Сабақтың тақырыбы: Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері


Алмасу буфері – бұл орны ауыстырылатын ақпаратты сақтауға арналған жадтың арнайы бөлігі



бет3/3
Дата25.08.2017
өлшемі4,01 Mb.
#26073
түріСабақ
1   2   3

Алмасу буфері – бұл орны ауыстырылатын ақпаратты сақтауға арналған жадтың арнайы бөлігі.

Алмасу буферіндегі ақпарат компьютерді өшіргенше немесе онда ақпараттың басқа бөлігін жібергенше сақталады. Алмасу буферіндегі ақпаратты көп рет кірістіруге болады.

Алмасу буферінің көмегімен көшіру үшін бізге екі бұйрық: Көшіру (Копировать) және Кірістіру (Вставить) командалары қажет болады.

Нысандарды көшіру үшін: нысанды ерекшелеп маустың оң жақ батырмасын шертіп контексті менюден Копировать (Көшіру) командасын таңдаймыз.

Объектіні жылжыту үшін: объектіні ерекшелейміз, маустың оң жақ батырмасын шертеміз контексті менюден Вырезать (Қиып алу) командасын орындаймыз. Қабылдаушы қапшықты ашып, маустың оң жақ батырмасын шертеміз контексті менюден Вставить (Кірістіру) командасын орындаймыз.

Алмасу буфері көмегімен нысандарды жылжыту/көшіру тәсілдері:



  1. Мәзірдің Реттеу (Упорядочить) пункті

  2. Контексті мәзір

  3. Пернетақтаның көмегімен команданы шақыру

Көшіру Ctrl+C

Қиып алу Ctrl+X

Кірістіру Ctrl+V

Объектілерді жою амалы өте қауіпті. Объектілерді дұрыс таңдамасаңдар маңызды ақпаратты жойып алуларың мүмкін. Міне, осындай себептермен байланысты объектілерді жою үшін Windows-те арнайы құрал – Себет қарастырылған.



Себет (Корзина) – бұл өшірілген объектілерді уақытша сақталатын арнайы қапшық.

Объектілерді жоюдің бірнеше тәсілі бар:



  1. Объектіні белгілейміз, контексті менюді шақырып Удалить командасын таңдаймыз.

  2. Объектіні белгілейміз, Del пернесін басу.

  3. Объектіні белгілеу, Жұмыс істелінде орналасқан Себет белгішесіне апару.

Жойылған нысанды қайта қалпына келтіру үшін: Себет терезесін ашып, қажетті объектіні белгілеп алып, Қайта қалпына келтіру (Восстановить) бұйрығын орындау керек.

ІV Жаңа сабақты түсінгенін тексеру

Сергіту сәтті "



Сын тұрғысынан ойлау альтернативті тест сұрақтары:

Оқушы «Иә», «Жоқ» деп жауап береді

  1. Қатар орналасқан нысандар шектес нысандар деп аталады? (Иә)

  2. Егер нысандар бір-бірінен алшақ орналасса, онда оларды ерекшелеу үшін Shift пернесін қолданылады. (Жоқ)

  3. Қатар тұрған объектілерді ерекшелеу үшін Shift пернесін қолданылады (Иә)

4. Терезедегі барлық объектілерді ерекшелеу үшін Ctrl+A пернелерінің тіркесімдері қолданылады. (Иә)

5.Алмасу буфері ақпаратты сақтауға арналған жадтың арнайы бөлігі. (Иә)

6.Объектілерді жою үшін Ctrl пернесін басу керек. (Жоқ)

7. Жойылған объектілерді қалпына келтіруге бола ма? (Иә)

8. Ctrl+C пернелер үйлесімі объектілерді кірістіру үшін қолданылады. (Жоқ)

9. Себет бұл өшірілген объектілерді уақытша сақталатын арнайы қапшық.(Иә)

10. Жойылған нысанды қайта қалпына келтіру үшін: Қайта қалпына келтіру (Восстановить) бұйрығын орындау керек. (Иә)

VІ Бекіту: Оқулықтағы 106 беттегі тәжірибелік жұмысты компьютерде

орындау



1. Windows нысандарына қолданылатын амалдардың артығын көрсетіңдер.

А) Көшіру В) Жылжыту С) Жою Д) Сақтау



2. Нысандарды көшірудің қандай тәсілі алмасу буферін қолданбайды?

А) Сtrl пернесін басып тұрып, тышқанның сол жақ батырмасымен жылжытқанда

В) Пернетақталық

С) Көшіру, Кірістіру бұйрықтарымен

Д) Контекстік мәзір

3. Пернетақада Қиып алу бұйрығын пернелердің қандай тіркесімдерімен алмастыруға болады?

А) Сtrl+C В) Сtrl+ V С) Сtrl+ X Д) Сtrl+Z



4. Нысанды жойғыннан кейін дискіде орын босайтын тәсіл:

А) Нысанды тышқанмен Қоржынға жылжыту

В) Ерекшеленген нысанға Shift+Del пернелерін басқанда

С) Контекстік мәзірде Жою бұйрығын таңдау

Д) Нысанды ерекшелеп, Реттеу-Жою бұйрғын таңдау

5. Ерекшеленген нысандар тобына қолдануға болмайтын әрекет:

А) Көшіру В) Атын өзгерту С) Жою Д) Жылжыту



VІІ Үйге тапсырма: 97-105 оқу, осы тақырыптқа сөзжұмбақ құрастыру Рефлекция –смайлик /оқушылардың бүгінгі сабақ туралы пікірлерін білу/

VІІІ Бағалау оқушылардың білімін бағалау\

Бағалау парағы

Р/с

Оқушының аты -жөні

Тест (10 сұрақ)

Егер 1 минус немесе мүлде минус жоқ болса –«5»,

2-3 минус болса «4»,

4 минус болса –«3»,

5-тен көп минус болса «0» бал қойыңдар .


Иә/жоқ

Егер 1 минус немесе мүлде минус жоқ болса –«5»,

2-3 минус болса «4»,

4 минус болса –«3»,

5-тен көп минус болса «0» бал қойыңдар

Кластер

5 ұпай

4 ұпай

3 ұпай

Тәжірибелік жұмыс

5 ұпай

4 ұпай

3 ұпай


Тест

(5 сұрақ)

Егер е мүлде минус жоқ болса –«5»,

1-2 минус болса «4»,

3 минус болса –«3»,

4-тен көп минус болса «0» бал қойыңдар .



































































РЕФЛЕКСИЯ
Сабақтағы өз жетістіктеріңді бағалаңдар.


(ұнаған смайликке «+» немесе өз смайликтеріңе ұсыныстарынды жазыңыздар)

Аты-жөнің

Мен ойлаймын өз жұмысымды орындап мақсатыма жеттім деп


Мен қанағатанарлықтай орындадым жақсы етіп орындауға болар еді


Мен мүлде

қанағаттанбай отырмын өз ісіме


 

 

 


 

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет