3. Мәлiметтерді сұрыптау және сүзгілеу. Мәлiметтер базасымен атқарылатын негiзгi жұмыс оның қүрамынан айрықша белгiлерiне қарай мәлiметтердi iздеу болып табылады. Жазбалар саны неғүрлым көп болған сайын мәлiметтi iздеу қиындай бередi. Excel бұл қиындықты шешудi мәлiметтердi сұрыптау арқылы орындау мүмкiндiгiн бередi.
ДеректерФильтр (ДанныеФильтр) командасын орындау арқылы қажеттi жазбаларды басқалардан бөлiп алуға, екшеп терiп алуға болады. Екшеп терiп алуды автоматты түрде Автофильтр командасының, ал жәй әрекеттер арқылы (қолмен) Кеңейтiлген фильтр (Расширенный фильтр) командасының көмегiмен орындауға болады.
Автофильтрдiпайдаланып, жазбаларды екшеп теру әрекеттерiн орындау үшiн, алдымен курсорды мәлiметтер базасы ретiнде қарастырылатын кестенiң iшiне орналастырамыз немесе жазбаларды белгiлеймiз. Одан кейiн ДанныеФильтрАвтофильтр командасын орындаймыз. Нәтижесiнде өрiс аттары маңында төмен қарай бағытталған тiксызық батырмалар пайда болады. Осы батырмаларды шерту арқылы әрбiр өрiстегi мәлiметтердi екшеп терiп алу критерийлерiн таңдай аламыз. Пайда болған iшкi мәзірдегi Барлығы (Все) бөлiмi фильтрден өткiзудi тоқтатады, ал Шарт (Условие) бөлiмiн таңдау нәтижесiнде екшеп алу параметрлерiн тағайындау мүмкiндiгiн беретiн сұхбат терезе ашылады. Бiр өрiсте орналасқан мәлiметтердi ЖӘНЕ не НЕМЕСЕ логикалық функцияларымен байланысқан екi шартты бiруақытта тексере отырып, екшеп теруге болады.