Макорондар Көкөністер Жемістер Шырын,чай, кофе /қою емес



Дата13.12.2021
өлшемі5,5 Mb.
#125132
Байланысты:
Бүйрек аурулары

  • Майсыз ет
  • Балық
  • Макорондар
  • Көкөністер
  • Жемістер
  • Шырын,чай, кофе /қою емес/
  • Бүйрек – ағзадағы негізгі фильтр. Несеп арқылы тағамның қалдығын, дәрі мен тұзды сыртқа шығарады. Егер бүйректе кінәрат болса, онда қызметін атқара алмай, денсаулығыңызға кері әсерін тигізеді. Ал бүйректің саулығы жақсы болса онда бір минуттың ішінде 200 мл қанды фильтрден өткізуге қабілетті келеді. Сонымен бүйрек ауруларының белгілері қандай?
  • БҮЙРЕК:
  • ақуыздың алмасуын реттейді;
  • гормонды синтездейді;
  • қан қысымын қалыпты ұстайды;
  • кальций элементі мен Д дәруменінің ағзаға сіңуін қамтамасыз етеді.
  • Өткір және созылмалы нефрит,
  • бүйректе тас пайда болу,
  • цистит
  • уретрит
  • Олардың кейбіреулері бүйрек жетіспеушілігі мен ағзаның улы заттармен, негізінен несепнәрмен улануына әкеледі. Бұл жағдайда жалғыз әдіс – диализ немесе бүйрек трансплантациясы.
  • Пиелонефрит
  • Өткір пиелонефриттің белгілеріне дене қызуының 40°С-ға дейін жоғарылауы және арқа мен іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну жатады. Мұны антибиотиктер қабылдау арқылы толық емдеуге болады. Бұл аурудың созылмалы түрі айқын көрінбестен, бірнеше жыл бойы дами алады және бүйректердің зақымдалуы немесе бүйрек жетіспеушілігіне де әкелуі мүмкін.
  • Пиелонефритке тән синдромдар – лейкоцитурия, бактериурия және бүйрек өзекшелерінің функциионалдық қабілетінің нашарлауы. Бірініші және екінші пиелонефрит болып бөлінеді.
  • Бүйрекке тастың жиналуы
  • Бүйрекке тас байлану адам организмінде минералды тұздар мен су алмасуының және ішкі секреция бездерінің (қалқанша без, гипофиз, бүйрек үсті безі) қызметінің бұзылуы, бүйрек түтікшелерінің қабынуы, бүйрек пен қуық арасындағы түтіктің тарылуынан болады. Аурудың алғашқы белгісінде бүйрек тұсынан шаншу қадалып, сыздап ауырады. Шаншу кіндікке, бүйрек пен қуыққа берілуі мүмкін.
  • Бұл кезде науқас адам лоқсып құсады, іші кебеді (парез). Несепке қан араласады (гематурия), егер несепте ауру тудыратын микробтар болса, дененің қызуы көтеріліп, зәрде ірің болады (пиурия). Науқас адамның кіші дәретке отыруы жиілеп, қуық ашиды. Кейде несепағар түтікшесіне кішкентай түйіршік тастардың тұрып қалуынан зәр жүрмей қалады (анурия). Бүйрекке тас байлануды рентген сәулесін қолдану, несепті лабораторияда тексеру арқылы анықтайды
  • Цистит (лат. cyctіtіs; грек. kystіs — қуық және іtіs — қабыну)
  • қуықтың қабынуы. Циститпен балалар, ер адамдар, әйелдер жиі ауырады. Аурудың қоздырушылары: ішек таяқшасы, протей, стафилококк т.б. инфекциялар. Бұлар қуыққа гематогендік жолмен организмдегі қабыну ошағынан немесе сырттан уретра (үрпі түтігі) арқылы жыныс мүшелерінен енеді. Аурудың дамуына қуыққа салқын тигізу, іш қату және ысталған, сүрленген тағамдарды көп жеу әсер етеді.
  • Циститтің жедел түрінде адам кіші дәретке жиі барады, зәр сындырғанда қуықтың тұсы, сегізкөз сыздап ауырады. Науқастың дене температурасы көтерілмейді. Несепті талдаудан өткізгенде, оның құрамынан лейкоцит,эритроцит және белоктың бар екені анықталады. Аурудың жедел түрінде дәрігердің тағайындаған емін уақытымен, дұрыс қабылдап, дерттің созылмалы түріне ауысып кетпеуіне күш салу керек. Науқас осының бәрін орындаса, аурудан жазылып кетеді. Циститтің созылмалы түрі қуық ісігі, простатит, уретрит, т.б. аурулардың салдарынан дамиды. Кейде дерттің өршуіне туберкулез, трихомоноз ауруларының да әсері бар.
  • Бүйрекке пайдалы әсер________________________________________
  • Бүйрекке зиянды әсер
  • ____________________________________________________________
  • Тапсырма. Бүйрек ауруынан сақтану жолдарын атаңыз. Пайдалы және зиянды әсер факторларын ажыратыңыз.
  • Дескриптор: -Суреттерден бүйрекке пайдалы және зиянды факторларды ажыртады
  • Бүйрекке пайдалы әсер спортпен шұғылдану, жүзу, сүт өнімдері,пияз, чеснок,балық,көкөністер мен жемістерді көбірек қолдану қажет.
  • Бүйрекке зиянды әсер соққы, тұз,ащы тағамдар, тәттілер,темекі, газды сусындар, тез дайындалатын және майлы тағамдар зиян.
  • Тапсырма. Бүйрек ауруынан сақтану жолдарын атаңыз. Пайдалы және зиянды әсер факторларын ажыратыңыз.
  • Дескриптор: -Суреттерден бүйрекке пайдалы және зиянды факторларды ажыртады
  • .
  • «Бүйрек аурулары және олардың алдыналу шаралары»
  • Тапсырма. Кестені толтырыңыз.
  • Бүйрек ауруларын атау, себептері мен белгілері, алдын –алу жолдарын жазу


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет