Пәнді оқу барысында студенттер: Орта білім беретін мектептерде әдебиетті жаңаша оқытудың заңдылықтарын, ұстанымдарын; Әдебиетті оқыту әдістемесінің интерактивті әдістері мен тәсілдерін; Қазақ әдебиеті сабақтарында оқытудың жаңа технологияларын қолдану жолдарын білуі тиіс.
ББ бойынша оқытудың келесі нәтижелерін (ОН)
ЖББ мектептердегі әдебиет пәнінің құрылысы мен мазмұны, көркем шығармамен жұмыс жасау жолдарын, сабақ түрлерін, жазба жұмыстарын жүргізеді;
қазақ әдебиеті сабақтарының сағаттарын жоспарлауды, сабақты дайындап өткізуді, көркем шығарманы талдау жолдарын, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануды, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырады;
ЖББ мектепте әдебиетті оқытудың теориялық, методологиялық, әдістемелік негіздерінен білім беру жолдарын игереді;
Жаңартылған білім беру жағдайында оқыту үдерісін жаңаша ұйымдастыру мен өткізудің педагогика, психологиялық мәнін қалыптастыру болып табылады
4.Курстың академиялық саясаты:
қазақ әдебиеті пәнін оқытудың педагогикалық қағидалары туралы жан-жақты теориялық білімін жетілдіре отырып, кәсіби шеберлігі мен дағдысын қалыптастыру; орта білім беретін мектептерде әдебиетті оқыту әдістемесі бойынша жаңа бағдарламаларға талдау жасай білу; жаңа тұрпатты әдебиет сабақтарын жоспарлай білу; интербелсенді (интерактивті) әдістер мен тәсілдерді оқу үрдісінде қолдану тәжірибесін меңгеру; интербелсенді оқу мен оқытудың философиялық және методологиялық негіздемесін түсініп, көптеген интербелсенді әдістер (интербелсенді лекциялар мен семинарлар, пікірталастар, сase-study, рөлдік және іскерлік ойындар, тренингтер) практикалық тұрғыдан меңгеру; оқушы білімін бағалаудың әртүрлі тәсілдерін (жазба жұмыстары, портфолио, рубрикалар, өзін-өзі бағалау, тестер).меңгеруге жетіледі.
Академиялық тәртіп ережелері: Сабаққа міндетті/міндетті емес қатысу, кешігуге жол бермеу. Сабаққа кешігу және сабақта болмау 0 баллмен бағаланады.Тапсырмаларды (СӨЖ, аралық, бақылау, зертханалық, жобалық және т.б.), жобаларды, емтихандарды орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау. Тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда тапсырма айыппұл баллдарын шегеру есебімен бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |