Проективті сурет - топтық психотерпия әдістерінің бірі. Проективті суреттің негізгі міндеті тұлға проблемасы туралы қосымша ақпарат алу. Проективті сурет адамның айтып жеткізе алмайтын мәселелері мен бастан кешірулерін айқындау және ұғынуға мүмкіндік береді. Сабақ келесі түрде ұйымдастырылады: әр студент қағаз, түрлі түсті борлар (краска, түрлі түсті қарындаштар қолдануға болады) және берілген тақырыпқа сурет салады. Проективті әдісті қолдануда салынған суреттің сапасы үлкен мәнге ие емес. Сурет салуға ұсынылатын тақырыптар жеке сондай-ақ жалпы топтық, түрлі мәселелерге қатысты болуы мүмкін. Проективті суретті талдау барысында мазмұнына емес оның көрсету тәсіліне, түсіне, пішініне, шығармаға, көлеміне, пациенттің түрлі суреттердегі қайталанатын арнайы ерекшеліктеріне көңіл аударады. Бірігіп сурет салуда пікірталас топтық жұмыстағы әрбір адамның қатысуын, оның жалпы әрекетке қосқан үлесі және топ мүшелерімен өзара қарым-қатынас проццесіндегі өзара қарым-қатынас ерекшеліктері туралы талқылау болады.
Психожаттығу –адам психикасының танымдық, сондай-ақ эмоционалды-тұлғалық сферасын, тағы басқа жақтарын түзетуге және дамытуға бағытталған арнайы сабақтар (этюдтер, жаттығулар және ойындар т.б.) курсы. Негізгі мақсаты - қарым-қатынастағы кедергілерді жеңу, өзін және өзгелерді дұрыс түсінуді дамыту, психикалық шиеленісті шешу, әлеуметтік дағдыларды көрсету үшін мүмкіндік құру болып табылады. Адам құрдастарымен жеңіл қарым-қатынасқа түсе алады, өз сезімдерін жеңіл көрсете алады және басқалардың сезімдерін жеңіл түсіне алады. Айқын қозғалысқа ие болу деген ол басқа адманың бетінің барлық өзгерістерін, дененің қозғалысын және ым - ишарасын түсіне алады. Психожаттығуды қолдану процесінде мінездің жағымды қасиеттері қалыптасады: сенімділік, адалдық, батылдық, кеңпейілдік; невротикалық көріністер жойылады: қорқыныш, түрлі сипаттағы қауіп, сенімсіздік.
Ертегі терапия -бұл адамның ішкі әлемімен жұмыс істеу барысында әсер етудің таңғажайып тәсілі, дамытудың күшті құралы. Біздің ішкі әлеміміз ертегіге ұқсас. Психологтардың ертегіге деген қызығушылығы өте ертеден басталған. Дегенмен, тек соңғы жылдары ғана ертегі терапиясы практикалық психологияның дербес бағыты болды.
Адамға өзіндік дамудың субъектісі болуына мүмкіндік беретін маңызды жағдай өзіндік дамудың белгілі бір деңгейіне жету болып табылады, яғни өз «Менінің» деңгейіне жету, өзінің «Меніне» қарым-қатынас және өзінің «Менін» басқару. Студенттің өзіндік санасының дамуы , ересектер қоятын талаптар жүйесімен (оқу, тәрбие) және өзінің жеке спонтанды белсенділігінің арасындағы сырттай реттеуші қарама-қайшылықты жеңу арқылы жүзеге асады.
Ертегі терапияны пайдаланатын сабақтар мен тренингтерде педгогтар және психологтар нақты бір мәселемен жұмыс жасай отырып, олардың алғашқы себептерін табады және ішкі үйлесімділіккке жетуге көмектеседі.
Себебі ертегіде де өмірде де үйлесімді тұлға жасаушы, ал дисгармониялы тұлға бұзушы ретінде көрініс береді. Кез келген ертегіде – жасаушы бұзушыны жеңеді, яғни жақсылық зұлымдықты жеңеді. Ертегі өзінің метафорлығының арқасында дамытушы және психотерапевтік құралдардың бірі болып болып табылады.