпы ережелері;

2. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді біледі;

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды;

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі;

5. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар;

6. Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекітуге өтінішті толтыруды біледі;

7. Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты толтырады.





КҚ 8. Жерге орналастыру және геодезиялық тапсырмаларды шешу кезінде геоақпараттық технологияларды қолдану.

CREDO_ТОПОПЛАН, CREDO_ЗЕМПЛАН бағдарламаларында топографиялық пландарды орындау.



АМ 08. Спутниктік құралдардың және жер бетінде өлшеулер арқылы планды – биіктік геодезиялық негіздерді құру.


Осы модуль геодезиялық өлшеулерді автоматтандырудың негізгі бағыттарын сипаттайды. Географиялық ақпараттық жүйелер туралы ұғым, олардың құрылымы, жіктелуі және қолданылуы. Жер кадастрын және жерге орналастыруды ақпараттық қамтамасыз етудегі геоақпараттық жүйелердің орны. CREDO_ТОПОПЛАН, CREDO_ЗЕМПЛАН жүйесінің интерфейсімен таныстыруды сипаттайды. Жобалардың деректер базасын жасау. CREDO_ТОПОПЛАН жүйесінің интерфейсімен танысу. Жаңа жобаны ретке келтіру. CREDO_DAT жобасының импорты. Объектінің карточкасын толтыру. Деректер файлдарының импорты. Пернетақтадан деректерді енгізу. Сызбаның және кадастр торының форматын таңдау.

Білім алушылардың төмендегілерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін жұмыстарды орындауы маңызды:

Географиялық ақпараттық жүйелер даму тарихы, Географиялық ақпараттық жүйелер жіктелуі, Географиялық ақпараттық жүйелер құрылымы; спутниктік және жер үсті өлшеу құралдарының жоспарлы-биіктік геодезиялық негіздемесін жасау; жергілікті жерді алдын ала тексеру және оның жамылғысына (орман, қалалық құрылыс) байланысты бақылау түрін және пунктер тораптарының конфигурациясын таңдау;заманауи спутниктік жүйелер құрылысының қағидаттары және жұмыс ерекшеліктері;CREDO DAТ бағдарламалық кешеніне жалпы шолу және оны жөнге келтіру;CREDO ТОПОПЛАН жүйесінің жалпы жұмыс қағидаттары және атқаратын мүмкіндіктері;ахуалдың сандық үлгісін жасаудың жалпы қағидаттары;CREDO – ЗЕМПЛАН жүйесінің жалпы жұмыс қағидаттары және атқаратын мүмкіндіктері.


Оқыту нәтижесі: А Географиялық ақпараттық жүйелер даму тарихы, Географиялық ақпараттық жүйелер жіктелуі, Географиялық ақпараттық жүйелер құрылымы.




Бағалау өлшемдері

1. Географиялық ақпараттық жүйелер -технологиялардың әлемдегі даму келешегін біледі.

2. Геодезиялық есептеуді автоматтандыруға алғышарттарды орындайды.

3. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы жергілікті жердің сандық моделін пайдалану.





Оқыту нәтижесі: 2) Спутниктік және жер үсті өлшеу құралдарының жоспарлы-биіктік геодезиялық негіздемесін жасау




Бағалау өлшемдері

1. Осы заманғы спутниктік жүйелерді жасау қағидаттары және жұмысының ерекшеліктерін біледі;

2. Спутниктік және дәстүрлі геодезиялық өлшемдерді бірлескен пайдалану негізінде тіреулі кеңістік геодезиялық тораптарды жасау технологиясын біледі;

3. Арнаулы бағдарламаларды пайдаланумен бақылау нәтижелерін өңдеу және пунктердің координаттарын анықтайды.





Оқыту нәтижесі: 3) Жергілікті жерді алдын ала тексеру және оның жамылғысына (орман, қалалық құрылыс ) байланысты бақылау түрін және пунктер тораптарының конфигурациясын таңдау.




Бағалау өлшемдері

1. Түсіру әдісін таңдау негіздемесі (шексіз, салыстырмалы, статистикалық, кинематикалық);

2. GPS жылжымалы стансасының қозғалыс кестесі мен шамалы маршрутын құрастырады;



3. Геодезиялық пунктердің ережелерін анықтау дәлдігіне қойылатын жобаның талаптарымен танысады;

4. Спутниктік және дәстүрлі геодезиялық өлшемді бірлескен пайдалану негізінде тіреулі кеңістіктік геодезиялық тораптарды жасау технологиясы;

5. Базалық станцияны жасақтау;

6. Антенна және тіркеу құрылғысын орналастырады, антеннаның биіктігін және түсіруді өлшейді, қабылдағышты калибрлеу және бағдарлайды;

7. Бақылау пунктеріне станцияны орналастыру, қосу, инициалдандыру қосады;

8. Мәліметтерін қабылдау және сақтау жүргізеді;

9. Арнаулы бағдарламаларды пайдаланумен бақылау нәтижелерін өңдеу және пунктердің координаттарын анықтау.





Оқыту нәтижесі: 4) Заманауи спутниктік жүйелер құрылысының қағидаттары және жұмыс ерекшеліктері.




Бағалау өлшемдері

1. Спутниктік жүйенің секторларын біледі: ғарыштық, басқару және бақылау, тұтынушылар, олардың мақсаты.

2. Спутниктік жүйелерді қолданылатын өлшеу және есептеу әдістерін біледі.

3. Спутниктік өлшеу қателіктерінің көздерін және олармен күресу әдістерін таба біледі.





Оқыту нәтижесі: 5) CREDO DAТ бағдарламалық кешеніне жалпы шолу және оны жөнге келтіру.




Бағалау өлшемдері

1. Жүйенің бастапқы қондырғыларын орындау, жаңа жобаны жасауды.

2. Теодолиттік жүрістің далалық мәліметтерін енгізе білу және мәліметтерді өңдеуді;

3. Нивелирлік жүрістің далалық мәліметтерін енгізе білу және мәліметтерді өңдеуді;

4. Мәліметтерді өңдеу және қателерді іздеу, жоспарлы және биіктегі тіреулі тараптарды теңестіреді;

5. Есеп құжаттарының шаблондарын қалыптастырады және редакциялайды

6. Жоспарлы және биіктегі тіреулі тараптарды теңестіреді;

7. Есептік құжаттарды қалыптастырады және редакциялайды.





Оқыту нәтижесі: 6) CREDO ТОПОПЛАН жүйесінің жалпы жұмыс қағидаттары және атқаратын мүмкіндіктері.




Бағалау өлшемдері

1. Бастапқы дирекциялық бұрышқа қатысты тахеометрді бағдарлайды;

2. Станцияның нөмірін және тахеометрдің биіктігін енгізеді;

3. Нүктенің нөмірін және шағылыстырғыштың биіктігін енгізеді;

4. Өлшеу жүргізеді;

5. Тахеометрдің жадына өлшенген шамаларды жазады және тахеометрді ажыратады және қаптайды;

6. Станцияның координаттарын анықтайды;

7. Компьютермен мәліметтер алмасу жүргізеді;

8. Жобалардағы және жобалар жиынтығындағы мәліметтерді ұйымдастырады;

9. Жобалар жиынтығының құрамын (жобалар жиынтығының карточкасы, координаттық торлар, координаттар жүйелері, орнату және жөнге келтіру, жұмыс ортасы) біледі;

10. Тахеометриялық түсіру мәліметтерін енгізеді, тахеометриялық түсіру мәліметтерін қайта өңдеуді;

11. CREDO DАТ, CREDO МУХ жобаларының, файлдарының импорттайды;

12. Ахуалдың сандық үлгісін жасаудың жалпы қағидаттарын біледі, далалық абрис бойынша жергілікті жердің сандық моделін құрады;

13. Кесек сыртындағы безендірумен топографиялық жоспарлар мен планшеттердің сызбаларын даярлайды және шығарады.





Оқыту нәтижесі: 7) Ахуалдың сандық үлгісін жасаудың жалпы қағидаттары.




Бағалау өлшемдері

1. Нүктелік, сызықтық, көлемдік шартты белгілерді қалыптастырады;

2. Далалық абрис бойынша ахуалдың сандық үлгісін жасауды;

3. Жер бедерінің нүктелері, құрылымдық сызықтар – жер беті үлгісінің негізін біледі.





Оқыту нәтижесі: 8) CREDO – ЗЕМПЛАН жүйесінің жалпы жұмыс қағидаттары және атқаратын мүмкіндіктері.




Бағалау өлшемдері

1. Жалпы ретке келтіру, нысананың карточкасы, мәліметтер импорты, қолмен мәліметтер енгізуді біледі;

2. Сызбаға жазбалар, шартты белгілер, кестелерді шығару және сызба форматын және кадастрлік торды таңдауды;

3. Сызбаның объектілерін, тесттерін, символдарын, мөлшерлі объектілерін редакциялайды және штрихтар мен сызбаны шығару жұмыстарын орындайды;

4. Сызбаға жазбалар, шартты белгілер, кестелерді шығарады;

5. Сызба форматын және кадастрлік торды таңдауды.





Кәсіптік практика







КП 01. Оқу-таныстыру практикасы


Кәсіпорынның ұйымдық құрылымымен таныстыру және техника бойынша нұсқамалық. Ішкі тәртіп ережелері. Сызушының және техниктің функционалдық міндеттерімен, сондай-ақ СREDO, AUTOCAD, MAPINFO, ArcGis бағдарламаларымен және ЖК ААЖ деректер базасымен таныстыру

Оқыту нәтижесі: 1) Кәсіпорынның ұйымдық құрылымымен таныстыру және қауіпсіздік техника бойынша нұсқамалық. Сызушының және техниктің функционалдық міндеттерімен таныстыру.




Бағалау өлшемдері

1. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы;

2. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалық;

3. Сызушының функционалдық міндеттерін білу;

4. Техниктің функционалдық міндеттерін білу;






Оқыту нәтижесі: 2) CREDO,AUTOCAD, MAPINFO бағдарламаларымен таныстыру







1. CREDO бағдарламасын орнату;

2. AUTOCADи MAPINFO бағдарламалық кешеніне жалпы шолу және баптау;

3. Заманауи спутниктік жүйелер құрылысының қағидаттары және жұмыс ерекшеліктері.








КП 02. Технологиялық практика

Ауданда және облыста өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау және басқару негіздері, мамандардың лауазымдық міндеттері, Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің іс жүзінде, жер учаскелерін түрлі қажеттіліктерге беру бойынша қолданылуы.


Оқыту нәтижесі: 1) Сызу-рәсімдеу және есептеу жұмыстарын жүргізу.




Бағалау өлшемдері

1. Жоспарлы-картографиялық материалдарды жүргізу;

2. Түрлі көшірмелерді, жоспарларды, схемаларды рәсімдеу;

3. Жобалық жоспарларды, схемаларды, қосалқы сызбаларды рәсімдеу;





Оқыту нәтижесі: 2) Жер бетіндегі аэрофотогеодезиялық түсірілімдер нәтижесінде алынған жоспарларды сызу.




Бағалау өлшемдері

1. Аэросуреттерді дешифрлейді;

2. Аэросуреттерді жоспарлы-биіктік байланыстыруды орындайды;

3. Жерге орналастыру жобаларын жасау кезінде есептеу материалын өңдейді;

4. Аудандарды есептейді, контурлардың экспликациясын және көшірмесін жасайды;








КП 03. Диплом алдындағы практика

Жоба бөлімінде (топт1) жұмыс істеу. Білім алушы далалық жұмыс кезінде орындайтын жұмыс түрлері. Ішкі шаруашылық жерге орналастыру кезіндегі дайындық жұмыстары, шаруашылықтардың аумағын ұйымдастыру жобаларын жасау. Диплом алдындағы практика бойынша қорытынды алу.


Оқыту нәтижесі: 1) Шаруашылықішілк жерге орналастыру кезінде дайындық жұмыстарын жүргізу.




Бағалау өлшемдері

1. Шаруашылықтың аумағын ұйымдастыру жобаларын жасайды;

2. Техникалық жобалауды орындайды;

3. Жобаны қарауға және бекітуге қатысады;

4. Жобаны натураға көшіру деректерін дайындайды;

5. Жер пайдаланушыларға арналған құжаттар мен материалдарды дайындайды;

6. Атқарылған жұмыстар бойынша есептілік жасауға қатысады.






Оқыту нәтижесі: 2) Горизонталды және топографиялық түсірілімдер жүргізу.




Бағалау өлшемдері

1. Топографиялық түсірілімдер жүргізу үшін геодезиядық негіздеме жасау;

2. Геодезиялық негіздеме жасау бойынша далалық материалдарды есептеп өңдеу;

3. Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасын натураға көшіру;

4. Түрлі шаруашылық қажеттіліктер үшін жер учаскелерін натурада бөлу.



Ескерту:

БҚ - базалық құзырет;

КҚ - кәсіптік құзырет;

ЖГМ - жалпы гуманитарлық модульдер;

ӘЭМ - әлеуметтік-экономикалық модульдер;

ЖКМ - жалпы кәсіптік модульдер;

АМ - арнайы модульдер;

КП - кәсіптік практика.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет