Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 3 кредит (135 сағат) алматы, 2012



бет37/131
Дата02.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#160864
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   131
Байланысты:
УМКД. Өзін өзі тану.Теория және практика

Махаббат – таңғажайып кереметтерді дүниеге әкелуші. Адамзаттың көркемдік тарихын мәдениет пен махаббат тарихы деуге де болады. Тұңғыш суретшінің қолына қылқаллам ұстатып, жартасқа бейне салдыртқан, тұңғыш ақынға шабыт сыйлап, өлең жаздыртқан осы махаббат екені даусыз. Ең ұлы көркем туындыларын авторлар махаббат сезімінің әсерімен шығарғаны тарихтан аян. Тамаша композитор М.И.Глинка(1804 – 1857) өзінің әйгілі «Руслан мен Людмила»болғаны соншалық операсын Екатерина Кернге деген махаббатының әсерімен туған. Жазушы С.Цвейг «бір кештік кемеңгер» деп атаған Руже де Лиль деген жас капитанның бір сұлуға қатты ғашық болғаны соншалық – бір түнде (1792 жылғы сәуірдің 25 – інен 26–сына қараған түні) зор рухани серпіліс үстінде Рейн армиясына арналған марштың өлеңі мен әуенін жазып тастаған. Ол баршаға ғаламға мәлім, әлі күнге дейін айтылып келе жатқан «Марсельеза» болатын. Тек, ақын, жазушы, суретші ғана емес, әдетте, ондай сезімдермен көп байланыстырыла берммейтін екі аяқты, жұмыр басты пенделер де, соның ішінде жаратылыстанушы ғалымдар да әйелге деген сүйіспеншілік сезімінің тікелей әсерімен жаңалықтар ашқан фактілер аз емес. Мысалы, атақты ғалым Сеченов «Ми рефлекстері» деген ұлы еңбегін қалыңдығы– Мария Александрова деген қызға ғашық болып жүрген кезінде жазыпты. Әлемнің ең үлкен ақындарының бірі – И.Гете 74 жасында «Мариенбад элегиясы» аталатын ғажайып ғашықтық жыр–арнаулар топтамасын тудырған. Мұндай мысалдарды ұлы суретшілер мен олардың ең үздік туындыларына қатысты да келтіре беруге болады.Әрине, барлық адамның сүйіспеншілігі шығармашылығынан көрініс тауып отырмайды. Бірақ шынайы махаббат сезімі бойын кернеген адам бақытты, жігерлі, құдіретті. Өйткені құс ұшуға жаралғғаны сияқты, адам сүюге жаралған. Олай болса, ең ұлы арманына ұмтылған немесе оған қолы жеткен бақытты болмай, кім бақытты болмақ?! Махаббат өз бойына адамгершіліккті, адалдықты, ақ пеейілді, тазалықты, имандылықты, инабаттыллықты, парасаттылықты, мейірімділікті, ізгілікті, ерлікті тоғыстырған. Сол себепті оны өмірдің мәңгілік жаңғыртып, жаңартушысы деудің қисыны бар.
Махаббаттың жауы- аярлық; махаббатпен бақай есеп, материалдық, т.б. пайда іздеу отаса алмайды. «Адам комедиясының» авторы О.Бальзак: «Сүю адамның барлық ізгі қасиеттеррінің басын қосады», - деп тегін айтпаған. Махаббат- бұл өмірдегі ең керемт нәрсе. Өмір мағыналырының негізгілерінің бірі. Махаббат үшін өмір сүруге болады, бірақ егер сіз осы уақытқа дейін өз жартыңызды таба алмай жүрсеңіз өкінуге болмайды. Немесе махаббат дегеніміз- өмірдің толыққандығын сезінудің жалғыз мүмкіндігі. В.Франкл махаббатқа деген 3 бағдарды бөліп көрсетті.
Сексуалды бағдар ең қарапайымы. Ол физикалық түйсінумен байланысты. Ғашық болу, яғни эротикалық бағдар психикалық қабатқа бағытталған. Ал рухани қабатқа бағытталған махаббат, бұл бағдар шынайы махаббатты береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет