Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 3 кредит (135 сағат) алматы, 2012



бет78/131
Дата02.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#160864
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   131
Байланысты:
УМКД. Өзін өзі тану.Теория және практика

Жаттығу «Біз-олар»
Мақсаты: тұлғаішілік дау-дамайларды ұғыну шекараларын кеңейту. Студенттерді тұлғаішілік дау-дамайды бейтараптандыруға үйрету.
Нұсқау: Өміріңіздегі сізді бәрінен де қатты ашуландыратын адамды тауып, оның бойындағы өзгерткіңіз келген сіздің ұнатпайтын үш қасиетін сипаттаңыз. Енді өзіңізге үңіліп, өз-өзіңізден: «Мен өзімді дәл солай ұстағанда не нәрседе оған ұқсаймын?» деп сұраңыз. Көзіңізді жұмып, ойлануыңызға мұрша беріңіз. Кейін өзіңізден өзгерістерге дайынмын ба деп сұраңыз. Сіз өзіңіздің үйреншікті ойларыңыздан, сенімдеріңіз бен әдеттеріңізден арылғанда ғана, ондай адамдар сізге деген қатынасын өзгертеді немесе мүлде өміріңізден кетеді.


Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

  • Жағымсыз бейнені еске алғанда қандай эмоцияны кешірдіңіздер?

  • Айналаңыздарға дау-дамайдағы ішкі бейнені бейтараптандырудың қандай тәсілдерін ұсына аласыз?



Оқытушы. Тұлғаішілік дау-дамайлардың адамға жағымды әрі жақымсыз салдары да болады. Егер дау-дамай шешімін таппаса, ішкі қысым күшее береді. Қысым нақты өлшемнен асқан соң (фрустрацияға деген толеранттылықтың жеке-дара деңгейі), адам психологиялық тұрғыда қажып, адам жанының тепе-теңдігінен айырылады. Ол күйінде адам туындаған проблеманы шеше алмайды. Дау-дамайдың жағымсыз салдары стрестерге, невроздарға, жоғары мазасыздыққа, жалпы психологиялық жабырқаңқылыққа немесе дау-дамайға ешқандай қатысы жоқ объектілерге бақытталуы мүмкін мқлшерден тыс агрессивтілікке ұласуы мүмкін.
Жағымсыз қорғаныс механизмі – регрессия – агрессияның кері жағы болып табылады. Регрессия проблеманы шешпейді, жағдай сол күйінде сақталынады әрі дау-дамайдың шығар жолын таппаған барлық энергиясы тұлғаның өзін жоюға бағытталады. Ол жөнінде Зигмунд Фрейд: «Өзіңді жоймас үшін, басқаны және басқаларды жою қажет»,-деп айтқан. Соңғы 20-25 жылдардағы психологияда катарсис – агрессивті импульстерді әртекті эрзац-объектілерге (қарсылас-қуыршақтар, спорт күрестеріне қатысу немесе оны бақылау, компьютердің көмегімен виртуалды ақиқатты құрастыру және т.б.) бағыттау арқылы одан арылу идеясы танымал бола бастады. Жапон елінде қоғамдық орындарында стрестен арылу бөлмелері бар. Онда адам аздаған төлем жасау арқылы оңашаланып, бірнеше арзан ыдыстарды шаға алады.
Осылайша, дау-дамай энергиясының қадағалаусыз сыртқа шығуы сияқты, оның жасанды сақталынуы да тұлғаға және оның айналасындағы адамдарға жағымсыз ықпал етеді. Тұлғаның адекватты эмоциялы реакциясы – конгруэнтілік (эмоциялардың дәлме-дәл сәйкес келуі, олардың ұғынылуы және айқындалуы) – тұлғаішілік дау-дамайдың едәуір тиімді тәсілі болып табылады. «Дау-дамай қаншалықты қалаусыз болса да, - дейді Пол М. Дизель және Уильям Мак-Кинли Раньян, — ол сыртқа шығарылғанда ғана әсері жойқын болмай, шын мәнінде ұғынылып, кешірілетін эмоциялар адекватты айқындалғанда ғана шешімін табады, - деп есептейді. Дау-дамайдың жағымды әсері төмендегідей:

  • қол жетпеген мақсаттың тартымдылығы арта түседі;

  • кедергінің орын алуы оны жеңуде күш пен құралдардың іске қосылуына ықпал етіп, мотивацияның қуаты өзінің жоғары шегіне жетеді;

  • тұлғаішілік дау-дамай тұлғаның күрделі жағдайларда бейімделуіне және өзін-өзі жүзеге асыруына, ағзаның стреске тұрақтылығының артуына ықпал етеді;

  • жағымды шешімін тапқан дау-дамайлар тұлғаның мінезін шынықтырып, мінез-құлқының табандылығын қалыптастырады.

Сонымен, тұлға мен оның айналасындағы адамдар үшін тұлғаішілік дау-дамайдың жағымды әрі жағымсыз салдары да болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет