Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 3 кредит (135 сағат) алматы, 2012



бет34/131
Дата02.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#160864
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   131
Байланысты:
УМКД. Өзін өзі тану.Теория және практика

1-ШІ АҒЫМДЫҚ БАҚЫЛАУҒА ТАПСЫРМА:
Мына тақырыптарға (суденттің таңдауы бойынша)эссе жазу:

  • «Студенттік жылдардағы өмірлік құндылықтарды таңдау»

  • «Адамдарға не үшін жалпы адами құндылық қажет?»

  • «Менің қадамдарым: өзіндік дамудан өзіндік жетілуге дейін»

  • «Менің жан дүнием».



2-ШІ АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА ТАПСЫРМА:

Аралық бақылаудың «Өзін-өзі тану» курсының аяқталу мерзімінде болғандығын ескере отырып, студенттерге төрт модуль тақырыптарынан таңдау ұсынылады:



  • «Өзін-өзі тану – ішкі үйлесімділіктің кілті»

  • «Өзін-өзі тану- бұл мен іздеген нәрсе»

  • «Өзін-өзі тану маған күнде өзіммен танысуыма көмектеседі.....»

  • «Өзін-өзі тану – бұл мені мен барлығының арамызды жалғастыратын көпір»

  • « Бүкіл әлем-бұл бір тұтастылық»

  • «Мен мәдени мұраға үлес қосқым келеді»

  • « Мен «Ұстаз» мамандығын таңдадым»,

  • «Менің болашағым- бұл Қазақстанымыздың болашағына үлесім»,

  • « Мен мамандықта өзімді осылай көремін!»,

  • « Мен білім сапасын қалай жақсартуды білемін».

Тапсырма келесі формада өткізіледі: портфолио, шығарма, баяндама жасау , іскерлік ойын түрінде.


1- МОДУЛЬ. Өзін-өзі танудың негіздері


Кіріспе
Қазіргі адам өмірде көп нәрсеге қол жеткізгісі келеді: оқу, отбасы, карьера сфераларында өзімізді дамытып, өзіндік «сыртқы көрінісімізді» өзгерткіміз, қайта жасағымыз, әлемді көргіміз келеді. Мұндағы рухани құндылықтардың салмағы қандай? Руханилық – адамды опасыз материалдық дүниеденмі бөлек,
жоғары етіп көрсетеді. Руханилыққа отбасында тәрбиеленеді, бала кезден қалыптасады. Тек мұндағы шындық, рухани жағынан толысу, өсу жолы – бірінші кезекте өзін өзі танудан басталатын үздіксіз, үнемі өзіндік жұмыс болып табылады.
Беріліп отырған модульдегі сабақтардың бағдарламасы болашақ педагогтың өзін өзі тануы мен өзін өзі дамыту арқылы руханилықты іздеудің белсенді процесіне бағытталған.
Жоғары оқу орнана оқуға келгеннен кейін қазіргі студент, жасөспірім бірқатар тұлғалық және әлеуметтік өзгерістерге ұшырайды. Біріншіден, студенттің іс әрекетінің құрылымы өзгереді: оқу мотиві қосымша кәсіби мотивтермен тығыз байланысады. Үшіншіден, жаңа әлеуметтік «студенттік» қоғамға кіреді. Тұлғалық-әлеуметтік бейімделу процесі студенттің әрқайсысында әр түрлі өтеді.
«Өзін-өзі танудың негіздері» бірінші модулінің міндеті студенттік топтарда жағымды әлеуметтік-психологиялық климатты қалыптастыруды, студенттердің оқу мотивациясын және танымдық қызығушылығын тұлғалық өзгерістерге дағдыландыру.
«Өзін-өзі танудың негіздері» модулінің сабақтары болашақ педагогтар үшін әлеуметтік-психологиялық тренинг принциптерін есепке ала отырып құрылған.
«Өзін-өзі танудың негіздері» бірінші модулін оқыту процесінде педагог әлеуметтік-психологиялық тренинг шеңберінде келесі ережелерге сүйенуі тиіс:
- Студенттерді барлық жағынан (коммуникативті, интерактивті, перцептивті) қарым - қатынасын дамыту;
- Студенттердің арасында дау-дамайларды (мінез құлқындағы агрессияның көрінуі) шешу;
- Студенттердің өзіне деген сенімділігін қалыптастыру;
- өзін- өзі тану және өзін - өзі жетілдіру процесіне мотивациясын жоғарылату
«Өзін-өзі танудың негіздері» модулі«Өзін-өзі танудың негіздері» бірінші модуліннің материалдарында топтық динамикаға, топтағы студенттерді нығайтуға, ұйымдасуға, студент тұлғасының өзіндік ашылу және өзіндік қабылдаудағы ішкі процестерінің тереңдеуіне бағытталған лайықты психотехникалар. Адамзаттың рухани ақиқат шекараларын түсіну мен кеңейтуге творчестволық жолды ашуға көмектесетін «Даналық сабақтарына» ерекше көңіл бөлінген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет