Астарлы әңгіме «Екі қасқыр» Бұрынғы заманда бір қарт немересіне бір өмірлік ақиқаттың сырын ашады:
Әр адамда екі қасқырдың күресіне ұқсас күрес жүреді. Қасқырдың бірі зұлымдықты: күншiлдiкті, қызғаншақтықты, өкiнiшті, өзiмшiлдiкті, жалғанды, шамданушылық, мансапты білдіреді. Екінші қасқыр мейірімді: бейбітшілікті, сүйіспеншілікті, үмітті, ақиқатты, мейірімді, адалдықты білдіреді. Атасының сөздері жанын тебіренткен немересі ойланып:
Соңындай қай қасқыр жеңеді?-деп сұрайды.
Қарт жымиып:
Сен жемдеген қасқыр жеңеді-, деп жауап береді.
Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:
Астарлы әңгіменің мәні неде?
Сіздер қарттың пікірімен келісесіздер ме, неге?
Оқытушы. Тұлғаішілік дау-дамайдың адамның ішкі әлемінде орын алатын психологиялық дау-дамайлардың ішіндегі ең күрделісі. Тұлғаішілік дау-дамайға берілмеген адамды елестету мүмкін емес. Сонымен қатар адам ондай дау-дамайларға жиі ұшырап отырады. Конструктивті сипаттағы тұлғаішілік дау-дамайлар тұлға дамуының қажет сәттері болып табылады. Бірақ деструктивті тұлғаішілік дау-дамайлар стрестерге ұласатын ауыр күйзелістерден, көрінісінің шеткі түрі – суицидке дейін тұлға үшін аса қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан әрбір адам үшін тұлғаішілік дау-дамайлардың негізін, себептері мен шешу тәсілдерін білген маңызды. Тұлғаішілік дау-дамай бұл - тұлғаның қарама-қарсы бағытталған мотивтерінің (қажеттіліктерінің, қызығушылықтарының, құндылықтарының, мақсаттарының, идеалдарының) қақтығысын білдіретін психикалық әлемінің ішіндегі дау-дамай.
Бейсаналы ішкі қақтығыс тұлғаішілік дау-дамайдың бір түрі болып табылады. Оның негізін бұрында толықтай шешімін таппаған әрі ұмытылмаған даулы жағдаяттар құрайды. Бейсаналы деңгейде біз өткен шағымызда шеше алмаған қиындықтарымыздың жүгін көтеріп, оларды қайтара шешуге әрекеттенгендей бұрынғы даулы жағдаяттарды қайта жаңғыртамыз. Өткен шақтағы шешілмеген жағдаятқа ұқсас жағдайлар бейсаналы ішкі дау-дамайдың қайта жаңғыртылуының себебіне айналуы мүмкін. Адамның өз-өзімен ішкі дауы қалыптасқан қағидаларын қайта ойластыруына мүмкіндік береді. Тұлғаішілік дау-дамайлардың түрлері:
қажеттіліктердің қақтығыстары (өзіңнің де жегің келеді басқаға да дәм татқызу қажет);
әлеуметтік норма мен қажеттіліктің арасындағы қақтығыс (махаббат
және норма);
әлеуметтік нормалардың қақтығысы.
құндылықтар қақтығысы;
құндылық пен норманың арасындағы қақтығыс;
құндылық пен қадеттіліктің және т.б.арасындағы қақтығыстар.