Денеге-бағытталған терапия (ДБТ) – адам тәнімен бірге өткізілетін, психиканы өзгерту арқылы емдейтін, түрлі теоретикалық және методологиялық амалдарға, тәсілдерге ие психотерапия бағыттарының бірі. Негізгі бағыттары және техникалары: қозғалыс, жақындасу, тыныс алу. Бұл тәсіл адам тәнінде әсерін қалдырған бастан кешірулер мен мәселелерді «жанды тәнмен жұмыс арқылы емдеу». Адамның жан дүниесінде болып жатқан жағдайлар оның тәнінде де өз іздерін қалдырып отырады.
Біздің тәніміз - өзіміз өмір сүретін әлемді қабылдайтын құрал. Тәніміз біздің көзқарасымыздың, ойлау жүйеміздің сыртқы көрінісі немесе ішкі жан дүниеміздің айнадағы сияқты шағылысы, бейнесі. Өмірдің кез келген сәтіндегі адам тәнінің жағдайы – олардың басынан өткерген жеке өзіндік тарихын құрады. Ол тарих – біздің өміріміздің оқиғалары. Мұнымен адам баласы жерге шыр етіп түскен сәттен бастап шұғылданады, біздің өміріміз жайлы барлық ақпараттар бар. Өсе келе, тәжірибе жинақтаймыз, Бірақ, біздің өміріміз өткен өміріміз бен тәжірибелеріміз арқылы құралатынын біле бермейміз. Ол өміріміздің бастауындағы және өткеніміздегі қалыптасқан көзқарасымызды ұстанады.
Біздің «Меніміз» психикамызда қалай көрінсе тәнімізде де солай көрінеді, жанды тән процестеріне әсер ету арқылы жандандыруға болады. Тәнге-бағытталған терапия оның сезімдерін, ақылы мен дене түйсіктерін байланыстыруға, олардың арасындағы бұзылған өзарабайланысты қалпына келтіруге, адамға оның тәнімен сенімді және толық байланыс құруына көмектесетін сирек кездесетін және тиімді әдіс.
Студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік нұсқаулар
«Өзін-өзі тану» курсы бойынша өзіндік жұмыс, ортамен белсенді әрекеттестік жағдайында өзін-өзі тану және өзін-өзі жетілдіру білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын тәжірибеде қолдану барысында ізденуші, шығармашылық іс-әрекеттің даралық және топтық формасын білдіреді. Студенттердің өзіндік іс-әрекеттерін шығармашылық жоба, эссе жазу, баяндамаларға дайындық, рефераттардың орындалуы ұсынылған әдебиеттің (негізгі және қосымша), хрестоматиядағы материалдарды топтық талқылауға дайындық, коллаж және т.с.с фотоальбомдарды құрастыру сияқты тапсырмалардың дәптерде орындалуы қарастырылады.
Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдасыру және жүргізу барысында келесі талаптарға жетекшілік жасау қажет:
Барлық сабақтарды өткізу барысында өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру нәтижесінде, курсты оқып үйренудің соңында студенттер өзін-өзі тану процесін өзіндік дамудың үйлесімді алып барушысы ретінде толық түсінікке ие болу керек.
Студенттерді тікелей танымның қатысушысы етіп белсенді бағытқа бағыттау. Тапсырма тек арнайы фактілерді меңгеруге ғана емес, сондай-ақ өмірлік жағдайлардағы мәселелердің шығармашылық тұрғыда шешімін табуға бағытталған болуы қажет.
Өзіндік жұмыста тапсырма жүйелі, логикалық құрылым сипатында болуы тиіс.
Тапсырмаларды таңдау барысында студенттердің жеке және жас ерекшеліктерін ескеру.
Студентердің өзіндік жұмыстарын орындау барысында оқытушы оларға түсіндіру арқылы педагогикалық қолдау көрсету қажет.
Өзін-өзі тану - өзін, өзінің потенциалдық қасиеттерін, тұлғалық, интеллектуалдық ерекшеліктерін, мінез сипаттамаларын, басқа адамдарға деген өзінің қатынасарын тану процесі.
Тұлға өзін-өзі тануда тану – ену объектісі ретінде өзіне өзінің қатынасын көрсете отырып, танымдық субъект ретінде қатысады немесе танылады. Тану - ену «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Мен және басқалар», «Мен және әлем» т.б. диалогтарында өзараәрекеттесу арқылы жүзеге асады. Өзін-өзі тану іс-әрекетте жүзеге асатын білім және әрекеттің бірлігін саналы ұғынуда, өмірлік жағдайларды түсінуде, нақты дербес тапсырмаларды шешуде болуы мүмкін. Осындай талқылаулар негізінде Б.Ц.Бадмаев «Өзін-өзі тану» пәнінің әдістемелік қамтамасыз етілуі барысындағы ерекшеліктерді бөліп көрсетті:
адамның өзін және өзгелерді танудағы сарқылмайтын танушы мен таным нысанының арасындағы диалогтың жүзеге асырылуы шексіздікке дейін, әсіресе ішкі жоспарда сарқылмайды;
адамды символдар әлеміне «көшіретін», қайсібір жағдаяттарды олардың іс-әрекеттегі шешімін бейнелер, бояу арқылы елестетуге мүмкіндік беретін әдеби туындылар арқылы өзін және өзгелерді тануы;
тұлға өзін-өзі тануға қызығушылық білдіріп, өз ойларын, мінез-құлқын, жай-күйін түсіндіруге үйренетін өзіндік іс-әрекетте өзін және өзгелерді тануы.
Өзін-өзі танудың бұл міндеттерін шешу үшін, қажетті жағдайлар:
а) танушы субъект пен (студент немес қатысушы) шынайы тұлға немесе қиялдағы, танылушы нысана арасында диалог тудыратын тапсырма беру қажет, мәселелік жағдаят құру.
б) жағдаяттарды, тапсырмаларды шешу арқылы, өзінің мінез-құлқын, қылықтарын, сондай-ақ өзгелердің мінез-құлқын дербес талдауға мүмкіндік беру, танымдық іс-әрекетті ояту.
в) Өзін-өзі тану курсының тақырыптары бойынша өзін танушының және басқаларын да дербес шығармашылық әрекетке итермелеуші, мәселелік сұрақтар мен тапсырмалардың ойластырылған жүйесі қажет. Өзіндік жұмыс мынадай болуы мүмкін: мәселе-мәселелік тапсырмалар, мәселелік сұрақ, хрестоматиядағы әдебиет-сұрақтарға жауаптарды дербес іздеуге итермелеуші: «Неге?», «Сіз қалай ойлайсыз?», «Мұндай мінез – құлықты қалай түсіндіруге болады?», «Осы берілген мінез-құлықтарға деген сіздің көзқарасыңыз?» т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |