Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 3 кредит (135 сағат) алматы, 2012



бет68/131
Дата02.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#160864
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   131
Байланысты:
УМКД. Өзін өзі тану.Теория және практика

«Ерлер мінер сұр қасқа,
Шаба алмаса, ұр басқа.
Батырлық, байлық кімде жоқ,
Ғашықтық жолы бір басқа», – деп, аптабы аспандағы құс қанатын қарыған қырық күншілік шөлін, ұры – қары, қарақшылар торыған қатерлі жолын қаперіне алмастан, жер түбіндегі қыз еліне жапа-жалғыз аттанып кете барады. Махаббаттың жанында атақ–даңқ пен батырлық, байлықтың өзін кәдеге алғысыз санаған қазақтың сүйіспеншілік этикасы неткен асқақ әрі сәулетті десеңізші! Ғашық бекзадаға солай дегізіп, қауіп–қатерге де қаратпай, айдап әкетіп бара жатқан құдіреттің аты – махаббат емес пе!?
Бұдан да ертеде алыстан келе жатқан керуеннің басшысы араб елі патшасының құзырына тағзым етуге кіргенде: жолда ғашықтық дертінен құса болып, сахарада жалғыз жүрген ақын жігітті көргендерін әңгімелеп береді. Патша есіл жасты есінен тандырған қыз әлемде жоқ сұлу шығар деп ойлап, көруге құмартыпты.Сарайына алдыртып, қараса: әлгісі қоңыртөбел ғана көркі бар тәмпіштеу бойжеткен екен. Осыған өле ғашық болып жүрген шайырдың да есі жоқ екен–ау деп, патша жігітті де шақыртып: – Жер бетінде теңдесі жоқ деген сұлуың осы ма! – дейді кейіспен. Сонда шайыр жігіт:
– Тақсыр, сіз ол қызға менің көзіммен қараңыз! – депті қызбаланып.
Бір жұрттың бетке ұстар шайырына қоңыртөбел ғана көркі бар қызды ғажайып ару ғып көрсетіп, естен тандыра іңкәр еткен керемет те – сол махаббат.
Барлық адам баласына тән әрі мыңдаған жылдар бойы өзінің мәні мен сәнін сақтап келе жатқан адам жанының осынау тамаша қасиеті жайында көне Шығыстың тағылым кітаптарының бірі – «Шабдал бұтақтарында»: «Адам қалауының үш қайнары бар, олар: жан, сана және тән»,
«Жан қалауынан – достық,
Сана қалауынан – сыйлау,
Тән қалауынан құмарлық туады.
Осы үшеуінің қосылуынан махаббат пайда болады»,
– деп, жақсы айтылған.
Әне, сол қадым заманнан ерекше әспеттеліп келе жатқан махаббатты – адам өмірінің ұлы жарастығы, адам жанының гүлдеп, шешек атуы; сүйіспеншілік жанарымен қарағанда ғана ашылатын әлемнің керемет сұлу суреті, өмірдің ыстық демі, ардақтылығы десек керек. Махаббатпен адамның күллі тіршілігі байланысты. Ол – адамның ішкі әлеміндегі рухани сезімдерінің көрінісі ретіндегі жай күйі.Барлық әдемі, сүйкімді, шарапатты, ұлы істерге, ерліктерге адамды сүйіспеншілік сезімдері жігерлендіріп, дем беріп отырады. Адам біреуді сүйгендіктен яки біреудің өзін сүйетінін сезгендіктен немесе біреудің сүйіспеншілігінен үміттенгендіктен, оның бойын күш – жігер кернеп, биік мақсаттарға ұмтылады, асқан қажырмен және өнерпаздықпен жайшылықта қолдан келмейтін үлкен істер тындырады.Әйтпесе, яғни, сүйіспеншілік жоқ жерде, өмір мәнінен, бар әдемі бояуынан айырылып, көңілсіз, жансыз сұрқайлыққа айналады. Демек, махаббат – өзің үшін ғана емес, екінші адам үшін өмір сүре білу, сол екінші адамның қайғысына да, қуанышына да ортақ болу, айналаға соның көзімен қарау, сол арқылы тіршіліктің қадір – қасиетін танып, оны ардақтау деген сөз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет