Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 3 кредит (135 сағат) алматы, 2012



бет20/131
Дата02.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#160864
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   131
Байланысты:
УМКД. Өзін өзі тану.Теория және практика

Қозғалмалы ойындар. Қозғалмалы ойындар (бой жазу, жылыну, қыздырушы ойындар) өзін-өзі тану сабақтарында жиі қолданылады. Оларды қолданудағы негізгі мақсат - студенттердің эмоциялық және тұлғааралық белсенділігін арттыру, сонымен бірге денелерін шынықтырып, бойын жаздыру.
Қозғалмалы ойындарды қолдану мынандай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

  • Студенттердің эмоциялық белсенділігін арттыру. Мұнда олардың жағымды эмоциялары: қызығушылықтары, қуанышы, таңдануы негізге алынады;

  • Топты біріктіру, қатысушылардаың өзара сенімін қалыптастыру және бірлескен әрекеттердің үйлесіміне қол жеткізу;

  • Қарым-қатынас үлгісін көрсету. Мысалы, «бір аяқ жолда кездесу» ойыны (гимнастикалық отырғыштың үстінде немесе жерде сызылған жолақтың ортасында бір-біріне қарсы келе жатқан екі ойыншы екі жаққа айырылуы қажет) дау-дамай жағдайдың үлгісі ретінде көрінеді және адам әрекетінің мүмкін нұсқаларын көрсетуді талап етеді.Мұнда екі жақтың қатысушылары – дау-жанжал үстіндегі болатын ынтымақтастықты, бәсекелестікті, келісімпаздықты, бейімділікті, қашқақтауды немесе т.б. әрекеттердің бірін таңдауы тиіс.

  • Кері байланысты қамтамасыз етуі, тернингтегі өзге қатысушыларға қарап әркімнің өз әрекетіне баға беруіне мүмкіндік туғызу. Мысалы, «қимылдың қайталануы» ойынында қатысушы өзіге мүшелердің өз қимылын қайталап салуына қарап, іштей өзі туралы тұжырым жасайды.

  • Студенттердің ерік, зейін, , бақылау сапаларын дамыту.

Рөлдік ойындар. Өзін-өзі тануда рөлдік ойындар да маңызды болып саналады. Белгілі бір деңгейде рөлдік ойындар адамның әлеуметтену процесінде елеулі орын алады. Адамға белгілі бір рөл тапсырылғанда, ол соның талаптарының үдесінен шығуға ұмтылады.
Рөлдік ойынның мәні адамның уақытша болса да белгілі бір әлеуметтік рөлді қабылдап, өзі соған сай деп тапқан мінез-құлық үлгісін ұсынуынан көрінеді. Сол рөлдің шеңберіндегі нақты шешімдерді қатысушының өзі қабылдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет