Оқу курсының типі: КП/ТК
Пәннің мақсаты студенттердің қабілетін/дағдыларын/құзыреттілігін қалыптастыру,
1. жинақтау ғылыми және кәсіптік мәселелер бойынша қорытынды қалыптастыру үшін қажетті заманауи ғылыми зерттеулердің мәліметтерін, түркі халықтары туралы деректер мен тарихнамалық зерттеулерді;
2. жіктеу деректерді салыстырмалы, ғылыми талдау арқылы;
3. бағалау қазіргі ғылыми жетістіктерді сыни тұрғыдан ғылыыми зерттеулер қорытындысы арқылы;
4. түсіндіру ғылыми зерттеулер мен методологиялық, теориялық түұрғыдан түркі халықтарының өткен мен қазіргі даму тарихын;
5. шешім қабылдау ғылыми жетістіктерді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауда, ғылыми-
практикалық мәселелерді, оның ішінде пәнаралық салада жаңа идеялар тудыруда; әлеуметтік-экономикалық, саяси және зияткерлік тарихты бағдарлау; тарихи өткенге құндылық қатынастарымен байланысты мәселелер бойынша өз ұстанымдарын білдіру және негіздеуде.
Пәннің негізгі міндеті «6B022-Гуманитарлық ғылымдар (Тарих)» ББ бойынша оқытудың келесі нәтижелерін (ОН 7) қалыптастыру болып табылады:
Ғылыми зерттеуді ұйымдастыру принциптерін, ғылыми білімге қол жеткізу және құру тәсілдерін, қазіргі заманғы ақпараттық ағымдар мен әлемдік экономикадағы өзгермелі құбылыстар мен процестерге бейімдеген, мемлекеттік және орыс тілдерінде кәсіби салада тілдік дағдыларды қолдана алатын; объективті бағалауға қабілетті, білім алушылардың зияткерлік даму деңгейін арттыру дағдыларын, креативтілік пен инновациялылықты меңгерген;тарих ғылымдарының теориялық негіздері, заңдылықтары және қазіргі тарихи түсініктердің қызмет ету заңдылықтары туралы білімдерін көрсету; ғылыми және кәсіптік мәселелер бойынша қорытынды қалыптастыру үшін қажетті заманауи ғылыми зерттеулердің мәліметтеріні, білім мен тәжірибенің қазіргі жағдайын сыни тұрғыдан бағалау, нақты кәсіби мақсаттар үшін жаңа білім мен дағдыларды, тарихи талдау әдістерін қолдану(фактілерді салыстыру және жалпылау, себеп-салдар байланыстарын, адамдар қызметінің мақсаттары мен нәтижелерін ашу және т.б.); Өз пікірін айтуға және қазақ (орыс), шетел тілдеріндегі материалдарды өз бетінше зерделеуге, белгілі тарихшылардың көзқарасын талдағанда дәлелдер әзірлеуге, этномәдени және конфессиялық айырмашылықтар мен қоғамның әлеуметтік-мәдени құрылымының ерекшеліктерін ескере отырып, көп мәдениетті ортадағы кәсіби қызметті ұйымдастыру әдістерін игере білуге негізделген; академиялық кәсіби ортадағы ғылыми талқылауда және менеджмент дағдыларында (келіссөздер, коммуникативті дағдылар, жобаларды басқару, мәселелерді шешу және топпен жұмыс істеу дағдылары) өз білімін қолдану;кәсіби қызметтің нәтижелерін көрсету; бастамашылық, ұйымдастырушылық және басқарушылық шешімдерді табу.
4.Курстың академиялық саясаты:
Академиялық тәртіп ережелері:
Сабаққа міндетті қатысу, кешігуге жол бермеу. Сабаққа кешігу және сабақта болмау 0 баллмен бағаланады.
Тапсырмаларды (СӨЖ, аралық, бақылау, зертханалық, жобалық және т.б.), жобаларды, емтихандарды орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау. Тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда тапсырма айыппұл баллдарын шегеру есебімен бағаланады.
Академиялық құндылықтар:
Академиялық адалдық және тұтастық: барлық тапсырмаларды орындау дербестігі; плагиаттың, жалғандықтың, шпаргалкаларды пайдаланудың, білімді бақылаудың барлық түрлерінде көшіріп алу және оқытушыны алдауды болдырмау.
Мүмкіндігі шектеулі студенттер e-mail бойынша кеңес ала алады.
Достарыңызбен бөлісу: |