Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі abai University силлабус пән туралы ақпарат



бет1/5
Дата09.10.2022
өлшемі39,04 Kb.
#152338
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Білім беру ба?дарламасы тобы Химия О?ытушылар а?а о?ытушы Манапо



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Abai University


СИЛЛАБУС
1. Пән туралы ақпарат
Пәннің атауы – Компьютерлік химия
Кредит саны – 5
Курс, семестр, оқу жылы – 2/3/2022-2023
Білім бағдарламасының атауы және шифрыХимия/6В05301-Химия
ИнститутЖаратылыстану және география
Білім беру бағдарламасы тобыХимия
Оқытушылар аға оқытушы Манапов Н.Т..
п.ғ.магистрі, аға оқытушы Утемисова А.Ж.

Қатынас ақпарат (телефон, e-mai) 87072934231, nurlanm66@mail.ru,

  • 8-778-366-71-05 / arai19_83@mail.ru,

2. Бақылау түрі (тест түріндегі емтихан)*
Критериалды бағалау:
Үй тапсырмаларының немесе СӨЖ мерзімдері ҚазҰПУ академиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, жаттығулар жасау және кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2. Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді.
3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.
4. Семестр бойы сіз оқылатын материалды пайдаланасыз.
БӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін СӨЖ қабылданбайды.



«КОМПЬЮТЕРЛІК ХИМИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ АҒЫМДАҒЫ
ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІН КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ

Білім алушы:

A

- Компьютерлік химияның бағдарламаларымен жұмыс істей біледі, қосымша материалдарды қолдана отырып, дәлелді түрде меңгерген;
- оқу материалдарының проблемалық аспектілерін айқындай алады;
- алған білімді креативті түрде өмірлік жағдаяттарды шешуде қолдана алады.

A -

- білім беру бағдарламасы негізінде оқу материалдарын толық меңгерген;
- Компьютерлік химияның бағдарламаларымен жұмыс істей алады, бірақ кемшіліктерімен қателіктер жіберілген;
- оқу тапсырмаларын шығармашылықпен/өзбетінше орындайды;
- оқу тапсырмаларын орындауда елеусіз қате жіберуі мүмкін.

B+

- алған білімді шығармашылықпен практикада/түрлі жағдаяттарда қолдануға дағдыланған;
- тапсырманы орындауда сыни көзқарасы қалыптасқан;
- оқу іс-әрекеттерін жетілдіруді жоспарлай алады.

B

- тапсырманы орындауда алған білімді типтік/проблемалық жағдаяттарда қолдана алады вариациялық тапсырмаларды орындауға дағдыланған;
- шығармашылық тапсырманы топпен орындауда белсенділік танытады, өз қатесін дер кезінде көре біледі.

B-

- білім беру бағдарламасы негізінде оқу материалдарын меңгерген;
- оқу материалдарының біртұтастығын, ондағы себеп салдарлы байланыстарды ажырата алады.

C+

- тапсырманы типтік жағдайда орындауға дағдыланған, вариациялық тапсырмаларды орындауы төмен;
- тапсырманы өзбетінше орындауда оқу іс-әрекеттерінде қателік жібереді, шығармашылық тапсырмаларды топпен орындайды.

C

- теориялық білімді жаңа жағдаятта және/немесе практикалық тапсырманы орындауда қолдана алмайды.

C-

- Компьютерлік химияның бағдарламаларымен жұмыс істей алады, оқу нәтижесі тиісті деңгейге жеткіліксіз;
- оқу тапсырмаларын топпен орындайды, талқылау, пікірталасқа қатысы төмен.

D+ C

- оқу материалдарының мазмұнын репродуктивті деңгейде меңгерген;
- Компьютерлік химияның бағдарламаларымен жұмыс істей алмайды;
- тапсырманы өзбетінше орындауы мен оқу жетістіктері жеткіліксіз.

D

- оқу материалдары құрылымының біртұтастығын (себеп-салдарлы байланыстарын) түсінбейді;
- тапсырмаға берілген жауабы дұрыс емес;
- тапсырманы өзбетінше орындауға дағдыланбаған.

F

- пән бойынша терминнің мән-мағынасын білмейді;
- алған білімін күнделікті жағдаяттарда қолдана алмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет