Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 3 кредит (135 сағат) алматы, 2012



бет109/131
Дата02.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#160864
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   131
Байланысты:
УМКД. Өзін өзі тану.Теория және практика

Коллаж (шағын топтармен жұмыс)
Студенттерге келесі тақырыптар бойынша коллаж жасау ұсынылады:

  • «ХХІ ұстазының бейнесі»;

  • «Өзін-өзі тану»пәнінің мұғалімі»;

  • «Педагог» мамандығы - беделді!»

Коллажты жасап болған соң, студенттер өздерінің шығармашылық туындыларын көрсетеді. Коллаждың тақырыбы тұтастай топқа немесе әрбір топшаға ортақ болуы мүмкін.
Қоштасу рәсімі.
Жаттығу «Шеңбер бойымен шапалақтау».
Оқытушы. «Біз бүгін жақсы жұмыс жасадық, сондықтан менің сіздерге бір ойын ұсынғым келіп тұр. Ол ойынның барысында дыбысын бәсеңдетіп шапалақтап, біртіндеп ұлғайту қажет».
Бір студент қолын шапалақтап, жанындағы студенттердің біріне жақындайды. Ары қарай екінші студент топтан келесі адамды таңдап, оған екеулеп қол соғады. Үшіншісі төртіншісін таңдайды, ары қарай соңғы студентке тұтастай топпен қол соғады.


14 - сабақ.


Тақырыбы: «Кәсібилік – педагогтың өзін-өзі тануының және өзін-өзін дамытуының нәтижесі»


Сабақтың мақсаты: «өзін-өзі тану» ұғымын педагогтың өзін-өзі кәсіби дамытуының негізі, педагогикалық іс-әрекет табыстылығының негізгі жағдайларын зерттеу; «кәсіби біліктілік» кәсіби қарым-қатынас, кәсіби белсенділік, кәсіби қабілеттер, білімдер мен іскерліктер ұғымдарын меңгеру ренітде қрастыру.


Әдістері мен формалары: дәріс-әңгімелесу, талқылау, рөлдік ойын, тестілеу, слайдттарды көрсету, ертегі тыңдау (ертегі терапиясының тәсілдері).
Материалдар: хрестоматия, әдістеменің стимулды материалы, ертегі тыңдауға арналған тыныш әуеннің аудио жазбасы.

Өнер де, даналық та, егер оны үйренбесе, қолға түспейді.
Демокрит.
Нағыз тәрбие ережелерден емес, жаттығулардан тұрады.
Жан Жак Руссо.
Сабақтың барысы:


Сәлемдесу рәсімі.
Оқытушы. Бүгін біз бір-бірімізді сіздерді педагогтардың қалай қарсы алғандарын қалайтындарыңа қарай сәлемдесеміз.
Әрбір студент топпен педагогтың өзінің тәрбиеленушілерін қарсы алудың ең жақсы деп есептейтін сөзімен сәлемдеседі. Ол жақсы таныс сәлемдесу рәсімдері де болуы мүмкін. Жаттығудың басты шарты – жұмысқа жағымды эмоциялы бағыт-бағдар беруде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет