Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 3 кредит (135 сағат) алматы, 2012


Даналық сабақтары. Шағын топтармен жұмыс



бет70/131
Дата02.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#160864
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   131
Байланысты:
УМКД. Өзін өзі тану.Теория және практика

Даналық сабақтары. Шағын топтармен жұмыс.

  • Кез- келген махаббат өз бетінше шынайы да керемет, тек ол адамның миында емес жүрегінде болса болғаны. (В Белинский)

  • Махаббат - құштарлықтардың ішіндегі ең қуаттысы, өйткені ол бір уақытта адамның миын, жүрегін және тәнін жаулайды. (Ф.Вольтер)

  • Біз барлық қуаныштардың бастауына айналғымыз келеді, ал егер ол мүмкін болмаса, ғашық болған адамымыздың барлық бақытсыздықтарын кешіруді қалаймыз.( Ж.Лабрюйер)

  • Еркіндік дегеніміз жауапкершілік, сол себепті көпшілігі одан үрейленеді.( Б. Шоу)

  • Періштелер оны аспандағы ғанибет десе, шайтандар – жаһаннамның азабы десе, адамдар – адамдар-махаббат деп біледі.(Г.Гейне)

  • Сүйікті болу бай болудан артық, өйткені сүйікті болу – бақытты болу деген сөз. К.Тилье

  • Махаббат жалғыз да, ал оның жалған түрі сан мыңдап саналады. Ф.Ларошфуко

  • Махаббат деген –қажеттілік пен сезімнің ұласуы. О. Бальзак

Оқытушы. Адами қасиеттер мен көріністердің қатарында махаббат ең ұлы да ең тартымды құпия сезім болып табылады. Ондай сиқырлы сезімнің жұмбағы әлі көп жылдар бойы әр жастағы, ұлты, әлеуметтік тұрғылары әртекті адамдарды толғандыратын болар.

Астарлы әңгіме «Бізге өмір сыйлағандар туралы»


Бозбала өзге ұлттың қызына ғашық болады. Оған үйленуге бел буады. Бойжеткен болса: «Мен саған тұрмысқа шығамын, бірақ алдымен сен мен үшін жүз істі атқарып шық,-деп айтады. Жігіт қыздың еркеліктерін орындай бастайды. Алғашында ол жігітті бірде-бір тірегі жоқ жартасқа шығуға, кейін сол жартастан секіруге мәжбүрлейді. Жігіт секіріп, аяғын сындырып алады. Онда қыз жігітке жүріп, ақсамай жүр деп бұйырады. Одан да басқа қолдарын су қылмай көлді жүзіп өту; асау атты тоқтатып, тізерлету; қыздың кеудесіндегі алманы бөлу тапсырмалары беріледі. Жігіт тоқсан тоғыз істі орындап шығады. Біреу ғана қалады. Содан қыз: «Енді анаңды және әкеңді, өз тіліңді ұмыт», - деп айтады. Жігіт көп ойланбастан атқа мініп, атын қамшылап, мәңгілікке ғайып болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет