3-слайд. Зардап шегу мағынасы. В.Франклдың айтуынша өмірдің мағынасын тек махаббат пен еңбектен ғана емес сондай-ақ зардап шегуден де тұрады. Олардан қашу мүмкін емес. Ең бастысы - осы құндылықтарды өзектілендіру, оларға мағына беріп және оны өзгерте алмайтындығымен келісу.
Өзін -өзі тану - бұл жеке тұлғалық ерекшеліктерді зерттеу. Біз өзіміз туралы білім, өзіміздің мүмкіндіктерімізді және олардың шегі туралы, қоғамдағы мәніміз туралы білім алуға ұмтылуымыз өзін-өзі тану деп аталады. Өзіне қанағаттану деңгейі өзіндік бағалауға әсер етеді және өзін-өзі дамытуға итермелейді. Өзін-өзі танудың маңызды көрсеткіші тұлғаның өзіндік бақылауын анықтайтын рефлексия болып есептеледі. Өзін-өзі тану процесі көбісінесе жеке құндылықтарды дамытуға, еңбексүйгіштікке, ерік және мотивацияға байланысты болып келеді. Тұлғалық мотивация өзін-өзі тану процесін шығу нүкетесіне айналдырады, қажетті мақсатқа жету үшін өзін өзгерту деген сөз.
Өзін-өзі танудың үш жолы бар: Әлеуметтік бағытталған. Өзін қоршаған ортамен салыстыра отырып талдау, әлеуметтік ортада өз орнын іздеу, өзінің әлеуметтік мәнді рөліне және нақты мәртебеге ие болу. Осы жолдар арқылы тұлғаның өзін-өзі тануы көптеген өнер шығармаларында тіпті кинофильмдерде зерттеледі.
Мәнге бағыттылған. Ішкі деп аталатын өзін-өзі бақылау жолы. Адам жанының мәнін тану барысында ішкіге сыртқыны қарама қарсы қоятын Сократық әдіс. Шынайылықты бұрмалаудан, өзін-өзі анықтаудан бас тартатын және тіпті физикалық болмысын қабылдамаумен жүретін болғандықтан бұл жол қарапайым емес, сондай-ақ қауіпті.
Тұтастылық. Өзін-өзі тану процесінде барлық тіршілік иелерінің түрлеріне жетуді қосады және мүмкіндік шекараларын шексіз кеңейтуді болжайды. Жоққа шығарудан қашатын - керісінше, болмыстың және өзінің көріну барысындағы қарама-қайшылықтарды қабылдайтын үйлесімді әдіс. Мағынаны жасаудың, тұлғаның үйлесімділігіндегі неғұрлым бейбіт жолды таңдау болып табылады. Өзін-өзі танудағы әрбір таңдалған жол өзінің ерекшеліктерімен бағаланады. Біріншісі әлемге бейімделуге бағытталған, екіншісі-өзі игеруге, үшіншісі- болмыстың көптеген формасында өзін көре алуды болжайды. Алғашқы екеуі өзінде және өзінен тыс жерлерде тірек іздеу болса, үшіншісі- өзгеруді, болмыстың тұрақсыздығын қабылдайды.