Саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдар тізіміне енгізілді. Тарау. Білім беру, Тармақ


Мақалаларды қабылдау және қарау мерзімі



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата07.02.2022
өлшемі230,67 Kb.
#89320
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ТАЛАПТАР анр
ТАЛАПТАР анр
Мақалаларды қабылдау және қарау мерзімі 
Шыға-
рылым
Мақаланы қабылдау 
мерзімі
Мақаланы қарау мерзімі
Шығу 
мерзімі
№ 1 
1 ақпанға дейін 
20 наурызға дейін 
30 наурыз 
№ 2 
1 мамырға дейін 
20 маусымға дейін 
30 маусым 
№ 3 
1 қыркүйекке дейін 
20 қыркүйекке дейін 
30 қыркүйек 
№ 4 
1 қарашаға дейін 
20 желтоқсанға дейін 
30 желтоқсан 
Мақалалар мына электронды поштаға жіберілсін: 
vestnik@kazmkpu.kz
  
 
Редакциялау және рецензиялау тәртібі 
1. Мақаланы алғандығы туралы хабарлама авторларға мақала келіп түскеннен кейін 3 күн ішінде
жіберіледі. 
2. Мақаланы өңдеудің орташа мерзімі 1 айдан 3 айға дейін. 
3. Редакцияға келіп түскен әрбір мақала бойынша авторларға журнал редакторы қол қойған 
түсініктеме жіберіледі. Түсініктемеде мақалаға жалпы баға беріледі, түсініктеме мақаланың 
техникалық ресімделуі, мазмұны, мазмұндау логикасы, дереккөздері және т. б. бойынша 
ескертулерді қамтиды. 
4. Алынған пікірге жауап ретінде авторлар мәтінге тиісті түзетулер енгізеді және мақаланың 
пысықталған нұсқасын қайта жібереді. 
5. Редколлегия авторларға мақала талаптарға толық сәйкес келгенге дейін түсініктеме жіберіп 
отырады. Егер редакция алқасының ұсынымдарын авторлар орындамаса, редактор хат жазысуды 
тоқтату құқығын өзіне қалдырады. 
6. Авторларға түзетулерді мақаланың редактор жіберген нұсқасына енгізу ұсынылады. 
7. Мақала мәтінін толық талаптарға сәйкес келтіргеннен кейін редколлегия мақаланы екі жақты 
анонимді рецензиялауға (double-blind review) жібереді, ол ішкі және сыртқы болуы мүмкін. Ішкі 
рецензиялауға редколлегия және журнал редакциялық кеңесінің мүшелері, сыртқы пікірге – 
мақала тақырыбына жақын ғылыми қызығушылығы бар тәуелсіз сарапшылар тартылады. 
8. Рецензентке мақала мәтіні (авторлар туралы деректерсіз) және рецензия формасы жіберіледі. 
9. Рецензиялау мерзімі рецензенттің мүмкіндіктеріне байланысты, бірақ мақаланы алған сәттен 
бастап 1 айдан аспауы керек. Рецензияны алмаған жағдайда мақала басқа сарапшыға 
рецензиялауға жіберіледі. 


10. Әрбір мақалаға кемінде екі тәуелсіз рецензия алынуы тиіс. 
Мақаланы жариялау құны 
-7500 теңге. Шетелдік авторлардан (Қазақстан азаматтары емес) 
жарияланым үшін төлем алынбайды. 
Мақаланы баспаға қабылдау туралы редакциядан деректемелерді көрсете отырып, жазбаша 
хабарлама алғанға дейін 
төлем жүргізбеуді
өтінеміз. 
Журналдың авторлық данасы 
Баспаханадан журналдың тиісті нөмірі шыққаннан кейін автор 1 авторлық данасын қағаз түрінде 
тегін алады. 
Басқа қалалардан келген авторларға редакцияның журналды пошта арқылы жіберуіне мүмкіндігі 
жоқ. Автордың сұрауы бойынша экспресс-поштамен жіберу алушының есебінен жүзеге 
асырылады. 
Редакцияның мекенжайы: 
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050000, Әйтеке би к-сі, 99. 
ҚазҰҚПУ-дың бас оқу ғимараты, 122 каб. 
Тел.: +7 (727) 237-00-18 
http://vestnik.kazmkpu.kz/index.php?lang=ru 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет