"Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің Хабаршысы"
ISSN 2306-5079
ғылыми журналда жариялау үшін
МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Журнал ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ҚР БҒМ Білім және ғылым
саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдар тізіміне енгізілді. - Тарау. Білім беру, Тармақ.
Педагогикалық ғылымдар.
(ҚР БҒМ 2018 жылғы 16 мамырдағы № 768 бұйрығы)
1. Бұрын жарияланбаған, бірегей ғылыми жұмыстар қабылданады.
2. Журнал "Педагогика және психология", "Жаратылыстану", "Физика,
математика, информатика",
"Тарих, экономика, құқық", "Филология", "Өнер және мәдениет" тараулары
бойынша ғылыми-
педагогикалық мазмұндағы мақалаларды жариялайды.
3. Жұмыс проблема өзектілігінің сипаттамасын (теориялық және ғылыми-практикалық маңызы,
практикада әдістемелер мен технологияларды қолдану) қамтуы тиіс.
4. Сипатталып отырған тақырып бойынша теориялық тәсілдер мен негізгі әдебиеттерді шолудан
басқа, мақалада теориялық немесе қолданбалы зерттеулердің нәтижелері ұсынылуы тиіс (ғылыми
тәсілді таңдау негіздемесі,
ғылыми жаңалығы, мақсат қою, міндеттерді шешу,
салыстырмалы
зерттеулер, эксперимент).
5. Авторларға мақаланың келесі құрылымын ұстану ұсынылады: кіріспе, проблеманы сипаттау,
әдебиетке шолу, зерттеудің
мақсаты мен міндеттері, зерттеу әдіснамасы,
зерттеу нәтижелері,
қорытынды.
6. Әдебиеттер тізімі 15-тен кем болмауы керек.
7. Мақалада Scopus немесе Web of Science базасымен индекстелген 2018-2020 жылдардағы
шетелдік авторлардың шет тіліндегі жұмыстарына мазмұнды сілтемелер берілуі тиіс.
8. Барлық мақалалар плагиатқа тексеріледі. Плагиат табылған жағдайда
мақала қарастырылмайды,
ал оның авторы журналда мақаласын жариялау құқығынан айырылады.
9. Автор өзіне сілтеме жасай беруден аулақ болғаны дұрыс, бұрын жарияланған материалына
сілтеме жасамай, мақалаға енгізуге болмайды.
10. Бір мақалаға үш авторға дейін рұқсат етіледі.
11. Журналдың бір нөміріне бір автордан 1
мақала қабылданады, екі немесе үш автор болған
жағдайда сол автордың екінші мақаласының жарияланымы редколлегияның
қалауы бойынша
қабылданады.