Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 3 кредит (135 сағат) алматы, 2012



бет49/131
Дата02.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#160864
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   131
Байланысты:
УМКД. Өзін өзі тану.Теория және практика

«Менің жан қуатым» жаттығуы
Нұсқау: қатысушылар, өмірлік қиыншылықтарды жеңуге және қойылған мақсатқа жетуге көмектесетін ресурс-факторларды, мысалы, тұлғааралық қарым-қатынаста өзараәрекеттегі жетістікті бейнелейтін шығарманы құрастырады. Қатысушылар өз шығармаларын жасау барысында бір нәрсеге сүйену үшін оқытушы адам қорларының негізгі топтары туралы айтады.

  • Ішкі: тұлғалық, интеллектуалды және еріктік қасиеттер, білім және ептілік, өмірлік тәжірибенің түрлі элементері.

  • Сыртқы: тұратын жері, түрлі материалды мүмкіндіктер, оқу орны т.б.

  • Әлеуметтік: қойған мақсатқа жетудегі қиыншылықтарды жеңуге көмектесуге қабілетті адамдар - туысқандар, достар, оқытушылар т.б.

Шығарманы қатысушыға ұнаған кез-келген жерде - үстелде, еденде, орындықта, тіпті терезе алдында да орындауға болады. Сонымен қатар шығарманы орындау барысында бейнелеу материалдарынан басқа қандай-да бір жанына қуат беретін (сүйіктісінің суреті, ұялы теелфон, қол сағат) заттарды қолдануға болады.
Талқылау. Талқылау саяхат түрінде болады: топ студенттері бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысып тамашалайды, ал олардың авторлары жетекші рөлінде таныстырады. 1,5-2 минут уақыт беріледі.
Қорытынды. Сабақтың қорытындысы.
Оқытушы. Әрбір адам өзін сүю қажет және ол өзінің іштей және сырттай қандай болса сол күйімен мақтана білуі маңызды болып табылады. Таңертең ұйқыдан тұрғанда мынадай бағдармен оянған дұрыс: «Мен-жақсы, тартымды, сүйікті, керемет адаммын». Өз-өзіне деген терең сенімділік «Мен- сенімді және қызықты адаммын» сендіру, гипноз сияқты адамға санаасты деңгейінде сөзсіз әсер етеді. Өзінің бейнесі басқалар үшін де сол бейне болады. Рухани жаны сау адам әрқашан махаббатқа және сыйлауға лайықты екенін біледі. Ішкі жан қуатына ие адам басқалармен қарым- қатынаста, махаббатта кездескен кедергілерді оңай жеңеді, өзгелерге көмекке келуге дайын тұрады.
Қоштасу рәсімі. Қол ұстасып шеңбер құрып, «Мен ең жақсы, керемет, дана және бақытты адаммын» дегенді бәрі бірге айтуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет