«Данышпандық сәт» шығармашылық тапсырмасы адамдағы және өнердегі сұлулықты сезіне білудегі өзін - өзі тану процесін саналы ұғынуға бағытталған.
Өзгені білген -ақылды,
Өзін білген- данышпан.
«Данышпандық сәт» - бұл адамзаттың мәдени мұраларына маңызды үлес қосқан өткен уақыттағы адамның есте сақтауының (естеліктерінің) актісі. «Данышпандық сәтті» өткізуге барлық мемлекет, әлем бірге атап өтетін кез келген ерекше тұлғаның туған күні, мерейтойы себеп бола алады. Бұл өзінің іс әрекетімен, ақылдылығымен, ерекшелігімен қайырымдылық, жаңа таным, жарық, махаббат нұрын шашатын, құрмет пенрапатқа лайықты музыканттар, ғалымдар, ақындар, философтар, батырлар, әртістер, саяси қайраткерлер болуы мүмкін.Тапсырма ұраны етіп: «Ұлылыққа жақындау - рухани баюдың факторы» деп алуға болады.
Студенттерге СОӨЖ тапсырмасына ерекше ерен қайраткер, ең бастысы оның мәдени мұраға қосқан үлесі туралы шығармашылық жұмыс беріледі.
Қорытынды.
Сбақты талқылау: студенттермен сабақ бойынша алған әсерлерімен ой бөлісу. Оқытушы мынандай сұрақтар қоюы мүмкін:
Бүгін өзіңіз үшін жаңа қандай нәрселер алдыңыз?
Талқыланған сұрақтар сіздерге қалай әсер етті?
Бәрінен бұрын Сізгдің есіңізде қалғаны мен ұнағаны?
Қоштасу рәсімі.
«Мен – адамзат сыйымын» жаттығуы.
Оқытушы. Әрбір адам - өзінше бір ерекше тіршілік иесі. Әрқайсымыз өзіміздің қайталанбайтын ерекшелігімізге сенуіміз керек. Өзіңіздің ерекшелігіңіз, қайталанбайтындығыңыз неден тұрады, адамзат үшін сіз шын мәніндегі сыйлық екендігіңізді ойлаңыз. Өз ойыңызды дәлелдеңіз. Мысалы: «Мен адамзаттың сыйлағымын, себебі мен ...».
Сабаққа қатысушылар дөңгелене шеңбер құрып тұрады да, бір-біріне бүгінгі күн үшін рахмет айтып, сабақты аяқтайды.
10 - сабақ.
Тақырыбы: «Сенім – қозғаушы күш»
Сабақтың мақсаты: «сенім» және «руханилық» ұғымдарын нақтылау, «дін» ұғымын, адамның және қоғамның рухани мәдениетінің бір бөлігі ретінде оның маңыздылығын ашу , діннің әр түрлі негіздерімен таныстыру, адамның діни сеніміне, оның жеке таңдауына әртүрлі діндегі рухани келісімге ұмтылуларын түсіндіру.
Достарыңызбен бөлісу: |