Психотерапия әдістері
|
Әдістің қысқаша мазмұны
|
1
|
Арт-терапия
|
адамның жеке және психикалық дамуын түзету үшін көркем өнер шығармашылығының қолданбалы әдістерін пайдаланатын психотерапевтік әдіс
|
2
|
Библиотерапия
|
адамның психикалық күйіне кітап оқудың көмегімен әсер ететін эстетотерапияның түрі
|
3
|
Ойын психотерапиясы
|
балаларға және ересекерге ойынды қолдану арқылы әсер ететін психотерапевтік әдіс
|
4
|
Имаготерапия
|
негізгі мақсат- нәтижеге тұлғаны байыту және дамыту жолы арқылы жету. Ол үшін адамның (жеке немесе топтық) шығаршылық белсенділігі қолданылады.
|
5
|
Әуендітерапия
|
босаңсу және өзін-өзі реттеу мақсатында әуенді қолдануға негізделген эстетотерапияның бір түрі
|
6
|
Психожаттығу
|
бастан кешірулерді, эмоционалды күйлерді, мәселелерді қимыл қозғалыс, ым-ишара арқылы сыртқы шығаруды болжайды
|
7
|
НЛБ (нейролингвистикалық бағдарлама)
|
Өзара әрекеттің әдеттенген сызбасын өзгертуге, өмірде сенімділікті меңгеруге, шығармашылық потенциалды белсендендіруге бағытталған психотерапевтік әдіс
|
8
|
Психодрама
|
топтық психотерапияның бір түрі. Мұнда қатысушылар актерлер мен көрермендер сапасында кезектесіп шығады, осының өзінде олардың рөлдері қатысушылардың барлығы үшін тұлғалық мән-мағынасы бар өмірлік жағдаяттарды үлгілеуге бағытталған психотерапия әдісі,р Бұл орайда, барабар емес эмоциялық реакцияларды болдырмау, әлеуметтік перцепцияны пысықтау, өзін-өзі неғұрлым тереңірек танып-білу мақсаты көзделеді
|
9
|
Проективті сурет
|
адамның ішкі проблемалары туралы қосымша ақпарат алу негізінде қолданылады, сөзбен жеткізе алмайтын жағдайларды анықтауға және ұғынуға мүмкіндік береді.
|
10
|
Ертегітерапия
|
метафорлар, ертегілер, аңыздар әсер етудің құралы ретінде болатын, тұлғаның үйлесімділігіне, шығармашылық потенциалын және ресурстарын ашуға мүмкіндік жасау негізгі міндеті болып табылатын практикалық психологияның әдісі.
|
11
|
Денеге-бағыталған психотерапия
|
адамның денесін демалу, жанасу, бұлшықет тонусы, қозғалыс көмегімен реттеудің психотерапевтік әдісі.
|