"Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп"
мемлекеттік мекемесі
Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері
(Ашық сабақ)
Информатика пәнінің мұғалімі Ж.Т.Аубакирова
2016-2017 оқу жылы
Сыныбы: 5
Уақыты: 29.11.2016ж.
Сабақтың тақырыбы: Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу,
орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері.
Сабақтың мақсаты: Windows объектілерімен жұмыс істеу, оларды бір орыннан екінші орынға жылжыту дағдыларын қалыптастыру. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру, жою және қалпына келтіру жұмыстарын сауатты орындаудың дағдыларын қалыптастыру.
Оқушылар білуі тиіс: объектілерді жылжыту мен көшіру ережелерін; себеттің арналуын; алмасу буферінің қызметін.
Оқушылар үйренуі тиіс: қойылған талапқа байланысты ыңғайлы, оңай көшіруді, жылжытуды, объектілерді жоюды, жойылған объектілерді қалпына келтіруді.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап, ДК жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: слайд, электронды оқулық
Сабақтың өту барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Сергіту сәтті
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген «Файлдар, бумалар және таңбашалар. Бумалар мен таңбашаларды құру. Атын өзгерту» тақырыбы бойынша тақырыптық тест алу – 5 минут
Тапсырмалар
Файл дегеніміз не?
Файлдың атауы ең үлкен ұзындығы қандай?
Қапшық дегеніміз не? Жұмыс үстелінде жаңа қапшық құрыңдар.
Таңбаша деген не? Жұмыс үстелінде таңбаша құрыңдар.
Жұмыс үстелінде жаңа қапшық құрыңдар, және оның атын өзгертіңдер.
ІІІ Білімді тексеру кезеңі /тест/
1. Аты бар байттар тізбегі...
а) таңбаша ә)қапшық б)файл
2. Бір файлға нұсқайтын арнайы белгіше?
а) қапшық ә)файл б)таңбаша
3. Егер файлдың таңбашасын жойса, не болады?
а) таңбаша жойылғанда файл жойылмайды
ә)жаңа қапшық құрылады
б)файл жойылады
4. Файлдың атауы үшін қолданылатын символдардың ең үлкен саны?
а) 100 ә) 255 б) 155
5. Буманы ашу үшін не істеу керек?
а) осы буманы маустың сол жақ батырмасымен екі рет шерту
ә) осы буманы маустың оң жақ батырмасымен бір рет шерту
б) осы буманы маустың оң жақ батырмасымен екі рет шерту
6. Белгіше - ол?
а) қапшық ә) таңбаша б) файл
7. Белгіше - ол?
а) қапшық ә) таңбаша б) файл
8. Белгіше - ол?
а) қапшық ә) таңбаша б) себет
9. Таңбаша белгішесінің басқа белгішеден айырмашылығы неде?
а) таңбашаның төменгі сол жақ бұрышында кішкене иілген бағдарша орналасқан
ә) таңбашаның төменгі оң жақ бұрышында кішкене иілген бағдарша орналасқан
б) айырмашылығы жоқ
10. Таңбашаның негізгі арнаулы (қызметі)?
а) объектілерге әр жерден қатынауды қамтамасыз етеді
ә) объектілер узақ уақыт сақталады
б) қапшықтың атын өзгертеді.
ІV Сабақтың тақырыбын анықтау
Достарыңызбен бөлісу: |