search copy cropping delete replacement
V Жаңа сабақ (Жұппен отырып) жұмыс жасау
Компьютерде жұмыс істеу барысында объектілерге көбінесе мынадай амалдар қолданылады:
- көшіру;
- орнын алмастыру;
- жою.
Кез келген амалды Windows ортасында бірнеше тәсілмен орындауға болады. Әдетте бұйрықты мәзірдің, контексті мәзірдің немесе пернетақтаның көмегімен береді. Ең жылдам орындалатыны пернетақталық тәсіл, бірақ ол үшін пернелердің негізгі тіркесімдерін есте сақтау керек.
Барлық амалдар ерекшеленген объектілерге қолданылады.
Қатар орналасқан нысандар шектес нысандар деп аталады.
Қатар тұрған аралас объектілерді ерекшелеу арқылы белгілеп алуға болады. Ол үшін Shift пернесін басып тұрып ерекшелеуге болады.
Егер нысандар экранда бір-біріне алшақ орналасса, онда оларды ерекшелеу үшін Ctrl пернесі қолданылады.
Терезедегі барлық объектілерді ерекшелеу үшін Мәзір жолындағы Упорядочить – Выделить все бұйрығы немесе Ctrl+A пернелерінің тіркесімдері қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |